67
білім беруді жаңғырту департаменті директорының орынбасары Ернат Жүнісов
«Бүгінгі таңда дуальдық білім беру осындай кәсіпорындардың негізінде
табысты жүзеге асырылуда Орал, Кентау трансформатор зауыттары, Казхром,
Қазақстан алюминийі, Павлодар мұнай-химия зауыты, «Қазмұнайгаз»
компаниясының кәсіпорындары бар. Барлығы 1700-ден астам. Сонымен қатар,
мұнда студенттер практикалық дағдыларды ғана емес, сондай-ақ ынталандыру -
олардың жұмысына жалақы алады. Бүгінде кәсіпорындарға 15 миллион теңге
бөлінді. Орташа алғанда, әрбір студент 30-60 мың теңге жалақы алады» [65].
Дуальды оқыту шеңберінде ТжКББ-нің ұйымдары, облыстардың білім
басқармалары, кәсіпорындар мен «Атамекен» ҰКП арасында ынтымақтастық
туралы меморандум және келісімшарт жасалады. «Самрұқ-Қазына»
Холдингінің 46 кәсіпорны 32 мамандық бойынша дуальды оқытумен 1 200
студентті қамтып, 50 колледжбен әлеуметтік серіктестік туралы келесімшарт
жасасты [66]. 2016–2019 жылдарға арналған БҒДМБ-да дуальды оқытуды
техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша
енгізген колледждердің үлесін 2019 жылға қарай 80% дейін арттыру қаралды.
Жоспарланған индикаторға қол жеткізу еліміздің бизнес қоғамдастығының
белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігі жәрдемдеседі (сурет 1).
Сурет 1 - Оқу жоспары
Ж.Қ.Далабаев: «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясында жұмысты үйлестіру
мақсаты бойынша дуальды оқыту жүйесіне арналған «Самұрық-Қазына»
корпоративті университеті 2012 жылдың қыркүйек айынан дуальды оқыту
жүйесінің әдіснамалық басқаруы құрылғандығын мәлімдеп, дуальды оқыту
жүйесін келесідей қарастырғанын сурет 5-дан көруге болады [67].
Сонымен, «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін 38 компаниясының
дуальды оқытуды іске асыру шеңберінде әлеуметтік серіктестік пен 41
колледжбен келісім шартқа отырып, 1200 аса білім алушыны 32 мамандық
бойынша қамтыған. 2014 жылда жасалған жұмыстардың қорытындысы
төмендегі сурет 2 көрсетілген.
68
Сурет 2 - 2014 жылдың негізгі қорытындысы
Сурет 3 - Дуальды оқыту жүйесін ендіру жағдайы
Жоғарыдағы мемлекеттік бағдарламасында дуальды оқытуды енгізетін
техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық колледждер үлесінің
көрсеткіші қарастырылған 2019 жылға дейін 80,1% колледждер енгізіледі (2015
жылы - 62%).
Қазіргі уақытта дуальді оқыту элементтері 460 колледжге енгізілуде (2013
жылы - 176 колледж, 2014 жылы - 280 колледж, 2015 жылы - 348 колледж), 3
мыңнан астам кәсіпорынмен 31 мың студент, 80 мамандық және 160
біліктілігі бойынша. 2016-2017 оқу жылында 71 колледж ал 2018-2019 оқу
жылында 89 қосылды [68].
69
2 КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДУАЛЬДІ ОҚЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқытудың мәні мен
ерекшеліктері
Зерттеу барысында кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқыту ұғымының
мәнін анықтау барысында «дуальді», «дуальділік» түсініктеріне талдау
жасалды. Ғылыми әдебиеттерде дуальді, дуальділік (лат. тілінен dualis) сыңар,
екі жақты, қосарлының бірдей, бір мақсатта қолданылуы деген мағынада
әртүрлі ғылым салаларында (философия, саясаттану, экономика, әлеуметтік
және жаратылыстану ғылымдары) кеңінен қолданылады [70, с.152].
Кәсіби білім берудің әдіснамалық сипаттамасы ретінде дуальділік
оқытудың түрлі формалары шеңберінде белгілі бейінді мамандарды
даярлаудың бірыңғай әдіснамалық негіздері бойынша білім беру және өндіріс
салаларының үйлесімді өзара әрекеттесуін болжайды.
Философиялық категория ретінде онтологиялық аспектте дуализм
мазмұндық жағынан материалдық және руханилықтың (материямен рух,
материалды және идеалды) тең құқықтығы түсінігін білдіреді.«Дуа-
льділік»терминін осы мағынасында XVIII ғасырда неміс философы X.Вольфом
енгізді [71].
Декарт тұрмыстың екі негізгі болмысын ойланушылық (рух) пен
жаратылушылық (материя) мәселелерін психикалық және физиологиялық
үдерістердің
бір-біріне
тәуелділігіне
негізделіппсихофизииологиялық
параллелизм тұрғысынан қарастырады. Ал заманауи философиялық көзқараста
дуальділіктің танымдық жағы қаралады, бұл онтологиялықпен салыстырғанда
болмыстардың пайда болу себептеріне емес, танушы субъекттің тануға қажет
объектіне қарама-қайшылығынан шығады. Сонымен бірге бұл көзқарас әр
философ тұрғысынан әр түрлі мағынада қарастырылды. Мәселен Локк және
Юм сананы болмысты біріктіруге негіз болатын қабылдау, сезім, ой
бірегейлігінің жиынтығымен негіздесе, Кант сананы сезім, түйсік, жаңғыру
формаларына сәйкес сыртқы өмірдің заңдылықтарына тәуелді емес жеке өзіндік
тәжірибесін ретке ккелтірудегі іс-әрекетінің көрінісі, деп түсіндіреді [72].
Әлеуметтік-саяси мәтінде дуальділік көпұлтты мемлекетті әкімшілік
басқару жүйесін білдіреді, онда бір ұлттың билік құру үстемдігі сақталғанда
басқа бір ұлттық-территориалдық қауымдастық айтарлықтай дербестік алады,
нәтижеде, екі жақты тұтас мемлекет құрылады. Сонымен, 1867-1918
жылдары Австро-Венгрияда дуальділік орын алды.
Экономикалық ұғымындағы «дуальділік» бір елдегі немесе аймақтағы
экономикалық жағдайдың сипаттамасы үшін қолданылады: онда өндірістің,
тұтынудың, еңбек ресурстарының рыногы немесе тіпті іртүрлі ақша
айналымының бір-бірін ығыстырушы екі түрлі амалы болады.
Сондай-ақ экзогамды (бір ру арасында некеге тиым салу) қауымдық-рулық
ұйымның көне формаларының бірі де дуальді деп сипатталған, онда алғашқы
рулар жұптасып өзара неке негізінде бірігеді.Химияның даму тарихында
Достарыңызбен бөлісу: |