9.2 Электровоздардың электрлі энергиясының шығынын анықтау
Электрлік тартымда тасымалдау процесінің энергия сыйымдылығының негізгі көрсеткіші болып, көлік жұмысының бірлігін орындаудағы энергия шығыны табылады. Магистральды темір жол үшін мұндай көрсеткіш ретінде электр энергиясының меншікті шығынын қабылда, яғни, 10 мың тонно-километр бруттода орындалған жұмысқа кеткен толық шығын, .
(9.4)
мұндағы: А = Аτ + Ас.н – телім бойынша поездың жүруі кезіндегі энергияның толық шығыны, кВт.сағ;
Аτ – тартымға кететін энергия шығыны, кВт.сағ;
Ас.н. – электровоздың қосымша қажетіне кететін энергия шығыны, кВт.сағ.;
Q – құрам массасы, т;
L - телім ұзындығы, км.
Тартымдағы энергия шығынын Аτ анықтауды түйіспе желіде тұрақты кернеу номинальды мәнге тең (тұрақты ток Uc =3 кВ, айнымалы – Uc =25 кВ) болғандағы t(s) уақыт қисығы мен Іэ.(s) электровоз тогының қисығының (айнымалы токты электровоз үшін – Іэ.а.(s)) көмегімен жүргізеді.
Ат энергия шығыны токтың қисығының барлық элементтері шығындарының қосындысы болып табылады, кВТ.сағ:
(9.5)
мұндағы: Uс – түйіспе желідегі кернеу, кВ;
Іор.і – ток қисығындағы і элементі тогының орташа мәні, А;
∆tі – орташа токпен қоректену уақыты, мин;
k – ток қисығының элементтер саны.
(9.5) формула бойынша АТ есептеу үшін барлық қажетті ақпарат 13 кестеде келтіріледі. Ток қисығының әрбір элементіне орташа мәнді табады:
(9.6)
ал, оны ∆t1 шамасына көбейту арқылы, шыққан Іор.і ∆t шамасын 13 кестеге кіргізеді.
Электровоздың өзіндік қажетіне кететін энергия (компрессордың, желдеткіш және басқа да көмекші жабдықтар):
Aө.қ. = аө.қ.tқ , кВт∙сағ (9.7)
мұндағы: аө.қ. – электровоздың өзіндік қажетінің орташа шығыны, кВт∙сағ/мин (кесте 14);
tқ–қозғалыстың жалпы уақыты, сағ.
Электр энергиясының меншікті шығынын (9.4) формуласы бойынша анықтайды. Электр энергиясының толық және меншікті шығындарын әрбір аралыққа (А-Б және Б-В), барлық телімге тұтас есептеу керек.
13-кесте.
Электрлі энергиясын шығынын анықтау кестесі
Интервалдың №
|
Iэ немесе Ida тогы
|
Уақыт Δt, мин
|
Іор. Δt
А∙мин
|
Ат, кВт∙сағ
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
Барлығы
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
14-кесте.
Электровоздың 1 минуттағы өзіндік қажетіне кететін
электрэнергияның орташа шығыны
Тұрақты тоқты электровоздар
|
Айнымалы тоқты электровоздар
|
Сериясы
|
аө.қ., кВт∙сағ/мин
|
Сериясы
|
аө.қ., кВт∙сағ/мин
|
ВЛ23
|
1,25
|
ВЛ60
|
3,33
|
ВЛ8
|
1,67
|
ВЛ80к
|
4,83
|
ВЛ10
|
2,08
|
ВЛ80т, ВЛ80с
|
5,5
|
ВЛ11
|
2,08
|
ВЛ85
|
5,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |