Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет36/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   180

78
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дықтары,  демократиялық  жолмен  қабылданған  құқықтың  үстемдігі,  сон-
дай-ақ тəуелсіз əрі жауапты əділ сот болады. Əлеуметтік М. қызметі өз азамат-
тарының лайықты өмір сүруіне жəне тұлғаның еркін дамуына, М-тің шамасы 
келетін мүмкіндіктеріне қарай жағдай туғызу арқылы əлеуметтік теңсіздік-
ті  жұмсартуға,  əлеуметтік  бағыттағы  экономика  мен  əлеуметтік  серіктестік 
арқылы  əлеуметтік  əділдікті,  азаматтардың  əлеуметтік  қорғалуын  қамтама-
сыз етуге бағытталады.
ҚР Конституциясындағы 1-баптың 1-тармағына сəйкес, «Қазақстан Респу-
бликасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет 
ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмiрi, 
құқықтары  мен  бостандықтары».  ҚР  Конституциялық  Кеңесінің  пікірінше, 
бұл нормада қолданылған «өзін ... орнықтырады» деген оралым Қазақстан-
ның  санамаланған  сипаттарға  орай  қарыштап  дамушы  Мемлекет  екенін 
айрықшалай  түседі  жəне  бұл  сипаттарды  толымды  мазмұнмен  толықтыру 
үдерісіне шегінбейтін бағыттылық сипатын үстейді. 
Қазақстан  Республикасы  президенттік  басқару  түрі  бар  унитарлы  Мем-
лекет  болып  табылады  (ҚР  Конституциясы 2-бабының 1-тармағы).  Мемле-
кеттіліктің даму стратегиясы президенттік басқару түрінде Парламент рөлін 
жоғарылату жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды кеңейту арқылы біртіндеп ор-
талықсыздандыруды жəне шоғырланбаулықты көздейді.
МЕМЛЕКЕТТІЛІК  (ор.  Государственность,  ағыл.  statehood)  –  1)  өз 
мемлекетін құрған халықтың (ұлттың) өзін-өзі билеу хақысын жүзеге асыру 
деңгейі; 2) қоғамның  мемлекет  болудан  үміттеніп  ұйымдасуына  лайық  ке-
летін критерийлердің жиынтығы.
Қазақ мемлекеттілігінің тарихы Қазақстан аумағында алғашқы мемлекет-
тердің болған кезінен басталады. Б.д.д. алғашқы мыңжылдықтардан бастап 
Қазақстан  аумағында  алғашқы  мемлекеттік  түзілімдер  (үйсін,  қаңлы,  ғұн) 
пайда болды. Орта ғасырдың ерте кезеңінде Түркі қағанаты (552-651 жж.), 
Түргеш  қағанаты (704-756 жж.)  құрылған. 1227 жылы  Дешті  Қыпшақ  ау-
мағында Алтын Орда құрамында түпқазақтық мемлекет Ақ Орда (Еженнің 
Ұлыс Ордасы) бой көтерген. Қазақ хандығы Жəнібек пен Керей сұлтандар-
дың бастауымен 1465 жылы тарих сахнасына шықты.
Мемлекеттік  тəуелсіздік  кезеңінде  Қазақстан  Республикасы  шектес  ел-
дермен мемлекеттік шекарасын халықаралық нормалар негізінде бекіткен өз 
аумағы бар; көпұлтты халқы, қазақстандық азаматтары бар; Конституциясы 
мен  қолданыстағы  құқықтық  жүйесі  бар;  жоғарғы  жəне  жергілікті  мемле-
кеттік органдары бар; өз валютасы теңгені қоса алғанда, қаржылық жүйесі 
мен банкілік мекемелері бар; құқық қорғау органдары мен қарулы күштері, 
дипломатиялық қызметі бар мемлекет ретінде қалыптасты. Меншіктің алуан 
түрлілігі мен саяси плюрализмге негізделген қазіргі нарықтық-экономикалық


79
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
жəне демократиялық саяси жүйелері қалыптасып шықты. Əлемдік қауымдас-
тық  Қазақстан  Республикасын  құқық  субъектісі  ретінде  таныды,  ал  елдің 
көпбағытты  бейбіт  əрі  жауапты  саясаты  мен  халықаралық  бастамаларын 
əлем мойындайды, осының арқасында Қазақстан БҰҰ алдында құрмет пен 
сенімге ие болған.
«Қазақстан-2050»  Стратегиясында  Республика  Президентінің  қазір  Қа-
зақстан Республикасы қалыптасқан, заманауи, қуатты да табысты мемлекет 
болып табылатыны туралы қорытындыға келуі əбден негізді.
МЕМЛЕКЕТТІҢ АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫ ҚАҒИДАТЫ (ор. Прин-
цип территориальной целостности государства, ағыл. Principle of territorial 
integrity of the state) – бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз 
ету жөніндегі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарының бірі. 
1945 жылы БҰҰ Жарғысында, БҰҰ-ның 1970 жылғы Жарғысына сəйкес 
мемлекеттер  арасындағы  достық  қарым-қатынас  пен  əріптестікке  қатысты 
Халықаралық құқық қағидаттары туралы декларацияда жəне 1975 жылы Еу-
ропадағы қауіпсіздік пен əріптестік жөніндегі кеңестің Қорытынды актісінде, 
сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ-ның басқа құжаттарында, конвенциялар мен келісім-
дерде жарияланған.
Бұл қағидат кез келген озбырлықтан мемлекеттердің аумағының қорғала-
тынына  кепілдік  береді,  БҰҰ  Жарғысының  мақсаттары  мен  қағидаттарына 
қайшы келетін мемлекеттің аумақтық тұстастығына, саяси тəуелсіздігі неме-
се мемлекеттік тұтастығына қарсы бағытталған кез келген əрекеттен мемле-
кеттердің бой тартуын міндеттейді. Аумаққа қол сұқпау заңдылығы табиғат 
ресурстарына да байланысты, оларды шетелдік компаниялар мен мемлекет-
тер егеменді мемлекеттің келісімімен ғана игере алады. 
М.А.Т.Қ. ұстанымын басшылыққа алған Қазақстан Республикасы халықа-
ралық  құқық  нормаларына  сəйкестіріп  Қытаймен (1998 жылы),  Қырғыз-
стан, Түркіменстан, Өзбекстанмен (2001 жылы) жəне Ресеймен (2005 жылы) 
келісім бойынша мемлекеттік шекарасын айқындап, бекітіп алды. Бұл – қазір-
гі тəуелсіз мемлекеттің мемлекеттік егемендігінің негізгі де міндетті белгісі.
Халықаралық тəжірибеде сецессия мысалдары бар – мұндайда мемлекет 
аумағының бір бөлігінің (мемлекеттен əкімшілік-аумақтық бірліктің немесе 
федерация  субъектісінің)  жұрттың  шешімімен  немесе  осы  аумақтағы  мем-
лекеттік органның шешімімен бөлініп шығады (мысалы 1965 жылы Малай-
зия құрамынан Сингапур бөлініп шығып қала-мемлекет болды, 1971 жылы 
Пəкістаннан – Бангладеш  мемлекеті, 1993 жылы  Эфиопиядан – Эритрея 
мемлекеті, 2011 жылы біртұтас Суданнан кейін Оңтүстік Судан республика-
сын  құрған  автономиялы  құрылым  бөлініп  шыққан).  Сондай-ақ  бұған  мы-
сал  ретінде  жартылай  танылған  Косово  Республикасын (2008 ж.),  Абхазия 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау