Сұрақтарға жауап беріңіз.
Үлгі: 1.Таңертең сіз не істейін деп едіңіз? –Мен бөлім бастығына телефон соғайын деп едім. 2.Түстен кейін олар не істейін деп еді? – Олар құжаттарға мөр басайын деп еді.
1.Сіз сағат онда не істейін деп едіңіз? 2.Алғысты кім жариялайын деп еді? 3.Біз есепті қашан тапсырайық деп едік? 4.Мәжіліске кімдер қатысайын деп еді? 5.Есепті кім басайын деп еді? 6.Бастықтан қашан сұранайын деп едің?
ҚАРАТПА СӨЗДЕР – ОБРАЩЕНИЯ
1. Апай
- обращение к женщине, старшей по возрасту.
2. Ағай
- обращение к мужчине, старшему по возрасту.
3. Інішек
- браток.
4. Жігітім
- молодой человек.
5. Қарындас
- обращение мужчин к девушкам.
6. Сіңлім
- обращение женщин к девушкам.
7. Ата
- обращение к дедушке.
8. Әже, апа
- обращение к бабушкам, пожилым женщинам.
9. Айналайын
- «дорогой» (дорогая), обращение старших к младшим.
10. Балам
- сынок.
11. Қызым
- доченька, дочка.
12. Қалқам
- ласковое обращение старших к младшим.
13. Қарағым
- миленький.
14. Шырағым
- светик мой.
15. Жеңгей
- обращение к жене брата.
16. Ботам
- верблюжонок мой.
17. Құлыным
- жеребеночек мой.
Употребите необходимое обращение и обратитесь за помощью: где расположено …?
Үлгі: Қарындас, кітапхана қай көшеде орналасқанын айтпайсыз ба? – Ол Конституция көшесінде орналасқан. –Рақмет, айналайын.
- Ғафу (ғапу) етіңіз – извините. Кешіріңіз – извините.
- Кешіріңіз, баспа қай көшеде орналасқан?
- Ол Конституция көшесінде орналасқан.
- Көмегіңізге рақмет, қарағым!
Форма вежливости (значение «пожалуйста»)–суффиксы -шы/-ші: айтшы (скажи, пожалуйста), айтыңызшы (скажите, пожалуйста).
Употребите формы вежливости в Ваших диалогах (телефон соғу, хат жазу, шақыру, көру, қарау…).
ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
(Личные окончания)
Личные окончания показывают, что представляют собой данные предметы (кем, чем они являются). В казахском языке существительные, прилагательные, числительные, местоимения, так же как и глаголы, принимают личные окончания: Мен бас маман-мын – Я главный специалист. Бәріміз дос-пыз – Мы все друзья.
Слова с личными окончаниями в предложении всегда выступают в качестве сказуемого.
В отрицательной форме личные окончания присоединяются к слову (отрицанию) емес, в единственном и множественном числе І, ІІ лица. В ІІІ лице не имеет личных окончаний. Например: Сендер оқушы емессіңдер – Вы не школьники.
1ж.Мен заңгер емеспін.
2ж.Сен заңгер емессің.
Сіз заңгер емессіз.
3ж. Ол заңгер емес.
Біз заңгерлер емеспіз.
Сендер заңгерлер емессіңдер
Сіздер заңгерлер емессіздер
Олар заңгерлер емес.
< Запомните:
1. После гласных, сонорных прибавляются следующие личные окончания:
1ж. Мен заңгер-мін
2ж. Сен заңгер-сің
Сіз заңгер-сіз
3ж. Ол заңгер.
Біз заңгерлер-міз
Сендер заңгерлер-сіңдер
Сіздер заңгерлер-сіздер.
Олар заңгерлер.
2. После звонких з, ж прибавляются следующие окончания:
1ж.Мен жұмыссыз-бын
2ж.Сен жұмыссыз-сың
Сіз жұмыссыз-сыз
3ж.Ол жұмыссыз.
Біз жұмыссыз-быз
Сендер жұмыссыз-сыңдар.
Сіздер жұмыссыз-сыздар
Олар жұмыссыз.
3. После глухих согласных прибавляются следующие окончания:
1ж.Мен бастық-пын.
2ж.Сен бастық-сың
Сіз бастық-сыз.
3ж.Ол бастық.
Біз бастық-пыз
Сендер бастық-сыңдар.
Сіздер бастық-сыздар.
Олар бастықтар.
Келесі сөздерге жіктік жалғауын қосып жазыңыз (жекеше, көпше) - Просклоняйте следующие существительные (единствен-ное, множественное числа): орынбасар, кеңесші, маман, өкіл, меңгеруші, бөлім бастығы, хатшы, бағдарламашы, саясаткер, ұстаз.
Закрепите Ваши знания по теме Жіктік жалғау, используя нижеприведенные таблицы:
СЫН ЕСІМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
(Спряжение имен прилагательных)
Жекеше түрі (Единственное число)
Жақ
(Лицо)
Болымды түрі
(Положительная форма)
Жақ
(Лицо)
Болымсыз түрі
(Отрицательная форма)
І. Мен
ақылдымын
І. Мен
ақылды емеспін
ІІ. Сен
ақылдысың
І. Сен
ақылды емессің
Сіз
ақылдысыз
Сіз
ақылды емессіз
ІІІ. Ол
ақылды
ІІІ. Ол
ақылды емес
Көпше түрі (Множественное число)
І. Біз
ақылдымыз
І. Біз
ақылды емеспіз
ІІ. Сендер
ақылдысыңдар
І. Сендер
ақылды емессіңдер
Сіздер
ақылдысыздар
Сіздер
ақылды емессіздер
ІІІ. Олар
ақылды
ІІІ. Олар
ақылды емес
САН ЕСІМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ (Спряжение имен числительных)
Жекеше түрі (Единственное число)
Жақ
(Лицо)
Болымды түрі
(Положительная форма)
Жақ
(Лицо)
Болымсыз түрі
(Отрицательная форма)
І. Мен
біріншімін
І. Мен
бірінші емеспін
ІІ. Сен
біріншісің
І. Сен
бірінші емессің
Сіз
біріншісіз
Сіз
бірінші емессіз
ІІІ. Ол
бірінші
ІІІ. Ол
бірінші емес
Көпше түрі (Множественное число)
І. Біз
біріншіміз
І. Біз
бірінші емеспіз
ІІ. Сендер
біріншісіңдер
І. Сендер
бірінші емессіңдер
Сіздер
біріншісіздер
Сіздер
бірінші емессіздер
ІІІ. Олар
бірінші
ІІІ. Олар
бірінші емес
ЕСІМДІКТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ (Спряжение местоимений)
Жекеше түрі (Единственное число)
Жақ
(Лицо)
Болымды түрі
(Положительная форма)
Жақ
(Лицо)
Болымсыз түрі
(Отрицательная форма)
І. Мен
осындамын
І. Мен
осында емеспін
ІІ. Сен
осындасың
І. Сен
осында емессің
Сіз
осындасыз
Сіз
осында емессіз
ІІІ. Ол
осында
ІІІ. Ол
осында емес
Көпше түрі (Множественное число)
І. Біз
осындамыз
І. Біз
осында емеспіз
ІІ. Сендер
осындасыңдар
І. Сендер
осында емессіңдер
Сіздер
осындасыздар
Сіздер
осында емессіздер
ІІІ. Олар
осында
ІІІ. Олар
осында емес
J Используя личные окончания, назовите свою профессию, профессию коллеги, собеседника.
Үлгі: Мен хатшымын. Ол – елші.
Переведите на русский язык, используя слова, обозначающие профессии, должность.
Мен
Сен
Сіз
Ол
Біз
Сендер
Сіздер
Олар
қызметкер (служащий), кәсіпкер (предприниматель), әкім, бағдарламашы (программист), тілші, дәрігер (врач), хатшы, бастық, саясаткер (политик), заңгер (юрист), үйлестіруші (координатор), тергеуші (следователь), тыңдаушы (слушатель), маман (специалист), оқытушы (преподаватель), мұғалім (учитель), орынбасар (заместитель), хирург, окулист …
Скажите, что Вы:
- не юрист, а агроном - Мен заңгер емеспін, мен агрономмын
- не врач, а начальник: -Мен дәрігер емеспін, мен бастықпын.
Мәтінді аударыңыз.
1.Сіз білімді мамансыз. 2.Сіз – аға инженерсіз. 3.Сен тыңғылықты қызметкерсің. 4.Сіз белгілі ғалымсыз. 5.Ол білікті экономист. 6.Сен ұқыпты студентсің. 7.Біз тәжірибелі мамандармыз.
Шағын мәтінді аударыңыз.
Сіз экономиссіз. Сіз қаржы министрлігінде жұмыс істейсіз. Сіз қазақша да, орысша да еркін сөйлейсіз. Сіз білімді, ұқыпты, тиянақты қызметкерсіз.
< ЗАПОМНИТЕ!
Алматылық – алматинец (алматинка), астаналық, қостанайлық, қалалық – городской (городская), тараздық, петропавлдық, көкшетаулық, шымкенттік, семейлік, өскемендік, атыраулық, қазақстандық.
Во множественном числе: алматылықтар, петропавлдықтар, астаналықтар…
Напишите в І лице единственного и множественного чисел.
Мен петропавлдықпын – Біз петропавлдықтармыз.
Мен астаналықпын – Біз астаналықпыз.
КОМПЛЕКСНЫЙ ТЕСТ
1. Напишите буквы, характерные для казахского языка. Приведите примеры.
2. Расставьте правильно ударение:
Бастық, орынбасармын, маманмын, келме, барма, ашпа, жұмысқа дейін.
3. Выберите правильную вопросительную частицу.
1. Сәлеметсіз …?
2. Сәлемет …?
3. Сәлеметсіздер …?
4. Бүгін мейрам …?
5. Ол бастық …?
6. Олар осында …?
а) –пе
ә) –бе
б) –ба
в) –ме
г) –па
д) –ма
4. Укажите синонимы к словам и фразам.
1. Жаман
2. Кешіріңіз
3. Амансыз ба?
а) ғафу етіңіз
ә) Есенсіз бе?
б) жақсы.
5. Подберите антонимы к словам.
1. Жақсы
2. Бүгін
3. Бар
4. Жұмыс күні
а) ертең
ә) жаман
б) демалыс күні
в) жоқ
г) мейрам.
6. Определите, при помощи каких суффиксов в казахском языке образуются порядковые числительные:
а) -а, -е, -й.
ә) -ыншы, -інші.
7. Какой фразой выражают приветствие утром?
а) Қайырлы күн!
ә) Қайырлы таң!
б) Кеш жарық!
8. Какой фразой выражают приветствие днем?
а) Кеш жарық!
ә) Қайырлы күн!
б) Қандай жақсы күн!
9. Какой фразой выражают прощание?
а) Сау болыңыз.
ә) Осында болыңыз.
б) Сәлемет пе?
10. Попросите разрешение войти.
а) Осында ма?
ә) Кіруге рұқсат па?
б) Шығуға рұқсат па?
11. Вы встретили своего друга. Как Вы поздороваетесь с ним?
а) Сәлеметсіздер ме?
ә) Сәлеметсің бе?
б) Сәлеметсіңдер ме?
12. Найдите казахский эквивалент к предложению «Как Вас зовут?»
а) Сенің атың кім?
ә) Сіздің атыңыз кім?
б) Оның аты кім?
13. Найдите соответствия.
1. не плохо
2. прекрасно
3. слава богу
4. конечно
5. благодарю
6. извините
7. Как Ваши дела?
8. кто?
9. где?
а) тамаша
ә) жаман емес
б) әрине
в) құдайға шүкір
г) алғыс айтамын
д) кешіріңіз
е) Қалыңыз қалай?
ж) қайда?
з) кім?
14.Выберите все подходящие формы поддержания разговора.
-Қайырлы таң! Қалыңыз қалай?
а) Тамаша
ә) Құдайға шүкір
б) Ертең мейрам
в) Жаман емес.
г) Бүгін сенбі.
15. Представьте себя.
а) Менің аты-жөнім….
ә) Сенің аты –жөнің ….
б) Сіздің аты-жөніңіз….
16. Выберите правильные ответы.
Как Вас зовут?
Ваш возраст…
Когда начинается рабочий день?
Когда обеденный перерыв?
а) Жұмыс қашан басталады?
ә) Түскі үзіліс қашан?
б) Сіздің атыңыз/ есіміңіз кім?
в) Сіздің жасыңыз …
17. Скажите, что Вы (он) …
а) Я – главный специалист.
ә) Я – заместитель.
б) Я – советник.
в) Я – начальник.
г) Я – не врач.
1. Мен орынбасармын.
2. Мен бас маманмын.
3. Мен бастықпын
4. Мен кеңесшімін
5. Мен дәрігер емеспін.
18. Составьте диалог из разных фраз, слов.
1. Танысыңыз. 2.Танысқаныма қуаныштымын. 3.Қайырлы күн! 4.Оның аты Серік. 5.Сәлеметсіз бе? 6.Мынау менің досым. 7.Мен де танысқаныма қуаныштымын. 8.Рақмет.
19. Правильно расположите дни недели.
1.Сейсенбі. 2.Дүйсенбі. 3.Сәрсенбі. 4.Жұма. 5.Бейсенбі. 6.Жексенбі. 7.Сенбі.
20. Скажите, что и Вы тоже работаете в учреждении
а) Мен де мекемеде жұмыс істемеймін.
ә) Мен де мекемеде жұмыс істеймін.
б) Мен де мекемеде жұмыс істемекпін.
РЕПЛИКИ СОГЛАСИЯ/ НЕСОГЛАСИЯ
-Жақсы болды. Жарайды. (Хорошо)
-Келісемін. Құптаймын. (Согласен. Поддерживаю)
-Келіспеймін. Құптамаймын. Мен басқаша ойлаймын (Я думаю иначе / Я другого мнения)
-Ендеше – тогда…
Формулы проявления внимания к собеседнику
Өте қызық! Қызық екен! Қандай қызық!
-Сіздің бірдеңе айтқыңыз келе ме? (Вы что-то хотите сказать?)
-Сіздің бірдеңе айтқыңыз келді ме? (Вы что-то хотели сказать?)
-Сіздің бірдеңе сұрағыңыз келе ме? (Вы что-то хотите спросить?)
Формы аппеляции к простоте.
Байқау қиын емес. (Не трудно найти (определить).
Оңай (легко). Анық (анығында) (Точно) Шынында да (и вправду).
Выражение одобрения
Сөзсіз (Без слов). Дәл солай (Так точно). Бәрекелді (Браво). Тамаша (Прекрасно). Дау жоқ (Спора нет).
Ответ на замечание
Кешіріңіз, мен тырысамын (Извините, я постараюсь).
Кешіріңіз, бұл менің қателігім (Извините, это моя ошибка).
Бұл ендігәрі (екінші рет) қайталанбайды (Это больше (второй раз) не повторится.
ЖҰМЫС ОРНЫ
Лексический минимум
Қабат – этаж, бөлме – комната, кабинет, үлкен – большой, шағын – небольшой, орындық – стул, жұмыс үстелі – рабочий стол, жұмыс кестесі – рабочее расписание, киім ілгіш – вешалка, күнтізбе – календарь, сағат – часы, қалам – ручка, қағаз – бумага, кең – широкий, просторный, таза - чистый, жылы – теплый, теплая, тепло, перделер – шторы, ілулі тұр – висят, қолайлы – удобная, удобно, жарық – светлая, светло, ұнайды – нравится.
С новыми словами составьте словосочетания, а затем – предложения. Выучите эти слова, переведите новый текст, а затем опишите свое рабочее место.
Менің жұмыс орным
Менің жұмыс орным екінші қабатта, 214-бөлмеде. Бөлме кең, таза, жылы. Ол оңтүстік бетте орналасқан. Бөлмеде бір үлкен жұмыс үстелі бар. Ол терезенің алдында тұр. Үстелдің үстінде күнтізбе (күнпарақ) , қалам, қағаз жатыр. Оң жақта компьютер тұр. Сол жақта телефон тұр. Терезеде әдемі ақ перделер ілулі тұр. Бұрышта шкаф тұр. Шкафтың ішінде менің киімім ілулі тұр. Бөлмем өзіме ұнайды, өйткені ол маған қолайлы және жарық.
Көмекші есімдерді дұрыс аударыңыз.
Терезенің алдында (Перед окном); үстелдің үстінде - ?; шкафтың ішінде - ?
Өзіңіздің жұмыс орныңыз туралы айтып беріңіз.
Берілген мәтіндермен танысыңыз, олардың мазмұндарын айтып беріңіз.
Қуаныштың жұмыс бөлмесі төртінші қабатта орналасқан. Оның жұмыс орны – 402 бөлме. Қуаныштың жұмыс бөлмесі шағын, өте ыңғайлы. Бөлменің терезесі тау жаққа қарайды. Бөлме шағын және жарық. Қуаныштың үстелі бөлменің төр жағында тұр. Бөлменің оң жағында кітап сөресі бар. Бөлменің сол жағында аласа үстел бар. Оның үстінде компьютер тұр. Компьютердің қасында қағаздар жатыр. Қуаныштың үстелінде телефон тұр. Оның нөмірі 53-47-12. Факс нөмірі – 53-47-14.
Из диалога Вы узнаете о том, какое оборудование имеется в комнате. Послушайте.
-Қуаныш, бөлмеңіз жақсы жабдықталған ба? Өзіңізге ыңғайлы ма?
-Иә, маған керектінің бәрі бар: үстел, кітап сөресі, компьютер, телефон, факс.
-Кеңсе жабдықтары да бар ма? / бар шығар? (Есть, наверное / имеется, наверное).
- Иә, кеңсе жабдықтарының бәрі бар. Бәрімен қамтамасыз етті: екі түрлі қағаз, қағаз қыстырғыш, тізбе, іс қағазы, жапсырма шеге, қалам, желім, қайшыға дейін бар.
-Тамаша!
Глоссарий:
Жақсы жабдықталған
өзіңізге ыңғайлы
Маған керектінің бәрі
Бар шығар
Бәрімен қамтамасыз етті
Екі түрлі
Жабдық
-хорошо оснащен.
-удобно Вам.
Все, что мне нужно.
-наверное, имеется.
-снабдили всем.
-два вида.
-оборудование, оснащение.
ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАҢЫЗ
1. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.
2. Әріптесіңізден оның жұмыс орны қалай жабдықталғанын сұраңыз. Шағын сұхбат жүргізіңіз. Сұхбатта берілген жаңа сөздерді, сөз тіркестерін пайдалануға тырысыңыз.
3. Мына сұхбаттың жалғасын жазыңыз.
-Сәлемет пе, Кәмила? Жол болсын?
-Сәлемет пе, Самал? Мен асығып тұрмын. Бізге жаңа жұмыс орнын берді. Бұрынғы бөлмеміздегі нәрселерді жаңа бөлмеге апарғызу керек.
-Жарайды, сені бөгемейін, жұмысыңды істей бер. Бір кездескенде жаңа жұмыс орны туралы айтып берерсің, сау бол!
Менің пӘтерім (Моя квартира)
Запомните следующий глоссарий: үй – дом, пәтер – квартира, қазыналық үй – казенный дом, жеке меншік үй – частный дом, көп қабатты – многоэтажный, бес қабатты, тоғыз қабатты үй, орталықта – в центре, жылыту жүйесі орталықтан – центральное отопление, бір-бірінен бөлек – изолированнные, дәліз – прихожая, ас үй – кухня, дәретхана – туалет, жуынатын бөлме – ванная, бірге – вместе, совмещенный.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, одан кейін сөйлемдер құрастырыңыз.
Мына мәтінмен танысыңыз.
Менің пәтерім
Мынау менің пәтерім. Ол бес қабатты үйде орналасқан. Біздің үйіміз Мир көшесінде тұр. Ол оңтүстік бетте, екінші қабатта. Пәтерім екі бөлмелі: төргі бөлме және жатын бөлме. Ас үй кішкентай. Жуынатын бөлме мен дәретхана бірге. Бөлмелер бір-бірінен бөлек. Кіре берісте үлкен, кең дәліз бар. Одан әрі қарай төргі бөлме. Төргі бөлмеде диван, екі кресло, үстел, орындықтар, журнал үстелі бар. Терезеде ақ перделер ілулі тұр. Еденде жылы кілем жатыр. Бұл бөлме кең. Бұрышта түрлі-түсті теледидар тұр.
Нарисуйте схему Вашей квартиры и подробно расскажите о ней.
Работа в парах. Поинтересуйтесь о квартире Вашего друга.
Отметьте все достоинства Вашей квартиры.
Ситуативные задания:
а) Вы хотите купить новую квартиру. Какой должна быть она по-Вашему представлению?
б) Вы все читаете объявления о продаже квартир. По телефону поговорите с хозяином квартиры.
Үлгі: -Алло, Сіздің пәтеріңіз қай көшеде? Ол орталықта ма? Қаланың қай жағында? Маған орталық керек. Пәтеріңіз неше бөлмелі? Бөлмелері бөлек пе? Жылы ма? Дымқыл емес пе? Ыстық, суық су жақсы аға ма? Газ ылғи бола ма? Үйдің темір есігі бар ма?
Какую мебель купили бы Вы для новой квартиры? Как ее расставите? Можете посоветоваться с дизайнером.
Передайте по-русски содержание следующего текста.
КИІЗ ҮЙ
Киіз үй – Орта Азия көшпенділерінің негізгі баспанасы болған. Ол көшіп-қонуға ыңғайлы. Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Олар: кереге, уық, шаңырақ, есік. Олар талдан, қайыңнан, теректен жасалады.
Қазақтың өмірінде киіз үйдің маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырған. Қазақтар киіз үйдің ішін кілем, жібек жапқыш, тоқылған шимен әдемілеген.
Лексикалық минимум: Көшпенділер-кочевники, негізгі-основной, баспана-жилье, көшіп-қонуға-для перекочевки, дәуір-эпоха, пайда болу-появляться, бөлшек-часть, маңыз-значение, мұра-наследие, әдемілеген-украшали.
КИІЗ ҮЙДІҢ НЕГІЗГІ БӨЛШЕКТЕРІ
Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Олар кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі ағаштың мынадай түрлерінен жасалады: тал, қайың, терек. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақты, есікті осы кәсіпке маманданған шебер жасайды. Үйшілер көбінесе талды өзен бойында тұрады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария және басқа кішірек өзендер. Үйші ағаштан жасайтын бұйымдарын ерте көктемнен бастап, күздің аяғына дейін істейді. Киіз үйдің негізгі төрт бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген жабдықтарды пайдаланған.
Лексикалық минимум: Бөлшек – часть; кереге – раздвижная решетчатая основа; көбінесе – в основном, в большинстве случаев; тез – станок для выпрямления изгиба деревянных частей; үскі – станок для просверливания отверстий; мор – печь для расправки дерева; уық – купольные жерди; шаңырақ – круговое навершие; қайың – береза; тал – ива; терек – тополь; бұйым – деталь; пайдаланған – использовали, қанат – крыло; сағанақ – жердь; тор – сетка; төзім – устойчивость; тұрады – состоит; көз – глазок; қиғаш – косая полоска из кожи; түйе – верблюд; өгіз – бык; жылқы – лошадь; тері – кожа; тесу – сверлить; тесік – отверстие; көктеу – наживуливать.
КЕРЕГЕ
Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан құралады. Керегенің екі түрі болады: жел көз, тор көз. Жел көз қатты желге төзімді, ал тор көз жаңбырлы күндерде су жібермейді. Жел көздің торы үлкен, ағаштары жеңіл, ал тор көздің торы кішкене, ағаштары қалың, ауыр. Сағанақтар қиғаш орналасады. Бір қанатта 20 сағанақ болады. Олардың ұзындығы 210 см-ден 250 см-ге дейін. Сағанақтарды бір-біріне қиғаштап қайыспен көктейді. Қайыстар түйе, өгіз, жылқы терісінен жасалады. Қайыстың екі жағынан түйіндейді.
ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАҢЫЗ
Қазақша айтыңыз - Скажите по-казахски: сильный ветер, дождливые дни, большая сетка, массивная жердь, кожаная полоска, кожаный узел, легкое дерево.
Сұраңыз – Спросите: Кереге деген не? Керегенің неше түрі болады? Жел көз қандай болады? Жаңбырлы күндерде киіз үйге неге су өтпейді? Сағанақтар қалай орналасады? Олардың мөлшерлері қандай? Қазақтың киіз үйлері неше қанатты болады?
Көмектес септікте тұрған сөздерді табыңыз – Найдите слова, которые стоят в Көмектес септік.
ШАҢЫРАҚ
Шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін шебер адам қисық қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей иеді. Шеңберге уық сұғынатын қаламдық тесіледі. Күлдіреуіш жарты ай сияқты шыбықтардан иіледі. Ол арқылы үйге жарық түседі. Түтін содан шығады. Шаңырақ есік «ырғақ», «тіс», «қошқар мүйіз» оюлармен бедерленеді.
Лексикалық минимум: шеңбер – круг; иілу – гнуться; қисық – кривой; кесу – резать, пилить; кептіру – сушить; сұғу – продевать; шыбық – прутик; арқылы – с помощью; қошқар – баран; мүйіз – рог; бедерлену – наносить узор; жарты ай сияқты – как полумесяц.
Мәтіннің мазмұны бойынша төрт сұрақ қойыңыз - Задайте четыре вопроса к тексту
КИІЗ ҮЙДІҢ МАҢЫЗЫ
Қазақтың өмірінде киіз үйдің маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырылған. Шаңырақ арқылы ұрпақтан- ұрпаққа ата-бабалар рухы, күші жалғасады деп түсінген қазақ халқы. Шаңырақ - әулет, үй мағынасында да пайдаланады. Әулет дәстүрі бойынша ұлдар әкенің үйінен бөлініп жеке шаңырақ иесі болады. Кенже ұл әкесінің шаңырағының иесі, мұрагері болып саналады. Сондықтан бұл үйді «қара шаңырақ» дейді. Егер де киіз үйдің бөлшектері тозса, оларды жаңалайды, шаңырақты сақтайды.
Лексикалық минимум: маңыз – значение, мұра – наследие, ұрпақ – поколение, ата-баба – предки, рух – дух, күш – сила, жалғасу – продолжаться, дәстүр – традиция, бөліну – отделиться, ие – хозяин, кенже – младший сын, тозу – износиться, ошақ – очаг, сақтау – сохранять.
КИІЗ ҮЙДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МҮЛІКТЕР
Көшпелі қазақ халқы қысы-жазы киіз үйде тұрғандықтан, оларда артық заттар болмаған. Олар киіз үйдің ішін кілем, жібек жапқыш, тоқылған шимен әдемілеген. Ыдыс-аяққа – теген, қазан, ожау, жылқының, қойдың иленген терісінен жасалған торсық пайдаланылған. Пышақ, көздік, орақ, балта, кетпен сияқты қару-жарақ, құрал-саймандар казақтардың арасында күнделікті өмірге қолданылатын заттар ретінде ұсталған.
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз. Екеуара сұхбаттасыңыздар – Перескажите содержание текста. Побеседуйте в парах.
Дұрыс сөйлемдерді көрсетіңіз - Определите правильные предложения?
1. Киіз үй – қазақ халқының негізгі баспанасы.
2. Киіз үйде қыста ғана тұрған.
3. Киіз үй үш бөлшектен құралады.
4. Керегені балшықтан жасайды.
5. Кереге көздерден тұрады.
6. Бір қанатта 30 сағанақ болады.
7. Күлдіреуіш тік иіледі.
Қазақша киіз үй туралы қысқаша айтып беріңіз (10 сөйлем) – Кратко расскажите о юрте (10 предложений).
Мәтінді тыңдаңыз – Послушайте текст.
МЕНІҢ ОТБАСЫМ (жанұям) (Моя семья)
Менің аты-жөнім Арыстан Еркінұлы. Мен саясаткермін. Мен Түркияда жұмыс істеймін. Менің отбасым бар. Отбасым онша үлкен емес. Отбасымда төрт адам бар: жұбайым, екі балам және мен. Жұбайым – заңгер. Ол қырық бес жаста. Ол сұлу әйел. Ұлым – студент. Ол ақылды жігіт. Ол қазір екінші курста оқып жүр. Әлі үйленбеген. Қызым оқушы. Ол мектепте оныншы сыныпта оқиды. Біз тату-тәтті тұрамыз.
Глоссарий: Отбасы (жанұя) – семья, онша үлкен емес – не очень большая, жұбай – супруг (а), күйеу – муж, күйеу бала – зять, бала – ребенок, ұл – сын, қыз – дочь, девушка, тұрмыста – замужем, тұрмыста емес – незамужем, үйленген – женат, үйленбеген – неженат, тату-тәтті – дружно, жігіт – парень, джигит.
Отбасы мүшелеріне сипаттама беріңіз - Опишите членов семьи.
Достарыңызбен бөлісу: |