52
қоймаған және кеңестерге зәру жаңа жұмысшыларды өз айналысына бірлестіре
отырып, олардың ұстазы болды. Олар қолөнер кәсібінің негізін салушылар
болғанына қарамастан жаңадан бастаушылардың өз шығармашылығына
еліктеушілер тәрбиелеуден аулақ болды. Олар дәстүрлі техниканы жетік
меңгере отырып, жастардың көркемдік саласындағы дарындылығын дамытуда
олардың мүмкіндіктерінің шексіздігін көре білді, халық талғамын терең
түсінген нағыз суретшінің өз мәнерімен жұмыс істеуіне пайдасын тигізе
алатындығын білді. Сондықтан да жаңа өнер адамына қолөнерінің негізін
көрсете отырып, оған оқу процесінде игергенін бұдан әрі байытып және
дамытып, өздігінше жасауына кеңестер беріп отырды.
Бесаспап шеберлердің жастармен осындай қарым-қатынасындағы бастысы
жастардың қолөнері дағдыларын игеруі ғана емес шығармашылық тұрғыдағы
айрықша көзқарастарының болуы саналды. Қолөнер кәсібіндегі көрнекті
суретшілердің абыройы жаңа бастаушылардың өнер туындыларын жасаудағы
дәстүрлі әдістердің мүмкіндіктерін пайдалану туралы жеке көзқарастарының
қалыптасуына, кәсіпшілік ұжымы арасында өз орнын таба алуына септігін
тигізді. Артельге жұмысқа орналаса салысымен жас маман қарапайым
жұмыстарды өз бетінше атқарып жүріп, өз ұстазымен қайта кездеседі және
оның бастапқы жұмыстарынан бастап бұйым болып біткенге дейінгі өңдеу
жұмыстарына дейін бастан аяқ бақылап үйреніп отырады. Оқудан жұмысқа
орналасуының осындай бірізділігімен белгілі шеберлердің қол астында болған
оқушылар мектепті немесе училищені бітірген соң да олардың мүмкіндіктері
мен қабілеттерінің деңгейін, өсуін білетін ұстаздарының қамқорлығына қайта
барады. Ұстаздарының шеберлігін үйреніп және ақыл-кеңестерін тыңдап өскен
шәкірттер өзінің шеберлігін жетілдіре түсті, қолөнер дәстүріне үлкен
сыйластықпен
қарады
және
өздері
шығармашылық
тұрғысындағы
жұмысшылар қатарына тез арада қосылды [43].
Сонымен Ұлы отан соғысына дейінгі кезеңде шеберлерді даярлау
жүйесінің іс-әрекеті ғасырлар елегінен өткен ерте дәуірдегі шәкірт тәрбиелеу
формасынан айтарлықтай айырмашылығы бола қоймады. Өйткені әрбір
суретші болашақ кәсібінің бастапқы негіздерін отбасында үйренсе, содан кейін
белгілі бір шеберге шәкірт болса, мектепті бітірген соң да өзінің бұрынғы
ұстазының бақылауында жұмысын жалғастырған.
Кәсіби өнермен дәстүрлерді бірлестіру өте қиындықпен берілді. Оның
үстіне пән оқытушыларының оқыту амал-әдістері мен мүмкіндіктері әр түрлі
болды. Кәсіби суретшілер халық өнерінің бірқатар дәстүрлері мен дағдыларын
білмеді және кеңестік кезеңдегі әдебиеттерде халық өнерін жақтаушылар
«ғалымдар өнерін» халық кәсіпшілігінің маңызын жойды деп, айыптады. Қайта
осы кәсіби суретшілер халық кәсіпшілігін өркендету процесін бастады және ХХ
ғасырдың басында қайта жалғастырды.
Шеберлердің кәсіби суретшілермен бәсекеге түсе алмауының себептері
болды:
1. Өз білімдерін қысқаша айтып түсіндіре алмады.
53
2. Өзінің дәстүрлі түсініктерге құрылған образды жүйесін жеткізу
іскерліктері болмады.
3. 1-3 шәкірттен тәрбиелеу тәжірибесі болды және топпен жұмыс істей
алмады.
Осы айтылып өткендер нәтижелі оқыту үшін дарынды шебер немесе
суретші болудың жеткіліксіздігін, оларды үйрете білу іскерлігінің қажеттілігін
көрсетті. Өнеркәсіптің болмаған, барлық зат, бұйымдарды қолмен жасайтын
кезеңінде әкеден балаға, шеберден шәкіртке жүйесі ғана мүмкін болды.
Өнеркәсіптің дамуымен бұйымдарға талап-сұраныстар көп болды және
жаңа білімдермен қаруланған суретші-өнеркәсіпші даярлаудың қажеттілігі
артты. Өкінішке орай, бұл кезең дәстүрлерге аз көңіл бөлінуімен сипатталады.
Сол себепті әкеден балаға, шеберден шәкіртке жүйесі кәсіпшілікте, белгілі
бір сәндік-қолданбалы өнер жұмысшыларын үйретуге арналған жұмыс
орындарында, яғни еңбек бөлінісі мүмкін болатын, дәстүрлер, қағидалар негізгі
мәнге ие болатын өндірістерде сақталды.Топтық оқыту үшін өз ісінің шебері
ғана болу аз болды, педагогикалық арнайы қабілеттер, психология білімдері,
оқытушының өзінің жалпы білімінің жоғары деңгейі қажет етілді. Бұдан басқа
оқытуда арнайы оқу әдебиеттері, әр түрлі оқу құралдары пайдаланылды.
ХІХ ғасырдың орталарынан бастап қолөнерінің кесте және т.б. түрлері
бойынша арнайы оқу құралдары жарық көрді. Олар жасалу жұмыстарының
бірізділігін: қолданылатын материалдарды, бояуларды, құрал-саймандарды мен
үлгілерді сипаттаудан тұрды. Бұл жүйе біздің дәуірімізге дейін жетті. Оған
мысал ретінде К.Мұқановтың «Жүннен жасалатын бұйымдар» кітабын атауға
болады [35, б. 111].
Ертеректе шыққан осындай оқу құралдары әуесқой шеберлердің жұмысын
негізге алды. Мұндай практикалық, әуесқойлық деңгейдегі өнер түрлерін
сипаттаудың өзі материалдар мен бояулардың қасиеттері туралы жақсы
білімдерді, іскерліктерді талап етті. Оқу құралдарын пайдалану қажетті
білімдердің орнын толтырды, өйткені бұл еңбектерде үйренушілер үшін жұмыс
технологиясын сипаттаумен бірге, құрылымы, бояу түстерінің шешімдерін
таңдау бойынша кеңестер берілді. Оқу құралдарының авторлары жұмыстардың
белгілі бір көркемдік деңгейде орындалуы үшін талғам қалыптастыруға мән
берді. Мұндай оқу құралдары бүгіннің өзінде сәндік-қолданбалы өнерді
үйренушілер үшін қызығушылық тудырады.
Осындай оқулықтар ХХ ғасырдың басында оқу орындарына таратылды.
Олар тарихи тұрғыдан белгілі бір қызығушылық тудырады, өйткені сырттай
оқыту сабақтарының мазмұны берілген, материалдардың қасиеттері,
технологиясы толық сипатталған және құрылымы бойынша кеңестер орын
алған осындай оқу құралдары үйренушілерге жіберілді [41, с. 108].
Мұндай оқу құралдарының кәсіби оқытумен ұқсастықтары бар. Атап
айтқанда ұқсастықтар мыналардан байқалады: материалдар мен бояуларды
іріктеу, бояу реңктерін құрастыру, дәстүрлі және қазіргі мотивтерді құрастыру,
талғамды дамыту, қарапайым заттарды жасау арқылы шеберлікті шыңдау,
Достарыңызбен бөлісу: |