АЛМАТЫ ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІ КОЛЛЕДЖІ
«Жылжымалы құрам» бөлімі
«Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
М.Тарпанова ____________
«____» ______ 20 жыл
«Электірлі және тепловоз тартылысының негіздері» пәнінен оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысын орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
(1108001-«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» - мамандандығының студенттері үшін)
Алматы – 2016
«Электірлі және тепловоз тартылысының негіздері» пәні бойынша (1108001-«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығының студенттері үшін оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
Пікір жазғандар:
Агибаев Б.С -«Жылжымалы құрам» бөлімінің меңгерушісі
Қаптағаева Ж- АКЖТ оқытушысы
Авторлық ұжым:
Өтегенов Н.А -АКЖТ оқытушысы
Нурбакова А. – ЦПК төрағасы Нурбакова А
«Электірлі және тепловоз тартылысының негіздері» курсы бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындауға арналған арналған әдістемелік нұсқауларда тақырып бойынша тепловоз және электр тартымына қолданылатын тартым есептерін шығару әдістері қарастырылған және персональды компьютерлерді тартым есептерінде қолдану туралы мәлімет берілген. Есепті шығару мысалдары келтірілген. Бұл әдістемелік нұсқаулар осы пән бойынша студенттер өздік жұмысты орындау кезінде көмекші құрал болып саналады.
Кіріспе
«Электірлі және тепловоз тартылысының негіздері» пәні (1108001-«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандықтарына арналған элективті пәндердің бірі болып табылады.
Тартым есебі поезды тартым теориясының қолданбалы бөлігі болып табылады. Темір жолды жобалау және пайдалану кезіндегі туатын көптеген тәжірибе жүзінде кездесетін есептерді тартым есебінің көмегімен шешеді.
Құрам массасын анықтау, поездың тежеумен қажетті қатамасыз етілуі немесе тежеу бойынша поезд қозғалысының жылдамдығын, телім бойынша поезд жүрісінің жылдамдығы мен уақытын шектеуді есептеу және т.б. тартым есептерін орындаудың мақсаты болып табылады.
Есептеме техникасының дамуы осы курстық жобада қарастырылатын тартым есептерін есептеудің дәстүрлі әдістерімен персональды компьютерлерді қолдануға мүмкіндік тудырды. Қазіргі уақытта түрлі программалық өнімдер әзірленген олардың көмегімен тартым есептерін толық автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ұсынылатын әдістер тек болашақ мамандарды даярлау үшін ғана арналған. Персональды компьютер үшін арналған бағдарламалар тартым есептерін есептеуді жеңілдетеді және аз уақыт ішінде қорытынды алуға мүмкіндік береді. Студенттің қалауы бойынша есепті компьютердің көмегімен немесе дәстүрлі есептеу жолымен шығаруға болады.
Осы әдістемелік нұсқау «Электірлі және тепловоз тартылысының негіздері» пәні бойынша тартым есептерін орындаудың әдістері мен тәжірибелік тәсілдерін үйрену үшін арналған.
Студент теміржол бойында поездың тартым есебін орындау қажет, келесі бөлімдерден тұрады:
тартым есептерін орындауға жол пішінін туралау;
жүк поездар құрамының массасын есептеу және тексеру;
тең әсерлі меншікті күштердің есептерін орындау және олардың диаграммаларын құру;
құрамды тежеу кезінде әсер ететін тежеу күштерінің диаграммаларын есептеуді орындау және диаграммаларын құру;
поезд қозғалысының жылдамдық қисығын есептеу және құру;
поезд қозғалысының уақыт қисығын есептеу және құру;
электрлі тартым машиналардың қызып кетуіне жылжымалы құрамның массасын тексеру;
отын және электрлі энергияның шығынын есептеу.
ТАРТЫМ ЕСЕПТЕРІН ОРЫНДАУ БАРЫСЫНДА КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУ ҚАЖЕТ
Тартым есептерін орындау барысында келесі талаптарды сақтау қажет:
а) ара қашықтық – жол пішіні бүтін мәнмен, өлшем бірлігі метр деп, бекет аралығы үтірден кейін екі мәнмен, километрде беріледі.
ә) жолдың тіктігі (еңістер) – үтірден кейін бір мәнмен, мыңдық үлеспен;
б) тартым, кедергі және тежеу күштері – 50 кг дейін жуықтап алынады.
в) меншікті күштер – үтірден кейін бір мәнмен кг/т деп алынады;
г) жылдамдық – үтірден кейін бір мәнмен км/сағ;
ғ) құрам массасы – жүк вагондары үшін 50 т , жолаушылар вагондары үшін 25 т дейін жуықталады;
д) жүрістің аралық уақыты – есептеме 0,1 мин дейін, поездар қозғалысының графигі үшін – 1 мин дейін жуықталады;
Тартым есептерін орындау барысында шамалардың және өлшем бірліктердің қысқартылған белгіленуілері және дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда келтірілген өлшемдер қолданылады.
Бір айнымалы шаманың екіншісіне тәуелділігін графиктік түрде бейнелеуде келесі талаптар сақтала отырып орындалады:
а) графикте міндетті түрде нольдік абсциссаның, нольдік ординатаның және толық торлардың болуы қажет;
ә) масштаб дұрыс алынуы қажет, яғни миллиметрлі қағаздағы торлардан айнымалы мәндерді табу еш қиындық туғызбауы қажет;
б) координат осі басқа сызықтардан гөрі жуан етіп сызылуы қажет;
в) координат осінде айнымалылардың әріптік белгіленуін көрсету қажет;
г) тартым есептері қозғалыстағы доңғалақтың тоғынындағы тартым күші бойынша жүргізіледі (жанама тартым күші бойынша Fk ).
1. Тартым есептерін орындауға жол пішінін туралау
Теміржол жолының көлденең профилі бірнеше элементтерден тұрады, олардың әрқайсысы ұзындығы мен еңіс шамасымен ерекшеленеді. Теміржол бойында түзу сызықты жолдан басқа қисық сызықты жолдар кездеседі. Қисық сызықты жолдар бұру бұрышымен, қисықтың радиусымен, қисықтың бағытымен және ұзындығымен сипатталады. Жолдың бойлық пішіні мен қисығының жол қозғалысына әсерін қозғалысқа қосымша кедергінің шамасымен есептейді. Тартым есебін жүргізу кезінде поезды материальды нүкте ретінде қарастыратындықтан, пішіннің әрбір элементіне қозғалыс жылдамдығын жеке есептейді және сонымен бірге, еңістен болатын қосымша кедергі поезд кезекті жол пішініне өту кезінде лезде өзгереді деп ескеріледі. Негізінде, белгілі- бір ұзындыққа ие поезд бірнеше элементте орналасуы мүмкін, бұл жағдай 1-суретте көрсетілген.
1 – сурет. Жол пішінін туралау мысалы
Сондықтан, есепте еңістігімен аз ерекшеленетін бірнеше элементтерді бір элементпен ауыстыруға, яғни туралауға болады және оның ұзындығы осы элементтердің ұзындығының sc қосындысына тең, яғни:
SC = S1+ S1 + … + Sn, (1.1)
Жол пішінін туралау дегеніміз жол бойындағы пішіннің сандық жағынан бір-біріне жақын екі немесе бірнеше элементтерінің бір элементке ауыстырылуы.
Тіктік i осы формуламен анықталады:
%0 (1.2)
Достарыңызбен бөлісу: |