35
Қарастырылып отырған әдістеме бағалау сапасын тиімді ету үшін қолайлы
екендігі дәлелденді. Жұмыс нәтижесін кӛрнекі етіп кӛрсету, қойылған бағаға
талдау жасау үшін радарлық диаграмма қолайлы екенін кӛрсетті.( 8-сурет)
Сонымен, қорыта келгенде педагогикалық эксперименттен алынған
нәтижелер ғылыми болжамдардың дұрыстығын дәлелдеді, қойылған міндеттер
толық шешімін тапты. Білім беруді ақпараттандыру арқылы физика саласында
педагогикалық оқу орындарында оқытудың тиімділігін арттыруға болатыны
дәлелденді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу нәтижесін қорытындылай келе, мынадай тұжырымдар жасалды:
1. Қазақстан
Республикасында
және
шетелде
білім
беруді
ақпараттандыруды дамытудың қазіргі заманғы жайы мен тенденцияларын
ғылыми-теориялық меңгеру және зерттеу негізінде физика саласында АКТ-ні
қолдану арқылы оқытудың ӛзіндік психологиялық-педагогикалық және
технологиялық ерекшеліктері бар екені белгілі болды. Физика саласында білім
беруді ақпараттандыру болашақ мамандардың кәсіби даярлығының физикалық-
ақпараттық компоненттерін қалыптастырады, мазмұндық-технологиялық және
бақылау-түзету компоненттеріне негізделетін студент ӛз бетімен оқу және
ӛзіндік жұмыстарының басымдылығымен сипатталатын оқу ісінің белсенді
формаларын қолдану, құралдары мен әдістері ісінің мазмұнында жүйелік және
тиімді түрде енгізу қағидалары негізінде құрылады.
2. Физика саласында білім берудің ақпараттандыруды қалыптастыру
мәселелерінің ғылыми-әдістемелік сипаттамасы және оны талдау барысы
жоғары педагогикалық білім беру мемлекеттік стандартының 050110- «Физика»
мамандығы бойынша білім берудің ақпараттандыруға бағыттау керектігі
байқалды.
Зерттеу
нәтижелері
жоғары
физикалық
білім
беруді
ақпараттандыруда болашақ маманның ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық
мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс компьютерлік техника және
мамандандырылған ақпараттық технологиялар, бағдарламалық жабдықтамалар
енгізілуі және белсенді пайданылуы қажеттігін анықтады.
80
60
40
20
0
90.111
66.444
орташабалл
i
luch
i
Сурет 8- Студенттердің білімін бағалау жазбасы
36
3. Факторлар мен педагогикалық жүйеге талдау жасау физика пәні
мұғалімінің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оның даярлық сапасын
арттыруда маңызды екенін кӛрсетті. Ақпараттық қоғамға ену үдерісінде
педагогикалық қызметтің құрал-саймандық қырына басқа мән беріледі, себебі
компьютердің оқу әрекетінен оқыту құралына, сонан соң оқу-танымдық, кәсіби
әрекетке ауысуы білім беруді ақпараттандыру жағдайында мамандарды даярлау
құрылымына ықпал етеді.
4. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдерін
даярлау бойынша ұсынылған әдістемелік жүйе қазіргі заманғы компьютерлік
технологияларды қолдану арқылы оқыту үдерісін модельдейді. Физика
саласында білім беруді ақпаратандыру - АКТ-ні және компьютерлік физикалық
модельдеуді белсенді қолдануды білдіреді, кәсіби қызметке даярлау саласында
басты, базалық және арнайы құзыреттілікті жүзеге асыруға негізделген кәсіби
қызметтің барлық түрлерін құрайды.
5. Физика саласында білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық
шарттары анықталды: оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды ендіру
жолымен оқытушы жұмысын кезеңдік түрлендіруді жүзеге асыру, біртұтас
ақпараттық білім беру ортасын құру, оқытушы мен студенттердің ақпараттық
мәдениетін мақсатқа сай қалыптастыру.
6. Физика саласында білім беруді ақпараттандыруға бағытталған курстың
жұмыс, типтік бағдарламаларынан тұратын оқу-әдістемелік кешен жасалды.
Курстың әрбір тақырыбы бойынша зертханалық сабақтары баламалы
тәжірибелік және шығармашылық (жобалық) тапсырмалар, іскерлік ойын т.б.
жүйесін құрайтын бұл кешен «Физика» саласында білім беруді
ақпараттандыруға бағытталған. Аталған оқу-әдістемелік кешенді қолдану
арқылы сабақ жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар жасалды.
7. Педагогикалық ЖОО-да тәжірибелік жұмыстар нәтижесіне талдау
жүргізілді және физика мұғалімін даярлауды бұдан әрі жетілдіру бойынша
нұсқаулар жасалды. Оқу-әдістемелік кешенге тәжірибелік тексеруден ӛткізу
және оны «Физика» саласында мамандарды оқыту үдерісіне енгізу және сапа
мониторингі жасалды.
Сонымен, осы мәселе бойынша теориялық және эксперименттік даму
болашағы білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика пәні
мамандарын даярлаудың
әдістемелік
жүйесінің
әрекеттік
моделінің
құрылымдық бӛліктерін талдауды, топтастыруды толықтыру мен анықтау
болып табылады. Зерттеу жұмысы информатиканың құралдары мен әдістері,
жаңа ақпараттық қоғамдағы компьютерлік жүйелер мен ақпараттық
технологиялар физикалық білім беру мазмұнының міндетті бӛлігі екенін және
«Физика» мамандығы студенттерінің әдістемелік даярлығын жетілдірудің негізі
екендігін кӛрсетті.
Болашақ физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын жетілдіру
компьютерді қолдану арқылы физиканы оқыту әдіснамасын жетілдіру негізі
бола алады, оқытуға әрекеттік тұрғыдан қарауды жүзеге асырады,