71
жылан популяциясының тіршілігіне әсер ететін қоршаған ортаның абиотикалық
және биотикалық
факторлары; жылан этологиясы.
Айта кету керек, Қазақстан жыландарының биологиясы және экологиясы
бойынша ғылыми ұғымдарды, фактілерді және мысалдарды қосу, биологиялық
пәндердің негізгі мазмұнын алмастырмайды, бірақ толықтырады.
Мысал ретінде сабақ жоспарына тоқталайық.
Сабақтың тақырыбы: «Жыландар, олардың тіршілік ерекшелігі».
Сабақтың түрі- лабораториялық сабақ.
Жоспар:
1.
Жыландардың сыртқы құрылысы.
2.
Жыландардың ішкі мүшелер жүйесі, құрылымдық-анатомиялық
ерекшеліктері.
3. Улы жыландардың уының құрамын анықтау әдіс-тәсілдері.
4. Дала практикасы кезінде орындалған және ұсынылған тапсырмалардың
тақырыптары:
- Қазақстанда тіршілік ететін усыз жыландардың негізгі сипаттамалары
мен белгілері;
- Қазақстанда тіршілік ететін өте қауіпті, улы жыландардың негізгі
белгілері;
- табиғатта жүргізілетін топсаяхат бойынша жиналған материалдар мен
бақылаулардың нәтижесі;
- усыз және улы жыландарды аулаудағы қауіпсіздік
техникасы;
- усыз жыландар түрлерін анықтау;
- улы жыландар түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан жыландары туралы студенттердің
зерттеген жұмыстарының негізінде білім бере отырып мына мақсаттар жүзеге
асады:
Білімдік: Қазақстан жыландарының тіршілік ерекшелігін түсіндіру;
Тәрбиелік: Осы тақырып бойынша білім бере отырып, студенттердің
тіршіліктің қоршаған ортаға бейімділігін түсіндіру негізінде оларды табиғатты
зерттеуге
тәрбиелеу;
Дамытушылық: Болашақ мұғалімдердің кәсіптік құзыреттіліктерін
дамыту.
Сабақтың барысы:
1. Студенттердің бұрын биологиядан меңгерген білімдерін және қосымша алған
теориялық білімдерін актуалдау:
- Палеонтологиялық мәліметтер мен зерттеуші ғалымдардың түрлі тарихи
кезеңдерде Қазақстанды мекен еткен жыландар түрлері туралы
ұғымдарды ойға
түсіру.
- Студенттердің дала практикасы кезінде жүргізген жұмыстарына
байланысты Қазақстан жыландарының систематикасы, құрғақшылыққа
бейімделу жолдары бойынша
фактілер:
-
Морфология: жыландардың сыртқы құрылысы, денесінің сыртқы
жабындысы, тірек-қимыл аппаратының жүйесі.