Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті


-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык). Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған



жүктеу 2,59 Mb.
бет10/22
Дата29.01.2018
өлшемі2,59 Mb.
#8014
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


7-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат. Факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез-келген түрлері және оған қосымшалар жіберіледі: кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер, т.б. Факс іскер әріптестермен, ұйымдармен арадағы хат алмасудың бір түрі. Факсті ресімдеу іскерлік хатты рәсімдеуге ұқсас.

Егер алынған факстердің маңызды ақпараты болса және ол ұзақ пайдалануға арналса, онда олардың көшірмесін түсіріп алады, өйткені факс қағазы ұзақ сақталмайды. Алайда қымбат факс аппараттарын пайдалану кезінде көшірме жасау міндетті емес.


Тест тапсырмалары
1. Байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат

А) телефонограмма

В) факс

С) телеграмма



D) жедел хат

Е) бейнехат




  1. Ақпараттың алушыға жеткендігі туралы растаудағы ең басты баған

А) «RESUL TS»

В) алушы фирманың коды

С) факсті алушының нөмірі

D) алынған беттердің саны (Р)

Е) ақпаратты берудің уақыты және ұзақтығы

3. Егер алынған факстердің маңызды ақпараты болса және ол ұзақ пайдалануға арналса, онда:

А) оларды мұрағатқа жібереді

В) көшірмесін түсіріп алады

С) сол күйінде сақтайды

D) сейфте сақтайды

Е) компьютерге енгізеді
4. Күрделі етістікті көрсетіңіз.

А) жүгіріп кірді

В) секіріп түсті

С) кіріп шықты

D) кіруге дайындалды

Е) сөйлесуге шақырды


5. Дара етістікті табыңыз.

А) ала сал

В) ән сал

С) үйге хат сал

D) Біржан сал

Е) қоя сал


13-сабақ

Анықтамалар

(Справки)


Анықтама – қандай да бір белгілі бір мәселелер бойынша, істің жағдайы туралы, өзіне тән көрсеткіштер, өзге де фактілер мен оқиғаларды сипаттау мен растау туралы мәтіні бар және/немесе кесте түріндегі жалпы ақпараты бар құжат. Анықтама істің жайын объективті түрде көрсетуі тиіс, сондықтан оны жасау мәліметтерді мұқият жинау және тексеру, алынған деректерді салыстыру және талдауды талап етеді.

Анықтаманы әдетте екі топқа бөледі. Бірінші топта қандай да бір заңды фактіні куәландыратын қызметтік сипаттағы фактілер мен оқиғалар туралы ақпарат болады және мүдделі адамдар мен мекемелерге беріледі. Анықтамалардың екінші тобы атқаратын қызметі, жалақысы, тұратын жері, асырауында адамдардың болуы туралы растайды. Кәсіпорынның басшысы қызметкердің сұрауы бойынша мамандығын, лауазымын, біліктілігін, жұмыс уақытын және жалақысының мөлшерін көрсете отырып, осы ұйымдағы жұмысы туралы анықтама беруге міндетті.

Анықтаманың мәтіні әдетте мәліметтер берілетін тұлғаның атау септігіндегі аты-жөнін көрсетуден басталады. Анықтаманың соңында не оң жақ жоғары бұрышында анықтама берілетін мекеменің атауы жазылады. Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп жүргізілген кезде анықтаманың күнін көрсете отырып, оған реттік сан қойылады. Осындай анықтамалар бір дана болады. Анықтамаға оны жасаған және берілген мәліметтерге жауап беретін тұлға қол қояды. Анықтаманың мәтіні қолмен және мөрмен расталады. Бухгалтерия көбінесе жеке тұлғалардың бір жылдағы кірістері туралы салық инспекциясына анықтама береді.
Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

анықтама – справка

көрсеткіш – показатель

сипаттау – описание

сондықтан – поэтому

мұқият жинау – тщательный сбор

тексеру – проверка

салыстыру – сопоставление

талдау – анализ

талап етеді – требует

әдетте – обычно

қандай да бір – какой-либо

куәландыратын – удостоверяющих

мүдделі – заинтересованный

жалақы – заработанная плата

тұратын жері – место прживания

асырауында адамдардың болуы – наличие иждивенцев

қызметкердің сұрауы бойынша – по просьбе сотрудника

лауазым – должность

біліктілік – квалификация

мөлшер – размер

оң жақ жоғары бұрышында – в правом верхнем углу

реттік сан – порядковый номер

бір дана – один экземпляр

кіріс – доход

салық инспекциясы – налоговая инспекция
Анықтама үлгісі

Кәсіпорынның атауы Әлеуметтік қамсыздандырудың


Кәсіпорынның мекен-жайы аудандық бөліміне

Тел. ұсыну үшін

Факс. Қостанай қаласы

АНЫҚТАМА



Леонова Оксана Анатольевна_________________________ кәсіпорынының

(кәсіпорынның атауы)

маркетинг бөлімінде __________________________ жалақымен экономист болып

(санмен және жазбаша)

қызмет істейді.


Директор қолы аты-жөні

Бас бухгалтер қолы аты-жөні

М.О.



Форма справки

СПРАВКА



Леонова Оксана Анатольевна работает экономистом отдела маркетинга_________________________ с окладом ________________ тенге в месяц.

(наименование предприятия) (цифрами и прописью)

Директор подпись И.О. Фамилия

Главный бухгалтер подпись И.О. Фамилия



1-жаттығу. Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат анықтама деп аталады? Анықтама істің жайын қалай көрсетуі тиіс? Анықтаманы жасау нені талап етеді? Анықтаманы неше топқа бөледі? Бірінші топқа қандай анықтамалар жатады және олар кімдерге беріледі? Анықтамалардың екінші тобы нені растайды? Кәсіпорынның басшысы қызметкердің сұрауы бойынша не беруге міндетті? Анықтаманың мәтіні әдетте нені көрсетуден басталады? Анықтама берілетін мекеменің атауы қайда жазылады? Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп қалай жүргізіледі? Мұндай анықтамалар неше дана болады? Анықтамаға кімдер қол қояды? Анықтаманың мәтіні немен расталады? Бухгалтерия салық инспекциясына не туралы анықтама береді?
2-жаттығу. Мәтіннен негізгі және көмекші етістіктерді тауып, Кестені толтырыңыз (Заполните таблицу).
Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал. Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге… не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ , болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың ? (Абай).

Анықтама істің жайын объективті түрде көрсетуі тиіс, сондықтан оны жасау мәліметтерді мұқият жинау және тексеру, алынған деректерді салыстыру және талдауды талап етеді.

Мекеменің өз ішінде қажет анықтамаға соны жазушы адам қол қояды. Анықтамалар да баяндау хаттарға тән деректерден тұрады. Кейбір анықтамалар мөрмен емес, мекеме басшысының қолымен расталады.

Негізгі етістік

Көмекші етістік

бол




кел





3-жаттығу. Мәтіннен толымды және толымсыз көмекші етістіктерді тауып, Кестені толтырыңыз (Заполните таблицу).
Анықтаманың мәтіні әдетте мәліметтер берілетін тұлғаның атау септігіндегі аты-жөнін көрсетуден басталады. Анықтаманың соңында не оң жақ жоғары бұрышында анықтама берілетін мекеменің атауы жазылады. Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп жүргізілген кезде анықтаманың күнін көрсете отырып, оған реттік сан қойылады. Осындай анықтамалар бір дана болады. Анықтамаға оны жасаған және берілген мәліметтерге жауап беретін тұлға қол қояды. Анықтаманың мәтіні қолмен және мөрмен расталады. Бухгалтерия көбінесе жеке тұлғалардың бір жылдағы кірістері туралы салық инспекциясына анықтама береді.

Анықтаманы рәсімдеген Марат Бекзатұлы емес, Асқар Жарасқанұлы екен. Анықтама жазып отырып қателесе жаздадым. Бүгін бастықтың атына өтініш жазып қой. Бұйрықпен танысқан соң қуанып кеттім. Бұйрық қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы екен. Бұл күтпеген қуаныш еді.



Толымды көмекші етістік

Толымсыз көмекші етістік


Берілетін

Емес

4-жаттығу. Төмендегі көмекші етістіктерді негізгі етістіктермен тіркестіріп, олармен сөйлем құрастырыңыз (Подберите к этим вспомогательным глаголам основные глаголы и составьте с ними предложения).
Үлгі: Ол күліп жіберді.
Жібер, түс, шық, қой, қал, өт, кел, кет, ал, бер, сал.
5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Справка – документ, содержащий описание или подтверждение тех или иных фактов и событий. Справки составляются по указанию вышестоящего органа или должностного лица. Они содержат запрашиваемую информацию без выводов и предложений.

Справки, составляемые для внутренней информации, подписывает составитель, а для вышестоящего органа – руководитель.

Справки содержат те же реквизиты, что и докладные записки.

Если справка содержит несколько вопросов, то текст рекомендуется разделить на части или оформить в виде таблиц.


6-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін қойып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбравь подходящую форму слова).
Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні сипаттап (растау, растамайтын, растайтын, растаса, растап) құжат. Анықтамалар да баяндау (хаттарға, хаттармен, хаттарда, хаттардың) тән (деректерге, деректерден, деректердің, деректермен) тұрады. Анықтамада бірнеше мәселе қамтылса, мәтінін бірнеше (бөліктің, бөлікке, бөлігі, бөліктер) бөлген немесе кесте түрінде (құрастырып, құрастырған, құрастырды, құрастыра) жөн. Жеке адамға байланысты анықтамаларға (мекемеде, мекемедегі, мекемеден, мекемесіз) жұмысы туралы анықтама, лауазымы туралы анықтама, оқуы туралы анықтама, тіркелімі туралы анықтамалар (жатты, жатқан, жатады, жатып, жатса). Олар қалыпты (қағаздар, қағазы, қағазға, қағаздан) толтырылып, кадр бөлімі бастығының не кәсіпорын басшысының және бас бухгалтердің (қолына, қолымен, қолдары, қолы, қолға) қойылады, (мөрден, мөрмен, мөрлермен, мөріне, мөрдің) куәландырылады.
7-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз (Составьте словосочетания, используя слова из столбцов).


растайтын

баяндау


кәсіпорын

стратегиялық

біліктілік

жеке


көрсетуі

тұратын


беруге

анықтаманың

анықтама

екінші


мекеменің

мөрмен


қосымша

фактіні


мәселелер

салық


іске

кесте


бөлімдерге

деректер

атауы


міндетті

расталады

растау

инспекциясы



тігіледі

беру


басшысы

бойынша


бөлінеді

түрінде


хат

мақсат


адам

топ


тиіс

құжат


мәтіні

талаптары

жері



8-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз (Разбейте слова и определите количество предложений).
Анықтамағабірнешемәселелербойыншамәліметтерберілетінболсаондаоныңмәтініанықталғанмәселелергебайланыстыбірнешебөлімдергебөлінедіәрбөлімніңтақырыбыболадыоларарабсандарыменнөмірленедісандықкөрсеткіштерібаранықтамаларкестетүріндересімделуімүмкінөндірістіктақырыпбойыншаанықтамаларекіданаданжасаладыбірданасыадресатқажіберіледіекіншіданасыіскетігіледіқаржылықсипаттағымәліметібаранықтамаларғабасшыбасбухгалтерқолқоядыжәнемөрсоғылады.
9-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Анықтаманы әдетте екі топқа бөледі. Бірінші топта қандай да бір заңды фактіні куәландыратын қызметтік сипаттағы фактілер мен оқиғалар туралы ақпарат болады және мүдделі адамдар мен мекемелерге беріледі. Анықтамалардың екінші тобы атқаратын қызметі, жалақысы, тұратын жері, асырауында адамдардың болуы туралы растайды. Кәсіпорынның басшысы қызметкердің сұрауы бойынша мамандығын, лауазымын, біліктілігін, жұмыс уақытын және жалақысының мөлшерін көрсете отырып, осы ұйымдағы жұмысы туралы анықтама беруге міндетті.
Тест тапсырмалары
1. Қандай да бір белгілі мәселелер бойынша, істің жағдайы туралы, өзіне тән көрсеткіштер, өзге де фактілер мен оқиғаларды сипаттау мен растау туралы мәтіні бар құжат

А) түсініктеме

В) баяндау хат

С) анықтама



D) қызметтік хат

Е) жедел хат


2. Анықтаманың соңында не оң жақ жоғары бұрышында не жазылады?

А) анықтама берілетін тұлғаның аты-жөні

В) анықтама берілетін мекеменің атауы

С) анықтаманың берілген күні



D) анықтаманың мәтіні

Е) анықтаманың берілу мақсаты


3. Негізгі етістікті табыңыз.

А) емес


В) отыр

С) ойла


D) жүргіз

Е) сұрастыр


4. Толымды көмекші етістікті көрсетіңіз.

А) толаста

В) кел

С) жаздады



D) еді

Е) екен
5. Толымсыз көмекші етістікті көрсетіңіз.

А) екен

В) толмады



С) қой

D) кел

Е) сал
14-сабақ



Сенімхат

(Доверенности)


Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат.

Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.

Сенімхаттың екі түрі бар: кәсіпорындар беретін ресми сенімхат және азаматтар (жеке тұлғалар) беретін жеке сенімхат.

Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, материалдық-тауар құндылықтарын алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан сол кәсіпорынның өкіліне беріледі. Оның мынадай деректемелері болады:



  • ұйымның атауы;

  • ұйым туралы анықтамалық деректер;

  • құжат түрінің атауы;

  • құжаттың күні;

  • құжаттың тіркеу нөмірі;

  • құжаттың мәтіні;

  • лауазымды тұлғалардың қолы;

  • кәсіпорынның мөрі.

Сенімхаттың мәтінінде:

  • сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;

  • сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;

  • іс-әрекет түрі;

  • сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі.

Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде ресімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс-әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе, сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады.

Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақша аударымдары мен заттай сәлемдемелерді алуға беріледі. Аталған сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді.

Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

сенімхат – доверенность

сенімді тұлға – доверенное лицо

сеніп тапсырушы – доверитель

азамат – гражданин

құқық беруі туралы – о предоставлении права

үшінші тұлға – третьее лицо

алдында – перед

атынан – от имени

ресми сенімхат – официальная доверенность

жеке тұлға – физическое лицо

жеке сенімхат – личная доверенность

мәмілелер жасауға – на совершение сделок

материалдық-тауар құндылықтары – товарно-материальные ценности

кәсіпорынның өкілі – представитель предприятия

деректемелер – реквизиты

ұйымның атауы – наименование организации

анықтамалық деректер – справочные даные

құжат түрі – вид документа

құжаттың күні – дата документа

тіркеу нөмірі – регистрационный номер

лауазымды тұлға – должностное лицо

іс-әрекет түрі – вид действий

қолдану мерзімі – срок действия

жалақы алуға – на получение зарплаты

еңбек қатынастары – трудовые отнашения

басқа да – и другие

төлем – выплата

зейнетақы – пенсия

жәрдемақы – пособие

салымдар – вклады

ақша аударымдары – денежные переводы
Сенімхат үлгісі

(Форма доверенности)


СЕНІМХАТ


00.00.00

Мен, Лазарева Марина Васильевна, 2007 жылдың тамыз айындағы маған тиісті елу мың теңге мөлшеріндегі жалақыны алуды бухгалтер Ковалева Оксана Юрьевнаға сеніп тапсырамын.


Хатшы қолы А.Н. Макарова

М.В. Лазареваның қолын куәландырамын

КБ-нің инспекторы қолы К.Н. Кузнецов

М.О.

ДОВЕРЕННОСТЬ


00.00.00

Я, Лазарева Марина Васильевна, доверяю получить причитающуюся мне заработную плату за август 2007 года в сумме пятьдесят тысяч тенге бухгалтеру Ковалевой Оксане Юрьевне.


Секретарь подпись А.Н. Макаров

Подпись Лазаревой М.В. удостоверяю

Инспектор ОК подпись К.Н. Кузнецов



1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).



Қандай құжат сенімхат деп аталады? Сенімхат кімнен кімге беріледі? Сенімхаттың қандай түрлері бар? Ресми сенімхат кімнің атынан кімге беріледі? Ресми сенімхаттың қандай деректемелері болады? Сенімхаттың мәтінінде нелер көрсетіледі? Сенімхатқа кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қандай жағдайда қол қояды? Көбіне сенімхаттардың қандай бланкілері пайдаланылады? Жеке сенімхаттар қандай мақсаттарда беріледі? Жеке сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет ете ме?
2-жаттығу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқыңыз. Есімшелерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз (Выразительно прочитайте стихотворение. Найдите причастие, объясняя их значение).


  • Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,

ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны.

ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ ДӘСТҮРІ – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және ТУҒАН ТАРИХЫ.

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да,

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер.

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған,

Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!

Төрт анасын сыйламаған халықтың,

Ешқашан да бақ-жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!


3-жаттығу. Мәтінде кездесетін есімшелерді тауып, олардың мағыналарын

ажыратыңыз (Найдите причастия, различая их значение).


Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат.

Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.

Сенімхаттың екі түрі бар: кәсіпорындар беретін ресми сенімхат және азаматтар (жеке тұлғалар) беретін жеке сенімхат.

Сенімхатқа растаған лауазымды тұлғаның қолы қойылады. Алар айлығыңды жақын туысыңа сенімхат беру арқылы алдыруға болады.

Алмақтың да салмағы бар. Көрмес түйені де көрмес.

4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Личная доверенность должна иметь следющие реквизиты:


  • дату документа;

  • текст (с указанием доверителя, доверенного лица и вида действий по доверенности);

  • подпись и расшифровку подписи доверителя;

  • подпись должностного лица, заверившего доверенность;

  • печать организации, в которой доверитель работает, учится, или жилищно-эксплутационной организации по месту жительства.

Доверенность выдаются, как правило, на срок проведения действий, указанных

в ней.


Если срок действия в доверенности не указан, она сохраняет силу в течение

года со дня ее выдачи. Доверенность считается недействительной, если в ней отсутствует дата выдачи.

Доверенности хранятся 3 года.
5-жаттығу. Берілген үлгі бойынша сенімхат жазыңыз (Напишите доверенность по образцу).
СЕНІМХАТ
00.00.00.

Мен, Керімбаев Жанат Асқарбекұлы, 2006 жылдың желтоқсан айындағы маған тиісті қырық мың теңге мөлшеріндегі еңбекақыны алуды Езмахунов Марс Юсупұлына сеніп тапсырамын.


Хатшы қолы Б.Ж. Жүнісов

Ж.А. Керімбаевтың қолын

куәландырамын

КБ-нің инспекторы қолы Т.Т. Сейсембай

М.О.
6-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде ресімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс-әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе, сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады.

Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақша аударымдары мен заттай сәлемдемелерді алуға беріледі. Аталған сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді.
Тест тапсырмалары
1. Сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат

А) Кепілхат

В) Сауалнама

С) Сенімхат

D) Өтініш хат

Е) Жауап хат


2. Мәмілелер жасауға, ақша, материалдық-тауар құндылықтарын алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан сол кәсіпорынның өкіліне берілетін сенімхат түрі

А) жеке сенімхат

В) қалыпты сенімхат

С) ресми сенімхат

D) ұжымдық сенімхат

Е) толық сенімхат


3. Сеніп тапсырушының (азаматтың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақша аударымдары мен заттай сәлемдемелерді алуға берілетін сенімхат түрі

А) ресми сенімхат

В) жеке сенімхат

С) коммерциялық сенімхат

D) ұжымдық сенімхат

Е) ресми емес сенімхат


4. Есімше тұлғалы сөзді көрсетіңіз

А) қорған

В) толтырған

С) балдырған

D) сыған

Е) маған
5. Болжалды келер шақ есімше тұлғасында тұрған сөзді көрсетіңіз

А) келер

В) келетін

С) келуші

D) келіп


Е) келді
15-сабақ

Телефонограммалар

(Телефонограммы)

Телефонограммалар – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алған құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскерлік кездесулер, жоспарланған іс-әрекеттердегі өзгерістер, іс-шаралар туралы жедел хабарлар үшін пайдаланылады және оның мынадай міндетті деректемелері болады:


  • фирманың атауы;

  • құжат түрінің атауы;

  • хабарды беру (қабылдау) күні мен уақыты;

  • адресат;

  • құжаттың мәтіні;

  • қолы;

  • телефонограмманы қабылдаған және берген тұлғаның лауазымы және аты-жөні;

  • телефонограмманы берген және алған фирманың телефон нөмірі көрсетіледі.

Телефонограмманың мәтіні қысқа, анық, айтылуы қиын сөздерсіз, іс-шараның

уақыты мен күні, орны көрсетіле отырып жасалады.

Телефонограмманы жасағаннан кейін тексереді және кәсіпорынның басшысы

қол қояды. Телефонограмма бірнеше фирмаға жіберілетін болса, онда оған фирмалардың тізімі, олардың телефон нөмірлері қоса беріледі.

Телефонограмма жазбасы үшін арнайы журнал пайдалану қолайлы. Оның парақтары “қосарланып” (негізгі парақ пен көшірме парақ) орналасады. Телефонограмманы қабылдау кезінде көшірме қабаттың есебінен бірден екі дана жазылады. Негізгі парақ жыртылып алынады да, басшыға беріледі. Көшірме журналда қалады.

Телефонограмманы сақтау мерзімі, әдетте, бір жылдан аспайды.


Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

жедел мәселелер – оперативные вопросы

іскерлік кездесу – деловая встреча

жоспарланған іс-әрекет – запланированное действие

іс-шаралар туралы – о мероприятиях

пайдаланылады – используется

қабылдаған – принявший

берген – передавший

айтылуы қиын сөздер – труднопроизносимые слова

бірнеше – несколько

қоса беріледі – прилагается

қосарланып – попарно

негізгі парақ – основной лист

жыртылып алынады – отрывается

аспайды – не превышает


Телефонхат үлгісі

(Форма телефонограммы)


ТЕЛЕФОНХАТ


00.00.00 Қостанай қаласы №

10:30 “Вист” АҚ директоры

А.И. Розинге

т. 533428

20.09.2008 ж. сағат 10.00-де ХСО-да (Байтұрсынов көшесі, 55, конференц-залда) “Информатика-2008” көрмесін ұйымдастыру комитеті мен қатысушы-фирма өкілдерінің бірлескен мәжілісі өтеді.

Сіздің ұйымнан осы мәжіліске қатысатын өкіл жіберуіңізді сұраймыз.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы қолы аты-жөні

Телефонхатты жіберуші қолы аты-жөні

Қабылдап алушы қолы аты-жөні

ТЕЛЕФОНОГРАММА


00.00.00 г. Костанай №

10:30 Директору АО “Вист”

Розину А.И.

т. 533428

20.09.2008 в 10 часов в НТЦ (ул. Байтурсынова, 56, конференц-зал) состоится совещание оргкомитета выставки “Информатика-2008” с представителями фирм-участниц.

Просим направить на совещание представителя Вашей организации.

Председатель оргкомитета подпись И.О. Фамилия

Передала подпись И.О. Фамилия

Приняла подпись И.О. Фамилия



1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).


  1. Қандай құжаттар телефонограммалар деп аталады? Телефонограммалар қандай

мақсаттарда пайдаланылады? Оның қандай міндетті деректемелері болады? Телефонограмманың мәтіні қалай жасалады? Телефонограмма бірнеше фирмаға жіберілетін болса, оған қандай деректер қоса беріледі? Телефонограмма қанша уақыт сақталады?
2-жаттығу. Көсемшелерді табыңыз, мағыналық қызметін анықтаңыз (Найдите деепричастия, определите их типы).
Телефонограмманы жасағаннан кейін тексереді және кәсіпорынның басшысы

қол қояды. Телефонограмма бірнеше фирмаға жіберілетін болса, онда оған фирмалардың тізімі, олардың телефон нөмірлері қоса беріледі. Деректемеге фирманың атауы жазылып, мөр басылады. Телефонограмма келгелі көп бола қойған жоқ. Қайта жауап бергенше біраз уақыт бар. Толық мәлімет алмайынша, күте тұрамыз.


3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
При передаче телефонограммы необходимо придерживаться следующих правил: вначале указать имя своей фирмы и телефон, вид документа; после передачи текста записать должность, имя, отчество и фамилию лица, принявшего телефонограмму, номер телефона, дату и время передачи.

При приеме необходимо записать: название фирмы и номер ее телефона; текст телефонограммы; должности, имена, отчества и фамилии лиц, подписавших и передавших телефонограмму; дату и время приема. Во избежание неточностей или ошибок необходимо, чтобы принимающий повторил записанный текст телефонограммы передающему лицу. При этом указываются все знаки препинания.


4-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Телефонограмманы хатшы-референт немесе орындаушы басшының (тапсырмаға, тапсырманың, тапсырмасы, тапсырмамен) бойынша арнайы (әзірленіп, әзірленген, әзірлене, әзірленсе) бланкілерде немесе А5 форматты таза қағазда бір дана (етсе, еткен, етіп, ете) дайындайды. Қателер (жібреріп, жібермеу, жіберу, жіберген) мақсатында қабылдап алушы телефонограмманы беруші (тұлғамен, тұлғаның, тұлғадан, тұлғаны) жазылған мәтінді қайталауын (сұраған, сұраумен, сұрауы, сұраса, сұрап) тиіс.
5-жаттығу. Есімше мен көсемше сөздерді ажыратып, екі бағанға бөліп жазыңыз (Выпишите отдельно причастия и деепричастия).
Бармақ, барар, келіп, бара, көріп, оқи, қарай, көргенше, жазғалы, оқитын, танымас, жазар, келетін, істемейінше, айтқалы, сұрағалы, айтпақ, бармайынша.
6-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Телефонограмманың мәтіні қысқа, анық, айтылуы қиын сөздерсіз, іс-шараның

уақыты мен күні, орны көрсетіле отырып жасалады.

Телефонограмманы жасағаннан кейін тексереді және кәсіпорынның басшысы

қол қояды. Телефонограмма бірнеше фирмаға жіберілетін болса, онда оған фирмалардың тізімі, олардың телефон нөмірлері қоса беріледі.

Телефонограмма жазбасы үшін арнайы журнал пайдалану қолайлы. Оның парақтары “қосарланып” (негізгі парақ пен көшірме парақ) орналасады. Телефонограмманы қабылдау кезінде көшірме қабаттың есебінен бірден екі дана жазылады. Негізгі парақ жыртылып алынады да, басшыға беріледі. Көшірме журналда қалады.
Тест тапсырмалары
1. Жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алған құжат қалай аталады?

А) факс


В) телефонограмма

С) телеграмма



D) жеделхат

Е) электронды пошта


2. Телефонограммаға кім қол қояды?

А) жіберуші

В) алушы

С) кәсіпорын басшысы

D) бас бухгалтер

Е) кадрлар бөлімінің инспекторы


3. Көсемше тұлғалы сөзді табыңыз

А) сана


В) қара

С) көре


D) жыла

Е) сұра
4. Көсемшенің жіктеуге келмейтін түрін көрсетіңіз

А) алып

В) ала


С) алғанша

D) келе

Е) келіп
5. Мақсат көсемшені белгілеңіз

А) көргелі

В) көргенше

С) көріп

D) алып

Е) алғанша


16-сабақ

жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау