- Команданың белгілі ойыншысы Александр Степанов.
3. - Кім жеңілді? (Кім ұтылды?)
- Есеп қандай? Кімнің пайдасына? Есеп кімнің үлесіне?
Қазақша айтыңыз.
1. Спорт полезен для здоровья.
2. Надо заниматься спортом, физической культурой.
3. Здоровье надо беречь.
“Спорт” тақырыбына қатысты қандай мақалдарды білесіз? Біздің облысымызда спорт қалай дамып жатыр? Әңгімелесіңіз.
¨
Кітап дүкенінде
(в книжном магазине)
Лексикалық минимум: әдебиет – литература, көркем әдебиет – художественная литература, ғылыми – научный, тарих – история, өнер – искусство, ертегі – сказка, балаларға арналған кітаптар – книги для детей, стих - өлең, жинақ – сборник, өлеңдер жинағы – сборник стихов. Сіздерде қазақ тілінде кітаптар сатыла ма? – У вас продаются книги на казахском языке? Сіздерде ғылыми кітаптар бола ма? – У вас бывает научная литература? Өлеңдер жинағы бар ма? – У вас есть сборник стихов?
Сатушы мен сатып алушы арасындағы сұхбатты тыңдаңыз.
- Сіздерде өлеңдер жинағы сатыла ма?
- Қазір бітіп қалды. Жақында түседі
- Ал “Абай жолы” романын көрсетіңізші.
- Өкінішке орай, бұл кітап бізде жоқ.
- Мына кітап қызық па?
- Бұл кітапты мен оқыған жоқпын. Сөздіктерді көріңіз.
“Сөздіктер” бөлімінде
Лексикалық минимум: қымбат – дорогой, салалық сөздіктер – словари по отраслям, түсіндерме – толковый, соңғы басылым – последнее издание.
Сұхбат:
- Орысша – қазақша сөздік бар ма?
- Иә, бар. Сөздіктер қымбат. Мысалы, мына сөздік 430 теңге тұрады.
- Салалық сөздіктер бар ма?
- Олар да бар.
- Түсіндірме сөздіктерді қайдан табуға болады екен?
- Кітапханадан таба аласыз.
- Рақмет, онда мен синонимдер сөздігін сатып алайын.
- Міне, алыңыз. 800 теңге төлеңіз.
-
¨
Кітапханада
(В библиотеке)
Сөздік: қызметкер – сотрудник, кітап қоры – книжный фонд, дана – экземпляр, оқырман – читатель, оқу залы – читальный зал.
Ситуативтік тапсырмалар.
1. Сіздің таныстарыңыз қандай кітаптарды оқиды екен?
- Құрбым, не оқып отырсың?
- Мен Ғ. Мүсіреповтің повесін оқып отырмын.
- Қандай жақсы! Оны қайдан алдың?
- Кітапханада бар ғой.
2. Кітапханашыдан Сізге керек кітапты сұраңыз. Өкінішке орай, бұл кітап жоқ. Кітапханашы Сізге басқа кітапты ұсынды.
- Мен Ғ. Мүсіреповтің “Автобиографиялық” повесін іздеп жүрмін.
- Өкінішке орай, бұл әңгіме жоқ. “Ұлпан” повесін алыңыз.
ž
Газет киоскісінің жанында
(у газетного киоска)
- Сіз газет оқығанды ұнатасыз ба? Вы любите читать газеты?
- Мен газеттерді күнде қараймын. Я просматриваю газеты қаждый день.
- Газеттерді қайдан сатып алуға болады? Где можно купить газеты?
- Газет киоскісінде. В газетном киоске.
- “Солтүстік Қазақстан” газетінің соңғы нөмірін беріңізші. Дайте последний номер газеты “Солтүстік Қазақстан”.
- Қала жаңалығын жазатын газет бар ма? Есть газета, дающая сведения о новостях города?
- Ол – «Қызылжар нұры» газеті. Алыңыз. Это – газета «Қызылжар нұры». Возьмите.
- «Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» кітабы бар ма? Есть книга «Североказахстанцы в годы Великой Отечественной войны»?
- «Северо-Казахстанская область» атты энциклопедиясы бар ма? Есть энциклопедия «Северо-Казахстанская область»?
- Бұл кітаптарды газет киоскісінде сатпайды. Эти книги не продают в газетном киоске.
- «Мой город» атты журнал ай сайын шыға ма? Журнал «Мой город» выходит ежемесячно?
- «Добрый вечер» газеті апта сайын шыға ма? Газета «Добрый вечер» выходит еженедельно?
- «Информ-Вест» газеті айына неше рет шығады? Газета «Информ-Вест» выходит сколько раз в месяц?
Келесі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз
Тоқсан сайын – ежеквартально, жылына екі рет – два раза в год, екі айда бір рет – один раз в два месяца, техникалық журналдар – технические журналы, сән журналдары – журнал мод, әйелдерге арналған журналдар – журналы для женщин, жазылу бағасы – стоимость подписки, бір айға – на один месяц, үш айға – на три месяца, бір жылға – на один год.
œ
Пошта бөлімшесі
(Почтовое отделение)
1. Пошта жәшігі қай жерде? – Где почтовый ящик?
2. Пошта тәулік бойы жұмыс істей ме? – Почта работает круглосуточно?
3. Маған жеделхат бланкін беріңізші. – Дайте мне, пожалуйста, бланк телеграммы
4. Олар жеделхатты қашан алады? – Когда они получат телеграмму?
5. Екі сағаттан кейін. – Через два часа.
6. Ақша аудару бланкін қайдан алуға болады? – Где можно взять бланк для перевода денег?
7. Мен ақшаны телеграфпен аударайын деп едім. – Я хотел бы перевести деньги телеграфом.
8. Бандерольді қай жерде қабылдайды? – В каком месте принимают бандероли?
9. Бірінші хат-хабар таңертең сағат он бірде келеді. – Первая доставка (корреспонденция) поступает в одиннадцать утра.
10. Қай жерге қол қояйын? – Где расписаться?
(
Телефон арқылы сөйлесу
(Разговор по телефону)
1. Телефон соғуға бола ма? (Телефон шалуға бола ма?) – Можно позвонить?
2. Телефон анықтағышын көруге бола ма? – Можно посмотреть телефонный справочник?
3. Астанамен сөйлесу керек еді. – Надо было бы переговорить с Астаной.
4. Бұл анықтау телефоны ма? – Это справочное?
5. Сізді тыңдап тұрмыз. – Слушаем вас.
6. Иә, бұл анықтау телефоны. – Да, это справочное.
7. Сұрағыңызды айтыңыз! – Спрашивайте!
8. Ахметов мырзаның үй телефоны керек еді. – Нужен домашний телефон господина Ахметова
9. Мекен-жайы қандай? – Его адрес?
10. Ол кісі қайда тұрады? – Где он проживает?
11. Әуезов көшесі, нөмірі оныншы үйде, қырық бесінші пәтерде. – Он проживает по улице Ауезова, в доме номер десять, в сорок пятой квартире.
12. Алло! Сөйлеп тұрған Баяхметов. – Алло! Говорит Баяхметов.
13. Маған Иванов мырза керек еді. – Мне нужен господин Иванов.
14. Иванов мырзаны шақырыңызшы. (Иванов мырзаны шақырып жіберіңізші) – Пригласите, пожалуйста, господина Иванова.
15. Иванов мырза орнында ма? - Господин Иванов на месте?
16. Сәл күте тұрыңыз! – Подождите немного!
17. Абонент жауап бермейді. – Абонент не отвечает.
18. Сізді телефонға шақырады. – Вас приглашают к телефону.
19. Түсінбедім, сіз не дедіңіз? – Не понял(а), что вы сказали?
20. Маған телефон соғыңыз. (Маған телефон шалыңыз)– Позвоните мне.
21. Бүгін кешке телефон соғыңыз. – Позвоните сегодня вечером.
22. Алло! Сізді мазалап тұрған Ахметов Болат. – Вас беспокоит Ахметов Болат
23. Мазалағаным үшін кешіріңіз. – Извините за беспокойство.
24. Мен неше минут сөйлестім? – Сколько минут я говорил?
25. Сіз бес минут сөйлестіңіз. – Вы говорили пять минут.
Орыс тілінде берілген ситуативтік тапсырмаларды қазақша шешіңіз.
Ситуация первая. Вам нужно узнать телефон знакомого вам человека. Куда вы будете звонить и что скажете?
Ситуация вторая. Вы – секретарь. Вам звонит господин Иванов. Он хочет переговорить с вашим начальником. Каков будет ваш диалог?
Ситуация третья. Попросите вашего коллегу связаться с вами по телефону сегодня вечером.
Ситуация четвертая. Узнайте у телефонистки, сколько минут вы говорили по заказанному номеру. И что она вам ответит?
Шағын сөйлесуді тыңдаңыз.
- «Қазақтелекомның» қайда екенін айтып жіберіңізші.
- «Қазақтелеком» Е.Бөкетов көшесінде орналасқан.
- Ол қай уақытта жұмыс істейді?
- «Қазақтелеком» тоғыздан он сегізге дейін жұмыс істейді.
- Рақмет.
Павлодар қаласымен сөйлесіңіз:
- Мен Павлодармен шұғыл түрде сөйлесейін деп едім.
- Телефон желісі бұзылыпты.
- Онда Қостанаймен сөйлесуге бола ма?
- Телефон желісі бос емес.
- Ал Астана ше?
- Нөміріңіз жауап бермейді.
Речевые сегменты:
Шұғыл түрде – Срочно.
Сөйлесейін деп едім – Хотела бы поговорить.
Телефон желісі бұзылыпты – Линия повреждена.
Бос емес – Занят(а).
Жауап бермейді – Не отвечает.
Телефонға шақырыңызшы – Пригласите, пожалуйста, к телефону.
Нашар естіліп тұр – Плохо слышно.
Қатты айтыңыз – Говорите громко.
Менің телефонымды жазып алыңыз – Запишите мой номер (телефон).
Маған кейінірек хабарлассын – Пусть свяжется со мной позже.
Үзіп жіберді – Разъединили.
КЕДЕН ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ТЕКСЕРУ
(Таможня и таможенная проверка)
Тақырыпқа қатысты лексикалық минимум: Кеден декларациясын толтырыңыз – Заполните таможенную декларацию. Кеден декларациясында нені көрсету керек? – Что нужно указать в таможенной декларации? Бұл менің түбіртегім – Это моя квитанция. Жүре беруге бола ма? Кетуге бола ма?– Можно идти? Можно ехать: Мен кеденшіге жолығайын деп едім – Я хотел бы встретится с таможенником. Менің қандай баж төлеуім керек? - Какую пошлину я должен заплатить? Не үшін баж салынады? – Что облагается пошлиной? Бұл шектеулі заттар қатарына жата ма? – Эти предметы попадают под ограничения? Иә, оларға тыйым салынған – Да, они запрещены (На них наложен запрет). Виза алу үшін қайда бару керек?- Куда нужно обратиться за визой? Мен визаны создырайын деп едім - Мне нужно продлить визу. Мен елшілікпен хабарласайын деп едім – Я хотел бы созвониться с посольством. Мен консулдыққа телефон соғайын деп едім. – Я бы хотел(а) позвонить в консульство. Кеден-таможня, кедендік тексеру-таможенная проверка, толтыру-заполнить, көрсету-указывать (показывать), кеденшіге жолығу-встретиться с таможенником, қол жүгі-багаж (ручная кладь), баж-пошлина, тыйым салынған-запрещен(ы), түбіртек-квитанция. Жүкті ала беруге бола ма?-Можно взять багаж?
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Мен Солтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Солтүстік Қазақстан облысы – республиканың «солтүстік қақпасы» іспетті. Біздің облысымыз Қазақстанның Қостанай, Ақмола және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекаралас. Облыстың жер көлемі 97,99 мың шаршы шақырым, яғни республиканың 3,6% аумағын құрайды. Ауа райы құбылмалы.
Біздің облысымыздың табиғаты бай. Есіл – осы өңірдің ең үлкен өзені, оның облыс аумағы бойынша ұзындығы 720 шақырым. Облысымыздың 543,4 мың гектар жерін орманды алқап алып жатыр. Оларда негізінен қайың, терек, қарағай ағаштары өседі. Жасыл қылқанды орманды алқап 57,6 мың гектар. Олар мемлекеттік бақылауға алынған. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласы. Ол 1752 жылы қаланған. Біздің облысымызда 13 аудан бар.
Халқының жалпы саны – 725,9 мың адам. Облыста 96 ұлттың өкілдері тұрып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов сияқты қаламгерлердің Отаны. Атақты ғарышкерлер – В.Шаталов, А.Викторенко – біздің жерлестеріміз.
Облыс әкімі – Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровтың ұйымдастыруымен оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыруда мейлінше жоғары жетістіктерге жеткен облыстың 750 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін гранттар тағайындалды.
2004 жылы облыс әкімі Т.Мансұровтың төрағалық етуімен Алматының «Арыс» баспасынан Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы жарық көрді. Мұнда өңірдің айтулы тұлғалары мен географиялық объектілерінің тарихы жайлы жан-жақты баяндалған.
2005 жылы Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерейтойына орай облыс әкімдігімен «Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» кітабы жарық көрді. Онда әскери жылдар тарихы, майдангерлердің естеліктері, мұрағат материалдары, сонымен қатар солтүстікқазақстандықтардың соғысқа қатысуын әңгімелейтін белгілі әдеби туындылар жинақталған. Бұл кітаптың жарық көруі – Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік пен жанқиярлық көрсеткен жауынгер-солтүстікқазақстандықтардың өшпес даңқын есте сақтаудағы біздің қарапайым үлесіміз.
2006 жылдың басында Мәскеудің «Русский раритет» баспасында Мағжан Жұмабаевтың таңдамалы шығармалар жинағы орыс тілінде шықты. Оны құрастырған әдебиеттанушы Сәуле Мансұрова. Мағжан жырларының орыс тілінде сөйлеуі – еліміздің әдеби, мәдени өміріндегі ерекше қуаныш. Бұл – ақынның ғаламдық сапарының басталуы.
Мәтінді аударғанда келесі сөздікті пайдаланыңыздар:
құрылды-образован, қақпа-ворота, шекаралас-приграничный, шаршы-квадратный, шақырым-километр, пайыз-процент, өкілдер-представители, қаланған-заложен, сияқты-как, қаламгер-писатель, ғарышкер-космонавт, жерлес-земляк, марапатталды-награжден.
Айыртау ауданы
1928 жылы ұйымдастырылған Айыртау ауданы Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан. 1997 жылдың мамырында Арықбалық ауданын қосып, аумағы 9,6 мың шаршы шақырымды қамтыды. Халық саны 54,6 мың адамды құрады. 88 елді мекен 14 селолық округтен тұрады. Әкімшілік орталығы - Саумалкөл ауылы.
Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан аумақ батыста Имантау және Сырымбет тауларымен шектелген. Аудан аумағынан Ақанбұрлық, Қарасу, Тайсары, Құрқарағай, Иманбұлақ, Қамысақты деген өзендер ағады. Сонымен қатар, жері көлге бай. Олардың арасында Саумалкөл, Шалқар, Үлкен, Қоскөл, Имантау, Жақсыжалғызтау, Айыртаушық, Байсары деген көлдер үлкендігімен ерекшеленеді.
Айыртау ауданы – мәдени мұра мен тарихи жәдігерлерге бай жер. Оның бірі - 15 гектар жерді алып жатқан, "Ежелгі Қазақстан тарихы" оқулығына енгізілген, республикалық маңызы бар аса құнды Ботай тұрағы. 1995 жылы осы жерде Бүкіләлемдік симпозиум өткізілді. Онда 40-50 ғасыр бұрын жылқы өсірілгендігі дәлелденді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның арнайы тізіміне енгізілді. Адамзаттың ең көне қоныстарының бірі – Ботай, түбінде ашық аспан астындағы мұражайға айналады. Ол үшін оған биыл 4 миллион теңге қаржы бөлінді, келер жылы -7 миллион, одан кейін - 5 миллион теңге бөлінбек.
Қазақ халқының атақты батырлары – аш бөрідей анталаған ата жаулардан ұлан байтақ жерімізді қорғаған Қарасай мен Ағынтай. Жорықтас жолдасы Ағынтай батырдың шақыруымен Көкше өңіріне келіп, сонда тұрақтап қалған Қарасай батырға Көкшенің топырағы бұйырды. Ағынтай да көп ұзамай қайтыс болды. Қазір екі батыр қатар жатыр. Мәдениет ауылының жанында екі батырға кесене тұрғызылып, мемориалдық кешен салынды. Арықбалық ауылдық округінің екі аулына осы екі батырдың аты берілді.
1985 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи- этнографиялық кешені ашылған. 6 бөлмеден тұратын мұражайда Шоқан Уәлиханов туралы құнды мәліметтер жиналған. Сонымен қатар, оның туыстары және қазақ халқының рухани мәдениеті туралы бірталай материалдар бар.
Ақжар ауданы
Ақжар ауданы 1984 жылы қаңтар айындағы бұрынғы Көкшетау облысында Ленин ауданы болып құрылып, 1988 жылы Ленинград ауданы құрамына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 18 сәуірдегі Жарлығы бойынша Ленин ауданы Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы деп аталды. Аудан облыстың шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы 8,04 мың шаршы шақырым. Халқы – 24,1 мың адам. Аудан 30 елді мекеннен, 12 селолық округтен тұрады. Ауданның әкімшілік орталығы - Талшық селосы.
Талшық селосының оңтүстігінде 10-12 метрлік шағын төбелер бар. Аудан аумағы арқылы: Ащысу, Шет, Қарашат, Қарасу өзендері ағады. Кіші Қараой, Үлкен Қараой, Жантайсор, Қулыкөл, Шолақсор деген көлдері бар. Көде, бетеге, жусан, қамыс, шие, қарақат, итмұрын, т.б. көптеген өсімдіктер өседі. Ормандар мен тоғайларды бұғы, қасқыр, түлкі, елік, қабан, қоян, қарсақ және басқа да жабайы аңдар мекендейді.
Аудан халқының басым бөлігін қазақтар мен орыстар құрайды. Ірі елді мекендер: Талшық, Ленинград, Алқатерек, Ұялы, Бостандық. Ауданда нан және май зауыты, элеватор, 6 құрылыс ұйымы бар. 30 жалпы білім беретін мектеп және кәсіби-техникалық мектеп бар. Ақжар ауданындағы 27 кітапхананың кітап қоры 362,1 мың дана. Ауданда 18 мешіт және 47 мәдени ошақ бар. Аумағында келесі археологиялық ескерткіштер орын алған: Кіші Қараой, Ленинград, Қарашай, Жаңатұрмыс, Айсары, Қулыкөл қорғандары және «Тал» моласы. Қазақ тілінде 1990 жылдан бастап «Дала дидары» аудандық газеті шығады.
Аққайың ауданы
Аққайың ауданы облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан. Аудан көлемі 4,9 мың шаршы шақырым. 1928 жылы Төңкеріс ауданы негізінде құрылған. Аудан 1928 жылы «Бейнетқор» атанып, орталығы Кедей поселкесі болған. 1940 жылы Бейнетқор ауданы Совет ауданы болып өзгеріп, 1941 жылы аудан орталығы Смирново поселкесіне көшірілді. 1999 жылдан Аққайың ауданы деп аталады. Халқы 28,2 мың. Аудан халқының басым бөлігі қазақтар мен орыстар. Аудан құрамына 12 селолық округ, 43 елді мекен кіреді. Аудан орталығы – Смирново поселкесі.
Ауданның аты айтып тұрғандай, бұл өңірді ақ қайыңды ормандар алып жатыр. Ауданның табиғаты өте бай. Ауданда 83 шағын көл бар.
Аққайың ауданында 453 әр түрлі ауылшаруашылық кәсіпорын, 4 акционерлік қоғам, 33 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Олардың ішіндегі ірісі - «Смирновский элеватор» ААҚ-ы. Ауданды екі темір жол басып өтеді. Аумағынан мал айдайтын Қараағаш – Ленинский – Рассвет – Дайындық – Петропавл «Қаражол» трассасы өтеді. 1917 жылғы революцияға дейін ағылшындар Полтавка селосы арқылы мыс кесектерін түйемен Петропавлға, Петропавлдан темір жол арқылы Петербургке дейін, содан соң теңіз жолымен Англияға тасыған.
Ауданда 36 мектеп, оның ішінде Шағалалы агролицейі, Тоқшын мектеп-гимназиясы, Қиялы кәсіби-техникалық мектебі, 14 кітапхана, 8 мәдени ошақ пен клубтар бар. Аудан орталығындағы кітапхана жанында тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді. Аралағаш ауылының жанында Жансүгір батырдың зираты бар. 1942 жылдан бастап аудандық «Колос» газеті жарық көреді. Аралағаш халық театры, аудандық ардагерлер хоры, Власовка селосындағы «Фантазия» балалар тобы аудан мәдениетін дамытуға үлес қосуда.
Жамбыл ауданы
Облыстың солтүстік-батысында жатқан аудан 1970 жылы Преснов, Мамлют және Сергеев (Шал ақын) аудандарының кейбір елді мекендері есебінен құрылған, 1997 жылы Жамбыл ауданы болып құрылды. Есіл-Тобыл өзендерінің арасындағы ауданда 150-ден астам тұщы көл бар. Ауданның басым аумағы орманды жер. Соның негізінде "Чернолесье", "Жаңажол" және "Троицкое" шағын қорығы орналасқан. Мұнда республикамыздың атақты жазушылары С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, И.Шуховтың мұражайлары бар. Олар жазушылар тұрған үйлерде орналасқан. Мұнда жазушылардың қолжазбалары, жеке құжаттары мен заттары, кино, сурет материалдары сақталуда.
Жамбыл ауданының Гүлтөбе Маманай деген жерінде қолбасшы, мемлекет қайраткері Қожаберген жырау, сонымен қатар, ұлт-азаттық қозғалысының батыры, халыққа "Үкілім", "Көркем-ай", "Қаракөз", "Ғайни қыз", "Айкен-ай", "Гауһар тас", т.б. әндерімен танымал ақын Мұхаммед Қанапия Баһрамұлы Шақшақов туған.
2001 жылы қазіргі заманғы сәулет талаптарына сай қаланған Қожаберген жыраудың кесенесі ашылды.
Жамбыл ауданында жиырма шақты тарихи және мәдени ескерткіштері бар. Олардың қатарына Ольговка, Троицк, Лапушки, Кладбинка, Кабань, Чапаевка, Новорыбинка, Казанка, Рождественка, т.б. елді мекендердегі 1921 жылғы шаруалар көтерілісі құрбандарының қабірлері де енеді.
Есіл ауданы
Есіл ауданы бұрынғы Ленин және Москва аудандарын біріктіру есебінен құрылды. Есіл ауданы Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасқан. Аудан құрамына 15 селолық округ, 61 елді мекен кіреді. Көлемі 5140 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Аудан орталығы - Явленка селосы.
Ауданды Есіл өзені басып өтеді. 50-ден астам көл бар. Олардың ішінде танымалы: Үлкен Торанғұл, Алда, Кіндікті, Ащы, т.б. Көде, бетеге, жусан, қамыс, шие, қарақат, итмұрын, т.б. көптеген өсімдіктер өседі. Ормандар мен тоғайларды бұғы, қасқыр, түлкі, елік, қабан, қоян, қарсақ және басқа да жабайы аңдар мекендейді.
Аудан халқы көпұлтты. Негізгі ұлттар: қазақтар, орыстар, немістер, украиндар, татарлар. Ірі елді мекендер: Явленка, Корнеевка, Покровка, Николаевка, Амангелді, Бұлақ. 54 жалпы білім беретін мектеп және Покровка селосында Ж.Қизатов атындағы ауыл шаруашылық колледжі бар. Ауданда тарихи-өлкетану мұражайы, сурет галереясы, «Колос» театры, мешіт және шіркеу бар. Орыс және қазақ тілдерінде 1934 жылдан бастап «Ишим» аудандық газеті шығады. Есіл ауданы - Кеңес Одағының батырлары Т.С. Позолотин, Ж.Қ. Қизатов, П.В. Коваленко, Ы.Ы. Ыбыраев, А.М. Ершов, Г.З. Закировтың отаны. Олардың есімдерін есте қалдыру мақсатында ескерткіштер орнатылған.
Мағжан Жұмабаев ауданы
Облыстың солтүстік-шығысында орналасқан ауданның аумағы -7,6 мың шақырым, халқының саны - 48,4 мың адам. 23 селолық округке 75 елді мекен кіреді. Аудандағы республикалық маңызы бар ескерткіштердің бірі - қазақ халқының атақты ақыны М.Жұмабаевтың ескерткіші. 1993 жылы ақынның 100 жылдығы аталып өтіп жатқанда Сарытомар селосында мұражайы ашылған. Онда М.Жұмабаевтың шығармашылығына және өміріне арналған көптеген жәдігерлер жинақталған. Соның ішінде Алматы, Петропавл, Омбы қалаларынан табылған ақынның хаттары, тергеу материалдары және басқа құжаттар жиналған.
Ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында 1979 жылдан бастап жыл сайын Жұмабаев әдеби оқулары өткізіледі. Ал 1990 жылдан бері дәстүрлі жалпы мемлекеттік шараға айналып кетті. Сол жылы осы іс-шараға Қазақстаннан ғана емес, жақын және алыс шетелдерден де қонақтар келді.
Лебяжье қамалының қалдығы, 1921 жылғы Булаев, Конюховка, Лебяжье, Успенка селоларындағы шаруалар көтерілісі құрбандарының туысқандар қабірі мемлекеттік қорғауға алынған. Жергілікті өлкетанушылардың айтуынша 1752 жылы құрылған Полуденная қамалының, Ганькин, Медвежье бекіністерінің де тарихи маңызы зор.
Қызылжар ауданы
Қызылжар ауданы 1997 жылы бұрынғы Соколов және Бескөл аудандарын біріктіру негізінде құрылды. Қызылжар ауданы облыс орталығына ең жақын орналасқан аудан және Ресейдің Түмен, Қорған, Омбы облыстарымен шектесіп жатыр. Аудан құрамына 20 селолық округ, 77 елді мекен кіреді. Аудан халқының саны 50,1 мың. Аудан халқы көпұлтты. Халықтың 77 пайызын қазақтар мен орыстар құраса, қалғандары басқа ұлттардың өкілдері. Аудан орталығы – Бескөл селосы.
Ауданда 123-тен астам балық аулайтын көлдер бар. Табиғаты өте бай: көде, бетеге, жусан, қамыс, шие, қарақат, итмұрын және т.б. көптеген өсімдіктер өседі. Ормандар мен тоғайларды бұғы, қасқыр, түлкі, елік, қабан, қоян, қарсақ және басқа да жабайы аңдар мекендейді.
Қазіргі таңда ауданда 8 акционерлік қоғам, 22 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 5 мемлекеттік мекеме бар. Ауданда ірі құс фабрикалары, сүт және ет-шұжық өнімдерін өндіретін зауыттар бар. Аудандағы ірі елді мекендер: Бескөл, Соколовка, Архангелка, Новокаменка, Новоникольское, Рассвет, Якорь, Боголюбово, Петерфельд. Халықтың негізгі тұрмысы – егін және мал шаруашылығы. 67 жалпы білім беретін мектеп және 2 кәсіби-техникалық мектеп бар. Сонымен қатар, 9 мәдениет үйі, 6 клуб, 15 кітапхана және 3 киноқондырғы бар. Аудан аумағында жасақталған «Мақсат» қазақ мәдени орталығы, «Өмирзая» татар мәдени орталығы, «Мрия» украин мәдени орталығы, «Новоникольск» халық қоры, Соколовка мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрі, «Славяночка», «Украиночка» фольклорлық топтары ауданның мәдени саласына үлкен үлес қосуда.
Аудан аумағынан екі үлкен темір жол: Қазақстан темір жолы және Ресейдің Оңтүстік-Орал темір жолы, сонымен қатар, Петропавл-Ишим, Петропавл-Жезқазған, Петропавл-Көкшетау, Петропавл-Қорған, Петропавл-Омбы автомобиль жолдары өтеді. Ауданда 1967 жылдан бастап «Маяк» және 2003 жылдан бастап «Қызылжар және қызылжарлықтар» газеттері шығады. Ауданнан 9 Социалистік Еңбек Ері, 4 Кеңес Одағының Батыры, 6 ауылшаруашылық саласына, 1 ағарту саласына, 1 сауда саласына еңбегі сіңген қайраткер шыққан.
Мамлют ауданы
Мамлют ауданы облыстың солтүстік-батысында орналасқан. Аудан орталығы Мамлют қаласы 1814 жылы салынғын. Аудан аумағы 4,10 мың шаршы метр. Халқы 27,7 мың адам. 44 елді мекен, оның ішінде 1 қала, 12 селолық округ бар. Ауданды 44 ұлт өкілдері мекендейді. Қазақтар - 23%, орыстар - 58%, немістер – 6%, татарлар – 6%, украиндар – 3% және 4% басқа ұлт өкілдері.
Аудан аумағында 200-ден астам көл бар. Олар: Мыңкесер, Становое, Шағалалытеңіз. Мамлют ауданының табиғаты өте бай. Онда селеу, қарағай, мүкжидек, қазанақ және т.б. өсімдіктер өседі. Аудан өзендері мен көлдерін жабайы қаздар, үйректер, қарсақтар, сүңгуірлер, орман-көлдерінде «Қызыл кітапқа» енген тырна, үкі, бірқазан, субүркіт, қарашақаздар мекендейді.
Ауданда 1 акционерлік қоғам, 18 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 101 шаруашылық қожалығы бар. 1926-27 жылдары ауданда алғаш рет элеватор салынды. 1999 жылы элеватор аумағында ұн үгетін зауыт салынды. Ол күніне 250 тонна бидай үгеді.
Ауданда 45 мектеп, 14 кітапхана және 11 мәдениет үйлері мен клубтар бар. 1932 жылдан бастап шығатын ауданның «Колхозное знамя» газеті 1938 жылы «Знамя труда» атына өзгеріп, осы күнге дейін жарық көреді. Ауданнан 3 Кеңес Одағының Батыры, 5 Социалистік Еңбек Ері шыққан.
Ғ. Мүсірепов атындағы аудан
Достарыңызбен бөлісу: |