76
Өлшем қателігі мынадан жоғары болмау керек:
1) шығындар үшін - 2,5 %;
2) қысым үшін- 0,1 кгс/см ;
3) температура үшін – 0,1 С.
Өлшеу əдістемесі
Энергиялық аудит кезінде негізгі параметрлердің нақты мəні анықталады (жылу,
желідегі су, температура мен қысым шығыны), олар осы параметрлердің есептік мəнімен
сəйкестендіріледі жəне есептік жəне нақты шамалардың айырмашылығының себебі
анықталады.
Газды ортаны өлшеу
Газды ортаны өлшеу газ қоспасындағы түрлі газдардың шоғырланымын
анықтайтын газталдағышты пайдалануды білдіреді. Бұл аспап өнеркəсіптегі газ
шығарындыларындағы зиянды заттарды өлшеу үшін пайдаланылады. Одан бөлек,
газталдағыш отынның кез келген түрімен жұмыс істейтін пештерді, қазандықтарды,
жанарғыларды, газ турбиналарын баптауға жəне қызмет көрсетуге жəрдемдеседі.
2
o
4.12 сурет - АНКАТ-310 газталдағышы
4.7 Электр тұтыну
Электр энергиясы параметрлерін өлшеу электр талдағыштың көмегімен
жүргізіледі. Мəселен, үш фазалық желіні электр энергиясымен жабдықтау сапасын
талдағыштардың арқасында электр энергиясын тарататын жүйелердегі ықтимал жəне
бұрыннан бар олқылықтарды алдын ала айтып жəне болдырмай ғана қоймай, оны жоюға
болады [49].
4.13 сурет – Электр талдағыш
Энергия үнемдеу жəне
энергия тиімділігі
79
5 ТАРАУ. ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНУДЫҢ БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ.
ЭНЕРГИЯ РЕСУР СТАРЫН ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ
ТЕҢГЕРІМІН ƏЗІРЛЕУ. ӨНЕРКƏСІПТІК КƏСІПОРЫН МЕН ЖЕРГІЛІКТІ
(МУНИЦИПАЛДЫҚ) ОБЪЕКТІНІҢ ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНУЫН ЖОСПАРЛАУ
Энергия тұтыну базалық деңгейі
- сандық көрсеткіш белесіне / қол жеткізуге
энергия тиімділігін салыстыру үшін негіз береді [69].
Энергияны тұтынудың негізгі деңгейі белгілі бір уақыт кезеңімен байланысты.
Энергияны тұтынудың негізгі деңгейі энергияны пайдалануды жəне / немесе
тұтынуды, мысалы, өндіріс деңгейін, дəрежелер деңгейін (сыртқы температура) жəне т.б.
əсер ететін параметрлерді пайдалана отырып қалыпқа келтіруге болады.
Энергияны тұтынудың базалық деңгейі энергияны үнемдеуді қол жеткізілген / қол
жеткізілетін энергия деңгейін көтеруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырудан бұрын
жəне кейінгі жағдайды жасау үшін бастапқы нүкте ретінде есептеу үшін пайдаланылуы
мүмкін. Энергия негізін құру бастапқы энергетикалық талдау негізінде жүзеге асырылады.
Энергия өнімділігінің өзгеруі бастапқы деңгейге қарай бағалануы керек.
Бастапқы түзетуді жүзеге асыру қажет болғанда:
џ
Энергия көрсеткіштері энергияны пайдалану мен тұтынуды көрсетпейді
џ
Процесстер / операциялар / энергияны басқару жүйесінде елеулі өзгерістер
болған жағдайда
џ
Белгіленген тəртіпте.
Энергия негіздері жаңартылып, құжатталған болуы керек. Энергияны тұтынудың
негізгі деңгейі тиісті энергетикалық теңгерімге негізделген [69].
5.1 Электр энергиясын тұтыну теңгерімі
Кəсіпорындағы электр энергиясы теңгерімінің есебі мысалын қарастырайық [49].
Базалық жылдағы шот-фактуралар бойынша электр тұтыну жəне қаржы
шығындары туралы мəліметтер 5.1 кестеде ұсынылған.
Ішкі сымдағы электр энергиясының шығындары
Ішкі электр желілерінің бойымен токтың өтуі қуаттың жəне электр энергиясының
шығындары, яғни техникалық шығындарды туғызады.
Желідегі белсенді қуаттың шығындары мына формуламен анықталады:
мұнда I – желілік сымдағы ток;
R – желінің белсенді кедергісі.
Желідегі электр энергиясының шығындарын мына формуламен анықталады:
мұнда I
есеп
- біршама есеп тогы, онымен желі жүктемесінің өзгеретін тогы
алмастырылады
Т
есеп
- есептік уақыт.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі