44
ойымыздың дәлелі. Мұндай қарым-қатынас ұстаздың шәкіртіне деген сенімін,
сыйластығын, оның талабын қолдауын, өнерге құрметін білдіреді. Ал одан
шәкірттің ұстазға, өнерге сүйіспеншілігі, еңбексүйгіштігі, ынта-ықыласы
артады. Осындай сыйластықты көріп өскен шәкірт өзі ұстаз болғанда шәкіртіне
де сондай қарым-қатынас жасайды. Халықтың сәндік-қолданбалы өнерінде
шәкірт тәрбиелеудің игі дәстүрлері осылайша пайда болып отырған.
Шәкірттер тәрбиелеу үшін арнайы оқу (үйрету) орындарының болу
қажеттігі белгілі. Бірақ, қазақ қолөнершілерінің, ертеде арнаулы өзінің
отыратын жұмыс орны, шеберханасы да болмаған. Мұндай жағдай жартылай
көшпелі өмір сүріп, тіршілік еткен елдің жағдайымен байланысты болғандығы
айқын. Күнделікті тіршілік етіп, еңбекақы табу үшін қолөнершілер көшпелі
елмен бірге ілесіп, олар қайда барса, бұлар да солармен бірге көшіп отырған.
Осындай жағдайларға байланысты қолөнершілер құрал-саймандарды мейлінше
қысқартып, өте аз ұстаған және алып жүруге ықшамды етіп істейтін болған.
Тек, теміршілердің өзі отыратын үйінің ішінде ғана темір соғатын шағын
орны болған. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінде шебердің шәкірт
тәрбиелеу дәстүрі негізінен метал өңдеу өнері негізінде дамығандығы
сондықтан.
Ертеректе дүкенді кәдімгі киіз үйге, шыбықтан тоқылып, іші-сырты
сыланған шошалаға, қам кірпіштен соғылған там үйлерге құра беретін.
Дүкеннің ішіне шеберлердің құрал-саймандары орналасады. Ұсталар дүкенде
жұмыс істеген кезде түрлі бұйымдар соқтырып алу үшін адамдар кіріп-шығып
жатады. Немесе, дүкенге ақсақалдар жиналып, мәжіліс құрады. Түрлі аңыз-
әңгімелер айтылады.
Темір ұсташылығы мен зергерлік өнері атадан балаға мұра болып,
ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған. Ұсташылықпен ер кісілер айналысу шарт
болса, зергерлік өнерімен әйелдер де, көбінесе зергердің әйелдері айналысатын
болған. Егер зергер кісі дүниеден қайтып, оның жолын қуар балалары болмаған
жағдайларда оның зергерлік қызметін әйелі атқаратын болған. Зергерлер
бұйымды тапсырыс берушінің материалынан жасайтын болған [38].
Ертеде олардың жұмыс істеуге арналған қолайлы жағдайлары
болмағандықтан жұмысын өзінің отбасының алдында киіз үйдің бір шетінде
отырып істеген. Күннің ыстық кезінде өз шәкіртін ертіп алып, «Ел қайда болса
біз сондамыз» - деп жайлауда жүріп, үй иесінің тапсырмасын соның үйінде
отырып жасайтын болған.
Көбінесе шеберлер осылайша тиісті құрал жабдықтарын өзімен бірге алып,
жұмыс жасатушылардың үйіне барып, қашан істеп біткенше сол жерде отырып
атқарған. Кейіннен олардың кейбіреулері өздеріне жұмыс істейтін орын –
шеберхана салып алды.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда құрылған жеке меншік қолөнер шеберханалары
шеберлерді дәстүрлі бағдарлама негізінде даярлады. Мұнда да үйретудің 17
ғасырдағы ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасына негізделген үйретуден
айтарлықтай айырмашылығы болған жоқ. Оқуды үйретуді қолына алған шебер
үйренушіге қолөнері білімдерінің бәрін меңгертуі тиіс болды. Оқушыдан
45
шебердің барлық көрсеткендерін орындауы талап етілді. Шәкірт оқуды
тәмамдағаннан соң өзінің бір бұйымын жасап көрсетіп, белгілі бір өнеркәсіпке
жұмысқа тұрғаннан кейін ғана өзіне ұнайтын мәнермен, өз ойымен жұмыс
жасауға мүмкіндік алды. Бірақ шебердің қағидаларына сәйкес шәкірттік
кезеңде игерген өнер негіздеріне өмір бойы сүйенуге тырысатын болған.
«Шеберлігі ұстазынан да асып түсті» деген сөз олар үшін ең жоғарғы
дәрежедегі мадақтау болды. «Ұстаздан шәкірт озған» деген нақыл сөз осыдан
қалса керек.
Сәндік-қолданбалы өнердің басқа түрлерінің, соның ішінде тоқыма
өнерінің киіз басу, текемет басу, сырмақ сыру, қақпа алаша тоқу, кілем тоқу,
ши тоқу, басқұр тоқу өнеріне қазақ қыздары жаппай үйретілді. Оларға
ауылдың салиқалы қариялары, үлкендері басшылық жасаған. Олар бұйымның
орындалу барысындағы жұмыс түрлерін көрсетіп, қадағалап, қажет жерінде
ескерту жасап, қайта жасатып үйретіп отырған. Ертеректе тіпті әрбір үйдің
қызы бұл өнердің қыр-сырымен таныс болуы міндетті саналған. Бұл олардың
тұрмыстық, практикалық қажеттілігінің аса маңыздылығына және жасалу
тәсілдерінің қысқа мерзімде орындалуына және жеңілірек болуына байланысты
болуы мүмкін. Олай дейтініміз киіз, текемет басудың жүн түту, жүн сабау,
қарпу, білектеу, тебу сияқты тәсілдерін балалар мен жеткіншектердің бәрі де
жасай алатын болған. Кілем, алаша, басқұр тоқудың да тоқу әдістерін үлкендер
бір-екі көрсеткеннен-ақ қазақ қыздары құлақтарына құйып, зерделеріне тоқып
алған. Өйткені олардың үлгілерін шебер, ісмерлер даярлап береді де,
жасөспірім қыздар сол үлгілерге қарап отырып шалу, теру, қағу, қию әдістерін
орындап отырған. Ал өрнектің үлгісін жасау, ойдан өрнек құрастыру, киіз,
текеметтердің оюларын бастырып беру шеберліктерін зейінді, ынталы қыздар
бесапап ісмерлерден үйренетін болған. Киіз басу, текемет басуға арнайы құрал-
саймандардың аса қажет болмауынан арнайы шеберхананы қажет етпеген. Бұл
қазақтардың көші-қон өмірінде де, отырықшылық тұрмысында да мүмкін
болған [39].
Сонымен қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінде шәкірт тәрбиелеу
тәжірибесі мен дәстүрлеріне жасаған талдау оның мынадай дәстүрлі
формаларының қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді:
1 Отбасында үйрету
- отбасылық (әке-шешесі, ата-әжесі, аға-әпкесі);
- туыстық (туыс аға-әпкесі, нағашы апа-әпкесі, нағашы апа-атасы т.б.);
- рулық (ру үлкендері, тәжірибелі қарттары және т.б.).
2 Жаппай үйрету (ауыл ақсақалдары, үлкендері және т.б.)
3 Шәкірттік (ісмер, ұста, зергер, етікші, ерші, үйші және т.б.).
Айтылып өткендей, халықтың сәндік-қолданбалы өнерінде негізінен
шәкірт тәрбиелеу ата-аналар, үлкендер, шеберлер тәжірибесінің ата-
аналардан, үлкендерден – балаларға, шеберлерден – шәкірттерге жеткізу
арқылы жүзеге асырылған. Қазіргі педагогика тіліндегі «мұғалім – оқушы»
қарым-қатынасы процесі халықтық педагогикада үйретуші – үйренуші,
үйретуші-ұстаз – шәкірт қарым-қатынасында берілген. Осы процесте
Достарыңызбен бөлісу: |