Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында


Менеджменттік  іс-әрекет  –



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет2/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

5
 
 
Менеджменттік  іс-әрекет  –  басқару  барысында  әлемді және  өзін-өзі 
саналы  түрде  өзгертетін  процесте  адамның  немесе  топтың  әлеммен  жасайтын 
өзара әрекеті. 
Менеджмент  үрдістері  –  басқару  қызметтерінің  үрдістері  және  өлшеу, 
талдау және жақсарту үрдістері. 
Нәтижелiлiк  –  жоспарланған  іс-әрекеттердің  iске  асырылуы  және 
жоспарланған нәтижелердiң табысты дәрежесi. 
Нәтижеге  бағдарланған  басқару  –  мақсаттық  бағдарлар  және  ағымдағы 
күтiлетiн  міндеттердің  әлеуметтiк  және  ғылыми  мағыналы  нәтижелерімен 
байланыстырылатын білім жүйесіндегі ғылым және білім беру қызметтеріндегі 
жоспарлауға бағытталған жол. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


6
 
 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы 
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты 
ЖОО – жоғары оқу орны 
ҚазҰПУ – Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
ҚазмемқызПУ – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті  
ҚР –  Қазақстан Республикасы 
ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
ҚР  БжҒМ  БҒСБК  –  Қазақстан  Республикасы  білім  және  ғылым 
министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті  
ҚР  МЖМБС    –    Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
білім беру стандарты 
МОӘК – мамандықтардың оқу-әдістемелік кешені 
ОӘЖ – оқу-әдістемелік жұмыс 
ОБК – оқу басқару кеңесі 
ОТҚ – оқытудың техникалық құралдары 
ПОӘК – пәндердің оқу-әдістемелік кешені 
ПОҚ – профессороқытушылар құрамы 
СҒЗЖ – студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары 
СОЗЖ – студенттердің оқу зерттеу жұмыстары 
БТ – бақылау тобы  
ЭТ – эксперимент тобы  
PhD – философия докторы 
т.б. – тағы басқа 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


7
 
 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі уақытта Қазақстанның дүние жүзіндегі 
озық отыз елдің қатарына ену стратегиясын жүзеге асыру жағдайында отандық 
білім беру саласының мазмұны әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілуі мақсатында 
жаңартылуда.  «Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, 
білім  беруді  дамытудың  мониторинг  жүйесін  жетілдіру,  оның  ішінде 
халықаралық  талаптарды  ескере  отырып,  ұлттық  білім  статистикасын  құру, 
eлiмiздiң әлeумeттiк-экoнoмикaлық бүгiнгi қoғaм тaлaптapынa лaйықты caпaлы 
мaмaндapын  дaяpлaу»  міндеттері  Қазақстан  Республикасында  бiлiм  бepудi 
дaмытудың 2011-2020 жылдapғa  apнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмacында  атап 
өтілген.  Ұлт  жоспары  «100  нақты  қадам»  бағдарламасының  76  және  77 
қадамында «адам капиталының сапасын көтеру, оқыту стандарттарын жаңарту, 
жоғары  оқу  орнында  білікті  кадрларды  даярлау,  кейіннен  бұл  тәжірибені 
еліміздің басқа оқу орындарында тарату» бағыттары  көрсетілген. Ал бұл болса, 
педагогтардың  кәсіби  ұтқырлығы  мен  өзінің  кәсіби  өсуін  жүзеге  асыруды, 
алдында  тұрған міндеттерді жеке шеше алу іскерліктерін қалыптастыруды талап 
етеді [1]. 
Сондай-ақ,  Қазақстандағы  қоғамдық  маңызды  мәселелерінің  бірі 
«Қазақстан Республикасында 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасында»: 
«Бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру  әлеуметтік  және  экономикалық 
жағдайдың  өзгеруіне  ғана  емес,  бар  қолданыстағы  шындыққа  белсенді  ықпал 
етіп,  оны  жақсартуға  дайын  болу»  керектігі  көрсетілген.  Ал,  бұл  өз  кезегінде 
оқушының  іс-әрекетін  басқаруға,  оқу-тәрбие  үдерісін  жаңаша  ұйымдастыруға 
мұғалімнің даярлығын талап етеді [2].  
Осыған  сәйкес  ғылыми  білімнің  қазіргі  деңгейі  педагогикалық  үдерісті 
ұйымдастыруда  басқарудың  жалпы  теориясын  қолдану  қажеттілігін 
туындатады.  Болашақ  мұғалімнің  сынып  ұжымын,  оқу-тәрбие  үдерісін 
оқушының жеке тұлғасының дамуын және т.б. адами қорларды  қажетті деңгейде 
басқару үшін  оның  бойында жоғары педагогикалық білімнің болуымен қатар 
білім берудегі басқару  саласынан арнайы білім, біліктерінің болуы қажет етіледі. 
Осыған  байланысты  білім  беру  саласындағы  мамандарды  даярлауға  жаңа 
талаптар  ұсынылады.  Өйткені  қазіргі  қоғам  мұғалімдердің    кәсіби 
құзыреттілігінің аясында білім берудегі ұйымдастырушылық, басқарушылық іс-
әрекетті жүзеге асыруға қабілеттіліктерінің болуын талап етіп отыр. 
«Қазақстан-2050» стратегиясында «білім беру саласындағы менеджменттің 
аз  дамығандығы,  оны  дамыту  қажеттілігінің»    көрсетілуі  [3],  Қазақстан 
Республикасында  бiлiм  берудi  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 
мемлекеттiк  бағдарламасында  «...қазіргі  қоғамның  басты  талаптарының  бірі  – 
басқарушылық  құзыреті  дамыған  жаңа  тұрпатты  адамды  қалыптастыру» 
екендігіне аса мән беруі біздің айтқан ойымыздың жарқын айғағы [4].  
Оған  қоса  Пpeзидeнт  Н.Ә.Нaзapбaeвтың    «Рухани  жаңғыру:  болашаққа 
бағдар»  бағдарламалық  мақаласында  көрсетілген  «қоғамдық  сананы 


8
 
 
дамытудың»  нәтижелі  жүзеге  асырылуы  болашақ  мұғалімнің    бүгінгі  жас 
ұрпақты саналы басқаруын қажет етеді [5].  
Осы  айтылғандар  Қазақстандық  білім  берудің  көп  сатылы  реформасы 
үдерісінде туындайтын терең сапалы өзгерістер жағдайында оқу-тәрбие үдерісін, 
ұжымды, ұйымды басқаруға қабілетті мұғалімнің жаңа түрін қалыптастырудың 
өзектілігін айқындайды. 
Мұғалім  заманауи  білім  беруді  жаңғырту  жағдайында  басқарушылық-
педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алуы, басқарудың қажетті деңгейіне ие 
болуы,  мектептегі  білім  беру  және  әр  баланың  даму  үдерісін  ұтымды 
жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды жүргізе  білуі тиіс. Нәтижелі басқару 
үшін болашақ мұғалімде басқарушылық құзыреттілік қалыптастырылуы керек. 
Осыған  байланысты  педагогикалық  басқарушылық  негізінде  болашақ 
мұғалімдердің басқару құзыретін қалыптастыру арнайы зерттеулерді қажет етеді 
және мамандарды кәсіби даярлаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. 
Оның  үстіне  қоғамдағы  түбегейлі  өзгерістер  мектептің  психологиялық-
педагогикалық  және  басқарушылық  іс-әрекетінің  мазмұнына  сәйкес  келетін 
гуманистік құндылықтарға әлемдік көзқарасты қайта құруды ұсынады. Мұндай 
жағдайда  мұғалімнің  басқарушылық  рөлі  өзгеріп  отырады,  ол  өз  қызметін 
басқару теориясы мен ынтымақтастық идеялары бірлесуінің негізгі шарттарына 
негізделе отырып жүзеге асырады. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерді  талдау  негізінде  анықталған 
кәсіптік  білім  беру  мәселесінің  көпқырлылығы  осы  зерттеу  үшін  жетекші 
ғалымдардың әдіснамалық маңызы бар еңбектерінің жан-жақтылығын көрсетті.   
Кәсіптік  білім  берудің  тұжырымдамалық  негіздері  С.И.Архангельский, 
Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский, В.В.Краевский, М.Н.Скаткин,   
Н.Д.Хмель,  Ш.Т.Таубаева,  Н.Н.Хан  және  т.б.  ғалымдар  еңбектерінде 
негізделген;  дамыта  оқыту  теориясы  және  оқыту  мен  оқу  үдерісіндегі  жеке 
тұлғалық-әрекеттік белсенділік  Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, 
Ж.Ы.Намазбаева,  С.М.Джакупов,  Н.Б.Жиенбаева,  О.С.Саңғылбаев  және  т.б. 
зерттеулерінде қарастырылған. 
Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық 
және  әдістемелік  негіздері  шетелдік  (Nezahat  Guhlu,  F.E.Weinert,  S.P.  Brown, 
J.Jones  және  т.б.),  ТМД  елдері  (В.А  Сластенин,  Н.В.Кузьмина,  И.А.Зимняя, 
А.К.Маркова,  А.П.Тряпицына  және  т.б.),  қазақстандық  (С.Ж.Пралиев, 
Б.А.Тұрғынбаева,  Б.Т.Кенжебеков,  Г.Ж.Меңлібекова,  К.С.Құдайбергенева, 
К.М.Беркімбаев және т.б.) ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелген.   
Басқару  мәселесінің  ежелгі  грек  философтарынан  бастап,  түркі  ғұлама 
ойшылдарының  еңбектерінде  қарастырылғаны  туралы,  олардың  құнды 
жазбаларындағы мемлекеттік басқарушының рөлі, ізгілікті басқару, басқарудың 
адамгершілік  қағидалары    жайлы  ой-пікірлерін  топтастыру,  жіктеу  мәселелері 
С.Қ.Қалиев,  С.А.Ұзақбаева,  А.Н.Көшербаева,  Ұ.М.Әбдіғапбарова  және  т.б. 
ғалымдар еңбектерінде көрініс алған.   
Білім  берудегі  менеджменттің    әдіснамалық  негіздері,  басқару  теориясы 
алыс  жәнежақын  шетел  ғалымдарының  Ф.Роджерс,  Т.Питерс,  Ф.У.Тейлор, 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау