67
Бірінші бөлім бойынша тұжырым
«Педагогикалық жоғары оқу орындарында биолог мамандарды
дайындауда өлкелік компонентті пайдаланудың теориялық негіздері» деп
аталатын бірінші тарауда:
Педагогикалық жoғapы oқу opындapында болашақ биолог мұғалімдерді
даярлау үдерісіндегі «өлкелік компонент», «өлкелік компонентті зерттеу»,
«зерттеушілік іс - әрекет» ұғымының мәні мен маңызы сараланды, зерттеу
жолдары мен әдістері айқындалды. Болашақ биолог мамандарды дайындауда
өлкелік компонентті пайдаланудың ғылыми - теориялық негіздері айқындалды.
Дала практикасы барысында Қазақстанда тіршілік ететін жыландарды зерттей
білу дағдыларын қалыптастырудың жолдары мен әдістері ұсынылды.
Болашақ биолог мамандарды даярлауда өлкелік компонент ретінде
жыландарды биоэкологиялық зерттеудің негізінде олардың тіршілік
ерекшеліктері жайындағы материалдарды 5В011300-Биология мамандығы
студенттерінің оқу үдерісінде пайдалану мүмкіндіктеріне талдау жасалды.
Осылардың нәтижесінде биологиялық пәндердің пәнаралық байланысы арқылы
олардың мазмұнына зерттеу нәтижелерін ендіру әдістемесі ұсынылды.
Осы ғылыми-теориялық талдау негізінде, болашақ биолог мұғалімдердің
өлкелік нысандарды зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымы,
мазмұны ұсынылды. Осы жағдайда биологиялық пәндердің өзара байланысы
мақсаттық, мaзмұндық, ic-әpeкeттiк, нәтижелік кoмпoнeнттері бөліп көрсетілді.
Зерттеудің мақсаты айқындалды және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру
студенттердің білімдерін жетілдіріп, шеберлік, ізденімпаздық, іскерлік
қабілеттерін дамыту нәтижесінде болашақ биолог мұғалімдердің зерттеушілік
іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
68
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БИОЛОГ
МАМАНДАРДЫ
ДАЙЫНДАУДА
ӨЛКЕЛІК
КОМПОНЕНТТІ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ
ЖӘНЕ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕСІ
2.1 ЖОО-да биолог маман дайындауда білім мазмұнына өлкелік
компонентті ендіру жолдары
Қазақстан жыландарының биологиясы және экологиясы туралы білімді
«Жаратылыстану» білім беру аясы шеңберіндегі пәндер мазмұнына енгізу
бірнеше жолмен іске асырылды.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында биологиялық білім беру оның
арнаулы бағдарламалық талаптары арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Биологиялық білім мазмұны бірнеше арнаулы бөлімдерден тұрады да ол ғылым
негізімен сипатталады. Бұл негіздер айтарлықтай объективті, ғылыми дұрыс,
қолайлы көлемде және қол жетімді деңгейде ғылыми фактілерді, ұғымдарды,
идеяларды, биологиялық теориялар мен заңдылықтарды сипаттайды.
Болашақ биолог мамандарды дайындау мазмұны пәндік және кәсіби болып
жіктеледі. Болашақ мамандарды пәндік дайындау мамандыққа арналған білім
беру бағдарламасының мазмұнында көрсетілген негізгі пәндерді оқыту арқылы
жүзеге асады.
Өлкелік компонентті биолог–бакалаврларының пәндік және әдістемелік
даярлығының мазмұнына ендіру бұл ең алдымен білім алушылардың
мамандыққа сәйкес оқу бағдарламасын, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына зер салып, оны мұқият
саралап зерттеуді қажет ететін іс болып саналады.
5В011300 - Биология мамандығы бойынша білім беру негізінде бітіруші
түлек – биология пәнінің мұғалімі мамандығын алады. Осының нәтижесінде
орта мектептің оқу бағдарламасына енетін барлық биологиялық ғылымдар
бойынша – ботаника, зоология, физиология, биохимия, цитология, генетика,
эволюциялық ілім, анатомия, гистология т.б. фундаментальды білімі болуы
міндетті. Сонымен қатар, биология пәнінің мұғалімін дайындауда ерекше
орынды экология пәні де алып отыр. Мұндай білімдер биология
бакалаврларына білім алушыларды көп профильдік пәндер бойынша сапалы
оқыту мен тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы түрлі оқытудың әдіс-
тәсілдерін қолдану арқылы тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға және
кәсіби білім беру бағдарламаларын игеруге септігін тигізеді.
Биология мұғалімі білім беруде кездесетін түрлі жағдаяттарды дұрыс
шеше білуге, деректерді талдауға, себепті-салдарлы байланыстарды және
олардың арасындағы тәуелділіктерді анықтай алатындай болуға тиісті. Осының
негізінде өлкелік компоненттерді пайдалану кезінде сын тұрғысынан ойлауды
дамыта отырып, жалпыны жекемен ұштастыру арқылы берілетін биологиялық
білімнің мазмұнын тереңдетуге жағдай жасайды.
Биология мұғалімі биологиялық білім берудің әртүрлі деңгейіндегі
педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыра білуге сол арқылы оқушылардың
69
құзіреттілігін қалыптастыра алатын деңгейге жетуге тиісті. Оқытуды
кәсібилендіру мақсатында пәндік (биологиялық) дайындық құрылымына
«Қазақстан жыландарының биологиясы және экологиясы» және әдістемелік
дайындық құрылымына «Биологияны оқытуда оқушылардың зерттеушілік іс-
әрекетін дамыту» әдістемелік нұсқау мазмұнын ендіру және осылар бойынша
қажетті материалды іріктеу қажет болды. Әзірленген элективті немесе таңдау
курстары білім мекемелерінің әдістемелік бірлестігінде қаралып, талқыланып,
университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілді.
Бұл пәндік және әдістемелік блоктың мазмұнының жаңаруы өлкелік
компонент ретінде Қазақстан жыландарының биологиясы мен экологиясының
мазмұнына біздің зерттеу барысында әрбір аймақтың ерекшелігіне қарай
таңдаған материалдарды қамтыды. Бұл мазмұнның білімдік, тәрбиелік және
дамытушылық тұстарын жаңа технологияларды қолдана отырып оқытумен
қатар, оларды болашақ мамандардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру
бағытында пайдалануға тырыстық.
Биология пәнінің мазмұнына өлкелік компонентті енгізу және оны оқыту
студенттерге Қазақстанның территориясында мекен ететін жыландардың
түрлері, морфологиялық және анатомиялық құрылымдарының ерекшеліктері,
тіршілік циклдары, жыландар популяциясының мекен ету орталары туралы
ғылыми материалдарды қамтыды. Сонымен қатар, жыландар тіршілік ететін
табиғи ортаның оларға әсері және экологиялық сипаттамалары туралы білімді
меңгеруге де мүмкіндік берілді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
сирек және жойылып кету қаупі бар жыландар түрлері, сондай жылан түрлерін
сақтау мақсатында жүргізілетін оларды қорғау шаралары туралы білім де
мазмұнға енді. Бұл теориялық білімдер биологиялық білім берудің негізгі
бағыттары биологияны оқытудың барлық сатыларында іске асып отыруы тиіс,
себебі өзінің жиынтығында биологияны оқытудың тұлғалық бағдарлануының
күшеюі студенттердің жан-жақты дамуының, олардың жалпы мәдениетінің
арттыру мен оларда жалпы оқу, интеллектуалды, қоршаған ортаға саналы
қарым-қатынастарды орнатуда практикалық біліктілік пен дағдыларды
қалыптастыруды жалпы педагогикалық міндеттерді шешу мақсатын
қарастырады.
Биолог-студенттер үшін биология пәнінің мазмұнына өлкелік компонентті
енгізу келесі міндеттерді шешуге бағытталды:
- биология бойынша білім беру бағдарламасының мазмұнын өлкелендіру
және өлкетану принциптері негізінде жаңарту;
- студенттерге Қазақстан жыландарының биологиясы, экологиясы және
сирек түрлерін қорғау саласындағы білімді меңгерту;
- қазіргі заманғы мектептің (берілетін білімді жергілікті материалдармен
байланыстыру, оқушылардың өмір тәжірибесін пайдалану) талаптарына және
дәл қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдаяттарға сәйкес болашақ мамандарды кәсіби
тұрғыдан даярлау;
Достарыңызбен бөлісу: |