(Исковые заявления)
Талап-арыз сотқа жазбаша түрде беріледі.
Арызда:
арыз беріліп отырған соттың атауы;
талапкердің аты-жөні, оның тұратын жері немесе егер талапкер заңды тұлға болса, оның мекен-жайы, сондай-ақ арызды өкілі берсе, онда өкілдің аты-жөні мен мекен-жайы;
жауапкердің аты-жөні, мекен-жайы немесе егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның орналасқан жері;
талапкер өз талаптарын негіздейтін жағдайлар және талапкер жазған жағдайларды растайтын дәлелдер;
талапкердің талап-арызы;
талап-арыз бағалауға жататын болса, оның бағасы;
арызға қоса берілген құжаттардың тізбесі болады.
Арызға талапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген талап-арызға өкілдің
өкілеттілігін растайтын сенімхат қоса беріледі.
Талап-арыз жауапкерлердің саны бойынша көшірмелерімен сотқа ұсынылады. Істің күрделілігіне және сипатына байланысты судья талапкерден арызға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап етуі мүмкін.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды орындамауға байланысты заңды тұлғаның талап-арызы шағымға жауап алғаннан кейін сотқа беріледі.
Мәтінге арналған сөздік
Словарь к тексту
талап-арыз – исковое заявление
жазбаша түрде беріледі – подается в письменной форме
арыз беріліп отырған соттың атауы – наименование суда, в который подается
заявление
талапкер – истец
заңды тұлға – юридическое лицо
тұратын жері – место жительсво
өкіл – представитель
жауапкер – ответчик
растайтын – подтверждающие
талап-арыз бағалауға жататын болса – если иск подлежить оценке
арызға қоса берілген – прилагаемых к заявлению
құжаттардың тізбесі – перечень документов
өкілдің өкілеттілігін растайтын – удостоверяющий полномочия представителя
жауапкерлердің саны бойынша – по числу ответчиков
сотқа ұсынылады – представляется в суд
істің күрделілігіне байланысты – в зависимости от сложности дела
сипатына байланысты – в зависимости характера дела
азаматтық-құқықтық сипаттағы – гражданско-правового характера
орындамауға байланысты – по неисполнении
шағымға жауап алғаннан кейін – после получения ответа на претензию
сотқа беріледі – подается в суд
Талап арыз үлгісі
Қостанай облысының
Қостанай қалалық сотына
Талапкер: ___________________________
(шағымданушы тұлғаның аты-жөні
және мекен-жайы)
Жауапкер: ___________________________
(полиция қызметкерінің аты-жөні
және мекен-жайы)
Жауапкер: ___________________________
(ішкі істер басқармасы)
Тінту кезінде полиция қызметкер(лер)інің заңсыз іс-әрекеттеріне ерекше іс жүргізу тәртібіндегі
ТАЛАП АРЫЗ
200___ «___»____________ қалалық ішкі істер бөлімінің (басқармасының) полиция қызметкер(лер)і ____________________________________________________________
(қызметкерлердің аты-жөні)
менің келісімімсіз маған тиесілі кәсіпорынға (үйіме, пәтеріме) кіріп, менің қатысуымсыз (қатысуыммен) қойманы қарап, материалдық құндылықтардың, кредиттік және қаржылық операциялардың құжаттарын, _______________ сомасындағы ақшаны, сонымен бірге шикізат пен өнімнің үлгілерін алып қойды және кәсіпорынның кассасына, барлық үй-жайларына (бір бөлігіне) тыйым-мөр салды. Менің заңды бұзғандығым жөніндегі мәліметтерді көрсетуін сұраған өтінішіме полиция қызметкер(лер)і жауап берген жоқ. Менің тарапымнан бірнеше рет берілген шағымдар мен өтініштерден кейін олар алып қойған құжаттар мен құндылықтарды қайтарып берді, кәсіпорынның өндірістік ғимараттарындағы және кассадағы аресті алып тастады.
Полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қызметі_______________________________________________________
(қандай)
тоқтап қалды, тапсырыс берушілердің алдындағы міндеттемелерімізді орындай алмадық, өнім уақытымен жеткізілмеді. Менің есебім бойынша маған төленетін шығынның жалпы сомасы________ теңгені құрайды.
Жазылғандардың негізінде, АК-нің 150, 278-282-баптарын басшылыққа ала отырып,
ӨТІНЕМІН:
Полиция қызметкер(лер)інің іс-әрекеті заңсыз деп танылсын. Менің пайдама__________________ теңге сомасындағы шығын өндіріліп берілсін.
Қосымшалар:
1. Талап арызды растайтын құжаттар (арестің актісі, келісім-шарттың көшірмесі, шығын сомасының есебі және т.б.);
2. Мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.
Қолы
Күні
|
Форма исковой заявлении
В__________________районный (областной)
суд_________________ области
Истец: _______________________________________
(Ф.И.О. лица, подающего жалобу, адрес)
Ответчик: _______________________________________
(Ф.И.О. лица, сотрудника (ов)
_______________________________________________
полиции, адрес)
Ответчик: _______________________________________
(Управление внутренних дел)
ИСКОВОЕ ЗАЯВЛЕНИЕ
В порядке особого производства
на неправомерные действия сотрудника(ов) полиции при обыске
“ ____”_______________ 200______г. сотрудник(и) полиции________________
отдела (управления) внутренних дел___________________________ без моего согласия
(Ф.И.О.)
вошли в производственные помещения принадлежащего мне предприятия (мой дом, квартиру) и без моего участия (с моим участием) произвели осмотр склада, изъяли документы на материальные ценности, кредитные и финансовые операции, деньги в сумме_________, отобрали образцы сырья и продукции, опечатали кассу, все помещения (часть помещений) предприятия. На мою просьбу предъявить данные о нарушении мною закона сотрудник(и) полиции ответа не дал(и). Только после неоднократных обращений и жалоб мне вернули изъятые документы и ценности и сняли арест с производственных помещений и кассы.
В результате неправомерных действий работника(ов) полиции нарушены права, свободы и охраняемые законом интересы_____________________________в связи с
(какие именно)
чем парализована производственная деятельность предприятия, не выполнены обязательства перед заказчиками, не представлена продукция. Общая сумма убытка, по моим подсчетам, составляет_____________ тенге.
На основании изложенного, руководствуясь ст. 150, 278-282 ГПК РК,
ПРОШУ:
Признать действия сотрудника(ов) полиции неправомерным. Взыскать в мою пользу убыток в сумме________________ тенге.
Приложения:
1.Имеющиеся документы в подтверждение искового заявления (акт ареста, копии контрактов, расчеты по сумме ущерба и т.п.).
2. Квитанция об уплате госпошлины.
Подпись
Дата
|
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Талап-арыз сотқа қандай түрде беріледі? Арызда қандай мәліметтер мен деректер болады? Арызға кімдер қол қояды? Өкіл берген талап-арызға қандай құжат қоса беріледі? Талап-арыз қайда ұсынылады? Істің күрделілігіне және сипатына байланысты судья талапкерден нені талап етуі мүмкін? Заңды тұлғаның қандай талап-арызы шағымға жауап алғаннан кейін сотқа беріледі?
2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден келер шақты табыңыз (Найдите в предложениях глаголы в будущем времени).
Адамдардың ақыл-ойы дүниені таныған сайын өрлеп өседі (Эмпедокл). Уақыт адам ойланып-толғанғанда ғана немесе жұмыс істегенде ғана алға жылжиды (Инфельд). Ерінбей еңбек етсең шыдап егер. Тікен де гүлге айналып шыға келер (Сағди). Еңбек ерліккке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер (Мақал). Білегі күшті бірді жығар, білімі күшті мыңды жығар (Мақал). Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер, жолдас болсаң қорқақпен жаның күйер (Мақал). Түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып (Абай). Бұл бөлмеде Ділдә тұрмақ (М. Әуезов). Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінгенге жарар ол (Абай). Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер, атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер (Мақал). Ербол ертең түске таман келмекші (М. Әуезов).
3-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Қостанай облыстық соттың Шаруашылық даулары жөніндегі алқасына
Талапкер “Іскер” АҚ-ның директоры
А.А. Араповтың
Жауапкер “Көмек” АҚ-ның жүргізушісі
С.Б. Саламатовтан
152000 теңгені өндіріп алу туралы
ТАЛАП АРЫЗ
№ 129 жөнелтпе құжат бойынша жауапкер біздің мекен-жайымызға 13.10.2006ж. № 1112694 шот бойынша төленген кеңсе жиһаздары тауарларын әкеліп түсірді.
Өкілетті тұлға қойма меңгерушісі Ғ.Т. Ақаевтың қатысуымен тауарды 20.12.2006 ж. №29 акт бойынша қабылдадық.
Жеткізу кезінде сынған тауарлардың құны мен қайта сұрыпталғаннан кейінгі айырмасы есеп айырысуға сәйкес 152000 теңгені құрайды.
24.12.94ж. №268-ҮІІІ ҚР АК-нің 349, 350 баптарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда жазылғандар негізінде:
ӨТІНЕМІН
Жауапкерден 152000 теңгені және мемлекеттік баж салығына төленген 8369 теңгені өндіріп беруіңізді сұраймын.
Қосымша:
Шарттың көшірмесі.
Көлік жүк құжатының көшірмесі.
Тауарды қабылдап алғандығы туралы актінің көшірмесі.
Мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек.
Кәсіпорынның басшысы қолы
|
Сөздік
шаруашылық даулары – хозяйственные споры алқа – коллегия
талапкер - истец
АҚ (акционерлік қоғам) – АО
жауапкер –отвеичик
өндіріп алу туралы – о взыскании
жөнелтпе құжат – накладная
шот бойынша – по счету
кеңсе жиһаздары – канцелярские мебели
қайта сұрыпталғаннан кейінгі айырмасы – разница от пересортицы
есеп айырысуға сәйкес – согласно расчету
басшылыққа ала отырып – руководствуясь
жазылғандар негізінде – на основании изложенного
өтінемін - прошу
мемлекеттік баж салығы – госпошлина
қосымша – приложения
шарттың көшірмесі – копия договора
көлік жүк құжаты – товарно-транспортная накладная
тауарды қабылдап алғандығы туралы актінің көшірмесі – копия акта приемки
товара
төленгендігі туралы түбіртек – квитанция об уплате госпошлины
4-жаттығу. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя слова и словосочетания).
Талап-арыз, жөнелтпе құжат, жауапкер, өкілетті тұлға, акт, өтінемін, мемлекеттік баж салығы, өндіріп беру, шарттың көшірмесі, тауарды қабылдап алғандығы туралы акті, түбіртек.
5-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Арызға талапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген талап-арызға өкілдің
өкілеттілігін растайтын сенімхат қоса беріледі.
Талап-арыз жауапкерлердің саны бойынша көшірмелерімен сотқа ұсынылады. Істің күрделілігіне және сипатына байланысты судья талапкерден арызға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап етуі мүмкін.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды орындамауға байланысты заңды тұлғаның талап-арызы шағымға жауап алғаннан кейін сотқа беріледі.
Тест тапсырмалары
1. Талап арыздар қандай түрде беріледі?
А) жазбаша
В) жасырын
С) ауызша
D) құпия
Е) ашық
2. Істің күрделілігіне және сипатына байланысты судья талапкерден нелерді талап етуі мүмкін?
А) төлқұжатын
В) арызға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін
С) түсінік хат
D) анықтама
Е) сауалнама
3. Болжалды келер шақта тұрған етістікті белгілеңіз.
А) келмекші
В) келер
С) келсе
D) келген
Е) келіп
4. Болжалды келер шақтың болымсыз түрінде тұрған етістікті көрсетіңіз.
А) барармыз
В) барған жоқпыз
С) бармаспыз
D) барыпты
Е) бармадық
5. Келер шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) оқыды
В) оқымады
С) оқымақ
D) оқығанмын
Е) оқыпты
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР
ДОКУМЕНТЫ ПО ТРУДОВЫМ ОТНОШЕНИЯМ
№18-сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |