93
2.3 Германияның кәсіби білім беру жүйесінде дуальді оқытудың
типтері мен тұжырымдамалық моделі
Бүгінгі таңда Германияның кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқыту
бір жағынан ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды дамуынан, екінші
жағынан оқушылар контингентінің күннен күнге өзгеріске ұшырауы
тұрғысынан қызу талқылануда. Осы уақытқа дейін кәсіптік оқыту теориясы
мамандықтың адамның бүкіл саналы өмірін анықтайтындығына сүйенсе, ал
қазіргі уақытта осы ережеге күмән келтірілуде. Өйткені бүгінгі күнде әрбір
адам өзінің еңбек жолында мамандығын кем дегенде бір рет өзгертуге мәжбүр.
Және бұл зерттеуді талап ететін проблеманың бір ұшы ғана.
Барлық елдердің мемлекеттік құрылымында кәсіптік білім беру қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін әрбір мүшесінің бәсекеге
қабілетті және еңбек нарығына икемді болуын қамтамасыздандырады. Жаңа
технологиялардың пайда болуы жұмыс орнында техникалық және
кәсіпорындағы еңбек үдерісінің ұйымдық өзгеруіне алып келуде. Басқаша
айтқанда, жұмысшы мамандардың біліктілігінің өндірістік талаптардың
өзгеруіне сәйкес келе бермейді. Осындай сәйкес келмейтін жағдайдан
құтылудың екі жолы бар: жұмысшы мамандардың біліктілігін көтеру мен
оқушы жастардың кәсіптік даярлығын икемді ету болып табылады.
Зерттеулерде көрсетілгендей, кәсіптік білім беру еңбек нарығының талабына
практикалық бағытталған, мықты біліктілікке ие маман ғана орныға алады.
Дүниежүзілік тәжірибеде кәсіби білім берудегі ұйымдарының үш типін
зерттеу кезінде анықталып және сарапталды:
- Мектеп үлгісіндегі кәсіптік білім беру ұйымы;
- еңбек нарығына қатаң түрде бағыттайтын нарықтық үлгідегі кәсіби білім
беру ұйымы;
- әлеуметтік-нарық бағытындағы дуальді жүйе үлгісіндегі кәсіптік білім
беру ұйымы [119].
Мектеп моделінде құрылымдалатын кәсіптік білім беру ұйымы
мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қордан құрылады. 90 жылдардың
басына дейін мұндай модель КССРО-нда бастауыш кәсіптік білім беру жүйесі
ретінде және әлеуметтік лагерьде (Болгария, Венгрия, Чехословакия және т.б.)
жұмыс істеді. Қазіргі таңда еуропалық елдердегі мектептік үлгі формасында
Франция, Италия, Швеция және көптеген дамушы елдер кәсіптік білім беру
жүйесінде орын алып отыр [120].
Ресми кәсіби білім беру ұйымдары еңбек нарығында өзінің білім беру
шартын ұсынуда, алайда олардың ұсыныстары кәсіптік білім беру ұйымының
әртүрлі типтегі мамандықтарды оқытуға қабылданатын жалпы оқушылар
санына байланысты, басшылыққа алынатын жоспарлы көрсеткіштер арқылы
қатаң мемлекет тарапынан бақыланады [121]. Осыған орай жеке меншік
кәсіпорындар кәсіптік білім беру ісіне қатыспайды немесе олар өндірістік
тәжірибеден өтетін орын ретінде қатыса алады. Өндірістік және экономикалық
құрылымдардың азғантай бөлігі мемлекеттік органдарға қатысуы нормативтік
құжаттар мен біліктілік талаптарға сәйкес жасалынады.
94
Кәсіптік білім берудің жоғары деңгейінде стандартталуы әртүрлі
аймақтардағы мамандардың бірыңғай білім беру бағдарламасына дайын
болуына және бірыңғай деңгейде талап етілетін емтиханды тапсыруда,
біліктілікке ие болуда кәсіптік даярлықтың сапасын қамтамасыз етеді.
Мамандықтың мемлекеттік үлгідегі дипломы сол мемлекет аймағындаы
кәсіпорынға және ұйымға жарамды болып табылады. Мектептік үлгідегі
кәсіптік білім беру ұйымы практикалық модельдеуге сай келетін мамандығына
қатысты мамандарды даярлайды [122].
Осы үлгіде техникалық мамандықтар бойынша мамандарды кәсіби
даярлау тиімді емес. Мектептік үлгіде құрылымдалған кәсіби білім беру
ұйымдарының түлектері еңбек нарығы жөнінде нақты түсінігі болмайды.
Олардың арасындағы өзара байланыс «сұраныс-ұсыныс» деңгейінде болады.
Кәсіби білім беру ұйымының өндірістік шартының құрылымдалуы еңбек
нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың, кәсіби білім беру саласындағы өзара
тығыз қарым-қатынас негізінде нарықтық үлгіге бағытталуы, бәсекелестік
күресіне және нарық механизміне қатаң түрде орнығуынан талап етіледі. Осы
үлгіде Ұлыбритания, АҚШ, Жапония жұмыс атқарады [123].
Нарықтық үлгіде мемлекет кәсіптік оқытуға қатыспайды немесе өзінің
кәсіптік оқыту орталығы арқылы кәсіби даярлықты ұйымдастыратын
кәсіпорынға қажетті көлемде қатыса алады. Мұндай жағдайда оқыту кәсіпорын
жұмысы мен олардың өндіріп жатқан өнімімен тығыз байланысты жүзеге
асырылады және мүмкіндігіне қарай өз тауарының еңбек нарығында
өтімділігіне қарай мамандық бойынша кәсіби даярлық қажеттілігін кәсіпорын
өзі қаржыландыратын болады. Кәсіпорындағы кәсіби даярлықты ұйымдастыру
мемлекеттік сектор мен мемлекеттік бағыныштылықты азайту үшін талпынады,
сонымен қатар оқытуды ұйымдастыруда нарықтық тәсілді көтермелейді [124].
Осындай бастамалар кәсіптік оқытудың білім беру ұйымы мен кәсіпорын
арасындағы бірыңғай үлгіні құруға мүмкіндік жасайды. Мұндай жеке меншік
кәсіпорындардың даярлық сұлбасын Дүниежүзілік банк қолдайды.
Кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқыту өзінің базасы негізінде
теориялық оқытуын кәсіпорының практикалық даярлығымен байланысатын
кәсіптік мектептер, кәсіпорындағы кәсіби даярлықтың бөлімі немесе оқыту
орталығымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Негізінен осы үлгіде ГФР-ның
кәсіби білім беру ұйымы қызмет етеді. Осындай үлгіде Австрия, Швейцария,
Дания елдері кәсіби білім беру ұйымдарын құрылымдайды. Американың кейбір
штаттары дуальді оқыту тәжірибесі аясында жұмыс атқаруда [125].
Германияда мемлекеттік-корпоративтік жоспарлау жүйесі, кәсіптік білім
беру жүйесі экономикалық бірлестіктердің (одақтардың), кәсіподақтардың
және палаталардың, жастар үшін кәсіптік оқытуды қамтамасыз ететін нақты
кәсіпорындардың әсерінен бұрынғыдан да теңдестірілген шешімдер
қабылдады.Осы шешімдерде кәсіпорындардың мүдделері мен бүкіл қоғамның
мүдделері теңдестірілді [126].
Кәсіби білім берудің мәселесін шешу мемлекет тарапынан жеке
экономика секторы арқылы бірлесе отырып қаржыландырады (көп арналы
Достарыңызбен бөлісу: |