Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет46/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   180

99
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
сиялық, лингвистикалық, əлеуметтік-экономикалық тағы басқа да себептері 
болады. 
Белгілі бір этносаяси қарама-қайшылықтар жиынтығы мен тарихи алғы-
шарттары жағынан жікшілдік қозғалыстар бір-бірінен едəуір өзгеше болады. 
Алайда,  оларды  бірыңғай  құбылыс  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  беретін 
елеулі ұқсастықтары да бар: ол – Радикализм, яғни этностық көпшілік пен 
азшылықтың  арасындағы  қарым-қатынастың  саяси  үйлесімсіздігіне  қарсы 
радикалдық  əдіспен  күресу,  талап  қоюдағы  ымырасыздық,  саяси  күресте 
қарулы əдісті қолдану. Саяси мінез-құлықтың түрі ретінде С. этностық топ 
тарихи қалыптасқан шындықпен, қатар өмір сүретін қауымдастықпен, топ-
пен  санаспай,  өздері  əсірелей  түсінетін  мүдделері  мен  қажеттіліктерін  қа-
нағаттандыруды мақсат етеді. С. агрессияшылдығы өзінің ерекше екендігін 
жұртқа таныту, басқа этностық, ұлттық топтарға тəкаппарлықпен қараудан 
көрінеді (қар. Ұлттық-аумақтық автономия).
СУПЕРЭТНОС (лат. super – жоғары + грек. Ethnos – халық, ор. суперэтнос 
ағыл. Superethnos) – бірнеше этностан тұратын, əдетте, көпэтносты мемлекет 
шекараларында  немесе  бір  өңірде  тарихи  тағдыры,  үстем  мəдениеті,  өмір 
салты,  қалыптасқан  дəстүрлері  жағынан  мəдени-тарихи  тұтастық  негізінде 
пайда  болған  этностық  жүйе.  С.  терминін  Л.Н.Гумилев  енгізді,  оған  дейін 
бұл тектес тұтастықтар «өркениет», «мəдениет» немесе «əлем» деген сияқты
əр  түрлі  сөздермен  сипатталды.  Мысалы: «Ислам  əлемі», «Византия  мəде-
ниеті», «Қытай  өркениеті».  С.  бірлігі  көбінесе  əралуан  этностарды  шоғыр-
ландыратын ортақ ділдің болуынан көрінеді. Сондықтан С. идеялық-адамгер-
шілік жəне мəдени тұтастықты кейіптейді. Мұның мəнісі мұнан гөрі терең-
де жатыр, өйткені мəселе С. ішіндегі экономикалық, саяси жəне идеология-
лық байланыстарды қамтиды.
Бір өңірде пайда болған жəне этностық доминантаның маңына топтасқан 
этностардың тобы С. негіз болады. Мəселен, араб С. VI ғасырда ислам не-
гізінде құрылса, Византияда біріктіруші тірек православие христиандығы 
болды. Осылайша бірігуден соң қалыптасып қалған С. басқа текті халықтар 
да қосылуы мүмкін. Мысалы, Ресей С. Сібірде өз бетімен дербес түрде пай-
да болған этностар қосылып кетті.
 С. бірнеше этностарға бөліне алады. С. идеялық-мəдени дəстүрлері одан 
ары да сақтала беруі мүмкін, басқа жаңаша формаларды қабылдауы да мүмкін.
Мысалы, Византия мəдениеті құлдырауға тірелгенде православиелік Ресей-
ге көшті. С. мысалына «америкалық халық», «үнді халқы» сияқты қауымдас-
тықтарды, сондай-ақ «совет халқы» т.с.с. түзілістерді жатқызуға болады. 
 С. славяндар, түркілер немесе ирантілдес халықтар, Латын Америкасы ха-
лықтары т.б. сол сияқты метаэтностық қауымдастықтармен шатастырмаған 
жөн (қар. Ұлттық бірілік, Мемлекеттік бірдейлестік, Еуропалық одақ, Еу-
разиялық идея). 


100
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- Т -
ТАРИХИ  ОТАН  (ор.  историческая  родина,  ағыл.  historical homeland) – 
1.  Нақты  бір  адамның  туған  жері,  яғни  аумағында  ол  туған  мемлекет  (қар. 
Отан, Кіші отан). 2. Қай жерде туғанына қарамастан, сол адам тумысынан 
титулды ұлтына жататын мемлекет. 3. Адамның өзі азаматы болып саналатын 
мемлекетпен байланысы. 
Т.о. маңызды сипаты – оны жанымен ұғыну немесе қасиеттеу, яғни Т.о. ау-
мағын киелі деп санау. Т.о. психологиялық субстраты – мінсіз Отан-Ананың 
архетипі, этностық топтың Қоғамдық санасында сақталатын сезім. Отанға 
деген сезім болса ғана, яғни, елге ынтықтық, оның аумағын туған жерім деп 
шын беріле жақын тартса ғана, оның мəдениеті, дəстүрі мен тілін қабылдаса 
ғана Мемлекетке Т.о. ретінде қарауға болады (қар. Отан).
ТИТУЛДЫ ТІЛ (ор. титульный язык, ағыл. title language) – сол мем-
лекет  я  ұлттық-мемлекеттік  (ұлттық-аумақтық  т.с.с.)  құрылым  соның 
атымен  аталатын  Этностың  тілі.
 
Т.т.  терминінің  мағынасында  бірқатар 
эмоционалдық коннотациялар бар, солай бола тұра мына сияқты себептерге 
байланысты қолданылады: а) Тұрғылықты тіл ұғымының көлемімен сəйкес 
келмейді; ə) (Халықтың немесе Этностың емес) Этностық топтың тілін 
белгілеу үшін жиі қолданылатын Этностық тіл терминімен шендестіріледі; 
б) ТМД елдеріндегі тілдік ахуалды талдайтын қазіргі еңбектерде кеңінен қол-
данылады  (қар.  Автохтондық  тіл,  Мемлекеттік  тіл,  Тұрғылықты  этнос, 
Жергілікті тіл, Миноритарлық тіл, Ресми тіл, Титулды этнос).
ТИТУЛДЫ ЭТНОС (ор. титульный этнос, ағыл. title ethnos) – ғылыми, 
этносаяси айналымға «тұрғылықты этнос» терминінің баламасы ретінде ен-
гізілген  термин,  айырмашылығы  сол  мемлекеттік  құрылымға  аты  берілген 
этносты белгілейтіндігінде. Мыс., Қазақстан Республикасында қазақтар Т.э. 
болып саналады. Солай бола тұра, Қазақстан сияқты көпмəдениетті мемле-
кетте  оның  аумағында  тұратын  этностық  топтардың  барлық  құқығы,  оның 
ішінде тілдік құқықтары да, сақталады (қар. ҚР Конституциясы, Тілдердің 
дамуы мен қолданылуының мемлекеттік бағдарламасы, Этностық топтар, 
Қазақстан тілдері, Тілді жоспарлау, Тілдік ахуал).
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ (лат. tolerantia деген сөзінен – төзімділік, ор. толе-
рантность, ағыл. tolerance) – бөтен өмір салтына, тілге, мəдениетке, тəртіп-
ке,  əдеп-ғұрыпқа,  сезімдерге,  пікірлерге,  идеяларға,  сенімдерге  төзімділік. 
Əлдебір нəрсеге төзу, оны хош көру. Т. – саяси плюрализм қағидаты.
Т.  термині  латын  тілінен  шыққан,  бірақ  мұның  мағынасы  латындық  не-
гізге  ұйытқы  болған  семантикалық  мағынамен  шектелмейді.  Т. – демокра-


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау