26
құру және талдау, т.с.с. (И.В.Роберт, А.А.Кузнецов, т.б.). Мұндай бағыт білім
беру үдерісінің және мұғалімнің кәсіби қызметінің қажеттіліктерінен бастап,
АКТ құралдарына негізделген білім беруде оның рӛлі мен орнын анықтаудың
басқа ерекше түріне ӛтуге мүмкіндік береді.
Зерттеуде физика саласында ақпараттындыру үдерісін тәжірибелік тұрғыда
құру мен ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары белгіленді:
- ақпараттық технологияларды және оқу мен оқу-әдістемелік мақсаттағы
объектілерді жасау және ендіру артықшылығы;
- ЖОО
қызметінің
үдерісіндегі
ақпараттық
объектілер
мен
технологияларды жүйелі түрде біріктіру;
- ЖОО-ның ақпараттық ортасын кезеңмен қалыптастыру;
- ЖОО ақпараттық ортасын жобалауда жоғарғы білім беруге арналған
ақпараттық технологияларды жасаудың қазіргі заманғы теориялық және
ғылыми-әдістемелік ережелерін қолдану (ашық білім беру теориясы, саралап
білім беру теориясы, әлеуметтік-педагогикалық коммуникация теориясы);
- ЖОО студенттері мен оқытушыларының ақпараттық ортасына қатынас
орнатудың қазіргі заманғы құралдарын жүзеге асыру;
- педагогикалық
тестілеу, педагогикалық диагностика және т.б.
құралдармен кері байланысты дамыту;
- ақпараттық ортаның қолжетімділігі.
Маңызды жалпымәдени интеллектуалдық дағды – шындық қоғамдағы
мәселелерге сәйкес, оңтайлы кӛшіре білуге қабілет (ақпараттық,
математикалық, физикалық, т.б.) осы ғылымның ұғымдық аппараты мен
құралдары негізінде міндеттерді шешу үдерісінде осы модельге сүйену және
алынған нәтижелерді дұрыс ӛңдей білу.
Физика сабағында модельдерді құру информатика сабағындағы модельдерді
құру кезеңдерімен сәйкес келсе, оның қасиеттеріне талдау жасау, модельдің
объектіге және модельдеу мақсатына ұқсастығын тексеру арқылы түсіне білуге
септігін тигізеді. Сол модельді меңгере отырып, біз объект туралы қандай
ақпарат алатынымызды және модельді таңдаумен байланысты мәселелерді
шешу жолдарын қарастырамыз.
Мұнымен қоса, педагогикада модель үш аспектіде қарастырылады.
• оқу ақпаратының кӛп бӛлігі студентке әртүрлі сипаттағы оқу модельдері
түрінде берілетін болғандықтан, оқыту құралы ретінде;
• кез-келген танымдық әрекет оқыту объектісінің моделін құрумен
байланысты болғандықтан, таным құралы ретінде;
• кез-келген модель жаңа сындарлы объект ретінде қарастырылатын
болғандықтан, оқыту объектісі ретінде.
Физика саласында білім беруді ақпараттандыру үшін студенттерді
компьютер арқылы ақпаратпен жұмыс істей білуге үйрету болғандықтан,
модель аталған аспектілердің барлығында қарастырылуы және қолданылуы
қажет, бірақ бұл оларды ақпараттық модельдермен жұмыс істеуге
үйретпейінше, мүмкін емес».
27
Педагогикалық технологияның теориясын жасаудың ең тиімді әдісі
педагогикалық технологияның арнайы модельдерін бейімдеуге және жүзеге
асыруға негізделген модельдеу мен жобалау болып табылады.
Модельдеу - танымның негізгі әдістерінің бірі, нақтылықты бейнелеудің
формасы ретінде басқа объектілердің, үдерістердің кӛмегімен немесе кескін,
жоспар, карта, теңдеулер, алгоритмдер және бағдарламалардың жиынтығы
кӛмегімен нақты объектілер, заттар және құбылыстардың осы және басқа да
қасиеттерін ашу және анықтаумен ұштасады. Педагогикалық энциклопедияда
модельдеу – алынған теориялық білім және оқушылардың мүмкіндіктерін,
қызығушылықтарын және бейімділігін тереңдету және кеңейту құралы екені
айтылған. Құрастыруды ақыл-ой, графикалық, пәндік-басқарушы, яғни
модельдеу деп ажыратады. Модельдеу практикалық бағыттағы құрылғылардың
тәжірибелі үлгісін «нақты әрі кӛрнекі кӛрсетуге», «ақыл-ой әрекетінің
бағытталған негіздерінің модельдерін құруға», «жобаның дұрыстығын
тексеруге» мүмкіндік береді. Бұл «мазмұнын оқушылар меңгеруі қажет немесе
онсыз толыққанды оқыту болмайтын оқу жұмысы ретіндегі модельдеу» болуы
мүмкін.
Оқу үдерісін модельдеудің және оның тиімділігінің маңызды шарттарының
бірі оқу және білім алушы арасында басқару ықпалының қатынасын құру болып
табылады. Кез-келген оқу үдерісінде оқытушының білім алушыларға ықпалы
болады. Соңғы жылдары графикалық интерфейс пен графикалық дестелердің
дамуының арқасында компьютерлік, құрылымдық-функционалдық модельдеу
карқынды даму алды. «Компьютерлік модельдеу» ұғымы қазіргі нақтылықты
ескеретін дәлдікті қажет етеді. Компьютерлік модельдеудің мәні қолда бар
модель бойынша сандық және сапалық нәтижелерді алуға негізделген.
Компьютерлік модельдеу, есептеу тәжірибесін жүргізуге арналған физикалық
құбылыстарды зерттеудің заманауи әдістерінің бірі болып табылады. Біз енгізіп,
оқытылып жатқан «Компьютерлік физика әдістері» пәні, негізінен,
компьютерлік моделдеу тәсілдеріне құрылған. Бұл пәнді енгізудегі
мақсаттарымыздың бірі білім беруді ақпараттандыру үдерісіне негізделеді.
Компьютерлік модельдеу нақты табиғи құбылыстарды дерексіз түрде
алдымен сапалы, содан кейін сандық модель құруды талап етеді. Ол
компьютерде есептеу эксперименті сериялары, нәтижелерді интерпретациялау,
зерттеліп отырған объектіні модельдеу нәтижелерімен салыстыру және т.б.
тұрады.
Аналитикалық деп алгебралық, дифференциалдық және басқа да
теңдеулерді қолданатын, сондай-ақ олардың толық шешілуіне әкелетін
біртектес есептеу процедураларын жүзеге асыруды қарастыратын нақты объект
модельдерін айтады. Имитациялық деп кӛптеген қарапайым операцияларды
тізбектей орындау жолымен зерттелетін жүйе алгоритмін шығаратын
математикалық модельдерді айтады. Физика сабақтарында оқу үдерісін
модельдеу оқытудың кӛрнекілік-модельдік қағидасымен тығыз байланыста
қарастырылады. Физиканы оқыту тиімділігін арттырудың негізгі міндеті