Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет40/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   180

86
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
бұған енді уақыт та жоқ, ал саяси «заманауиланған» елдердің көршілес бо-
луы жəне олардың ықпалының артуы, дамуы төмен елдердің саяси жаңғы-
ру үдерісін одан сайын үдете түсуге мəжбүр етеді. Осы арада дамуы артта 
қалған «дəстүрлі» елдерде бір элементтер саяси өмірдің жаңа стандарттарын 
меңгеруге толық дайын болады да, ал басқалары тек енді ғана құрылып жата-
ды, үшінші бірі мүлдем болмауы да мүмкін.
ХХ  ғ.-дың  аяғында  батыстың  бірқатар  саясаттанушылары  «дəстүрлі» 
қоғамдарды саяси реформалау шарттарының өзгешелігі сонда, бұл реформа 
жергілікті ерекшелікті ескеруді керек етеді деген қорытындыға келді. «Дəстүр-
лі»  институттар  мен  құндылықтарды  жаңартылған  саяси  құрылымдарға 
«кірістіруге» болады. «Əмбебап» емес, «ішінара жаңғыртуды» жүргізуге бо-
лады. Сайып келгенде, «қуып жетуші» жаңғырту жеңіліске ұшырауы əбден 
мүмкін, өйткені жаңғыртудың «кері кететін» жəне тіпті «тұйыққа апаратын» 
түрлері болуы да ықтимал.
Саяси жаңғыртудың тарихи жағынан бастапқысы батыстық үлгі болды, ол 
бойынша алғашқы кезеңде билік беделін ұтымды ету (17-18 ғасырлар), саяси 
функциялар мен институттарды ажырату (19 ғасыр) жəне саясаттың үлесін 
ұлғайту (20 ғасыр) жүзеге асырылды.
«Қазақстан-2030» Стратегиясында ел Президентінің үш бірдей жаңғырту 
туралы ойы алғаш рет жарияланды, олар: мемлекет іргесін құрып нарықтық 
экономикада серпіліс жасау, əлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғам-
дық сананы қайта өзгерту. 
ҚР Президенті 2012 жылдың 10 шілдесіндегі «Қазақстанның əлеуметтік 
жаңғыртылуы:  Жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  қарай  жиырма  қадам»  атты 
бағдарламалық  мақаласында  қажеттігін  қадап  айтқан  əлеуметтік  жаңғырту 
бүгінде ықтимал сынақтар мен тəуекелдер туралы анық түсінік болуын талап 
етеді. Дағдарыстан алған сабақтар жаңғырту императивтерінің əлемнің бар-
лық елдеріне ортақ болатынын тағы да бір көрсетті. Бұл адам капиталының 
дамуына  баса  назар  аударуға  міндеттейді.  Əлеуметтік  жаңғырту  билік  пен 
қоғамның өзара əрекеттестігін, секторлар аралық ынтымақтастықты нығай-
тудың сарқылмас мүмкіндіктерін ашады. 
Қоғам санасын өзгертпей, өзі, елі үшін халықтың жауапкершілік сезімін 
қалыптастырмай,  елі  үшін  мақтанышсыз,  көз  бояушылық  емес,  шынайы, 
əсерлі патриотизмсіз, сонымен бірге қоғамдық дамудың жаңа қорларынсыз 
жаңғырту мүмкін болмайды. 
Жаңғыртудың  жаңа  тұжырымдары  «Қазақстан-2050»  Стратегиясында 
берілген.  Құрылымы  жағынан  Жолдау 3 бөлімнен  тұрады:  бірінші  бөлімде 
Қазақстанның  негізгі  жетістіктерімен  бірге  «Қазақстан-2030»  Стратегия-
сын жүзеге асыру қорытындылары айтылады; екінші бөлімде халықаралық 
қоғамдастықтың мүшесі ретінде еліміз бетпе-бет келетін 10 сын-қатер кел-
тірілген; үшінші бөлімде жаңа саяси бағыттың 7 бағдары берілген.


87
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Бұл жерде бастысы – мұнан бұрын жарияланған «Қазақстан-2030» Стра-
тегиясының орындалуына дейін жаңа Стратегияның мерзімінен бұрын ұсы-
нылуы. Мұны уəждейтін үлкен үш дəлел бар:
1. «Қазақстан-2030»  Стратегиясы  мерзімінен  бұрын  орындалды,  мұны 
əлемнің негізгі рейтингілеріндегі Қазақстанның алып отырған орны растай 
түседі;
2. Болжау жəне жоспарлау парадигмасы өзгерді. Болжам жасаудың көкжие-
гі кеңейді. Жетекші агенттіктер мен сараптамалық құрылымдар болжамдар-
дың шегін 20 жыл алға жылжытты. Осылайша, болжамдар 2050 жылға дейін-
гі кезеңді қамтиды;
3. Осы заманғы əлемде болжамдар тек ғылымға ғана қызмет етпей, басқа-
рылатын модельдеудің құралы ретінде саясатқа да қызмет ете бастады.
«Қазақстан-2030»  Стратегиясынан  бастап,  əр  Жолдау  сияқты, «Қа-
зақстан-2050»  Стратегиясы  да  жаңа  саяси  терминдер  түзді.  Бұл – жалпы 
əлемдік үрдіс, əр он жыл сайын немесе одан да жиірек мерзімде дискурс-па-
радигма өзгеріп отырады. Бұл, əсіресе, бірінші жаһандық дағдарыс деп си-
патталған 2008-2009 жылдардағы  оқиғалардан  кейін  халықаралық  қаржы-
экономикалық жүйеден айқын көрінді.
Тұтастай  алғанда, «Қазақстан-2050»  Стратегиясын  сарапшылар  ұзақ  өт-
пелі кезеңді еңсеріп тұрақты кезеңге қалыптасқан мемлекет ретінде өткен ел-
дің дамуындағы маңызды меже деп бағалайды. 
Президент өз Жолдауында мемлекет саясатын жаңғыртудың негізгі басым-
дықтарын айқын көрсетіп берді. Олар: əлемнің дамыған 30 елінің қатарына 
кіру, жаңғырту серпілісі, ХХІ ғасырдағы «мүмкіндіктер көзі», халық өмірінің 
түбегейлі жаңа сапасы, кадрлық саясатқа меритократияның принциптерін ен-
гізу.
Əлеуметтік  жаңғыртудың  бірінші  кезектегі  міндеттерінің  ішінен  Прези-
дент мыналарды нақты айқындады: ұлттық білім берудің барлық бөлімдерінің 
сапасын жақсарту; денсаулық сақтаудың басты басымдығы мемлекеттің, жұ-
мыс берушілердің жəне қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі; 
жалпықазақстандық  мəдениетті  дамытуға  жаңаша  серпін  беру;  білім  беру, 
денсаулық сақтау, əлеуметтік қорғау қызметкерлерінің əлеуметтік пакеттерін 
қайта қарастыру жобалануда; мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек 
көңіл бөлу; мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласында – сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны іске асыру. 
«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы басты құндылықтар мен 
принциптер – Қазақстандық жол тəжірибесі белгіленді: жаңа қазақстандық 
патриотизмнің  идеялық  негізі  ретінде,  жалпы  қазақстандық  ортақ  шаңы-
рақтың ұлттық идеясы ретінде «Мəңгілік Ел» идеясы ұсынылды. 
Негіз салар қағидаттардың ішінде қабылданатын барлық шешімнің праг-
матизмдігі мен эволюциялылығы; өзара тиімді ашықтық; қазақстандықтар-
дың əл-ауқатын арттыру; бүкілхалықтық қолдау сияқты қағидалар бар. Стра-
тегиядағы  қазақстандық  қоғамның  басты  құндылықтарына  Қазақстанның 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау