70
жағдайы немесе энергия ресурстары шығындарының нақты параметрлері туралы толық
жауап пен сенімді ақпарат бере алмайды. Жетімсіз ақпараттың орнын толтыру үшін
құралмен тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, ғимаратты құралмен зерттеу келесі
мəліметтерді алуға мүмкіндік береді:
- үймереттің деструктивті процесін дамыту туралы (таттанудан бұзылу шамасы,
кірпіш қалағының бұзылуы мен əлсіреуі),
- Құрастырылған үймереттің ақаулары немесе кемшіліктерінің болуы туралы
(саңылаулар, сенімсіз дəнекерленген жалғаным).
Құралмен өлшем жүргізгенде стационарлы да, портативті де құралдар
қолданылады, сондай-ақ қолданыстағы энергия тасымалдағыштарды тіркеу желісі де
қатыстырылады.
Бір дүркін жəне баланстық өлшемдерге айырады, сондай-ақ деректерді тіркейді.
Бір дүркін өлшемдер тым қарапайым, ол жеке нысандағы энергия тиімділігін зерттеуге
арналған. Оларға аспаптар паркінің шағын жинағы қажет етіледі.
Теңгерімдік өлшемдер кəсіпорынның немесе түрлі учаскелерінің, бөлімшелерінің
немесе тұтынушылардың энергия тұтыну теңгерімін өлшеу үшін өзекті. Бұл ретте бірнеше
біртекті аспаптар түрлі нүктелерге орнатылады.
Параметрлерді тіркеу параметрдің уақытқа тəуелділігін анықтау (жүктеменің
тəуліктік кестесін алып тастау) мақсатында орындалады. Бұл жағдайда деректерді жазу
жəне сақтау сыртқы жəне ішкі құрылғылары бар аспаптар қажет.
Инструменталдық энергия аудитін жүргізудің негізгі төрт əдісі бар:
џ
жылу сезгіш құралмен тексеру;
џ
мультиөлшеуішпен тексеру;
џ
будың, газдың жəне сұйықтықтың шығындарын өлшеу;
џ
электр энергиясы параметрлерін өлшеу [45].
4.4 Жылу сезінуді тексеру
Жылу сезу құралымен тексеру арқылы жылу шығындары көздері анықталады.
Тексерудің бұл əдісінде негізгі жабдық жылу сезгіш құрал болып табылады. Ол қандай да
бір объектіден инфрақызыл сəулені тіркеп, оны жылу кескіндемесінен көрінетін
кескіндемеге айналдырады. Тексерудің бұл əдісі əкімшілік, тұрғын жəне өндірістік
ғимараттардың энергия аудиті кезінде айрықша маңызды [49].
4.8 сурет – Жылу сезгіш камера
Энергия үнемдеу жəне
энергия тиімділігі
71
Əдіс:
- шынайы уақытта кедергілеу конструкцияларының бетін температуралық
түйіспесіз натурлық тексерулер жүргізуге;
- ғимараттардың кедергілеу конструкцияларының бетіндегі температураның
таралуын анықтауға;
- жылу қорғау конструкциясы арқылы қоршаған ортаға жалпы жəне үлестік жылу
шығындарын бағалауға;
- ғимараттарды салған кезде сапасыз құрылыс материалдарын пайдалану,
қателіктер мен бұзушылықтар жəне оларды пайдаланудың дұрыс емес режимдері
салдарынан кедергілеу конструкцияларының жылу қорғанышының бұзушылықтарын
анықтауға;
- жылыту жүйелерінің жай-күйін жəне ғимараттың үй-жайлары микроклиматын
диагностикалауға;
электр тұтыну жүйесінің электр сымдарының жəне түйіспелі жалғанымдарының
жай-күйін диагностикалауға;
бақылау жүргізу нəтижелері бойынша кедергілеу конструкциялары мен
құрылыс жұмыстарының сапасының нормативтік құжаттамаға сəйкестігін анықтауға жəне
құрылыс технологияларын өзгерту, сондай-ақ құрылыстың жасырын ақауларына жөндеу
жүргізу жөнінде ұсынымдар беруге мүмкіндік береді.
Жылу сезгіш фотосуреттер энергия аудиторына ғимараттың немесе объектінің
қосымша жылу оқшаулауманы қажет ететін-етпейтінін, ғимаратты қай тұсынан жылылау
жəне мұны дұрысы қай көлемде жасау қажеттігін анықтауға көмектеседі.
4.9 сурет – Ғимараттарды жылу сезгіш құралмен тексеру
Жылу сезгіш құралдар сондай-ақ өндірістің технологиялық процестерін сапалы
бақылауды қамтамасыз ету қажет болатын өнеркəсіптің барлық салаларында
қолданылады. Олар машинаның немесе тұтастай алғанда механизмнің жеке алған
бөлігінде болып жатқан жылу өзгерістерін жедел əрі уақтылы қадағалауға мүмкіндік
береді. Бұл ретте, температураның артуы жүктемнің ұлғаюының белгісі ретінде бағалануы
мүмкін, содан кейін құрылғыны пайдалануды доғару туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Өлшеу аппаратурасы
Өлшеу үшін мынадай талаптарға жауап беретін жылу сезгіш құралдар
қолданылады:
- аспаптар тексерілуі жəне Өлшем құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелуі
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
72
тиіс;
- өлшенетін температуралары диапазоны: -20-дан +100 0С дейін;
- температуралық айқындылығы 0,2
С аспайды;
үстіңгі шəкілі ± 2% аспайтын немесе ± 2% (ең көп мəн) өлшеудің негізгі
кінəраты;
- толқындар ұзындығы диапазоны 2…5 мкм немесе 8…12 мкм;
- көру бұрышы (айырбасталатын объективтердің болуы) 7х70, 12х120, 20х200,
40х400 ;
- жұмыс температуралары диапазоны: -15-тен +60
С дейін;
- кадрлар жиілігі 5 Гц кем болмағаны жөн;
- кескіндеме пішімі 320х240 элементтен кем емес;
- жылу сезгіш құралдың немесе т ікелей түсірім орнындағы тасымалы
компьютердің экранында температураны С мəнімен алу мүмкіндігі;
- термокескіндемені ақпарат тасығышқа жазу мүмкіндігі;
- сəулелендіру қабілетінің мəнін (ε) ретке келтіру.
Ғимараттар мен үймереттерді тексеру үшін жылу сезгіш құралдан бөлек мынадай
жабдықтар қажет:
- кінəраты 0,5 С аспайтын температураны түйіспелі өлшейтін аспап;
- анемометр (желдің жылдамдығын өлшейтін аспап);
- тұтқырлық өлшеуіш (қоршаған ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспап);
- штатив;
- қашықтық өлшеуіш (лазерлік ұзындық өлшеуіш);
- қоршаған ауаның температурасын өлшейтін термометр;
- жылу ағынын өлшеуіш;
- ИҚ термометр (пирометр).
Өлшеу əдістемесі
Тексеруге ғимараттың жылу тұтыну жəне электр тұтыну жүйесінің кедергілеу
конструкциялары мен элементтері ұшырайды.
Ғимараттың кедергілеу конструкцияларын тексеру.
Өлшеу объектісі сыртқы қабырға тақталары мен олардың түйіспелі
жалғанымдары, солтүстікке, солтүстік шығысқа немесе солтүстік батысқа бағдарланған
терезе еңістері, сондай-ақ сыртқы тақталардың жəне бірінші қабаттар едендерінің
техникалық жертөлелері немесе басқа жылытылмайтын үй-жайлары бар жабынды
тақталарының көлденең тігістері болып табылады.
Тексерулер тиісті аспаптардың техникалық сипаттамаларында қамтылған жылу
сезгіш құралмен жəне қосалқы құрылғылармен жұмыс істеудің стандартты əдістемелеріне
сай үй-жайдың сыртында жəне/немесе ішінде жүргізіледі.
0
0
0
0
4.5 Мультиөлшеуішпен тексеру
Мультиөлшеуішпен тексеру барысында шуылдың, ылғалдылықтың, жарықтың,
температураның көрсеткіштері өлшенеді, цифрлық мультиөлшеуіш қолданылады [49].
Температураны өлшеу.
Термометрлі гильзаларға немесе қосалқы көрсеткіш
құрылғысы бар жылу есептегіш желілердің құрамына кіретін термометрлерге
орнатылатын 0,1 C бөліктегі бағамды сынапты термометрлер қолданылады. ИТП
өлшейтін құрылғы жоқ кезде температураны өлшеу үшін стандартты термоэлектрлі
түрлендіргіштер мен қайталама көрсетілімі мен тіркеуші құралы
бар кедергі термометрін
o
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі