Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет34/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51

75 
 
- жыландардың тіршілігінде сенсорлық жүйелердің рөлін бағалау. 
Рефлексия: 
- жыландардың  жылу  сәулеленуін  ұстап  қалу  қабілетін  студенттердің 
жете түсінуі.    
- арнайы маманданған рецепторлық клеткалардың маңызын, мәнін ұғыну;  
- сенсорлық  жүйелердің  құрылысы  мен  функциясының  ерекшеліктерін 
студенттердің толық түсінуіне қол жеткізу. 
«Адам  және  жануарлар  физиологиясы»  пәнімен  өлкелік  компонентті 
байланыстыру әсіресе, жыландардың  морфологиялық ерекшеліктерін оқығанда 
жасушаны  сыртқы  ортадан  немесе  көрші  жасушалардан  бөліп  тұратын 
жасушалық  мембранасы,  гиалоплазма  және  ядроны  құрайтын  реттелген, 
құрылымдалған  биополимерлер  жүйесі,  жалпы  реттеуші  органоидтар 
(митохондриялар,  эндоплазмалық  тор,  рибосомалар,  Гольджи  аппараты) 
арқылы жүзеге асырылды. 
Анатомиялық ұғымдардың құрамына  қаңқа, буын, бума мен омыртқа, ішкі 
мүшелер  құрылысы  туралы  қызығушылық  танытатын  білім  енгізуге  болады. 
Жыланның  ішкі  мүшелері  созылыңқы  пішінге  ие  және  ассиметриялы  түрде 
орналасқан.  Осылайша  кейбір  жылан  түрлерінің  сол  жақ  өкпесі  болмайды.  
Асқорыту  жүйесі қысқа  тік ішектен,  ұзынша  тоқ ішек пен  асқазаннан  тұрады, 
қуық болмайды. Аталық бездері ұзын, жыныс мүшесі жұп қапшықтар пішінге 
ие.  Мұның  бәрі  жыландарды  зерттеген  кезде  нақты  жұмыстар  арқылы 
дәлелденеді. 
Студенттер  үшінші  курста  жалпы  көлемі  90  сағатты  (2  кредит)  құрайтын 
«Эволюциялық ілім» пәнін оқиды. Аталған курс өз құрамына Жердегі барлық 
органикалық әлемнің эволюциялық даму үдерісін, эволюционист-ғалымдардың 
негізгі  теориялары  мен  гипотезаларын,  биологиялық  түрдің  пайда  болу 
жолдарын, дамуы мен жойылып кетуі т.б. қамтиды.  
 «Эволюциялық  ілім»  пәнінде  эволюцияның  бірлігі  ретінде  популяция, 
эволюцияның 
факторлары 
мен 
нәтижелері, 
органикалық 
әлемнің 
микроэволюциясы  және  макроэволюциясы  туралы  білімдер  ашылады.  ҚР 
территориясында  ғылыми-зерттеушілік  жұмыстар  нәтижесінде  алынған 
палеонтологиялық  қазба  қалдықтар  кейбір  эволюциялық  фактілерді, 
эволюциялық  дамуды  жыландар  отряд  тармағының  өкілдерінің  мысалында 
демонстрациялауға мүмкіндік береді. Сондықтан да, студенттердің сол пәннен 
алған білімдерін байланысытыруды біз жыландар туралы дәрістік сабақтардың 
мазмұнымен байланыстыруды  жүзеге асыру үшін  мына тақырыптарды алдық:  
1.  Бауырымен  жорғалаушылардың  эволюциясының  палеонтологиялық 
дәлелдемелері  (Қазақстан  территориясындағы  палеонтологиялық  қазба 
қалдықтар мысалында).  
2.  Рудименттер  және  атавизмдер.  Жыландарда  аяқ-қол  бөлімдерінің 
жойылып 
кету 
себептері 
(Қазақстан 
территориясында 
жинақталған 
палеонтологиялық  мәліметтерді  зерттеу  негізінде  жүргізіледі).  Осының 
нәтижесінде болашақ педагогтер мына мәселелерді қамтитын теориялық білім 
алады: 


76 
 
- жыландар эволюциясы туралы  ұғымдар; 
-жыландар 
отряд 
тармағының 
биологиялық 
эволюциясының 
дәлелдемелері,    питонның  рудиментарлық  артқы  аяқтары  оның  аяқ-қолдары 
дамыған организмнен шыққандығын дәлелі; 
-  қазіргі  заманғы  жыландардың  ата-тектерінде  аяқ  бөліктерінің  жойылып 
кетуінің себебін анықтау;  
-  ежелгі  және  қазіргі  заманғы  жыландар  арасында  айырмашылықтарды 
ғылыми фактілер негізінде сипаттау; 
-  жыландардың эволюциялық дамуын бағалау. 
Рефлексивті білімдер: 
- студенттермен  жыландардың  шығу  тегі  мен  эволюциясы  туралы 
білімдердің маңыздылығын жете түсінуі; 
- студенттермен жыландардың эволюциясының жүруін мәнін ұғынуы; 
- жыландар  эволюциясының  ғылыми  дәлелденген  фактілерді  толық 
түсінуіне қол жеткізуі; 
- жыландар  мысалында  бауырымен  жорғалаушылардың  эволюциясы 
жайында кездесіп жатқан фактілерді мәнге толықтыру. 
Эволюцияның  бірлігі  –  популяциялар;  эволюция  факторлары  (қозғаушы 
күштер);  эволюция  нәтижелері;  микроэволюция,  макроэволюция  және  осы 
үдерістердің қатынастары туралы білімдер.   
Білімдер:  эволюция  –  популяцияның  бірлігінде;  факторлар  (қозғаушы 
күштер) эволюция нәтижелері, эволюция; микроэволюция және макроэволюция 
және бұл процестердің ара-қатынасы. 
Сол  сияқты  өлкелік  компонентпен  «Қазақстан  биоресурстары»    пәні  де 
байланысын  табады.  Биоресурстарға  үлкен  екі  патшалықты  жатқызады: 
Өсімдіктер  және  Жануарлар  патшалықтары.  Біздің  Қазақстан  жері 
биоресурстарға  өте  бай  мемлекеттің  бірі  болып  саналады.  Бұл  пән  өсімдіктер 
мен жануарлар әлемінің ресурстарын ғана қамтымайды, ресурстанудың негізгі 
сұрақтары мен мәселелерін, теориялық және практикалық әдістерді қамтиды.  
Бүгінгі  күнде  үздіксіз  және  алға  мақсат  қоя  дамып  келе  жатқан  елімізге 
білікті мамандарға деген  мұқтаждығымызды ескере отырып, «еңбек ресурсын» 
дайындау  егжей-тегжейлі  мұқият  және  назар  аудара  отырып  жүргізілуі  керек. 
Осыны ескеріп, жоғарыда аталған пәннің мазмұны өлкелік компоненттің мына 
тақырыптарын өткенде байланыстырылады:  
1. Жойылып кету қаупі бар Қазақстан жыландарының түрлері. 
2. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жыландар.  
3. Қазақстан жыландары популяциясының тіршілікке қабілеттілігі. 
4. Жыландар – жануарлар ресурсы ретінде.  
Осының негізінде мына төмендегі  білім мазмұны меңгеріледі: 
- Қазақстанның Қызыл кітабы туралы ұғымдар
- Қазақстанның  Қызыл  кітабына  енгізілген  жойылып  бара  жатқан 
жыландардың түрлері туралы фактілер;   
Лабораториялық жұмыстарда:  


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау