95
қаржыландыру). Алайда, оқыту процесінде кәсіпорын өзінің кәсіпорыны үшін
мамандарды даярлаудағы қызығушылығы бірінші кезекте еңбек нарығындағы
сұранысқа бағытталады. Дегенмен, кәсіпорында кәсіптік білім берудің бірыңғай
мемлекеттік бақылауы кәсіпорындағы кәсіптік білім беруді бақылауды іске
асырудағы жұмыс берушілердің жеке заңнамалық бірігуі мен қоғамдық-
заңнамалық беделіне ие болуы, сауда-өндірістік палатасының заңнамасы мен
қаржыландыруының тетігі тұрғысынан мемлекет осындай ұстанымдарды
қолдануға талпынады.
ГФР-ның кәсіби білім беруіндегі жалпы құрылымы федералдық, жер
(өңірлік) және муниципалды органдар, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар,
кәсіптік білім берудің қаржыландыру жүйесі мен басқаруға қатысты
жауапкершілік заңнамалық құжатқа сәйкес анықталған.
Кәсіпорындағы кәсіби даярлыққа байланысты кәсіптік мектептер,
мамандығына қатысты жалпы білім беру пәнінің практикалық және теориялық
даярлығына сәйкес қосымша оқытуды қамтамасыз етеді. Кәсіптік мектептерді
жергілікті жерлер (аймақтар) қаржыландырады.
Осыған байланысты кәсіби білім беру мекемесі үш әдістің біреуін
таңдайды:
- енжар, еңбек нарығының талабы мен әлеуметтік ортадағы сыртқы әсерін
көздейді;
- белсенді, еңбек нарығының динамикасын баса оза түсетін күйде болады;
- түрленетін, еңбек нарығында өзінің мүмкіндігін өтейтін жаңа білім беру
шартының еңбек нарығына белсенді әсер ету [127].
Ұлыбританиядағы көптеген оқу орындары екі әдісті қолданатын сауда
ұйымымен белгілі, ал ГФР-да барлық кәсіптік мектептер енжар әдісті
қолдайды. Алайда, басқа жағынан олар өзінің аймағының қажеттілігіне
байланысты «сұраныс-ұсыныс» бағытында оқыту жүйесін қарастыра отырып
нарықта білім беру шартының қалыптасуын әсер етеді. Осыған орай, білім беру
қызметінің барлық саласын қамтиды [128].
Білім беру қызметінің нарығы кәсіби білім беру ұйымының стратегиясы
мен әдісін таңдай отырып қазіргі талапқа сәйкес жүйе құрушы фактор ретінде
кәсіби білім беру жүйесінің педагогикалық алғышарты болып табылады.
Сондықтан, осындай нарықты қалыптастыру кәсіби білім беруді
дамытудың талабы мен бірінші деңгейлік міндеттердің бірі болып саналады.
Бір жағынан, қажеттілікті өтеу үшін экономиканың барлық саласы мен
еуропалық кәсіптік білім беру мекемесіндегі кәсіпорынның жұмыс
қабілеттілігін сақтауда (еңбек нарығындағы сұранысты өтеу үшін нарықтағы
қызметтің әртүрлі типі мен оқыту мерзімін іске асырудың әртүрлі үлгісін
қалыптастыруда) мамандарды даярлау үшін өзінің білім беру шартын ұсынады
[129]. Басқа жағынан алатын болсақ – кәсіптік білім беру мекемелерінің
барлығы нарықта тең бола тұра оқу орындарының бұйрығына сәйкес өндірісте,
экономикада және қызмет ету саласында мамандарды сапалы даярлауды
қамтамасыз етудегі кәсіптік білім берудің дамуының маңызды бөлігі болып
табылады.
96
Нормативтік-құқықтық реттеу мен заңды бақылау тұрғысынан да кәсіптік
оқытудың екі құрамдас жүйесі ажыратылады. Германияда кәсіпорында оқыту
белгілі бір кәсіпке баулу/оқыту федералдық деңгейде бекітілген және барлық
федералдықаймақтар
кәсіпорындарына
бірдей
кәсіптік
оқытуды
ұйымдастыру туралы ережесімен реттеледі. Кәсіптік оқытудың бұл
формаларын заңды бақылау да кәсіптік білім беру туралы федералды Заң
ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіптік мектептерде оқу жекелеген
федералды облысқа ғана лайықты жүретін бағдарламаларға сәйкес жүзеге
асырылады. Демек, әр федералды округ белгілі бір мамандықты оқытуда өз оқу
бағдрламасын басшылыққа алуына болады деген сөз. Ондай бағдарламалар
федералды аймақтардың білім және мәдениет министрлігінің ұдайы
конференциясы сынды айрықша құрылым деңгейінде құрастырылып,
келісілген бағдарлық оқу бағдарламасы негізінде құрастырылады. Бағдарлық
оқу бағдарламасы әрбір федералды аймақ деңгейінде оқу бағдарламасын
құрастыруда ұсыныстық сипатқа ие. Оны еш өзгеріссіз сол күйінде қабылдауға
немесе белгілі бір оқу мамандығына арналған өз оқу бағдарламасын
құрастыруда негіз алуға болады. Дуальді жүйедегі мектептік оқуды заңды
бақылау федералды мәдениет және ағарту министрлігіне және әр облыста оған
бағынатын инстанцияларға жүктелген және аймақтық заң бар болса, сонымен
реттелуі мүмкін.
Осы тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде Германияның кәсіптік білім
берудің дуальді жүйесі – көбінесе жеке меншік кәсіпорындар анықтайтын
модель болып табылады. Осы елде қалыптасқан дәстүр бойынша, бірде-бір
кәсіпорын өндірістік оқытумен айналысуға мәжбүрлемейді. Мұндай шешім
қабылдау тек қана кәсіпорынның өзін-өзі басқару органдарының құқығы болып
табылады. Кәсіпорындар мамандарды оқытуға байланысты едәуір шығын
шығаруға дайын, өйткені сапалы кәсіптік оқытуға жұмсалған шығын капиталға
жақсы салым салу болып табылатынын жақсы біледі.
Дегенмен, бүгін Германияда әрбір кәсіпорын кәсіптік оқытумен айналысу
құқығына ие емес. Кәсіптік білім беру туралы федералдық Заңға сай кәсіпорын
«оқушылардың саны оқушыларға бөлінген орынға сәйкес болса немесе
кәсіпорын жұмысшыларының санымен белгілі бір арасалмақты сақтағанда»
ғана кәсіптік оқытуға құқылы (22 тармақ). Сондай-ақ «оқу шеберлерінің кәсіби
білігі мен оқу орнының жарамдылығы» да құзыретті инстанциялар тарапынан
бақыланады [130, с.150]. Кәсіпорындардың бәрі бірдей заң талабына сай келе
бермейтіндіктен, сондай-ақ олардың көбі оқу үдерісін тікелей өндіріс орнында
ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болмағандықтан тағы бір модельдің туындауына
себеп болды. Мұнда бірнеше кәсіпорын бірлестігінде нормативтік талаптардың
орындалуына кепілдік беретін «оқу бірлестігін» немесе «өндіріс аралық одақ»
құрады. Осы модельге сәйкес кәсіптік оқытумен айналыса алатын
кәсіпорындардың саны едәуір артты, ал бұл маңызды қоғамдық-саяси міндет
болып саналатындықтан мемлекет тарапынан өндіріс аралық оқу орталықтарын
ұйымдастыруға әжептеуір қомақты ақша бөлінеді.
Кәсіби білім беруді ұйымдастыру туралы ережелердің үш түрі бар [179]:
Достарыңызбен бөлісу: |