Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет23/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66

52
 
 
Н.Н.Хан зерттеуінде мұғалімнің педагогикалық үдерісте ынтымақтастықты 
жүзеге  асыруға  даярлығы  мұғалімнің  кәсіби  іс-әрекетінің  негізгі  аспектісінің 
сапалық  сипаттамасы  тұрғысынан  анықталады.  Бұл  оқытылатын  пәндердің 
мазмұнының  негізінде  оқушылармен  өзара  байланыс  кезінде  оқу  үдерісінде 
туындайтын  керағарлықтарды  шешуге  қажетті  білім  және  дағдының 
жиынтығынан көрініс табады [132].  
Жоғарыда талданған анықтамаларды негізге ала отырып, А.Байкулова  да 
өзінің диссертациялық зерттеуінде ғалымдардың осы ұғымды қарастыру тәсілін 
жинақтап көрсетеді: «даярлықты А.Н.Леонтьев ұстанымдық бағыт тұрғысынан 
қарастырса, В.А.Маляко күрделі тұлғалық құрылым, ал К.К.Платонов тұлғаның 
қасиеті  тұрғысынан  сипаттайды.  Н.Д.Хмель  күрделі  құрылым  деп, 
В.А.Сластенин  даярлық  кәсіби  және  тұлғалық  қасиеттердің  кешені  десе, 
В.Е.Волкова даярлықты іске асырылатын сапа деп қарастырады» [133, б. 74].  
Осы  талдауларға  сүйене  отырып,  біз  өз  зерттеуімізде«даярлық»  ұғымын 
тұлғаның ұстанымдық іс-әрекетін жүзеге асыруға қажетті сапаларын белгілі бір 
құрылым негізінде қалыптастыруға бағытталған үдеріс деп қарастырамыз. Олай 
болатын болса, біз жоғарыда құзыреттілік ұғымының  білім, білік, дағдылардың 
жиынтығы  тұрғысынан  қарастырылғанын  талдап  өтіп,  1.1  параграфында 
«басқарушылық  құзыреттілік  басқару  шешімдерін  қабылдауды  қамтамасыз 
ететін тұлғалық сапалар мен білім, білік, дағдылардың кіріктірілген жиынтығы» 
деген анықтамамыздың дұрыстығына тағы бір көз жеткіздік. Осы тұжырымымыз 
негізінде  енді  болашақ  педагогтың    басқарушылық  құзыреттілігіне  қандай 
сапалар, білімдер, біліктер мен дағдылар кіретінін анықтайық. 
Осы  тұрғыдан  бірқатар  ғылыми  зерттеулердегі  педагогтың  кәсіби 
құзыреттілігінің құрамы негізделген ой-пікірлерге мән беріп көрейік. Мәселен, 
біз Е.Л.Пупышева ұсынған педагогтың  кәсіби құзыреттілігі құрылымын толық 
қолдаймыз  (кесте 7) [134]:  
 
Кесте 7 - Педагогтың  кәсіби құзыреттілігінің құрылымы 
 
Құрамы 
Теориялық 
Практикалық 
Тұлғалық 
Білім 
Білік. Дағдылар 
Кәсіби маңызды жеке қасиеттер 
Жеке гуманистік 
бағдар 
Пәндік салаға бағдар 
Педагогикалықойлау 
Педагогтың  жүйелі 
қабылдауы 
Педагогикалық 
технологияларды меңгеру 
Педагогикалық рефлексия 
 
Әлемдік өркениет 
деңгейінде қол жеткізілген 
жетістіктермен өз қызметін 
байланыстыру қабілеті 
Педагогикалық такт 
 
 
Педагогикалықмақсаттылық 
 
 
Педагогикалық  бағыт 


53
 
 
  
Н.Н.Лобанованың зерттеуінде кәсіби құзыреттілік өзара әрекеттесетін және 
өзара байланысқан субъектілердің бірлігі ретінде әрекет етеді және мұғалімнің 
жеке басының жүйелік сипаты түрінде көрінеді, автор кәсіби-білім беру, кәсіби-
белсенділік (практикалық), кәсіби-тұлғалық компоненттеріне бөледі [135]. Бұл 
көзқарасты  А.Л.Бусыгина  қолдайды,  ол  ЖОО  оқытушыларының  кәсіби 
құзыреттілігін  зерттеу  арқылы,  оны  педагогтың    жеке  басының  жүйелік 
сипаттамасы ретінде түсінеді. «ЖОО оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі, – 
деп  жазады  А.Л.Бусыгинаоның  ғылыми-педагогикалық  қызметінің  бірлігі 
тұрғысынан  қаралады,  оның  жеке  басының  мақсатты  қасиеті  ретінде  пайда 
болады,  олардың  құрылымдық  компоненттері:  кәсіби-білім  беру,  кәсіптік-
белсенділік және кәсіби-тұлғалық компоненттер» [136, с. 47].  
Ал, В.А.Адольф мұғалімнің құзыреттілігін функционалдық құзыреттілікті 
қалыптастыратын  пәндік,  психологиялық-педагогикалық  және  әдістемелік 
ретінде бөледі [137].  
Т.Е.Исаевада  оқытушының  кәсіби-тұлғалық  құзыреттілігінің  мазмұны 
толық және дәлелді түрде ашылады: 
1) бейімдеу және өркениеттік құзыреттілік
2) әлеуметтік-ұйымдастырушылық құзыреттілік
3)  кәсіби  (пәндік/әдістемелік)  құзыреттілік  –  оқытушы  ұстанған 
педагогикалық  жүйеге  сәйкес  оқытылатын  және  таңдап  алынған  пәннің 
ерекшеліктеріне  байланысты  білім,  дағды,  оқыту  әдісі,  кәсіби  және 
корпоративтік тәжірибені тарату жолдары
4) коммуникативтік
5)  құндылық-мағыналық  –  кез  келген  жағдайда  адамға  «өзін»  сақтауды 
қамтамасыз етеді [138, 139].
 
Бұл  құзыреттіліктер  тізімін  Н.В.Кузьмина  кеңейте  түседі, жоғарыдағы ол 
келесі құзыреттіліктерді қосады:  
1) 
оқытылатын пәндер саласындағы арнайы құзыреттілік; 
2) 
студенттердің  білімдерін,  қабілеттерін және дағдыларын  қалыптастыру 
саласындағы әдістемелік құзыреттілік; 
3) 
білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттілік; 
4) 
мотивтер, 
шеберліктер, 
оқушыларды 
бағдарлау 
саласындағы 
дифференциалды-психологиялық құзыреттілік; 
5) 
педагогикалық  қызметті  рефлексиялау  немесе  аутопсихологиялық 
құзыреттілік [140]. 
Сондай-ақ,  біз  болашақ  мұғалімдердің  лидерлік  сапаларын  зерттеген 
Б.Баймұханбетовтың мұғалім-лидер тұлғасы құрылымындағы сапаларды  негізге 
аламыз.  Ол  мұғалімнің  лидерлік  сапасы  құрылымындағы    тұлғалық  ізгілікті 
тобына  адами  қасиеттер,  мінез-құлықтар  жатқызады,  кәсіби-дидактикалық 
тобына  интеллектуалдық  білім,  дидактикалық  біліктер,  коммуникативтік 
іскерліктерді  топтастырса,  лидерлік  тобында  көшбасшылық  қабілеттерді, 
харизматикалық  қасиеттерді,  ұйымдастырушылық  дағдыларды  жинақтап 
көрсетеді [141].   


54
 
 
Оған қоса айта кету керек, қазіргі жаңа  буын стандарттарында (5В050100 
Педагогикалық  білім  (біліктілігі  (дәрежесі)  «Бакалавр»  дайындау  бағытында) 
арнайы  басқарушылық  құзырет  бөлінбеген,  алайда  болашақ  мұғалімнің 
басқарушылық  құзыретке  мағыналы  түрде  қосыла  алатын  бірқатар  нақты 
құзыреттер кірді. Олар мыналарды қамтиды: мұғалімдердің рефлексия, өзін-өзі 
бағалау,  өзін-өзі  бақылау  дағдыларын  меңгеру;  студенттерді  әлеуметтендіру 
және кәсіби өзін-өзі анықтау үдерістерін педагогикалық қолдауды жүзеге асыру 
қабілеті;  студенттердің  өзара  іс-қимылын  ұйымдастыру,  белсенділігі  мен 
бастамашылығын қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және т.б. [142]. 
Осы талдау жүргізілген еңбектердегі тұжырымды ойларға сүйене отырып, 
болашақ  педагогтың  басқарушылық  құзыреттілігінің  құрамы  тұлғалық 
сапалардан, педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдылардан тұрады 
деп тұжырымдаймыз. Енді осы ойымызды дәлелдеуге тырысып көрейік.  
Болашақ  мұғалімнің  басқарушылық  іс-әрекетін  жүзеге  асыруға  қажетті 
тұлғалық  сапалардың  негізгілерінің  бірі  –  адамның  ізгілік  қасиеті.  
Ізгілік (лат. Нumanitas –  адам  табиғаты)  –  адамның  еркін  ойлауының  әртүрлі 
көріністерімен  байланысты;  оған  сәйкес  еркіндікті,  адамның  индивидуалды 
дамуын уағыздайды [143]. 
Ізгілік  –  әдеп  санаты;  адамның  қоғамдық  және  жеке  өміріндегі 
құбылыстардың  мұратқа  қатысты  жағымдыадамгершілікмәнін  бейнелейді, 
моральдық-қоғамдық  сананың  неғұрлым  жалпы  ұғымдарының  бірі.  Нақ  ненің 
бағамдалып  отырғанына  (жеке  адамның  қылығы,  моральдық  сапасы, 
адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік қызметі) орай, ізгілік неғұрлым 
нақты ұғым нысанын алады  – жақсылық,қайырымдылық, әділеттілік және т.б. 
Әдеттегі  ұғынуда  ізгілік  ұғымының  мазмұны  моральдық  құбылыстарға  қоса 
басқа  да  жағымды  құндылықтарды  қамтиды;  бұлар  игілікпен  теңдестіріліп, 
жағымдыны,  пайдалыны,  белгілі  бір  әлеуметтік  топтардың  мүдделеріне  сай 
келетін  мақсатқа  лайықтыны  білдіреді.  Бірсыпыра  жағдайларда  жеке  және 
жалпы  мүшелерді  қанағаттандыруға  бағытталған  іс-қимылдар  арасындағы, 
өткінші жағдайлардың ықпалымен жасалған бағамдаулар мен жалпы адамзаттық 
негізі  бар  пайымдаулар  арасындағы,  субъективтік  тілектерден  не  сол  сәттегі 
көкейкесті 
қажеттіліктерден 
туындаған 
шешімдер 
мен 
мұрат 
жолындағы   құлшыныстан туыңдаған  шешімдер  арасындағы  шектерді  дұрыс 
анықтау  қиынға  соғады.  Тарихи  тұрғыда  ізгілік  адамдар  арасындағы 
бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен 
туысқандық  бірлікті  орнықтыруға  жәрдемдесетін  іс-қимылдар  мен  қоғамдық 
бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну – мұратқа ұмтылған адамның өз 
нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және 
қоғамдық  қысымнан  тәуелсіз  болуына  себептесіп,  ізгіліктің  тарихи  және 
жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді [143, с.9]. 
Біздің  зерттеуімізде  ізгілік  ұғымы  зерттеу  пәніне  сәйкес  оқушының  жеке 
тұлғасын  дамытуды,  сынып  ұжымын,  оқу-тәрбие  үдерісін  басқарудағы  іс-
әрекеттерде    адами  қасиеттерін  танытуда,  шешімдерді  адами,  қоғамдық  игілік 
тұрғысынан шешуде және т.с.с. жағдайларда қажетті ізгілікті құндылық.  


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау