60
Оқыту үдерісі студенттермен жаңа білімді меңгерту, оқу дағдыларды
қалыптастыру, олардың шығармашылық бейімділіктерін, рухани-эстетикалық
көзқарастар мен дүниетанымын дамытуға негізделетін оқыту және танымдық
әрекетті реттеу арқылы белсендендіруге бағытталған әдістер көмегімен
құрастырылды:
а) білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін реттеу;
ә) ғылыми білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру – олардың танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады;
б) ойлау, шығармашылық қабілеттіліктер мен дарындылықты дамыту;
в) диалектикалық-материалистік дүниеге көзқарастарын және рухани-
эстетикалық мәдениетті қалыптастыру;
г) оқыту біліктер және дағдыларын жетілдіру.
Оқыту білім алушылармен білім, біліктілік және дағдыларды меңгеруге,
сондай-ақ олардың ойлау және шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына
бағытталғандықтан, осы ұғымдардың мән-мағынасын ашу қажеттілігі
туындайды.
Білімнің мәні туралы айтар болсақ, ең алдымен оның екі түрлі мағыналы
белгісін ескере кеткен жөн. Бір жағдайда ол ғылыми танымның нәтижесін
көрсетсе, екінші тарапта ол меңгеру пәні ретінде көрініс береді.
Осы мағынада «білім» ұғымы толыққанды оқыту танымына жатқызылады.
Оның нәтижесі ретінде білім алушылармен оқыту пәндерін теориялық меңгеру
саналады. Бірақ бұл меңгерушілік өзіндік сипатқа ие және жаңа, тың
теориялық идеялардың ашылуында емес, ғылымда анықталып қойғанды тануға
және нені тануды, есте сақтау керектігі, оларды практикада қайта жандандырып
және қолданысқа ендіру керектігін ұғыну, яғни әрбір білім алушының жеке
игілігіне айналдыру. Міне, педагогикада білімді түсіну, есте сақтау және
ғылымның негізгі фактілері мен олардан келіп шыққан теориялық қорытуларды
(ережелер, заңдар, қорытындылар т.б.) жүзеге асыру біліктіліктері деп
анықтауға болатыны осыдан.
Біліммен тығыз өзара қарым-қатынаста біліктер мен дағдылар көрініс
береді. Біліктілік – игерілетін білімді практикада қолдана білу тәсілдерін
(әдістер, әрекеттер) қолдану.
Жоғары сипаттаған оқыту үдерісінің алдында тұрған тапсырмалар оқыту
үдерісінің маңызды міндеттерін құрастыруға мүмкіндік береді:
- жаңа ғылыми білімді меңгеру, жаңа іскерліктерді қалыптастыру
үдерісінде білім алушылардың іс-әрекетін нақты және дұрыс ойластыру арқылы
ұйымдастыру;
- тәлім-тәрбие алушылардың танымдық және оқу іс-әрекеттерін үнемі
ынталандыру;
- есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттіліктердің дамуы жағынан
жұмыс жасау;
- дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, рухани және эстетикалық
тәрбиелеу;
61
- оқыту барысында қалыптастырған біліктіліктер мен дағдыларды ары
қарай жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу.
Осылайша, оқыту үдерісінің міндеттері педагогпен оқыту немесе
тәрбиелеудің алдына қойған мақсаттарының, олардың практикада жүзеге
асуына қажетті шарттар мен тәсілдерді терең ұғынып түсінуінің нәтижесі.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде келесі құрамдас бөліктерден құралады:
оқытудың мақсаты, оқытушының қызметі, білім алушылардың іс-әрекеттері,
қорытынды нәтиже. Бұл үдерістің ауыспалы түрлеріне басқарушылық құралдар
жатады: бұл оқыту материалдарының мазмұны, оқыту үдерісінде
қолданылатын әдістер, көрнекілік, оқыту, техникалық құрал-жабдықтар,
оқулықтар (материалдық құралдар), ОТҚ (оқытудың техникалық құралдары),
және
білім
алушылардың
оқу
әрекетін
сипаттаушы
оқытудың
ұйымдастырылған формалары. Оқытудың мақсаттары мен оның қорытынды
нәтижесі оқытудың тұрақты да, ауыспалы да құралдарының байланыстары мен
өзара негіздемесін қарастырады. Олар интеграцияның қасиеттеріне ие болатын
және болашақ ұрпақты заманауи қоғам шарттарына сәйкес белсенді әрекетке
дайындауды
көздейтін
тәрбиелеуді
жалпы
ережелеріне
бағынатын
бүтінділікпен біртұтастықты құрайды. Барлық аталған компоненттерді
біріктіруші элемент ретінде пәнді жүргізу мен оқыту арасындағы бірлескен
үйлесімді әрекеті, олардың қажетті компоненті қарым-қатынас есептеледі. Сол
себептен де оқыту үдерісі жүйе ретінде кешенділік және біртұтастылық
ұғымдарымен тығыз байланысы бар. Ол өзара тығыз байланысқан бірнеше
элементтерден құралады: білім алушылардың барлық іс-әрекет түрлеріне
жетекшілік жасау, іске асыруға септігін тигізетін оқыту ақпараты, оқытушы
мен студент арасындағы қарым-қатынастың мақсаттары, құралдары, формасы
және тәсілдері. Жүйелі білім беруді іске асырудың ең маңызды және сенімді
тәсілі оқыту болып саналады.
Педагогикада оқыту үдерісі оқытушы мен білім алушының арасындағы
тығыз әрекет етуді аңғартады, ол оқытудың алдына қойған мақсаттарға жетуге
және білім алушылардың тұлғалық сапалық қасиеттердің қайта түзілуінің
нәтижесі болуына бағытталады.
Білім берушілік: жыландардың құрылысы, тіршілік әрекеті, олардың
сыртқы ортамен қарым-қатынастары, табиғат пен адам өміріндегі маңызы
туралы білімді жүйелендіру; ежелгі бауырымен жорғалаушылардың алуан
түрлілігі туралы көзқарастарды қалыптастыру, олардың тіршілігін жойып
жіберуін талдау.
Кез-келген өркениеттің негізінде – білім беру жатыр, келесі ұрпаққа
игерілген білім мен тәжірибені, мәдени және рухани құндылықтарды беру.
Бүгінгі қатаң экологиялық дағдарыс жағдайында, онымен күрескен жеңіп
тастағанда ғана планетамыздағы адамзаттың сақталып қалуын ескерер болсақ,
адамды рухани тәрбиелеу мен білім беру негізі ретінде ең алдымен адам мен
табиғаттың өзара қарым-қатынас ұстанымдарын құру есептеледі. Осы орайда,
студенттерді экологиялық білім мен тәрбие беру үлкен мәнге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |