Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет23/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74

50 
 
мектептерінде  2  қолөнер  бөлімі,  3  қолеңбегі  сыныбы  ашылды,  7  мектепте 
қолөнер  сабақтары  жүргізілді.  Орыс-қазақ  және  орыс  училищелеріндегі 
қолөнер  бөлімдері  әр  түрлі  қолөнер  түрлерін  кәсіби  оқытуға  бағытталды. 
Ашылған  қолөнер    мектептеріне  7-11  жас  аралығындағы  балалар  қабылданды. 
Онда қолөнер негіздері үйретілді және алғаш рет академиялық сурет оқытылды, 
стилизация 
амал-әдістеріне 
 
дағдыландырылды, 
сондай-ақ 
болашақ 
мамандықтарына сәйкес өнер тарихы оқытылды [34, б. 96].  
 
Көркемсурет пәндерінен арнайы кәсіби білімі бар оқытушылар сабақ берді. 
Олар  халық  өнеріне  аялы  қарым-қатынас  жасайтындар,  ежелгі  ұлттық  өнерді  
бағалағандар  және  жаңа  өнер  формалары  үстінде  ізденістегілер  болды. 
Олардың  көпшілігі  өздерінің  елжандылығына,  халық  шығармашылығын  аса 
құрметтейтіндігіне    қарамай  халық  шеберлерінің  ерекшелігін,  көзқарасын 
түсіне  алмады.  Олар  кәсіби  сауаттандыру  деңгейін  көтеру  қолөнер 
шығармашылығына  жаңа  нәр  береді,  академиялық  сурет  негіздері  болашақ 
шеберлерге  ауылдың  және  қаланың  тапсырыс  берушілеріне  мінсіз  қызмет  ете 
алады  деп  ойлады.  Қолөнер  дағдыларына  үйрету  үшін  мектептерге  бесаспап 
қолөнер  шеберлері  де  шақырылды.  Осылайша  шеберлердің  шәкірттер 
тәрбиелеу  процесі  көркемөнер  саласындағы  академиялық  пәндермен 
сабақтастырыла жүргізілді. 
 
Мұндай  оқыту  жүйесінің  бірінші  тәжірибесі  айтарлықтай  оң  нәтиже 
бермеді.  Академиялық  пәндерді  жүргізу  жұмыстары  ата  кәсібін  үйрететін 
шеберлерге  дұрыс  көрінбеді.    Бұл  оқытушылар  оқу  процесінде  материалмен 
жұмыс  істеу  тәсілдерін  балаларға  көрсетумен  шектелді.  Шеберлер  өнер 
тарихын жетік білетін ғалым суретшілермен бәсекелеске түсе алмады. Олардың 
ата  кәсібі  өнерінің  құпияларын  қысқа  түрде  түйіндеп  жеткізу  дағдылары 
болмады.  Әсіресе  дәстүрлі  түсініктерге  негізделуі  себепті  өз  ойын  бейнелеп 
жеткізуі қиынға соқты. Бұрын екі-үш шәкірттерді қатар тәрбиелеу тәжірибесіне 
ие  ұстаздарға үлкен аудиторияларда өз істерін үйрету де оңай болмады.  
Осы  ата-аналардың  басым  бөлігі  оған  көркемөнер  кәсібіне  қажетті    білім, 
іскерлік,  дағдыларды  мектептен  үйренеді  деп,  отбасында  үйрету  дәстүрлерін 
жалғастыра  қойған  жоқ.  Сондай-ақ  олар  осы  себептен  тәжірибелі  ұстаз 
шебердің қол астында жұмыс істемейтін болды. Ал мектепті бітірген шеберлер 
өтімді  тауарларды  жасауды  тез  игеріп  алып,  сонымен  айналысатын  болды, 
үлкендердің  сөзіне  құлақ  аспады.  Олардың  көпшілігі  қолөнер  кәсібіне 
оралмады, 
өздерінің 
жеке 
істерін 
ашып, 
барған 
сайын 
халық 
шығармашылығынан  алшақтай  түсті.Сонымен  қолөнер  кәсібіне  шәкірттерді 
даярлау  бағдарламасына  «ғалымдар»  өнері  пәндерін  енгізудің  оң  да  теріс  де 
нәтижелері болды. Жас суретшілер реалистік суреттің әдіс-амалдарын, қолөнері 
тарихының  шығуы  туралы  білімдерді  меңгеріп,  сән  талаптарына  және  қала 
тұтынушыларының  сұраныстарына  тез  бейімделе  алды.  Көркемөнер  кәсіптері 
дәстүрлі  істерден  ауыл  тұрғыны  мен  қалалықтардың  орта  табының 
сұраныстарын  қанағаттандыратын  жаңа  тұрмыс  аяларына  көшуі  тиіс 
болғандықтан,  бұл  ХХ  ғасырдың  басында  өте  маңызды  болды.  Бұлардың  бәрі 
қолөнер  кәсібі  стильінің  қайта  құрылуына,  шеберлердің  көркемдік 


51 
 
дүниетанымының  өзгеруіне  әкеліп  соқты,  соның  салдарынан  ғасырлар  бойы 
жинақталған  тәрбие  дәстүрлері  бұзылды.  Жас  суретшілердің  қала 
тұрғындарының  талғамынан  шығу  қажеттігінің  жүзеге  асуы  ауыл 
тұрғындарының  дәстүрлі  ойлауына  жақын  ою-өрнектерді  ұмыттырды; 
бұйымдардың  бейнелену  мазмұнына  және  бояуларына  өзгерістер  енгізді; 
бұйымдарды  даярлау  бұқаралық  сипатқа  ие  болғандықтан  оны    өндіруді 
шығармашылық  тұрғыдан  ұйымдастыру  да  жаңаша  болды;  қолөнер  кәсібі 
жұмысшылары  айқын  екі  топқа  бөлінді:  үлгі  жасаушылар  және  бұйым 
жасаушылар.  
 
Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында  социалистік  қоғам  құру 
экономикасына  сәйкес  көркемөнер  кәсібі  мамандарын  даярлау  мәселесінің 
тиімді  шешілуі  талап  етілді.  Осыған  байланысты  ірі  өнеркәсіптерде  мектеп, 
училище,  кейінірек  техникумдар  ашу  қолөнерінің  табысты  дамуына,  олардың 
айрықша  шығармашылықтағы  орталықтарының  құрылуына  негіз  болды. 
Сондықтан  да  қолөнер  шеберлері  өздерінің  артельдерінде  мектептер  ашып, 
шәкірттерді  даярлау  жүйесінде  шығармашылық  топтардың  жұмыстарын 
реттеуде «ғалым» суретшілерден кеңестер сұрап, көмектерін алып отырды.  
 
ХХ ғасырдың басында бірқатар кәсіпшілік төмендеу деңгейінде,  құлдырау 
жағдайында  болды.  Көркемөнер  саласындағы  «ғалымдар»  мектебінің  ең  үздік 
өкілдері,  ең  алдыңғы  қатарлы  интеллигенция  халық  өнері  шеберлерін 
даярлаудың  жаңа  ағымына  ұқыптылықпен  қарау  қажеттігін  ескертті,  олардың 
ойларынша  ертеде  бұл  бағыттағы  басты  орынды  табиғатпен  үндестіктегі, 
ұлттық  сипаттағы,  халықтық  талғамдағы  халықтың  дүниетанымының 
ерекшелігі  иеленген  және  солай  болып  қала  бермек.  Қолөнер  кәсіпшілігінің 
дамуына  орасан  үлес  қосқан  халық  өнерінің  білгірлері  С.В.Чехонин  және 
В.С.Воронов  «ғалым»  суретшілердің  халық  ішінен  шыққан  шеберлерге 
көмектесу  барысында  өздерінің  жеке    идеялары  мен  ойларын  оларға  күштеп 
таңбау  қажеттігін  ескертті.  В.С.Воронов  қолөнер  шебері  мен  кәсіби  суретші-
жетекшінің  өзара  қарым-қатынастарына  арналған    еңбегінде  соңғылардың 
«өздерінің  сурет  салу,  топтастыра  алу  іскерлігімен  қолөнер  шеберлерінің 
шығармашылық  күштерін  жарақаттауы»  мүмкіндігін  айтады.  Ол  халық 
суретшілеріне  «бірыңғай  және  бөтен  мәнерге»  ойларын  бөгемеске,  «ғылыми» 
ортада мақұлданған бұйымдар үлгісіне еліктемеуге кеңес берді  [42]. 
 
Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында  көркем  өнеркәсіп    жұмыстары 
оңалғаннан  кейін  ең  үздік  халық  шеберлері  артель  бірлестіктерінің  белсенді 
жұмысшылары болып қана қойған жоқ, өзінің тәжірибесін, білімдерін жастарға 
жеткізді, «ғалым» суретшілерге өнер кәсібінде ұмытылған ою-өрнектерді қайта 
жаңғыртуына, бұйымдардың жаңа пішіндері ізденістеріне  көмектесті.  
 
Осы  жылдары  барлық  кәсіпшілік  салаларындағы  ең  үздік  шеберлер 
жастарды  шеберлікке  даярлаумен  және  тәрбиелеумен  айналысты:  оларға 
дәстүрлі  өнер  негіздерін  тануға  көмектесті,  өзінің  жұмыс  істеу  мәнерінің 
құпияларын  түсіндірді,  дәстүр  шеңберінде  жаңаны  қалай  жасау  керектігін 
көрсетті.  Қолөнер  кәсібінің  жетекші  шеберлері  жастардың  шығармашылық 
тұрғыдан  дамуына  ықпал  етті.  Өндірісте  шығармашылық  шеберлігі  шыңдала 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау