Әок 378. 853: 004 Қолжазба құқығында



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет6/18
Дата05.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#11673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

12 

 

мүмкіндіктерін  пайдалану  міндеттерінен  тұратын  аспаптық-технологиялық 



бағыт;  білім  беру  үдерісінің  ӛзіндік  жаңа  мазмұнын  қалыптастыру 

міндеттерінен тұратын мазмұндық бағыт. 

Қоғамды ақпараттандыру мәселелерін шешу мен қалыптастыруда маңызды 

рӛл  атқарған  А.Масуд,  Э.Тоффлердің  еңбектері  болды,  сонымен  қатар  ресей 

ғалымдары    А.И.Ракитова,    А.Д.Урсула  алдағы  ӛркениет дамуы  үшін  қоғамды 

ғаламдық ақпараттандыру үдерісінің стратегиялық мәнін, сондай-ақ оны үйрену 

және  болжау  үшін  тұрақты  ғылыми  қорын  құру  қажеттілігін  ӛздерінің 

жұмыстарында кӛрсетті. Ӛркениет тарихында қоғамды ақпараттандыру үдерісі  

ақпараттық    тӛңкеріс    жолы    кӛмегімен    айтарлықтай    дәл  сипатталады. 

Профессор  А.И.Ракитов  ең    бірінші  болып    әрбір    технологиялық    тӛңкеріс 

негізінде қоғамның технологиялық дамуының сапалы жаңа деңгейіне  ӛтуі үшін  

қажетті  жағдай  жасауға  ақпараттық  тӛңкеріс  болатындығын кӛрсетті. 

«Ақпараттық  қоғам»  түсінігінің  «ақпарттық  қоғам,  ондағы  ең  басты 

ӛндірілетін  ӛнім  білім  болатындығымен  сипатталады»  деген  анықтама 

профессор  А.И  Ракитовқа  тиесілі.  Ӛлшем  ретінде  адамзат  білімімен 

жинақталған  шама  сияқты  осындай  кӛрсеткішті  пайдалану  қоғамның 

ақпараттық  қоғам дәрежесіне  ие  болуын  ақтады,    кейбір бағалаулар  бойынша, 

біздің дәуіріміздің басында білім қорының екі есе артуы бірінші рет 1750 жылы, 

екіншісі    –  ХХ  ғасырдың  басында,  үшіншісі  –1950  жылы  байқалды.  1950 

жылдан бастап, әлемде жалпы білім кӛлемі әрбір 10 жыл сайын, 1970 жылдан – 

әрбір  5  жылда,  ал  1991  жылдан  –  жыл  сайын  екі  еселенді.  Бұл  бүгінгі    күні  

әлемдегі  білім  кӛлемінің  250 мың  рет  ұлғайғандығын білдіреді.  

Академик  А.П.Ершов  ӛзінің  еңбектерінде  «ақпараттандыру»  түсінігіне 

біршама  кең  анықтама  берген.  Ол  «ақпараттандыру  –  бұл  қоғамдық  мәні  бар 

адамдар  қызметінде  сенімді,  толық  және  дер  кезіндегі  білімді  толығымен 

пайдалануды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  ӛлшем  жиынтығы»  деп  жазды. 

Мұнымен  қоса  А.П.  Ершов    ақпарат  бұл  «толығымен  қоғамның  стратегиялық 

ресурсы оның жетістікті даму қабілетіне себепші» болады деп баса айтты. Сол 

уақытта  ЮНЕСКО  қорытындысы  бойынша,  ақпараттандыру    бұл  қоғамды 

алдағы  жетілдіру  мен  дамыту,  ағымдық  басқару  үшін  бұрынғы  және  жаңа 

білімнің    қалыптасуын  реттеуді  қамтамасыз  ететін  ақпаратты  тарату  және 

сақтау,  құралдар  мен  әдістер  жиынтығын  кең  кӛлемде  пайдалану  деген 

тұжырыға  басымдық  берді.  Бір  жағынан,  екі  анықтама  мазмұны  бір-біріне 

ұқсас, екінші жағынан, білім беру саласын ақпараттандыруды анықтайтындығы 

байқалады. 

Қоғамдағы  ақпараттық  мәдениеттің  даму  мәселесі  XXI  ғасыр  үшін  білім 

беруді  ақпараттандыруды  дамыту  бағытының  жетістіктеріне  арналған 

ЮНЕСКО ұсыныстарында және бағдарламалық құжаттарда, баяндамаларда жиі 

жарық кӛре бастады. 

 ЮНЕСКО  сарапшысы,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ақпараттандыру 

орталығының  Президенті  Г.К.  Нұрғалиеваның  «Қазақстан  Республикасында 

жоғары  білім  беруде  АКТ-ні  қолдану:  даму  жетістіктері  мен  мәселелерінің 

ағымдық  жағдайы»  аналитикалық  шолуы  бойынша  барлық  жоғары  оқу 



13 

 

орындары  ӛзінің  инфокоммуникациялық  инфрақұрылымның  дамуына 



бағытталған  білім  беруді  ақпараттандыру  бағдарламасына  ие;  қашықтықтан 

оқытудың  ашық  жағдайында  мамандарды  үздіксіз  дайындау  тұжырымдамасы; 

сандық  білім  беру  ресурстарын  дамыту  және  жоғары  оқу  орындарында 

ақпараттық  білім  беру  ортасын  жасау  тұжырымдамасы  бар,  жоғары  оқу 

орындарының 

инфокоммуникациялық 

инфрақұрылымның 

стандарты 

мемлекеттік деңгейде бекітілмеген. 

Оқыту  үдерісінде  білім  беруді  ақпараттандыру  оқыту  және  тәрбиелеуді  

психологиялық-педагогикалық  мақсатта  іске  асыруға  бағдарланған  заманауи 

ақпараттық  технологияларды  пайдалану,  білім  беру  саласын  тәжірибелік  және 

теориялық  ӛңдеумен  қамтамасыз  ету  үдерісі  ретінде  жүзеге  асады.  Осылайша 

білім  беруді  ақпараттандыру  педагогикалық  құбылыс  ретінде  орындалады. 

Ақпараттандыру  «білім  беру  мазмұны  оқушы  және  педагог  тұлғасына 

бағдарланған  ӛзара  байланысқан  құрылымдық  компоненттерден  тұратын» 

педагогикалық 

жүйе 


ретінде 

қарастырылады. 

А.І.Тәжіғұлованың 

тұжырымдамасы 

бойынша, 

«ақпараттық–коммуникациялық 

және 

педагогикалық  технологияларды  және  біріккен  бірыңғай  білім  беруді  



шоғырландыру мақсаты ақпараттық қоғам жағдайындағы кәсіби қызметке және 

ӛмірге жеке тұлғаның дайындығын қалыптастыру» 

Қоғамды ақпараттандыруда негізгі рӛл атқаратын  – бұл қоғам мүшелерінің 

кешенді  қалыптасуы  іске  асатын  шеберлік  мектебі  –  білім  беруді 

ақпараттандыруға  тиесілі  екендігі  кездейсоқ  емес.  Білім  беру  қоғамның 

әлеуметтік 

саласының 

құрамдас 

бӛлігі 

саналады. 



Білім 

беруді 


ақпараттандырудың стратегиялық мақсаты индустрияландырудан кейінгі қоғам 

талаптарына  сәйкес  жаңаша ойлайтын мамандарды  дайындау  тиімділігін  және 

сапасын  түбегейлі  ӛзгерту,  жаңа  ақпараттық  және  телекоммуникациялық 

технологияларды  пайдалану  есебінен  интеллектуалдық  қызметті  ғаламдық 

ұтымды етуден тұрады. В.А.Шаповалованың пікірі бойынша, бұл мақсатқа жету 

нәтижесі  білім  беруді  дербестендіру  жолымен  ақпараттық  мәдениет 

қалыптастыру  және  қоғамда  кӛпшілікке  ортақ  компьютерлік  сауаттылықты 

қамтамасыз  ету.  Бұл  білім  беруді  ақпараттандыру  мақсатының  мәні  ұзақ 

мерзімді болып саналады және ХХI ғасырда да ӛз кӛкейкестілігін жоғалтпайды.   

Қазіргі  қоғамды  ақпараттандыру  –  қайтымсыз  үдеріс,  ол  адамның  іс-

әрекетінің  барлық  салаларына,  соның  ішінде  білім  беру  саласына  енгізілуде. 

Білім  беру  саласындағы  жазудың  пайда  болуы  мен  кітап  басудың  шығуы 

алғашқы  тӛңкерістер  болып  саналса,  ойлау  мен  оқытудың  басты  тәсілдері 

ретінде  ықпал  ете  алатын  білім  беруді  ақпараттандыру  келесі  тӛңкеріс  болып 

есептеледі.  

Заманауи 

 

білім 


беру 

жүйесінің 

түрлі 

саласына 



ақпараттық 

технологиялардың енгізілуі әлдеқайда кең кӛлемді және кешендік сипат алады. 

Қалыптасушы жағдайда жоғары оқу орындары  білім беруді ақпараттандыру – 

оқыту  және  тәрбиелеуді    психологиялық-педагогикалық мақсатта  іске  асыруға 

бағдарланған  заманауи  ақпараттық  технологияларды  пайдалану,  білім  беру 



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау