Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет28/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83

68
үнемдірек қолданылады;
џ
духовканың  есігі  плитаның  тұрқына  тығыз  жатуы  жəне  қызған  ауаны 
шығармауы тиіс [45].
Электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету
Электр энергиясының сапасын қамтамасыз етуге байланысты шаралар, оны іске 
асыруға тікелей мүдделі техникалық салада іске асырылған стратегияның нəтижесі болуы 
тиіс. Электр энергиясының сапасын қамтамасыз етуге бағытталған талаптары іс жүзінде 
орындау  нақты  шараларды  іске  асыру  арқылы  техникалық  саясатқа  жауап  беруі  тиіс. 
Мұндай саясаттың негізгі кезеңдері:
  электр энергиясы сапасының нормаларын жəне оны қамтамасыз ету шарттарын 
белгілейтін нормативтік құжаттар мен қағидаларды əзірлеу;
   жобалауды, монтаждауды жəне пайдалануды қоса алғанда, электр энергиясының 
сапасын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық жəне ұйымдық шараларды жүргізу;
   электр энергиясы сапасын қамтамасыз етудің техникалық құралдарын, соның 
ішінде, электр энергиясы сапасы көрсеткіштерін өлшеу құралдарын əзірлеу жəне өндіру.
Техникалық  жəне  ұйымдық  шараларды  əзірлеуді  электр  энергиясының 
сапасының (ЭС) нашарлауына əкеп соқтыратын себептерді талдаудан бастаған жөн. 
ЭС басқару деп ЭС берілген талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдық-
техникалық шараларды орындау ұғынылады. Ұйымдық шараларға мыналар жатады:
1. Электрмен жабдықтаудың ұтымды схемаларын қолдану:
џ
желінің оңтайлы конфигурациясын таңдау (радиалдық, тұйық);
џ
түрленудің сатылары санын азайту;
џ
желіні секцияларға бөлу; 
џ
кернеуі 0,4 жəне 6-10 кВ желілердің ұзындығын азайту;
џ
0,4  кВ  кернеудегі  цехтық  трансформаторлар  арасындағы  қосқыштарды 
жайластыру;
џ
электр  магниттік  бөгеуілдердің  көздерін  бөлек  трансформаторлардағы  күрт 
айнымалы  жүктемеге  немесе  шиналардың  электр  қашықтағы  секцияларына, 
сондай-ақ трасформаторлардың тарамдалған орамаларына жалғау;
џ
вентильдік түрлендіргіштерді қосудың арнайы схемаларын қолдану;
џ
фазалардың бойына жүктемелерді біркелкі тарату;
џ
 трансформаторлардың орамаларын жалғаудың арнайы схемаларын қолдану;
џ
трансформаторлардың тарамдалған төмен кернеу орамаларын біріктіру немесе 
тарамдалған орамалардың қабат жұмыс істеуге жұптап қосу секілді ҚТ (қысқа 
тұйықталу) қуатының артуына əкелетін схемалық шешімдерді қолдану.
2. Құрылғыларды, синхрондық қозғалтқыштарды, вентильдік түрлендіргіштерді, 
реактивтік  қуаттың  тиристорлық  көздерін  өтемдеуші  трансформаторларды  автоматты 
реттеуді қолдану.
3. Электр тұтыну жүктемесі мен режимдері кестесін ретке келтіру.
4. лауазымдық нұсқаулықтар, ҚТ жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарларында 
бекітілген  электрмен  жабдықтау  жедел  жəне  жөндеу  схемалары  түрінде  көрсетілген  ҚТ 
жақсарту жөніндегі пайдалану шаралары.
5.  ЭС  арттыруды    қамтамасыз      ететін      кəсіпорынның    жəне    энергетикалық 
қызметтердің жұмыскерлерін экономикалық жəне материалдық ынталандыру жүйесі.
Техникалық  шараларға  арнайы  техникалық  құралдарды  немесе  елеулі  қаражат 
жұмсауды қажет ететін шараларды қолдану жатады.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


69
Белгіленген кернеу ауытқуларын басқарудың техникалық құралдарына мыналар 
жатады:
РГШ  бар  трансформаторларды  кернеуді  орталықтандырылған  жəне  жергілікті 
реттеу түрінде қолдану;
кəсіпорында терең ендіру схемаларын орындау;
сымдарды айырбастау немесе тарамдау жолымен немесе əуе ЭЖЖ-ден кəбілдік 
ЭЖЖ-не көшу жолымен ЭЖЖ қайта жаңғырту;
сыйымдылықты  бойлық  жəне  көлденең  өтемдеу  құрылғыларын,  синхрондық 
өтемдегіштерді,  реакторларды  тұйықтайтын  вентильмен  басқарылатын  реактивтік  қуат 
көздерін орнату;
кəсіпорындағы  асинхронды  қозғалтқыштарды  синхронды  қозғалтқыштармен 
айырбастау;
ЭЖЖ-де немесе күштік трансформатордың екінші орамасында кернеудің желілік 
реттегіштерін қолдану.
Кернеудің  өзгеру  серпінін  басқару  жөніндегі  техникалық  құралдарға  мыналар 
жатады:
күрт  айнымалы  жүктемені  қосу  үшін  қуаты  көп  немесе  төмен  кернеу  орамасы 
тарамдалған трансформаторларды орнату;
тұтынушыларға кернеудің ауытқуларының теріс əсерін азайту үшін ҚТ қуатының 
мəндерін  арттыру  қажеттігіне  қарай  тарату  құрылғыларындағы  коммутациялық 
жабдықтарды күшейту;
күрт  айнымалы  жəне  тыныш  сипаттағы  жүктемелерді  қоректендіруді  бөлуге 
арналған қосарланған реакторларды қолдану;
бойлық-көлденең өтемдеуші құрылғыларды, соның ішінде тиристорлық негіздегі 
жылдам əрекет ететін статикалық өтемдеуші құрылғыларды қолдану;
ферромагниттік  күшейткіш  қағидаттарымен  жұмыс  істейтін  арнайы 
тұрақтандырғыш құрылғыларды қолдану.
Синусоидалдық емес кернеуді басқару жөніндегі техникалық құралдарға мыналар 
жатады:
сүзгілеу-өтемдеу құрылғыларын қолдану;
түзетудің  көп  фазалық  схемаларын  пайдаланып,  вентильді  түрлендіргіштерді 
қолдану (6, 12, 24-фазалық схемалар жəне жоғары);
вентильдік  түрлендіргіштерді  желіге  жалғау  кезінде  арнайы  анодтық 
трансформаторларды пайдалану; 
түзетілген токтың толықсуын азайтуға арналған тегістеуші реакторларды немесе 
сүзгілерді қолдану.
Кернеудің  үйлесімсіздігін  басқару  жөніндегі  техникалық  құралдарға  мыналар 
жатады:
трансформаторлар  немесе  автотрансформаторлар  арқылы  электр  немесе  электр 
магниттік  байланыстары  болатын  сыйымдылық  жəне  индуктивтік  элементтерден 
құралатын үйлесімді құрылғыларды қолдану;
нөлдік сымы бар төмен вольтті желілерде токты нөлдік жəне кері, не болмаса екі 
тізбекте бірге өтемдеуді қамтамасыз ететін өтемдеуші үйлесімді құрылғыларды қолдану 
[43].
Əдетте  ғимаратты  көзбен  шолу,  қолда  бар  құжаттармен  энергия 
тасымалдаушылардың  шығынын  талдау  сияқты  үймерет  құрылымдарының  нақты 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау