Электірлі және тепловоз тартылысының негіздері


Поезд қозғалысының уақыт қисығын есептеу және құру



жүктеу 9,34 Mb.
бет33/38
Дата26.05.2018
өлшемі9,34 Mb.
#18082
түріНұсқаулар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
6. Поезд қозғалысының уақыт қисығын есептеу және құру
Уақыт қисығы деп – поезд қозғалысы уақытының жүрілген жолға графиктік тәуелділігін t(s) айтады. Оны миллиметрлі қағазда сызылған жылдамдық қисығы бойынша құрады. Құрылған уақыт қисығының қорытындысын әрі қарай поезд қозғалысының графигін құру үшін, тартым электр машинасының қызып кетуін және энергияресурстарының шығынын есептеуге қолданады.

Тартым есебінің Ережесі Лебедев тәсілімен уақыт қисығын құруды ұсынады. Ол үшін координат басының сол жағына Δ қашықтықта вертикалды OO” сызығын жүргізеді (13-сурет).

Одан кейін жылдамдық қисықтары OA, AB, BC және т.б. кесінділеріне бөлінеді. Бұл кесінділер Липецтің әдісімен жылдамдық қисығын құруда алынғандар. Кесінділердің ортасынан OO” сызығына перпендикуляр жіберіліп, a’ , b’ және т.б. нүктелер табылады. Оa’ сызығына координат басымен өтетін ОA’ перпендикулярын жүргізеді. Осы кесінді уақыт қисығының фрагментін көрсетеді және Δs1 аралықта поезд қозғалысының жылдамдығының өзгеруіне сәйкес. Жолдың Δs2 екінші кесіндісі үшін уақыт қисығының фрагменті A’ нүктесі арқылы өтетін Оb’ кесіндісіне перпендикуляр құрылады. Қалған кесінділер осыған ұқсас орындалады.

13-суреттен уақыт қисығын құру қозғалыс жылдамдығының өзгеру бағытына тәуелді еместігін көруге болады, уақыт өсу бағытымен ғана өзгереді. Таңдалған форматтың шегінен шығып кетпеу үшін, уақыт қисығын мысалы 10 мин шегінде құруға болады. Осы мәнге жеткеннен кейін (13-суреттегі 1 нүкте) уақыт қисығының жалғасын нөлден (2 нүкте) бастап құрады. Осы тәртіппен, жолдың қарастырып отырған теліміне 10 мин бойынша уақыттың толық аралығы кіретін жүріс уақытын есептеу оңай болады. FF” кесінділерімен анықталатын уақытты табылған мәнге қосып телім бойымен поездың қозғалу уақытын табады.




7. ТОК ДИАГРАММАСЫН ҚҰРУ
Тартым есебін аяқтаушы кезең болып табылатындар: тартым қозғалтқышы орамасының температурасы сыртқы ауадағы температурадан жоғары асып кетуі және поезды тартуға кететін электр энергиясы шығынын анықтау. Бұл тапсырманы t(s) уақыт қисығымен бірге Ід және Іэ жолына электровоз тогы Іэ мен қозғалтқыш тогының Ід қисығы көмегімен шешеді.
7.1. Қозғалтқыш тогының қисығы
Тартым қозғалтқышы орамасының температурасының артуын анықтау үшін Ід(v) тәуелділігін есептеу және тұрғызу қажет. Oны есептеудің негізі болып доңғалақтың тоғынындағы (обод) тартым қозғалтқышының электрмеханикалық сипаттамасы табылады (v(Ід) жылдамдық және Ғк.дд) электрлік тартым сипаттамалары).

Есептеме жылдамдығына (vр) дейін поездың жылдамдық алу процесі электровоздың ілінісу бойынша тартым күшінің максимальды орташа мәнінде іске асатындығы үдету күшінің қисығын тұрғызу кезінде қабылданады. Сондықтан Ід тогы 0-ден vр дейінгі жылдамдық аралығында қоса санағанда бұрын есептелінген Ғк.д.сц тартым күшіне сәйкес келуі керек. Бұл токтардың мәнін орташа қозуда Ғк.дд) тәуелділігінің көмегімен табады.



Келесі есептеу тәртібі ұсынылады:

П.7 кестесінің берілгені бойынша электрлік тартым сипаттамасы Ғк.д.сц тұрғызылады. Токтың берілген аралығына бұл тәуелділік 1 түзу сызық болып табылады (14 сурет).


7.2. Локомотив тогының қисығы
Поезды тартуға кететін электр энергиясы шығынын анықтау үшін Іэ(v) тәуелділігін есептеу және тұрғызу керек.

Тұрақты және айнымалы токпен қоректенетін электровоздар үшін ток қисығы v >vр шартында бірдей сипаттамаға ие. Бірақ v >vр аумағында Іэ(v) тәуелділігі айтарлықтай айрықшаланады, себебі, бұл электровоздың әр түрлі құрылымдық сұлбасына байланысты.

Жалпы айнымалы және тұрақты токты электровоздар үшін vр жылдамдығына дейін меншікті үдету күшінің қисығын тұрғызуда ілінісу бойынша шекте тартым күші өзгереді, яғни, ілінісу шегі - қозғалтқыштың тартым күшінің әрбір мәніне (Ғк.қ.іл) токтың (Іқ.іл) белгілі-бір мәні сәйкес келеді. Алайда, ток пен тартым күшінің өзгеру заңы әр түрлі әдіспен жүзеге асады.

7.2.1. Айнымалы токты электровоздың токтық сипаттамасы қуатты тізбектіің құрылымна қарай ерекшелікке ие (15-суретті қара).



Тартым қозғалтқышы трансформатордың екінші орамасынан түзеткіш қондырғы арқылы қоректенеді.



жүктеу 9,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау