Әок 378. 853: 004 Қолжазба құқығында



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет4/18
Дата05.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#11673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

Зерттеудің  базасы-Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университеті,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті. 

Тәжірибелік-эксперименттік  жұмысқа  эксперимент  топтарға  297  студент, 

бақылау топтарына 300 студент және университет оқытушылары қатысты. 

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары: 

1.  Ақпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде физика саласында 

білім  беруді  ақпараттандыруды  дамытудың  отандық  және  шетелдердегі 

тенденциялары анықталды; 

2.  Жоғары  педагогикалық  білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында 

студенттерді оқытудың әдістемелік жүйесі жасалды; 

3. 

Физика саласында білім беруді ақпараттандыруды дамытуға бағытталған 



әдістемелік жүйенің ғылыми негізделген моделі ұсынылды

 

4.  Физикадан  оқу  үдерісін  модельдеуді  қамтамасыз ететін  ақпараттық білім 



беру интранет-ортасы құрылды; 

5.  Физика  саласында  білім  беруді  ақпараттандыруды  дамытуға  бағытталған 

оқу-әдістемелік  кешен  жасаудың  технологиялары  құрастырылды  және 

тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді. 



Зерттеудің теориялық маңыздылығы: 

Зерттеу  нәтижелері  білім  беруді  ақпараттандыруды  жетілдіруге,  оның 

ғылыми-теориялық  негіздерін  дамытуға,  физика  саласында  оқу  үдерісін 

модельдеуге,  ақпараттық  білім  беру  интранет-ортасын  құруға  мүмкіндік 

жасайды.  Ақпараттық және коммуникациялық қолданысқа негізделген пәндер 

бойынша 


студенттердің 

ақпараттық 

құзыреттілігін 

қалыптастыруды 

ұйымдастыру  формалары,  сонымен  қатар  инновациялық  педагогикалық  

технология әдістері сараланды. 



Зерттеудің практикалық мәні:

 

Физика  саласында  білім  беруді  ақпараттандыру  арқылы  оқытудың 

әдістемелік  жүйесіне  толығымен  жауап  беретін  оқу-әдістемелік  кешен 

құрастырылып, оқу-тәрбие үдерісіне енгізілді. «Компьютерлік физика әдістері» 

атты  оқу курсының бағдарламасы дайындалып, «050110 – Физика» мамандығы 

бойынша  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  ендірілді. 

Авторлық  «Ақпараттық  білім  беру»  порталы  студенттердің  ақпараттық 

құзыреттілігін жетілдіруге негіз болады.  «Физика және Информатика» пәндері 

бойынша    «Интерактивтік  тақтаны  пайдалану  курстары»,  компьютер  арқылы 

оқытылатын  виртуальды  зертханалық  жұмыстар  жасалды.  Студенттерге 

«Физиканы  оқыту  әдістемесі»  пәнін  оқытуда  7-11  сыныптарға  арнап  жасалған 

электрондық 

оқулықтар 

сынақтан 

ӛткізілді. 

Зерттеу 


жұмысының 

қорытындылары  мен  нәтижелерін,  ұсынылған  бағдарламалар  мен  оқу 

құралдарын  жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық  үдерісте  мұғалiмдердiң 

бiлiмiн  жетiлдiруге  арналған  курстарда  тұлғаның    ақпараттық  құзыреттілігін 

қалыптастыруға байланысты  дәрiс оқығанда  пайдалануға болады.  

 Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:  

1.  Физика 

саласында  білім  беруді  ақпараттандырудың  еліміздегі, 

шетелдердегі дамуының тенденцияларына ғылыми-теориялық талдау



 

2.  Жасалған оқытудың  әдістемелік  жүйесі жоғары  оқу  орындарында  физика 



саласында  білім  беруді  ақпараттандыру  мақсатына,  мазмұнына,  әдістеріне, 

ұйымдастыру формаларына, оқыту құралдарына және ақпараттық құзыреттілігі 

- базалық және пәндік құзыреттіліктеріне жауап береді;

 

3.  Физика  саласында  білім  беруді  ақпараттандыруды  дамытуға  бағытталған 



әдістемелік жүйенің ғылыми негізделген моделі; 

4.  Физика  саласында  білім  беруді  ақпараттандырудың  педагогикалық 

шарттары: оқу үдерісіне ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу 

арқылы  оқытушы  қызметін  кезең-кезеңімен  түрлендіруді  іске  асыру;  біртұтас 

ақпараттық  білім  беру  интранет-ортасы;  оқытушы  мен  студенттердің 

ақпараттық құзыреттілігін мақсатты түрде қалыптастыру

5. Физика саласында білім беруді ақпараттандыруды дамытуға бағытталған 

білім  мазмұны  ақпараттық  құзыреттілік  қалыптастыруға  негіз  болады;  атап 

айтқанда: 

-  «Физика»  пәні  саласын  ақпараттандыруға  бағытталған  курстың  типтік 

және жұмыс бағдарламалары; 

- физикадан білім беру үдерісін ақпараттандыруға бейімделген зертханалық 

жұмыстар жүйесі; 

- вариативті практикалық және шығармашылық тапсырмалар жүйесі; 

-  оқу-әдістемелік  кешенді  оқу  үдерісінде  пайдалануға  арналған  әдістемелік 

нұсқаулар. 



Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. 

Зерттеу 


нәтижелері 

оқу-әдістемелік 

құралдар, 

ғылыми 


мақалалар, 

республикалық  және  халықаралық  конференцияларда  (Қазақстан,  1998,  1999, 

2001,  2002,  2003),  «ЖОО  білім,  ғылым  және  экономика.  Халықаралық  білім 

беру  кеңістігін  интеграциялау»  атты  халықаралық  конференцияда  (Плоцк, 

Польша,  2008),  «Европа  ғылымының  ӛзекті  жетістіктері-2009»  5-ші 

халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияда  (София.  Болгария,  2009), 

«Қазіргі  ғылымның  ӛзекті  мәселелері-2009»  (Прага  Чехия,  2009),  «Мектепте 

және  ЖОО  жаратылыстану-математика  пәндерін  оқытудың  ӛзекті  мәселелері» 

9-шы  Республикалық  ғылыми-практикалық  конференцияда  (Қырғызстан, 2009) 

баяндама  түрінде  және  еліміздегі,  алыс,  жақын  шетелдердің  ғылыми 

журналдарында (Қызғызстан, Украина, Польша) жарық кӛріп, жан-жақты және 

кӛп салалы апробация түрінде жарыққа шықты.

 

Зерттеу  жұмысының  нәтижелері 50-ден аса ғылыми еңбекте кӛрініс тапты.



 

Ұсынылып отырған әдістемелік жүйені   енгізу Абай атындағы Қазақ ұлттық 

педагогикалық  университетінде,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінде  іске  асты.  Зерттеу  жұмысының  нәтижелері    авторлық  партал 

жасау кезінде қолданылды.

 

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагогикалық кадрларды даярлау 



үшін  алдын-ала  сараланған  оқулық,  оқу-әдістемелік  және  әдістемелік  құрал, 

жұмыс  бағдарламасы,  сонымен  қатар,  педагогикалық  жоғары  оқу  орны 

студенттері  үшін  «Физиканың  компьютерлік  әдістері»  оқу  курсы 

құрастырылған. 




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау