143
ратқа қызмет көрсетуді барынша қауіпсіз етеді. Бір полюсті түйіспе-
лер қолданылатын схемамен салыстырғанда екі полюсті түйіспелері
бар схема үлкен басымдылыққа ие. Бір түйістіргіштің ақауларында
жəне істен шығуында кернеу тек қозғалтқыштың бір қысқышына ғана
беріледі. Бір полюсті түйіспелері бар схемада қозғалтқыштың екі фаза-
лы қуатының ауыр режимінің туындауына əкеледі.
Тұрақты ток түйіспелерінде магнитті үрлеуі
бар құрылғылар кеңі-
нен таралған.
Магнитті өрісті жасау тəсіліне байланысты тұрақты магнитпен жəне
орауышты параллель қосумен (кернеу орауышы), магнитті үрлеу ора-
уышын ретпен қосу жүйелерін ажыратады.
Ток орауышын қолданған жағдайда ағытылатын тізбек арқылы
өтетін ток одан өтеді. Бұнда индукция ағытылатын токқа пропорцио-
нал, ал доға ұзындығының бірлігіне əрекет ететін күш ток квадратына
пропорционал. Себебі аз токтар аймағында үрлеу үшін магнитті өрістің
қажетті шамасы барынша маңызды, аз
токтар аймағында магнитті
өрістің қажетті индукциясын тудырмайтын ток орауышы бар жүйенің
тиімділігі аз. Осы кемшілікке қарамастан номиналды жəне үлкен ток-
тарды сөндірудегі жоғары сенімділігі нəтижесінде ток орауышы бар
жүйе басым түрде таралды.
Параллель қосуы бар жүйеде магнитті үрлеу орауыш тəуелсіз қуат
көзіне қосылады. Жүйемен құрылатын магнитті индукция тұрақты
жəне ағытылатын токқа байланысты емес. Аз токтар аймағында кер-
неу орауышы ток орауышына қарағанда барынша тиімді, сол доғаның
жану ұзындығында аз МҚК талап етіледі, ол энергияны үнемдеуді бе-
реді. Алайда кернеу орауышының бірқатар маңызды кемшіліктері бар.
Біріншіден, доғаға əрекет ететін электр динамикалық күштің бағы-
ты ток полярлығына байланысты. Ток полярлығы өзгергенде, ток доға-
сы өзінің қозғалыс
бағытын өзгертеді, сəйкесінше түйістіргіш токтың
полярлығын ауыстырғанда жұмыс істей алмайды.
Екіншіден, орауышта қуат көзінің кернеуі болса, оқшаулау осы кер-
неуге есептелуі тиіс. Орауыш жұқа сымнан жасалады. Осындай ора-
уышқа доғаны жақындығы соңғысының жұмысын сенімсіз етеді (түй-
іспелердің балқытылған металы орауышқа түсуі мүмкін).
Үшіншіден, қысқа тұйықталуларда орауышқа қуат беретін ора-
уыштағы кернеудің төмендеуі мүмкін. Доғаны сөндіру процесі нəтиже-
сінде тиімсіз ағатын болады.
Көрсетілген кемшіліктерге байланысты
кернеудің орауышы бар
жүйесі тек 5-тен 10 А дейін кішігірім токтарды ағыту қажет болған
жағдайларда ғана қолданылады.
Маңызы жағынан тұрақты магниті бар жүйе кернеудің орауышы бар
жүйеден аз ерекшеленеді, бірақ келесі артықшылықтарға ие:
•
магнитті өрісті жасауға электр энергиясына шығындар жоқ;
144
6
•
түйістіргішке мыс шығыны күрт қысқарады;
•
ток орауышы бар жүйелердегідей орауыштан түйіспелердің қызуы
болмайды;
•
тұрақты магниті бар жүйе кернеуінің орауышы бар жүйемен са-
лыстырғанда жоғары сенімділікке ие жəне кез келген токтарда жақсы
жұмыс істейді.
Доғаға əсер ететін магниттік өріс доға сөндіргіш камерада доғаны
жылжытатын күш туғызады. Камераның мақсаты доғаны қыздырылған
газдары бар аймақты оқшаулау, көршілес полюстер арасының жабылуы-
на кедергі жасау болып табылады. Камераның
қабырғаларымен доға-
ның жанасуы кезінде доға қарқынды салқындайды, оның вольт-ампер-
лік сипаттамасының көтерілуіне жəне соның салдарынан сəтті сөнуіне
əкеледі. Тұрақты токтағы жетегі бар түйіспелерде басым түрде клапан-
ды типті электр магниттер кеңінен таралған.
Қазіргі түйіспелерде механикалық тозуға төзімлілікті арттыру мақ-
сатында призмада якорды айналдыру қолданылады. Осылайша, КПВ-
600 сериялы түйіспелерде электрмагнитті жəне түйіспелі жүйені (9.1-
сур. қар.), якорьды призмаға қысатын арнайы серіппені қолдану
12
, 20
·10
операцияға дейін айналу торабының тозуға төзімділігін арттыруға
мүмкіндік береді. Призмалық тораптың тозуына қарай якорь жəне тірек
призмасының арасындағы саңылау автоматты түрде таңдалады. Якорь-
дың жəне магнитжетектің мойынтіректі қосылысын қолданған жағдай-
да аппараттың қалыпты жұмысын бұзатын люфтілер туындайды.
Қажетті дірілді жəне соққыға төзімділікті алу үшін түйістіргіш ай-
налу осіне қатысты бірқалыпты болуы тиіс. Жақсы теңдестірілген жүй-
енің қалыпты мысалы КПВ-600 сериялы түйістіргіштің электрмагниті
болып табылады. Магнит якорі қозғалмалы түйіспе бекітілетін құй-
рыққа теңестіріледі. Қайтарма серіппе
10
сондай-ақ якорьдың ұшы-
на əсер етеді. Электромагнит орауышы
жұқа қабырғалы оқшауланған
болат гильзаға оралады, ол жақсы беріктікті қамтамасыз етеді жəне
өзекшемен орауыштың жылулық байланысын жақсартады. Соңғысы
орауыштың температурасының төмендеуіне жəне Түйістіргіштің габа-
риттік өлшемдерінің азаюына жағдай жасайды.
Электрмагнитті қосуда қайтару
Достарыңызбен бөлісу: