1
— якорь;
2, 5
— серіппелер;
3
— тіреуіштер;
4
— қозғалмайтын түйістіргіш-бөл-
шектер;
6
— тартқыш;
7
— бағыттауыш;
8
— түйістіргіш көпірше;
9
— түйістір-
гіш-бөлшектер;
10
— қысқа тұйықталған орама;
11
— орама
133
Қорғаныш релесінде қайтарымның жоғары коэффициенті болуы
тиіс. Бұған реленің тартымдылық сипаттамасын механикалық сипатта-
маға жақындату арқылы қол жеткізуге болады. Алайда, олардың якорь-
дың түпкілікті күйінде шектен тыс жақындауы тұйықталған түйістір-
гіштердегі түйіспелік қысудың жол берілмеуі тиіс төмендеуіне əкеп
соғады.
Реле тұрақты токта да, айнымалы токта да жұмыс істей алады. Ай-
нымалы токпен жұмыс істеу кезінде туындайтын якорьдың дірілін жою
үшін тербелістердің энергиясы қиыршықтарды үйкелеу жұмысына ауы-
сатын, тербелістерді бəсеңдеткіш қолданылады.
Радиоэлектронды құрылғылардың электрмагнитті релелері ең көп
түрлі болып табылады. Оларға жоғарлатылған токтарды да, сонымен
бірге төмендетілген токтарды да жəне кернеулерді де коммутациялау
талабы жиі қойылады. Бұл релелердің көп түрлері қатаң шарттарда пай-
далануға арналған, яғни тұрақты жылдамдықтың, жиіліктің кең диапа-
зонындағы дірілдің, соққылардың, қоршаған ортадағы температураның
елеулі төмендеуінің, атмосфералық қысымның жəне басқада фактор-
лардың кезінде пайдаланылады.
Бұндай релелердің құрылымын жетілдірілуіне, олардың техникалық
жəне пайдаланылу сипаттамасының жақсаруына, аппаратураны мини-
атюризациялаудың жалпы процесстері, баспалық монтаждауды кеңінен
енгізу жəне түйістіргішсіз коммутациялау саласындағы жетістіктер
ықпал етті. Бір корпуста шынайы электрмагнитті реле де, электрони-
каның элементтері де (интегралды тізбе, микропроцессор) орнатылған
құрылымдар бар жəне олар аппараттың атқарымдылық жəне коммута-
циялық мүмкіндіктерін арттыруға, түйістіргіштердің күйін бақылауды
жүзеге асыруға, басқарудың ұтымды режимін жасауға мүмкіндік береді.
Радиоэлектрондық құрылғыларға арналған көптеген қазіргі за-
манғы релелерге тəн құрылымдық ерекшеліктер олардың саңылаусыз-
дығы, теңгерімді зəкірі, түйіспелі тораптардың элементтерінің цоколь-
ден шыны «жасшалармен» оқшауланған тікелей металл өткізгіштерге
бекітілуі, температураға төзімді сымдардың жəне оқшаулағыш матери-
алдардың қолданылуы болып табылады. Бұл елеулі механикалық жəне
климаттық əсер етулердің кезінде реленің сенімді жұмыс істеуін қамта-
масыз етеді.
Радиоэлектрондық құрылғыларға арналған релелерге тəн мысал-
дардың бірі, екі түйістіргіш түйіні бар РЭС-80 релесі (8.7-сурет) болып
табылады.
Түйістіргіш түйін екі ауыстырып қосушы түйістіргіштерден тұра-
ды, олардың əрқайсысында қозғалмалы ажырататын
2
жəне тұйықтай-
тын
11
түйістіргіш серіппелері, сондай-ақ қозғалмалы
12
түйістіргіш
серіппелері бар. Түйістіргіш серіппелерде тіркелген шоғырланды-
рылған түйістіргіштер жоқ. Төменгі токтар мен кернеуді коммутациялау
134
8.7-сурет. Электромагнитті реле РЭС-80:
1
— цоколь;
2, 11, 12
— түйістіргіш серіппелер;
3
— итергіш;
4
— якорь;
5
—білік;
6
— орама;
7
— полюстік ұштық;
8
— тақтайша;
9
— қайтару серіппесі;
10
—
бағана;
13
—«тамшылар»
үшін түйістіргіш серіппелер алтынның жұқа қабатымен жалатылған.
Түйістіргіш түйіндердің аталған бөлшектері цокольден
1
шыны «жас-
шалармен»
13
оқшауланған өткізгіштерге бекітілген
13
.
Реленің магнитті жүйесінде
L
-пішініндегі екі полюстік ұштық
7
,
білік
5
жəне екі жарты ості — шетмойынды якорь
4
бар. Полюстік
ұштықтар бағанға
10
жəне тақтайшаға
8
ерітіп жабыстырылған. Якорь-
дың нейзильберден жасалған ұштықтары баған мен тақтайшадағы
саңылауларға кіреді. Бастапқы күйінде якорь қайтарымды серіппенің
9
тақтайшасының шектеуіш тіреуішіне қысылған. Полюсты ұштықтары
бар якорьді құрғаннан кейін ұштықтардың бос ұштарына білікті алдын
ала киілген орамамен
6
бірге ерітіп жабыстырады. Түйістіргіш түйін-
дерді баптап болғаннан кейін магнитті жүйені цокольге орналастырады.
Бұл ретте бағанның
10
ұштарын (8.7-суретте көрсетілмеген) цокол-
дағы саңылауларға қояды (бұл да көрсетілмеген) жəне оған ерітіп жабы-
стырады. Түйістіргіштерді якорьдың бұрылуы кезінде ауыстыру зəкірге
ерітіп жабыстырылған итергіштердегі
3
шыны шарлар арқылы жүзеге
асырылады.
135
Релені күйге келтіру (баптау) якорьдың жүрісінің өзгеруімен жəне
итергіштердің иілістерімен жасалады. Күйге келтіріп болған соң маг-
нитті жүйесі бар құрастыру торабын, түйістіргіш түйін пен цоколды,
қаптамамен жабады жəне саңылау қалдырмай дəнекерлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |