Электірлі және тепловоз тартылысының негіздері


Поезд қозғалысының жылдамдық қисығын есептеу және құру



жүктеу 9,34 Mb.
бет30/38
Дата26.05.2018
өлшемі9,34 Mb.
#18082
түріНұсқаулар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
5 Поезд қозғалысының жылдамдық қисығын есептеу және құру

Жұмыстың бастапқы кезінде есептелген және қозғалыстың барлық режиміндегі (тартым, екпіндеу және тежеу) тұрғызылған меншікті үдету күшінің жылдамдыққа fy(v) тәуелділігі жылдамдық v(s) пен уақыт t(s) қозғалыс қисығын тұрғызуға мүмкіндік туғызады.

Жылдамдық қисығы деп жүрілген жолға поезд қозғалысы жылдамдығының графиктік тәуелділігі v(s) қабылданады. Жылдамдықтың қисығын тұрғызу тураланған және келтірілген жол пішіні бойынша жүргізіледі. Жолдың пішінін миллиметрлі қағазға белгіленген масштаб бойынша түсіреді. Егер жылдамдық қисығын құратын телімнің ұзындығы 20-30 км құратын болса, онда меншікті үдету және баяулату күштерінің диаграммасын миллиметрлі қағаздың сол жақ бөлігінде жол пішінінің алдында салуға болады. Егер де, ара қашықтығы одан да үлкен болса, онда жеке миллиметрлі қағазда орындап, оны жылдамдық қисығының графигіне жапсырып қояуға болады. Берілген масштаб бойынша тартым режиміндегі меншікті үдету күшінің диаграммасын және екпіндеу және тежеу режимдеріндегі меншікті баяулату күштерінің диаграммаларын тұрғызады. Жылдамдық қисығын әдетте, миллиметрлі қағаздағы қозғалыстың үш режиміндегі меншікті үдету (баяулату) күшінің диаграммасының оң жағында тұрғызады. Абсцисса осінен төмен поездың жүріп өтетін жолы салынады, шартты түрде жол пішіні көрсетіледі. Жылдамдық қисығын есептеуді аналитикалық, графиктік немесе сандық әдістермен орындауға болады.

Көбіне құрамның есептеме массасы үшін берілген телім бойынша поездың ең төменгі жүріс уақытын анықтау мақсатында жылдамдық қисығын тұрғызуды орындайды. Есептің қорыындыларын поездың қозғалыс кестесін құруда қолданады. Сондықтан, поезд қозғалысының режимін таңдауда ең үлкен жылдамдық мүмкіндігімен қозғалысты қамтамасыз ету талабына жетекшілік етеді.



Графиктік әдіс. Тартым есебінің ережесі Липецтің тәсілімен жылдамдық қисығын құруды ұсынады. Нақты шығуын қамтамасыз ету үшін жылдамдықтың өсуі 10 км/сағ асырмай қабылдайды. Жөнелтілу бекетінде поезд орнынан қозғалған кезден бастап жол қисығын салуды орындайды. 6-суретте жолдың түзу жазық телімінде екпін алудағы жылдамдық қисығының үзіндісін құру мысалы келтірілген. Әрбір кесінді сызғыш пен үшбұрыштың көмегімен құрылады.

Жылдамдық қисығын құруда жылдамдықтың әрдайым бірқалыпты болуын сақтау қажет. Сондықтан, жол меншікті үдету және баяулату күштерінің диаграммасы бойынша жол пішінінің кезекті элементіне поезд ауысқан кезде тартым режиміндегі бірқалыпты жылдамдықтың мәнін анықтайды. Жол пішінінің элемент шегінде поезд қозғалысының өзгеріссіз режимінде (тартым, екпін немесе тежеу) жылдамдық бірқалыпты (тепе-тең) мәніне жеткенше өзгереді.



Бірқалыпты мәніне жеткеннен кейін жылдамдық жол пішіні элементінің соңына дейін немесе қозғалыс режимі өзгергенге дейін тұрақты болып қалады.


6-cурет. Жолдың түзу телімінде екпін алуда жылдамдық қисығын құру мысалы


7


7-сурет. Еңіспен жүру кезінде жылдамдық қисығын құру мысалы



-суретте еңіспен қозғалғандағы жылдамдық қисығын құру фрагменті келтірілген. Мұнда қозғалыс жылдамдығы тепе-тең жылдамдықтан айтарлықтай төмен. Егер де, тепе-тең жылдамдық поезд қозғалысы жылдамдығының ағымдағы мәнінен төмен болса (8-суретте көрсетілген), жылдамдық тепе-теңдікке (бірқалыпты) ұмтылу арқылы төмендейді және оған жеткеннен кейін еңіс шамасы мен қозғалыс режимі өзгергенге дейін тұрақты болып қалады.
Ж

8- сурет. Өрде жүру кезінде бірқалыпты жылдамдық мәніне жетіп жылдамдық қисығын құру мысалы



іберілетін шекті жылдамдыққа (тежеу, жол түріне және т.б. бойынша) жеткеннен кейін бос жүріс режиміне ауысқан дұрыс. Егер де, қозғалыс жылдамдығының фактылы мәні 9-суретте көрсетілгендей бірқалыпты жылдамдықтан үлкен болса, поезд қозғалысы жылдамдығы төмендей бастайды. Машинист бақылаушысын ажырату нүктесі (бос жүріс режиміне өту) шартты түрде «ко» әріпімен белгіленген.

Б

9-сурет. Еңіспен қозғалуда тартым режимінен бос жүріс режиміне өтудегі жылдамдық қисығын құру



ос жүріс режиміне өткен кезде жылдамдық өсе бастауы мүмкін (бос жүріс режимі үшін ағымды элементтегі бірқалыпты жылдамдық шекті жіберілетін мәннен жоғары). Мұндай жағдайда реттейтін тежеуді қолданған дұрыс.


Механикалық тежеуде реттеу тежеуі деп, қызметтік тежеу мен екпін режимдерінің үйлесімі білдіріледі. Ұзындығы 10 км жететін ауыр еңістерде реттеу тежеуін қолдануда көлденең сызық түрінде жылдамдық қисығының кескініне рұқсат беріледі. Көлденең сызық жылдамдықтың шекті жіберілетін мәнінен түзету v шамасында төмен жүргізілген. 10-кестеге сәйкес реттеу тежеуі орындалатын жол еңісінің шамасына қарай v мәнін анықтайды. 4 ‰ дейінгі еңістерде v мәнін нөлге тең деп қабылдайды.

10-кесте.


жүктеу 9,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау