14
саласын тәжірибелік және теориялық ӛңдеумен қамтамасыз ету үдерісінде
алдыңғы қатарда болады.
Ӛткен ғасырдың 90 - жылдары шетелдерде және отандық педагогикада
білім беруді ақпараттандырудың жаңа мүмкіндіктері қалыптаса бастады.
Я.А.Ваграменко, А.В.Хуторской, Н.В.Брановский зерттеулер қатарында
«ақпараттық білім беру кеңістігі» және «
ақпараттық білім беру ортасы»
аталған білім беру кеңістігін және жаңа дамушы ортаны модельдеу және
жобалауда ақпараттық технологиялардың негізі болуы мүмкіндігін дәлелдеді.
Ақпараттық білім беру ортасы ұғымы қайшылықта емес, бір мағынада
жеткілікті сипатталатын нақты бірнеше анықтамаға қарамастан, ақпараттық
білім беру кеңістігі ұғымымен тығыз байланысты. Мысалы Л.Н.Кечиева,
Г.П.Путилованың пікірі бойынша, ақпараттық – білім беру ортасы –
компьютерлік құралдар жиынтығы және олардың жұмыс істеу әдістерін оқыту
қызметінде іске асыру үшін пайдалану.
Бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасы қоғамды және оқу орындарының
әкімшілігін,
оқытушыларды,
студенттер
технологиялық
құралдармен
ақпараттық
жабдықтауды
қамтамасыз
ететін
программалық-
телекоммуникациялық
ортада
компьютерлік
техниканы
пайдалануға
негізделген деп түсінуге болады. Соңғы анықтамаға сүйене отырып, оқу үдерісі
мен оқу орындарын басқаруға, білім беру үдерісіндегі барлық қатысушыларды,
яғни оның нәтижелері мен жолдары жайында, сонымен қатар оқудан тыс
шараларды ақпараттық қолдауға ыңғайлы орта ретінде қарастырылады.
Жоғары оқу орнындағы (бұдан әрі – ЖОО) ақпараттық орта оқу орнының
ұйымдастырушылық қызметін басқару үдерісін қолдайтын программалық жүйе,
мәліметтер қоры мен жұмыс технологиясын біріктіреді. Соған сәйкес құралдар
дәстүрлі құралдардан ерекшеленеді, жоғары оқу орнының қызметі осы шешімге
байланысты, яғни олар басшылық қабылдаған шешімдегі үдерісті қолдауға
бағытталғандығын атап ӛту қажет. Оның үстіне бұл құралдар оқу орнының
қызмет орындарындағы немесе қосымша жүйелерінің, бӛлімдер бойынша жеке-
жеке таратылған мәліметтерімен емес, бірлескен мәліметтер жиынтықтағымен
жұмыс істейді.
ЖОО-ның бірыңғай ақпараттық кеңістігі ақпараттық ресурстар және
олармен жұмыс жасау әдістерінің иерархиясы бар ақпараттық орта болып
табылады.
ЖОО-ның
ақпараттық
ресурстары
болып
студенттер,
магистранттар, докторанттар, оқытушылар, ЖОО-ның әкімшілігі және
қызметкерлері қолданатын кез келген мәліметтер болып саналады.
Ақпараттандыруды, нақты оқу орнындағы заманауи білім беру
мекемелерінің барлығына таныс қызмет түрін қоспағанда, барлық ақпаратты
ӛңдеу үдерістерін автоматтандыруда ақпараттық технологиялар құралдарын
пайдаланушы іс-шаралар кешені деп түсіндіруге болады. Осындай
анықтамадан ақпараттық технология құралы ұғымының негізгі рӛлі
анықталады.
Ақпараттық технология құралдары «…есептеуіш техника-қорында жұмыс
істейтін қондырғы және жүйе, аспаптық бағдарламалық құрал, аппараттық,
15
техникалық кешен. Компьютерлік құралдар құрамына жергілікті желі (Intranet),
ғаламдық желілер (Internet, Glusnet, Runnet және т.б.), спутник арқылы
байланыс кіреді.
Оқытудың ақпараттық технологиялары – бұл білім беру үдерісін іске
асыру үшін пайдаланатын компьютердің электронды құралдарының,
компьютерлік желілердің, компьютерлік телекоммуникациялардың, басқа да
байланыс құралдары мен олардың жұмыс істеу тәсілдерінің жиынтығы. Бұл
анықтамада келтірілген құралдар оқу үдерісін табиғи ақпараттандыруды
жеткілікті дәрежеде тиімді ету де ғана емес, сондай-ақ ашық білім беру және
дәстүрлі жүйе сипатындағы барлық үдерістер кешенін ақпараттандыруда да
айтарлықтай тиімді болатындығы белгілі.
Әлемдік қауымдастығы елдерінің қатарында, соның ішінде Қазақстанда дәл
осы уақытта іске асыруға болатын білім беруді ақпараттандырудың маңызды
міндетінің бірі - жаңа тиімділігі жоғары ақпараттық технологияларды және
ғылыми білімді кең кӛлемде пайдалануға негізделген ақпараттық қоғамның
болашақта ғаламдық дамуы мен шынайылығына сәйкес адамдардың тұтас
заманауи ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Физика пәнін оқыту кезінде ақпараттық технологияларды пайдалану
мынадай мүмкіндіктер береді:
- оқыту үдерісін тиімді ету және жетілдіру;
- дәстүрлі білім беру үдерісінде қол жетпейтін ақпараттық технологиялар
мүмкіндігін пайдалану;
- мультимедиалық технология мүмкіндіктерін пайдалану;
- студенттердің ӛз бетінше білім алу қызметінің түрлі формасын
ұйымдастыру;
- студенттердің оқуға тұрақты уәждемесін қалыптастыру;
- олардың әлеуметтік және кәсіби бейімділігін арттыру.
Заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды
пайдаланып, оқыту кезіндегі педагогикалық үдерістің маңызды құрамдас бӛлігі
АКТ-ні пайдалану арқылы оқушы мен оқытушының ӛзара әрекетіне
бағытталған тұлғалық - бағдарланған оқыту болып табылады.
Жоғары оқу орнында физика саласы бойынша мамандарды даярлауда
ақпараттық технологияларды пайдалану, оқу орнының ұйымдастырушылық
және педагогикалық қызметтерін келесі маңызды мүмкіндіктермен жетілдіруге
әкеледі:
• физика саласында жоғары кәсіби білім беру мазмұнын қалыптастыру
және сұрыпталған технологиялар мен әдістерді жетілдіру;
• ақпараттық технологиялар мен информатикаға байланысты жаңа оқу
пәндерін, арнайы курстарды енгізу және дамыту;
• «Физика» пәнін дәстүрлі оқыту мазмұнына ӛзгерістер енгізу;
• білім беруде дараландыру саралау деңгейін кӛтеру арқылы және
қосымша уәждемелік тетіктерді қолдану негізінде оқыту тиімділігін арттыру;