139
9-ТАРАУ
ЭЛЕКТРМАГНИТТІ ТҮЙІСПЕЛЕР
ЖӘНЕ МАГНИТТІ ҚОСҚЫШТАР
9.1.
Жалпы мәліметтер
Түйістіргіш
— бұл тиісті электр тізбектерінің артық тоғынан ас-
пайтын, токтардың жеке коммутациясына
арналған екі позициялы
аппарат. Түйістіргіштің түйіспелерінің тұйықталуы немесе ажырауы
қозғалтқыш (электрмагнитті, пневматикалық немесе гидравликалық)
жетекпен жүзеге асырылуы мүмкін.
Электрмагнитті түйіспелер кеңінен таралған.
Тұрақты токтың түйіспелері тұрақты
ток тізбегін коммутациялай-
ды жəне ереже бойынша тұрақты ток электрмагнитіне ие. Айнымалы
ток түйіспелері айнымалы токты коммутациялайды. Осы түйіспелердің
электрмагниті айнымалы немесе тұрақты токта орындалуы мүмкін.
Әр қосуда жəне ағытуда əсіресе қосулардың үлкен
санында ерек-
ше байқалатын түйіспелердің тозуы болады (бұл қазіргі электр же-
тектерге тəн). Сол себепті қосуда дірілді жою жəне
ағытуда доғаның
жану ұзақтығының қысқаруына шаралар қабылдайды. Операциялар-
дың үлкен жиілігі түйістіргіштің электрмагнитті механизмінің жоғары
механикалық беріктігін талап етеді. Аппараттың
қабілеттілігі тозуға
беріктігімен сипатталады. Механикалық жəне коммутациялық тозуға
төзімділікті ажыратады.
Механикалық тозуға төзімділік детальдар жəне оның түйіндерін
ауыстыру жəне жөндеусіз түйіспелерді қосу-ағыту санымен анықтала-
ды. Тізбектегі ток бұнда нөлге тең. Қазіргі түйіспелердің механикалық
тозуға төзімділігіне өте жоғары талаптар қойылады. Ол (10...20)
·
10
6
операцияларды құрауы тиіс.
Коммутациялық тозуға төзімділік токпен қосылулар-ағытулар тіз-
бегінің санымен анықталады, одан кейін тозған түйіспелерді ауыстыру
талап етіледі. Қазіргі түйіспелер шамамен (2...3)
·
10
6
операциялардың
коммутациялық тозуға төзімділікке ие болуы тиіс.
Жоғары механикалық жəне коммутациялық тозуға төзімділікпен қа-
тар түйіспелердің салмағы аз жəне өлшемі шағын болуы тиіс. Доғаның
қыздырылған газдарын шығару аймағы барынша аз болуы тиіс, ол бар-
лық орнату өлшемдерін толығымен қысқартуға мүмкіндік береді.
Тозуға барынша қатты ұшырайтын детальдар ауыстыру үшін жеңіл
болуы тиіс.
140
Түйістіргіштің негізгі түйіндері: түйіспелік жүйе,
доға сөндіргіш
жүйе, электрмагнитті механизм, бұғаттауыш түйіспелер (блок-түйіспе-
лер) жүйесі болып табылады.
Электрмагнитті орауда кернеуді беруде якорь тартылады. Якорьмен
байланысты қозғалмалы түйіспеде бас тізбектің тұйықталуы немесе
ажырауы жүргізіледі. Доға сөндіргіш жүйе доғаны сөндіруі қамтамасыз
етеді, ол түйіспелердің тозуын төмендетеді. Түйістіргіштің өзін басқару
тізбегіне қосылатын немесе басқа аппараттармен түйістіргіштің жұмы-
сын келісу үшін пайдаланылатын басты түйіспелерден басқа түйістір-
гіш бірнеше қосалқы əлсіз токты түйіспелерге (блок-түйіспе) ие.
Түйіспелердің негізгі параметрлері жəне іске қосқыштар: бас түй-
іспелердің номиналды тогы, шекті ағытылатын ток, номиналды кернеу,
механикалық тозуға төзімділік, электрлі тозуға төзімділік, сағатына қо-
сулардың рұқсат етілетін саны, қосудың өзіндік уақыты болып табыла-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: