Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет21/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66

47
 
 
және  коммуникативтік  қабілеті  басқа  адамдармен  қажетті  байланыстарды 
орнату және қолдау мүмкіндігін» қарастырады [118, с. 14].  
Әлеуметтік-психологиялық  білім  негізінен  көшбасшылық  мәртебесімен 
қамтамасыз  етіледі.  М.И.Марьиннің  пікірінше,  мұғалімнің  әлеуметтік-
психологиялық  құзыреттілігінің  мәні  басқарушылық  қызметтің  объективті 
міндеттері  мен  оның  жеке  басының  субъективті  мүмкіндіктері  арасындағы 
байланыстың  шартымен  анықталады  [118,  с.14].  Мұғалімнің  әлеуметтік-
психологиялық  құзыреттілігі  оның  кәсіби  маңызды  қасиеттері  шоғырланған 
сипаты  болып  табылады.  Ол  адамның  жағдайын:  оның  бағыттылығын, 
гуманитарлық  даярлығының  дәрежесін,  кәсіби  білімінің  деңгейін,  бастапқы 
қабілетіне  негізделген  білімінің,  білігінің,  дағдысының  деңгейін  көрсетеді. 
Нәтижесінде  әлеуметтік-психологиялық  сипаттама  мұғалімнің  саналы  түрде, 
әртүрлі  басқарушылық  тапсырмаларды  уақтылы  және  шығармашылық  түрде 
шешуге  дайын  екендігін  білдіреді.  «Бұл  жеке  мотивациялық  құндылық, 
эмоционалдық-мақсаттық,  мазмұндық  құрамдас  бөліктердің  бірлігін  білдіреді 
әрі  жеке  тұлғаның  және  оның  қызметінің  кәсіби  деңгейін  сипаттайды»  [118, 
с.14]. 
Басқару құзыретіне талдау жасау үшін функционалдық-аналитикалық тәсіл 
қолданылады,  оның  мәні  басқарушылық  құзыреттілік  сипаттамалары 
топтастырылған нақты басқарушылық функцияларды анықтау болып табылады 
[118, с. 6].  
Осыған сәйкес, «басқарушылық құзыреттілік» тұжырымдамасын анықтауда 
функционалдық-аналитикалық 
тәсілдемеге 
сүйене 
отырып, 
басқару 
функцияларын анықтаймыз. 
Басқарудың  ақпараттық-аналитикалық  функциясын  құзырлы  орындау 
үшін келесі дағдылар қажет: 
- тиісті ақпаратты талғап, таңдап алу; 
- ақпаратты талдау; 
        -  оқу-бағдарламалық құжаттарды талдау
        -  оқыту технологияларын талдау; 
-  білім алушылардың білімдерін, дағдыларын диагностикалау және өлшеу  
құралдарын талдау. 
Басқарудың    мотивациялық-мақсаттық  функциясын  жүзеге  асыру  үшін 
мұғалім төмендегілерді білу керек: 
-   білім алушылардың және өзінің алдына диагностикалық мақсаттар қою 
және қалыптастыру; 
-      кәсіби  қызметті  білім  беру  мекемесінің  мақсаттарымен  байланыстыра 
білу; 
-    білім алушылар тобымен қарым-қатынас стилін белгілеу
-  білім  алушылар  ұжымының  және  жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін 
қамтамасыз ете білу; 
-  оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ынталандыру; 
-  топтың істеріне (проблемаларды топтық көру), мақтаныш пен командалық 
рухты құруға деген сезімді қалыптастыру


48
 
 
-  тыңдаушылардың қабілеттерін дамытуға ықпал ету. 
Басқарудың  жоспарлық-болжамдық  функциясын  орындау  мұғалімнен 
келесі дағдыларды талап етеді: 
-  педагогикалық қызметтің дамуын болжау
-  білім  беру  мекемесінің  даму  стратегиясына  сәйкес  дайындалған  өз  іс-
әрекеттері мен білім алушылардың іс-әрекеттерінің мақсаттарын жоспарлау; 
-  кәсіби қызметке тән құжаттарды әзірлеу, оны пайдалану; 
-  техникалық құралдарды пайдалану (әсіресе компьютер). 
Басқарудың ұйымдастыру-орындаушылық функциясын жүзеге асыру үшін 
мұғалім: 

білім 
алушылардың 
бірлескен 
жұмысын 
ұйымдастыру 
әдістерін,тәсілдерін, технологияларын қолдануды; 
-  өз қызметін ұйымдастыруды (өзін-өзі басқару); 
-  бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда ойын әдістерін қолдануды
-  қойылған  мақсаттарды  іске  асырудың  барлық  түрлері  бар  ресурстарын 
тарату және бағалауды білу керек. 
Басқарудың  реттеу-түзетушілік  функциясын  жүзеге  асыруда  мұғалім 
келесі дағдыларға ие болу керек: 
-  білім алушыларға жүктелген міндеттердің орындалу барысын қадағалау; 
-  білім алушылармен кері байланыс жасау; 
-  жоспарланған  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыру  кезінде  ауытқудың 
себептерін талдау; 
-  жоспарланған оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін білім алушылардың 
оқу іс-шараларына қажетті түзетулер енгізу; 
-  білім алушылардың жұмысын қорытындылау. 
Осы  айтылғандар  негізінде  болашақ  педагогтың    басқару  функциялары 
ақпараттық-аналитикалық, 
мотивациялы-мақсаттық, 
жоспарлы-
болжамдық,  ұйымдастырушы-орындаушылық,  реттеуші-түзетушілік  деп 
тұжырымдаймыз.  
Педагогтың    басқарушылық  іс-әрекетінде  оқушылар  ұжымын  және  ата-
аналардың  педагогикалық  білімінің  дамуын  басқару  міндеттері  де  жүзеге 
асырылады.  Мұғалімнің  міндеті  –  оқушының  дамуының  мәнін,  оны 
қалыптастырудың  көздері  мен  механизмдерін,  даму  үдерісін  басқарушылық 
қабілеттілігін  зерттеу.  Болашақ  педагогтың    жұмыс  тәжірибесіне  жүргізілген 
зерттеулер,  яғни  оның  басқарушылық  құзыреттілікті  қалыптастыру  (атап 
айтқанда,  оқушылардың  оқу-танымдық  белсенділігін,  олардың  дамуын,  т.б 
басқарушылық)  болашақ  педагогті  басқарушылық  қызметке  арнайы 
дайындаудың  маңыздылығын  растауға  мүмкіндік  береді.  Бұдан  шығатын 
қорытынды    болашақ  педагогтың  басқару  іс-әрекетінің  нысаны  оқушының 
тұлғасын дамыту, сынып, сабақ  үдерісі болыптабылады.   
Болашақ педагогтың  осы оқу үдерісі субъектілерін басқару құзыреттілігін 
қалыптастырудың  құрылымы  мен  мазмұнын  анықтау  барысында  оның 
«ұстанымдық бағытын»  қалыптастырудың маңызы зор. 


49
 
 
«Ұстаным»  (латынның positio  – ұстаным)  көзқарас,  кез  келген  мәселедегі 
пікір,  бір  нәрсеге  деген  қатынас  және бұл  көзқараспен  байланысты  әрекеттер, 
мінез-құлық деген мағынаны білдіреді [121, с. 639].   
Ұстаным  өмірдің  мағынасын  іздеу  ретіндегі    субъектінің  бағыты,    оның 
мінез-құлқымен және қызметімен байналыстырылады.  Аксиология теориясында 
«ұстаным»  ұғымын  талдаудың  үш  негізгі  тәсілі  бар:  қоғамдағы  немесе 
әлеуметтік жағдайдағы ұстаным; адамның жалпыға бірдей немесе оның әртүрлі 
бағыттарына не адамның позициясына деген қатынасы ретіндегі орны; адамның 
тікелей өзара іс-қимыл ретіндегі орны; нақты жағдайға немесе рөлдік жағдайға 
байланысты бағыты. 
Әлеуметтік  психолог  Г.М.Андреева  және  басқалар  ұстанымды  байланыс 
тобындағы  адамның  орны  ретінде  қарастырады.  Осылайша,  «мәртебе»  немесе 
«ұстаным» ұғымы топтық өмірде, топтық қызметтік қатынастар құрылымында 
жеке тұлғаның орны ретінде анықталады. Әлеуметтік жағдайға ие бола отырып
іс-әрекеттегі кәсіби нормаларды ұжымдық түрде мақұлдайтын, сондай-ақ кәсіби 
нормаларды насихаттайтын, пікірлес адамдардың кәсіби қоғамын іздеуге немесе 
ұйымдастыруға бағытталуы мүмкін [122]. 
Біздің зерттеуімізде ұстаным адами шындықтың белгілі бір аспектілерінде 
адами қатынастардың тұрақты жүйесі ретінде анықталады; тиісті мінез-құлықта 
көрініс  табады.  Ұстаным  –  дұрыс  мінез-құлық  пен  іс-әрекетте  көрінетін 
шындықтың  белгілі  бір  аспектілерінде  адами  қарым-қатынастардың  тұрақты 
жүйесі  ретінде  түсіндіріледі.  Отандық  ғалымдардың  жеке  пікірі  ретіндегі 
көзқарастары әртүрлі және қарым-қатынас объектісінің анықтамасында, сондай-
ақ тұжырымдамалардың ашылу тереңдігі бойынша ерекшеленеді. 
Психологияда  адам  ұстанымының  мәселесі  Б.Г.Ананьев,  Л.И.Божович, 
А.Н.Леонтьев,  С.Л.Рубинштейн  жұмыстарында  жан-жақты  талданған. 
А.Н.Леонтьев  белгілі  бір  «ұстанымға»  ие  болу  өмірге  деген  көзқарасты 
анықтауды  білдіретінін  атап  көрсетеді.  Б.Г.Ананьев  бұл  санатты  рөлдік 
қатынастар теориясы аясында «жеке қарым-қатынастың күрделі жүйесі ретінде 
(тұтастай алғанда ол қоғамға және жұмыс істейтін, адамдарға, өзіне-өзі тиесілі), 
оның  қызметінде  басшылыққа  алатын  көзқарастары  мен  себептерге,  қызметке 
бағытталған құндылықтар тұрғысынан қарастырады. 
Барлық  осы  субъективті  қасиеттердің  кешенді  жүйесі  әлеуметтік  даму 
жағдайында адам орындайтын әлеуметтік функциялардың белгілі бір кешенінде 
жүзеге асырылады [123, с. 288-289]. В.Н.Мясищев [124, с. 112] жеке тұлғаның 
ұстанымдық  бағытына  сәйкес,  адамның  басымдықты  сайлау  қатынастарының 
кіріктірілуі ол үшін кез келген маңызды мәселе саналады. 
Адамдар  бір-бірінен  объектіге,  шындыққа  қарай  ерекшеленетіндіктен, 
объектіге деген қарым-қатынасқа байланысты адам ұстанымының типологиясын 
құруға болады. Сонымен қатар, түр арасындағы айырмашылық мінез-құлықта, 
сондай-ақ когнитивтік және эмоциялық құрамдастарда байқалады. Егер қандай 
да бір қатынас түрлері осы жағдайдағы қызметтің мақсаттарына қолайлы болса, 
онда ұстаным «оңтайлы» немесе «адекватты» деп сипатталады. 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау