54
жылдам және анық өрнектеуге үйрену, яғни сол өнер түріне қажетті барлық
жасалу техникасын жасап көру.
Оқытудың қарапайымнан күрделіге қарай бірізділігіне баса назар
аударылады. Осы айтылғандардың барлығы сәндік-қолданбалы өнер түрлерін
үйренуде бүгінгі таңда да көкейкестілігін жойған жоқ.
Тарихи дерекнамаларға жасаған талдау сәндік-қолданбалы өнерге
үйретудің мынадай дәстүрлі формаларының ХХ ғасырдың бас кезеңінде
қолданылғанын анықтауға мүмкіндік берді:
1. Жеке үйрету:
- үйде, әкеден балаға схемасы бойынша;
- шеберде, шеберден шәкіртке схемасы бойынша;
- жұмыс орнында, шеберден шәкіртке схемасы бойынша;
2. Ұжымда үйрету:
- аулада, үлкендерден балаларға схемасы бойынша;
- арнайы оқу шеберханаларында шеберден шәкірттерге схемасы бойынша;
- қолөнер мектептерінде;
- арнайы оқу орындарында.
3. Оқу құралы арқылы сырттай үйрету.
Сонымен ең алғашқы үйрету формасы болып әкеден балаға, шеберден
шәкіртке, яғни жеке үйрету табылады. Дәл осы бастапқы форма үйретудің
басқа формаларында толығымен немесе бөліктерінің сақталуы дәстүрге
айналған.
Топтық үйрету – шеберде, шеберханада немесе жұмыс орындарында
бірнеше шәкірттерді үйрету, сондай-ақ оқу мекемелеріндегі топтық үйрету де
шеберден шәкіртке схемасымен жүргізіледі. Алайда мұндай жағдайда ол
үйретудің бір бөлігі болып қана саналады. Тәжірибе көрсеткендей бастапқы
схема үйретудің қай формасына болсын қажетті және ең дәстүрлі болып
табылады. Сонымен бірге үйретудің дәстүрлі түріне ұжымдық үйретуді де
жатқызуға болады.
Сәндік-қолданбалы өнердегі шәкірт тәрбиелеу тәжірибесіне жасаған
талдау олардың дәстүрлі формаларында қойылған талаптарды жинақтауға
мүмкіндік берді:
- өз еңбегіне сын көзбен қарау;
- халық дәстүрлері мен қағидаларын білу және құрметтеу;
- дәстүрлі амал-әдістерді меңгеру;
- дәстүрді сөзсіз (мүлтіксіз) ұстану;
- еңбекті сүю;
- жақсы орындау техникасы;
- жоғары графикалық мәдениеті;
- бояу түстері туралы білімі;
- құрал-саймандарын дайындау іскерлігі;
- материалдар, бояулар т.б. және олардың қасиеттері туралы білімі;
- бояуларды, қорларды және т.б. өздері құрастыра білу іскерліктері;
- құрал-саймандарды қолдана білу іскерліктері;
55
- дәстүрлер аясында жеке шығармашылыққа қабілеттілігі.
Осы талаптарды жүзеге асыру мақсатында мынадай ережелерді білуге
және сақтауға, қолдануға тиіс болды:
- шебердің нұсқауларын бұлжытпай орындау;
- материалдарды және бояу түстерін және олардың қасиеттерін зерттеу;
- шеберліктің амал-әдістерін зерттеу;
- сурет салудағы сансыз жаттығулар;
- дәстүрлерді, архетиптерді және қағидаларды зерттеу;
- қабылданған қағидаларды дәл орындаудағы жаттықтырулар;
- ертедегі шеберлер жұмыстарын зерттеу;
- оқытудың қарапайымнан күрделіге қарай бірізділігін сақтау;
- қабілеттілігі мен бейімділігіне қарай мамандандырылуы;
- қазіргі өнерді зерттеу.
Қазақ халық педагогикасында сәндік-қолданбалы өнерге үйретудің
дәстүрлі формалары дәстүрлер мен қағидаларды мүлтіксіз орындаудан басқа
олардың әдістерін, бүгінгі таңда да осы мақсатта қолдану аса тиімді. Ал біздің
ойымызша, шәкірттің шеберге сөзсіз бағыну әдісін қолдану тиімсіз. Өткен
ғасырдың өзінде-ақ үйретуші-ұстаздар және кәсіби оқытушылар шәкірттерге өз
көзқарасы мен талғамын күштеп таңуға болмайтынын, ал керісінше шәкірттің
жеке өзіндік көзқарасын дамытуға ықпал ету қажеттігін түсінді. Қазақтың
халықтық өнер дәстүрінде сәндік-қолданбалы өнер шебер мен оның шәкіртінің
бірлескен шығармашылығы болды.
Суретші-шебер-ұстаздардың шығармашылығы халық өнерін дамытудың
негізгі және маңызды пәні болып келді және болып қала береді. Шебер-
ұстаздар жұмыстарының үлгісінде жас мамандардың ғана емес, бұрыннан істеп
келе жатқан суретшілердің де дүниетанымы өзгереді. Сол себепті де қолөнер
өндірісі негізінде құрылған мамандандырылған училищелерде оқушыларды
бесаспап шеберлердің шығармашылық әдістерімен таныстырды, олардың
жұмыстарын оқу барысында бірнеше рет көшірмелеуді ал жұмыс істеуді
бастаған жас мамандарға осы шеберлердің үлгісіне салып өз нұсқаларын
жасауды талап етті.Дейтұрғанмен бірінші бесжылдықта жалпыға бірдей
бастауыш, содан соң жеті жылдық білімнің енгізілуіне байланысты, ірі
кәсіпорындарда арнайы мектеп-училищелердің ұйымдастырылуымен дәстүрлі
шәкірт тәрбиелеу формасының бірінші деңгейі – қолөнерінің бастапқы
негіздеріне балаларын кішкентайынан үйрету ұмытыла бастады. Енді ата-
аналар тапсырыстарды орындауда балаларының бұрынғыдай өздеріне
көмектесуін талап етпеді. Отбасының дәстүрлі шеберлігіне тән құпияларын
олардың арнайы мектептерді бітіріп, артельге жұмысқа келгеннен кейін үйрете
бастады.
Балалардың
үлкендерге
көмектескісі
келетін
тілектеріне
немқұрайдылықпен қарады.
Ұлы Отан соғысынан кейін көркемөнер кәсіптері ұжымдарының әр түрлі
мемлекеттік ведомстволарға бағынуына, бірқатар артельдердің фабрика және
заводтар типіндегі ірі мекемелер болып қайта құрылуына байланысты көптеген
қолөнер кәсіпшіліктері үлкен өзгерістерге ұшырады. Басқаша айтқанда мұндай
56
кәсіпорындар бұйымды жасау процесіне құрылды: материалды қолмен
өңдеумен айналысатын суретшілердің саны азайды, ұжымда өнімді
дайындайтындар арасынан құрамы көп адамдардан тұратын топтар бөлініп
шықты және бұйым ассортименттерінің үлгілерін жасайтын аз ғана шеберлер
болды.Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі өнеркәсіптердің жағдайына
байланысты қолөнері оқу орындарында шәкірттер тәрбиелеу әдістемесі де
өзгерістерге ұшырады. Бірқатар кәсіпорындарда соғыстан кейін мектептер
қайта ашылған жоқ, ал кәсіпорынның өзінің жойылуына шақ қалды. Сақталып
қалған училищелерге тек қана қолөнер кәсібімен айналысатандардың балалары
ғана емес, олардан басқа да облыстардан, тіпті республикалардан қабілетті
жастар қабылданды. Оқыту жүйесінде училище оқытушысы – қолөнер шебері
болуы міндетті саналмады. Олардың оқытушылық қызметі шығармашылық
жұмыстармен айналысумен ғана шектелді. Олар ұжымның мүшесі болудан
қалды және оның жұмысына белсенді араласа алмады. [39 ]
Бірқатар кәсіпорындарда, әсіресе бұйым үлгілерін жасайтын суретшілер
тобында ата кәсібін үйрететін шеберлердің жетіспеуінен мәскеу және
ленинградтық училищелерді және басқа да орта оқу орындарын бітірушілерді
ала бастады. Сонымен бірге ірі фабрикалар мен заводтарға айналған
кәсіпорындарда орта білімді ғана емес, жоғары білімді мамандардың зәрулігі
сезілді. Алайда, дәстүрлі халық өнері орталықтары арасынан («Тұскиіз»
фабрикасы және т.б.) жұмыс істеу принциптері мен шеберлерді даярлау
жүйесін өзгерте қоймағандары болды. Мұндай көркемөнер өндірістерінде
әрбір бұйымды шебердің қол еңбегімен атқаратын бұрынғы жұмыс жүйесі де
сақталды. Мұнда топтап шығарылатын бұйымдар үлгілері не шектеулі көлемде,
не нұсқалық тұрғыдан орындалды. Бұл шеберге модельді көшіруші ғана емес,
өзінің ойын енгізуіне және оның толыққұқықты жасаушысы болып шығуына
мүмкіндік
берді.
Қолөнер
шебері
жұмыс
процесінің
осылайша
ұйымдастырылуы олардың шығармашылық тұрғыдан еңбектенуіне мүмкіндік
туғызды. Олардың ұжымдарында бұрынғыша ата кәсібі әдістерін сақтау,
көрнекті суретшілердің бүкіл артель өнеріне әсер етуі принциптері маңызды
болып саналды. Мұндай кәсіпорындарда училищені жаңа бітіріп келген жас
суретші алғашқы жұмыстарын ұжымның жетекші шеберінің туындыларына
ыңғайластырып істеді.Әсіресе кәсіби емес училищені бітіріп келген
суретшілердің халық өнері дәстүрімен жұмыс істеп кетуі қиынға соқты. Олар
жұмыс процесінде бәрін жаңадан үйренді, ең қабілеттілері ғана ұжымның нағыз
теңқұқықты мүшесі болып кете алды. Әрине олардың қайта тәрбиеленуі
тәжірибелі шебер ұстаздан тәжірибеден өткенде ғана мүмкін болды.
30-жылдардың аяғы мен 50-жылдарда пайда болған халық өнері мен
өнеркәсіптік өндірістің «қосылуы», халық өнері атын жамылған арзан жасанды
бұйымдарды дүниеге әкелу негізінде халық өнерінің дамуына үлкен зиянын
тигізді. Мұнымен де тынбады. Мектеп бағдарламаларынан халықтық сарыны
бар барлық бағыттар алынып тасталды. Адам бала күнінен өзінің төл өнерінен
ажырады, оның тәрбиесі кіші мектеп жасындағы баланың жасына жат
материалдар, өлі формаларды талдау мен сол пәндерде қоршаған ортаны жіктеу
Достарыңызбен бөлісу: |