Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет40/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51

88 
 
Зерттеу 
жұмыстарының 
тақырыптары 
негізінен 
студенттердің  
қызығушылықтары мен қабілеттіліктеріне қарай таңдалады. Жұмысты даярлау 
барысында студенттердің мына мәселелерге қолы жетеді:  
- пән бойынша өзінің ой-өрісін кеңейту; 
- ғылыми  зерттеулерді  жүргізудің  әдістерімен  танысу  (әдебиеттермен 
жұмыс жасау; интернет жүйесінде ақпаратты іздестіру; жинақталған ақпаратты 
талдау, жүйелендіру және жіктеу); 
- зерттеу нәтижелерін ұсыну (баяндамалар, презентациялар дайындау)  
- көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесіне ие болу.  
- жетістіктің  негізі    –  мұғалім  мен  білім  алушылардың  жұмыс  атқару 
жүйесін құру. 
 
2.3  Педагогикалық  экспериментті  жүргізу  шарттары  және  оның 
нәтижелері  
Қазіргі  таңда  ЖОО-да  болашақ  мамандарға    берілетін  білімнің  мақсаты 
оларды  тек  пәндік  ғылым  негіздерімен  қаруландыру  емес,  сол  меңгерген 
теориялық  ұғымдарын    іс-жүзінде  қолдануды  үйрету  болып  отыр. 
Педагогикалық  ЖОО-да  маман  дайындауда    бұл  іс  оларға  білім  берудің  әдіс-
тәсілдерін  үйретумен  айқындалады.  Сонымен  қатар,    болашақ  педагог 
мамандар  мектеп  қабырғасында  оқушыларға  берілетін  білімді  олардың 
ізденушілік, зерттеушілік біліктеріне негіздей отырып жүзеге асыруға тиістілігі 
де айқын көрсетіліп отыр.  
Қазақстанда  жүзеге  асырылып  жатқан  білім  беру  жүйесін  қайта  құру 
мәселелерінің    басты  мақсаты  да  болашақ  қоғам  мүшелерінің  өзіндік 
белсенділігін,  ізденушілігі  мен  шығармашылығын  қалыптастыру  болып  отыр.  
Сондықтан  да,  болашақ  биолог  мамандарды  дайындауда  оларды  сол  мектеп 
қабырғасында күтіп тұрған кәсіптік іске бағыттауды жетілдіре түсу мақсатымен 
зерттеуге  алынған  тақырыбымыздың  нәтижесін  тәжірибелік-  эспериментке 
қойдық.  
Тәжірибелік эксперименттің мақсаты  – зерттеу жұмысымыздағы ғылыми 
болжамның дұрыстығын, ұсынылып отырған әдіс-тәсілдеріміздің білім берудегі 
тиімділігін  анықтау.  Бұл  педагогикалық  ЖОО-да  білім  беруді    жаңаша  құру 
және  теориялық    тұрғыдан  толықтыра  отырып,  тереңдетуді  қарастыру. 
Сонымен қатар, осы мақсатты жоғары деңгейде орындау үшін болашақ биолог 
мамандарды  дайындауда  «Қазақстан  жыландарының  биологиясы  және 
экологиясы» элективті курсының тиімділігін анықтау мақсатымен  үш кезеңнен 
тұратын тәжірибелік  - эксперименттік  жұмыстар ұйымдастырылды.  
Эксперимент  жұмысын  жүргізу  барысында  Отандық  және  шетелдік  
тәжірибе  жұмыстарына  сүйендік.    Әсіресе,  мынандай  белгілі  зерттеуші 
ғалымдардың:  И.Я.Лернер,  В.П.Беспалько,  А.В.Усова  [192;  193;  194]  ғылыми- 
зерттеу  еңбектеріне  сүйеніп  педагогикалық  диагностика  әдістерін  және 
В.Б.Данилевскаяның, 
А.Ш.Байтукаеваның, 
М.А.Утешованың, 
Г.К.Баймукашеваның  [194;  195,  196]  т.б.  еңбектерінде  пайдаланылған  зерттеу 
нәтижелерін математикалық - статистикалық өңдеу әдістерін негізге алдық.  


89 
 
Тәжірибелік  эксперимент  барысында  бoлaшaқ  биолог  мұғалімдердің 
өлкелік  нысанды  зерттеушілік  іс-әрекетін  қалыптастыру  әдістемесін 
диагностикалауды және олардың арнайы көрсеткіштерін анықтадық. Сонымен 
қатар,  зерттеушілік  білік  қалыптасу  деңгейін  бағалауда  студенттердің  өзіндік 
іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы және жұмыстың толық орындалу деңгейі, 
жүйелілігіне де өздігінен орындау мүмкіндігіне де көңіл бөлінді. 
Жоғарыда  аталған  педагог  әдіскерлердің  еңбектерінің  біз  көңіл  бөліп, 
басшылыққа  алатын  тұстары  мына  төмендегідей.  Мәселен,  В.П.Беспалько 
зерттеушілік  іс-әрекеттің  қалыптасу  деңгейін  бағалауды  іс  -  әрекетті  меңгеру 
деңгейі;  оқу  тапсырмаларын  орындауда  қажетті  іс-әрекетті  дұрыс  таңдай  білу 
қабілеті;  іс-әрекетті  орындаудың  автоматтандырылу  дәрежесі  деп  көрсетсе 
[193], А.В. Усова іс-әрекетті орындаудың жүйелілігіне [197] көңіл бөледі. Г.И. 
Некипелова  болса,  зерттеу  жұмысының  мақсаты  мен  іс-әрекеттің  ғылыми 
деңгейіне және оның орындалу деңгейін жоғары бағалайды. [198]  
Тәжірибелік – эксперимент жұмысы ұш кезеңнен тұрды. Олар: айқындау, 
қалыптастыру  және  бақылау  эксперименттік  жұмыстарын  ұйымдастыру 
бойынша жүргізілді.  
Эксперимент жұмысы үш кезеңде жүргізілді:  
1. Анықтау эксперименті (2014-2015жж.);  
2. Қалыптастыру эксперименті (2015-2016жж.);  
3.  Бақылау  эксперименті  -  зерттеу  жұмысының  нәтижесін  тексеру  (2016-
2017жж.).  
Әрбір  кезеңнің  зерттеу  мәселесін  талдау  теориялық  тұрғыдан 
қорытындыланып,  тәжірибелік  -  эксперименттік  тұрғыдан  тексеріліп  және 
алынғaн  нәтижeлepі  caлыcтыpылып,  тұжырымдалды.  Қopытынды  барысында 
болашақ биолог мамандардың өлкелік материалдарды зерттеушілік іс - әрекетін 
қалыптастырудың  бастапқы  дeңгeйi  мен  қорытынды  нәтижесін  шығаруға 
мүмкiндiк бepдi. Зерттеу жұмысының әрбір  кезеңінде  эксперименттің алдына 
қойылып отырған  талаптардың орындалуы мен жүзеге асырылуын және теория 
мен  іс-  әрекеттің  байланыстылығын    анықтайтын  ұстанымдардың  орындалу 
жүйесін нақтылап отырдық. 
Жоғарыда  ұсынылып  отырған  көрсеткіштерге  көңіл  бөлсек,  мынаны 
байқаймыз:   
Бірінші  көрсеткіш  –  мотивация.  Бұл  бoлaшaқ  биолог  педагогтардың 
зерттеушілік  іс  -  әрекетін  анықтаушы  алғашқы  қадам.    Мотивация  студенттің 
білімді  меңгерудегі  ынталылығы.  Бұл  студенттердің  өз  білімін  тексеруге, 
тереңдетуге, өздігінен ізденуге, зерттеушілік іс - әрекетін қалыптастыруға негіз 
болатын  жағдай.    Демек,  мотивация  болашақ  маманның  сапалы  білім  алуына, 
білмегенді  білуге,  іс-әрекеттік  біліктілігін  меңгеруге  деген  қажеттілік, 
мақсаттылық,  ынталылық,  құндылық  қатынас.  Сондықтан  да,  эксперимент 
барысында  студенттің  іс  -  әрекетінің  мазмұнына,  мақсатына,  мотивациясына 
назар аударылып отырды.  
Екінші көрсеткіш – пәндік білім мен қажетті дағдыны, біліктілік деңгейін 
анықтауға бағытталды.  


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау