18
мазмұны, дидактика, психология саласында алдыңғы қатарлы мамандар
қатысуымен жасалуы қажет. Кӛптеген оқытушылар оқыту кезінде электрондық
ақпараттық ресурстарды пайдалану және компьютерлік техниканы меңгеруде
психологиялық кедергілерді бастан кешеді. Осыған байланысты, біздіңше,
физика саласында білім беруді ақпараттандыру мәселелерін шешу жолындағы
бірінші кезектегі міндет
–
болашақ физика пәні мұғалімдерін даярлаудың
әдістемелік мазмұнын жетілдіру және соған сәйкес маман даярлау сапасын
арттыру.
Болашақ физика пәні мұғалімдерін даярлауда келесі факторлар негізгі рӛл
атқарады:
•
болашақ физика пәні мұғалімдерін даярлаудың әдістемелік жүйесінің
мазмұны;
•
білім беру үдерісінде АКТ құралдарын пайдаланудың әдіснамалық,
психологогиялық, педагогикалық негіздерін дамыту. (1-Кесте)
Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика пәні мұғалімдерін
пәндік және әдістемелік даярлаудың маңызды жолдарын талдағанда, білім
беруді жетілдіру барысында іске асатын дайындау мазмұнын түзету бағыттары
анықталды.
Қазіргі кезеңде болашақ физика пәні мұғалімдерін даярлаудың маңызды
әдістемелік жүйесінің алдағы дамуы мына негізгі факторлармен анықталады:
1. Табиғаты әртүрлі жүйелердегі ақпараттық үдерістерді оқытуда физиканы
информатикамен интеграциялау нәтижесі осы пәндердің ғылым ретіндегі
түсініктерін ӛзгерту болып табылады. (А.П.Ершов, А.И.Мизин, Н.Н.Моисеев,
К.К.Колин, А.А.Кузнецов). Жаңа кӛзқарастар мектептің білім беру мақсаты мен
мазмұнында елеулі кӛрініс тапқанын, бірақ педагогикалық жоғары оқу
орындарындағы физика пәні мұғалімдерін даярлау әдістемесіне кӛп ӛзгеріс
әкелмегендігін атап ӛту қажет;
2. Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби қызметінің сипатын ӛзгерту болашақ
мұғалім
қызметіндегі
гностикалық,
жобалаушылық
және
т.б.негізгі
компоненттерге әдістемелік даярлықты күшейтуді талап етеді;
3. Оқу үдерісіне ұйымдастырудың жеке формасын және оқытудың оңтайлы
әдістерін енгізбей, оны тиімді іске асыру мүмкін емес (оқу жобалау,
қашықтықтан оқыту, сынақты-модульдік жүйе және т.б.);
4. Мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми негізделген моделін
жасауға бағдарланған оқытудың әдістемелік жүйесін дамытудың заманауи
тенденциясы мазмұнында кӛрсетілген талаптарға сәйкес физика пәні мұғалімін
әдістемелік даярлау бағдарламасын жетілдіру;
5. Үздіксіз білім беру жүйесі маманның ӛз бетінше білім алу рӛлін
арттыруды кӛздейді. Бұл білім беруде компьютерлік технологияларды қолдану
саласын тұрақты кеңейтуде, мектепте физика пәнін оқытудың әдістемелік
жүйесін қарқынды ӛзгертуге байланысты ерекше маңызды.
19
Кесте 1- Болашақ физика пәні мұғалімінің ақпараттық құзыреттілік
кӛрсеткіштері
Компоненттер
құзыреттілік көрсеткіштері
Пәндік
• физика курсының бӛлімдері мен тақырыптарына, ұғымдарына
ғылыми-әдістемелік талдау жасау;
• физика
терминдерін
пайдалана
отырып,
физикалық
құбылыстар мен процестерді сипаттау;
• ақпараттық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін
білу;
• мультимедиа
және
коммуникациялық
технологияларды
белсенді оқыту әдістерін жүзеге асыратын құрал ретінде білу;
• оқу-білім беру қызметін ұйымдастыру үшін Интернет-
ресурстардың мүмкіндіктерін білу;
• тестілеу
рәсімін
жүзеге
асыратын
компьютерлік
технологияларды білу;
• әртүрлі педагогикалық программалық құралдарды пайдалана
білу.
А
Қ
П
А
Р
А
Т
Т
Ы
Қ
Қ
Ұ
З
\Ы
Р
Е
Т
Т
І
Л
І
К
Әдістемелік
• физика курсы мазмұндық бағыттары бойынша АКТ-ні
пайдаланудың әдістемелік амалдарын мазмұндай білу;
• физика курсы бойынша АКТ-ны пайдалана отырып, есеп
шығару әдістерін игеру;
• физикалық ақпараттарды әртүрлі тәсілдермен кӛрсету;
• жағдаяттық есептерді шығару;
• оқу-әдістемелік есептерді шешу;
• компьютерлік оқу (элективті) курстарын әзірлеу және оны
физиканы
оқыту
үдерісіне
қолдану,
компьютерлік
технологияларды оқытуда тиімді таңдауды жүзеге асыру;
• оқушыларға арнап тест жасау және тестілеу нәтижелерін ӛңдеу;
• электрондық оқулықтар мен білім беру сайттарын жасау.
Келтірілген факторлар болашақ физика пәні мұғалімдерін даярлаудың
әдістемелік жүйесін жетілдіру бағытын алдын ала анықтайды.
Болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың әдістемелік жүйесінің жағдайы
тек ішкі байланыстармен ғана емес, нақты бір әлеуметтік және мәдени
контексте жүзеге асатын болғандықтан, сыртқы байланыстармен де
анықталады. ЖОО-да физиканы оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру кәсіби
шеберлік деңгейіне талаптардың ӛсуімен байланысты оның барлық
компоненттерінің кәсіби бағыттылығына басымдық береді. Оқытудың
әдістемелік жүйесінің дамуы ЖОО-да қалыптасқан оқыту жүйесін толықтыра
және оны жетілдіре отырып негізделуі қажет.
Тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған қазіргі заманғы оқытудың басты
тұлғасы - студент. Әдістемелік жүйе білім алушылардың әлеуеті мен табиғи
қалыптарын дамытудың ыңғайлы, қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге
бағытталуы
қажет.
Бұдан
ақпараттық
және
телекоммуникациялық
технологияларды тиімді қолдана алатын, оқыту мазмұнын, формаларын және
әдістердің тиімдісін таңдай алатын, студенттің оқу-танымдық үдерісін тиімді
жүзеге асыратын оқытушыны даярлау қажеттілігі туындайды.