70
дуальді жүйе орныққан пікірді білдіреді. Оған химиялық бірігулер құрамының
екіжақтылығы (дуальді) туралы болжам негіз болады. Кейінірек, білімнің
дамып жетілуіне қарай бұл түсініктерге түзетулер енгізілді.
Педагогикада «дуальдік жүйе» тұжырымдамасы алғаш рет 1960
жылдардың ортасында неміс тілінде сөйлейтін көптеген елдерде (Австрия,
Швейцария) таратылатын кәсіби білім беру ұйымының жаңа формасын
белгілеу үшін ГФР-да қолданылған. Кәсіби оқытудың дуальді жүйесі белгілі
бір кәсіби мамандықтар бойынша оқыту тек қана кәсіптік оқу орындарында
толық апта күндерінде оқытатын, содан кейін тікелей кәсіпорынның жұмыс
орнында жалғастыратын және аяқталатын жүйеге қарсы болды. Кеңестік
кезеңде елімізде өмір сүрген кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі осылай
құрылды [73].
Біз кәсіби білім берудегі дуальділікті анықтауда С.П.Романовтың
анықтамасын негізге аламыз: «дуальділік» ұғымына «бұл өзара қарым-
қатынастағы үш әдіснамалық негіздердің: аксиологиялық (білім беру және
өндірістік
құндылықтар
мен
мақсаттардың
теңдігі),
онтологиялық
(құзыреттілік тәсіл), технологиялық (білім беру және кәсіптік қызметті
ұйымдастыру)
бірлігі».Соның
негізінде
біздің
тұжырымдауымызша
«кәсібибілім берудегі дуальді оқыту –аксиологиялық (білім беру және
өндірістік құндылықтар мен мақсаттардың теңдігі), онтологиялық (модульдік-
құзыреттілік тәсіл), технологиялық (білім беру және кәсіби қызметті
ұйымдастыру) үш әдіснамалық бірлік негізінде мамандар даярлаудағы білім
беру және өндіріс салаларының өзара іс-қимылын үйлестіретін мақсатты
кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың инновациялық түрі.
Бұл тәсілдің дәстүрліден негізгі айырмашылығы – білім, білік және
дағдыларды қалыптастыру кәсіби қызметтің күрделі жүйесін және маманның
ойлануын дамытуға бағынуымен аяқталады. Бұл жүйенің құрылымы осы
кәсіпке (мамандыққа) тән әртүрлі типтердің қызметіне, мысалы, өндірістікке,
технологиялыққа, басқарушылыққа, құрастырушылыққа және болашақ жұмыс
бейініне сәйкес келетін толығымен қалыптасқан қызметке негізделген. Мұның
бәрі, ең алдымен, болашақ мамандарды оқыту мазмұнын жаңғыртудыталап
етеді [74].
Германияда кәсіби білім берудегі дуальді оқыту кәсіптік білім, кәсіптік
оқыту туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын ұйымдастыру және
құқықтық тұрғыдан дербес екі білім беру мекемесінің өзара әрекеттестігін
қамтиды.
Оқу орындарындағы дуальді оқыту жүйесі бойынша оқыту қағидасы:
-Екі оқу орны: кәсіпорын (80%) және кәсіптік мектеп (20%);
- оқу және жұмыс: бір мезетте еңбек шарты және кәсіби даярлауға
арналған келісім-шарт жасалады;
- әлеуметтік әріптестердің дуальді жүйеге (оқу жоспарлары) қатысуы.
Бұл жүйе екі түрлі оқу-өндірістік ортадан тұрады: жеке меншік кәсіпорын
мен мемлекеттік кәсіптік мектеп. Олар ортақ мақсат аясында – оқушыларды
кәсіпке баулуға өзара бірлесіп әрекет етеді.
71
Кәсіпорынның оқу-өндірістік ортасы мыналарды қамтиды:
Оқушыға арналған жұмыс орны жартылай еңбек ақы төленуі;
Оқу шеберханасы немесе лабораториясы;
Өндіріс-ішілік оқыту;
Кәсіптік мектептің оқу-өндірістік ортасы мыналарды қамтиды:
Оқу сыныбы;
Шеберхана немесе лаборатория.
Кәсіпорында оқытудың дидактикалық негізін «Кәсіптік білім беруді
ұйымдастыру туралы Ережеде» қарастырылған үш негізгі компонент құрайды:
Оқу мамандығының сипаттамасы;
Оқытудың типтік жоспары;
Емтихандарға қойылатын талаптар.
Мектепте оқытудың дидактикалық негізі:
Оқу бағдарламалары;
Оқу жоспарлары.
Мұнда «дуальді жүйе» ұғымы алғаш рет кәсіптік блім алушыларға ғана
қатысты екенін айта кеткен жөн. Ары қарайғы оқу кәсіби біліктілікті арттыру
сатысында жүзеге асырылады.Осы қағидаларды негізге ала отырып жұмыс
жүргізеді. Дуальді оқыту үрдісі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып,
студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа
бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың
сауаттылығын қалыптастырады [75].
А. Шелтен кәсітік оқытудың дуальді жүйесінің келесідей айрықша
белгілерін атайды: [76, s. 57-62].
1. Дуальді жүйеде екі оқу-өндірістік орта – кәсіпорын мен мектептің
педагогикалық өзара әрекеттестігі іздестіріледі. Кәсіпорында оқыту оқу-жұмыс
орнында жүзеге асырылады. Кәсіптік мектепте оқыту оқу бөлмелерінде
сабақта жүзеге асады.
2. Кәсіпорындағы оқу негізінен кәсіби практикалық сипатқа ие болса,
мектепте - кәсіби-теориялық бағытқа ие, сондай-ақ жалпы білім берудің (орта
білім)
жалғасы
ретінде
қарастырылады.
Дей
тұрғанмен,
кәсіби
біліктілік/мамандану теориялық тұрғыдан күрделене түскен заманауи өндіріс
жағдайында аталған айырмашылықтар жойыла бастайды. Егер бұрын ол
кәсіпорында «нені» және «қалай», ал мектепте «неге» деген білім алынады деп
болжанған болса, бүгінде кәсіпорында білім мен дағды теориялық тұрғыдан
толықтырылып берілуі күннен күнге артып келеді. Кәсіптік мектепте берілетін
теория кешені болып, керісінше, іс-әрекетке айналуға мұқтаж болып тұр: оқу
аудиториясында үйренгенді теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізу үшін кері
ақпарат алу үшін практикалық мысалда қолдану қажет.
Бұған қоса, оқытудың бұл формалары қиылысады, және олардың қиылысу
аясында бүгінде маңыздылығы артып отырған сала бар – ол лаборатория
типінде жарақталған арнайы бөлмелердегі эскперименталды- конструктивті
оқыту деп аталады. Мұндай технологиялық эксперименттер мен констукциялау
жаттығуларын өткізумен байланысты оқытуды ұйымдастыруды жоғары білікті
Достарыңызбен бөлісу: |