Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет27/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74

59 
 
және  шетелдік  капиталистер  ұлттың  аумақтық  экономикалық  жетістігіне 
қызығушылық  танытпады.Оларға  сол  өлке  шикізат  көзі  ретінде  және  тауар 
өткізу  нарығы  ретінде  ғана  қажет  болды.Өлкенің  табиғи  байлығын  еш  аяусыз 
және  жыртқыштық  жолмен  пайдалана  отырып,  олар  еңбекті  жеңілдетуге, 
жұмысшыларды  кәсіби  оқытуға  ешқандай  шығын  жұмсамады.  Қажетті  білікті 
жұмысшыларды, техниктер мен инженерлерді Ресей мен батыс елдерінен алып 
келді.Бұл  капиталистерге  кәсіби  оқу  орындарының  ашылуына  қарағанда  арзан 
болды  және  патша  үкіметі  негізгі  халқы  қазақ,  орыс,  украин,  өзбек,  ұйғырлар 
және басқа халықтардан  тұратын Ұлттық аймақ өкілдеріне кәсіби білім беруді 
дамытуға  мүдделі  емес  еді.Осының  барлығы  өңірдегі  экономиканың  артта 
қалуына алып келді, бұл кәсіби білім беру жүйесінің, педагог кадрларды тиісті 
даярлаудың артта қалуына да әсер етті.  
Білім  беру  жүйесі  1917  жылы  негізінен  ауыл  шаруашылығы, 
педагогикалық  және  қолөнер  мамандықтары  бойынша  орта  буын  мамандарын 
даярлайтын  жеті  училищеден  құралды.  1870  жылдың  26  наурызындағы 
«Ресейді  мекендейтін  шетелдіктерге  білім  беру  шаралары  туралы»  Заңына 
сәйкес  барлық  оқу  орындары  Ресейдің  ағарту  министрлігі  бекіткен  жоспарлар 
мен бағдарламаларды пайдалануға міндетті болды [46, с. 138]. 
Қазақстандағы  білім  беру  өткен  ғасырдың  20-шы  жылдарынан  бастап  ХХ 
ғасырдың соңына дейін жеке мектептер мен ликбез мекемелерінен орта жалпы 
білім беретін мектептер мен кәсіптік оқу орындарының дамыған желісіне дейін 
өте  қысқа  тарихи  мерзім  ішінде  өтті.Орыс-қазақ  достастығының  арқасында 
ағартуды дамытуда бастауыш, орта сатылардан жоғары мектепке дейінгі жалпы 
және 
кәсіптік 
білім 
берудің 
және 
халық 
шаруашылығы 
саласы 
қызметкерлерінің  біліктілігін  арттырудың  әртүрлі  формаларының  дамуы  орын 
алды 
[
44]. Бұл өз уақыты бойынша бүгінгі күні де мақтан тұтатын социалистік 
қоғамның үлкен жеңісі болды. 
Қазақстанның  ХХ  ғасырдағы  кәсіби  білім  беру  жүйесіндедуальді 
оқытудың бастауларын  ҚазССРО-ның білім беру тарихынан да табуға болады. 
Мысалы,  1920  жылдан  бастап  фабрикалық-зауыттық  оқушылар  мектептерінің 
желісі  (ФЗУ)  дами  бастады.1940  жылы  ФЗУ  мектептері  ФЗО  (фабрикалық-
зауыттық оқыту) мектептері болып қайта құрылды. 1954 жылы алғашқы кәсіби 
техникалық  училищелер  (КТУ)  пайда  болды.  Адам  ресурстарының  қысқаруы 
еңбек  резервтерінің  қайта  ұйымдастырылуына  және  1960  жылға  қарай  білім 
беру  саласындағы  саясаттың  өзгеруіне  әкелді.  Еңбек  өтілі  бар  талапкерлер 
ЖОО-ға  қабылдау  кезінде  конкурстық  артықшылықтарға  ие  болды.  Жоғары 
техникалық оқу орындарында екі апталық цикл енгізілді: студенттер апта бойы 
теориялық курстан өтті; апта бойы оны жұмыс орнында бекітті. Ақыр соңында, 
өңірлерде  бірегей  кәсіпорындар  жанынан  жоғары  техникалық  оқу  орындары  - 
ЖТОО–  зауыттар  құрылды.Бұл  шараларда  заманауи  дуальді  оқыту  жүйесінің 
нақты  көрінісі  және  ЖОО-да  оқыту  үдерісінің  өнімділігін  нақты  арттыруға 
бағытталу  байқалады.  Аталған  реформалар  тек  техникалық  және  өндірістік 
мамандықтарға қатысты таратылды [47]. 


60 
 
ХХ  ғасырдың  70-ші  жылдарынан  бастап  Қазақстанда  алғашқы  еңбекке 
оқытудың  мектепаралық  оқу-өндірістік  комбинаттары  ашыла  бастады.  (ОӨК)  
4-6  сағаттан  оқып,  бітірген  соң  меңгерген  кәсіптік  дағдыларына  сәйкес  куәлік 
алды.Осылайша Қазақстандағы кәсіптік білім берудің ерекшелігі жастарды орта 
және  кәсіптік  білім  беруді  фабрикалық-заводтық  мекемесінде  (ФЗМ),оқу-
өндірістік  комбинаттары  (ОӨК)  шеңберінде  біріктіре  отырып,  оларға  кәсіптік 
машық-дағдыларды  меңгертуді  мақсат  етті.  1960-1970  жылдары  оқушылардың 
оқудан тыс кәсіби бағдарлау бірлестіктерін құруға ерекше назар аударылды.  
Оқушыларды  еңбекке  дайындау,  әсіресе,  ауыл  мектептерінде,  одан  әрі 
қарай  оқушылардың  өндірістік  бригадаларының  дамуымен  қамтамасыз  етілді.  
Мектеп  оқушылары  сабақтарда  алатын  кейбір  тәжірибелік  бейімделу  олардың 
өмір  жолындағы  таңдау  еркіне  шек  қоймайды,  керісінше  еңбекке,  еңбек 
адамдарына  деген  сыйластықты  ұластырады.  1970-жылдары  мектепке 
жұртшылықтың 
қатысуы 
мектеп 
жүйесінің 
өсуі 
мен 
онжылдық  жалпыға  бірдей  білімді  қамтамасыз  етуде,  мектеп  ғимараттары, 
балалардың  мектептен  тыс  мекемелері,  мектепаралық  комбинаттар  мен  оқу 
цехтары,  дене  тәрбиесі  залдары  құрылысында,  мектеп  кабинеттері  мен  25 
шеберханаларын жабдықтауда көрінді [48]. 
Жастарды  орта  біліммен  одан  әрі  қарай  толығырақ  қамтуды 
қамтамасыз  ету  үшін  кешкі  (сменалық)  және  сырттай  жалпы  білім  беретін 
мектептердің  жұмысын  жақсарту  керек  болды.  Жан-жақты  дамыған, 
техникалық  білім  алған  маманданған  жас  жұмысшылар  дайындауды 
қамтамасыз  ете  отырып,  кәсіби-техникалық  оқу  орындарында  оқытудың 
сапасын  арттыруға  ерекше  қамқорлық  жасалды.  Жоғарғы  оқу  орындарының 
алдына  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындарын  бітірушілердің  теориялық 
және кәсіби білімінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету міндеттері қойылды. 
Бұл сондай-ақ ғылым мен техниканың, жаңа және перспективалы бағыттар 
бойынша 
кадрлар 
дайындау 
мәселесіне 
де 
қатысты 
болды. 
Сонымен  қоса,  сол  жылдары  балалардың  көркемөнер,  техникалық 
шығармашылық  үйірмелері  де  кешенді-мектептер  жалпы  білім  беретін 
мектептерге  қоса  ашылған  болатын.  1979  жылы  жазда  оқушылардың  еңбек 
бірлестіктерінің  жұмысын  қорытындылаған,  олардың  тәрбиеге  әсер  етудің 
жолдарын кеңейтуді айқындаған оқушылардың еңбек бірлестіктері өкілдерінің 
кезекті  Бүкілодақтық  слеті  болды.  Осы  кезеңде  мектептерде  бітірушілерді 
кәсіби  бағдарлау  мен  жұмысқа  орналастыру  жөніндегі  комиссиялар,  ал  орта 
мектептерде  әдістемелік  кабинеттер  құрылды  [50].  Көптеген  ата-аналар, 
қоғамдық  ұйымдар,  кәсіби  бағдарлау  жұмысына  белсенді  араласты.  Өйткені, 
орта мектепті аяқтаған соң оқушыларды орналастыру керек болды. Бұл мәселе 
дұрыс 
шешім 
мен 
мемлекеттік 
ықпалды 
талап 
етті 
[80] 
1979  жылдың  19  шілдесінде  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  «Халыққа  білім 
берудің  жағдайы  және  КСРО-дағы  жалпы  орта,  кәсіби-техникалық,  орта 
арнаулы және жоғары білім беруді одан әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар 
туралы» Қаулы қабылдады. Онда бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың мәдени 
және  білім  деңгейін  үздіксіз  арттыруды  талап  етеді.  Аталған  қаулыда  оқу-


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау