Электірлі және тепловоз тартылысының негіздері



жүктеу 9,34 Mb.
бет21/38
Дата26.05.2018
өлшемі9,34 Mb.
#18082
түріНұсқаулар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
4. тежеу есептері
Поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде поездың қозғалыс жылдамдығын шектеу мүмкіндігі мен оның тоқтауы маңызды орын алады.

Жылжымалы құрамды пайдалану тәжірбиесінде поездың тежеуіне байланысты алға есеп қойылды. Бір жағынан тежеу құралын анықтайтын бұл есеп талап етілген қашықтықта поездың қозғалыс жылдамдығын төмендетуді немесе оның толық тоқтауын қамтамасыз етуі мүмкін. Екінші жағынан, қашықтықты анықтау есебі белгілі тежеу құралдарымен берілген поезд берілген мәнге дейін тоқтауын немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетуге мүмкіндігі барын анықтайды. Аталған есептерді тежеу есептері деп атайды. Бұл есептерді шешу үшін поезд қозғалысы теңдеуін шешудің түрлі әдістерін қолдануға болады.



Машинист кранының немесе стоп-кран тұтқасын тежеу жағдайына бұрған кезден поезд толық тоқтағанға дейінгі поезд жүрген қашықтықты тежеу жолы деп атайды. Машинист кранының тұтқасын тежеу жағдайына бұрғаннан кейін тежеу қалыптары (колодкалары) доңғалақтарға тиіп жанасқанға дейін біршама уақыт өтеді Осы уақыт аралығын тежеуді іске қосудың дайындау уақыты tп деп атайды. Тежеуді іске қосудың дайындау уақытында поездың жүрген қашықтығын тежеуді дайындау жолы sп деп атайды. Доңғалақтарына тежеу қалыптары жанасқаннан бастап поездың жүрген қашықтығын негізгі тежеу жолы деп атайды. Осыдан барып дайындау мен негізгі тежеу жолдарының қосындысынан тежеу жолы sт шығады:

(4.1)
Тежеуді іске қосқаннан бастап, толық тежеудің моменті туғанға дейінгі өтетін жол, м:

(4.2)
мұндағы: vн - тежеуді бастау кезіндегі поезд жылдамдығы, км/сағ;

tп – тежеуді дайындау уақыты, с;

3,6 – жылдамдықтың километр сағат пен метр секунд өлшем бірліктерін ескеретін коэффициент.
Тәжірбие жүзінде белгіленгені, тежеуді іске дайындау уақыты құрамның ұзындығына қарай өзгереді. Есеп үшін тежеуді дайындау уақытының tп мәні 8- кестеде келтірілген.

8- кесте.

Тежеуді дайындау уақыты


Құрам ұзындығы мен тежеу түрі

tп, с

Ұзындығы 200 осьтен және автоматты тежеуде одан аз жүк құрамы немесе жалғыз жүреті жүк локомотивтері үшін

7


Ұзындығы 200 осьтен астам 300 оське дейін автоматты тежеудегі жүк құрамы үшін

10


Ұзындығы 300 осьтен астам автоматты тежеудегі жүк құрамы үшін

12

Электропневматикалық тежеудегі жолаушылар поезы үшін

2

Тежеуді дайындау кезеңінде tп поезд жылдамдығы шындап келгенде тұрақты болып тұрмайды, көлденең жол бойымен немесе өрде екпінмен қозғалуда жылдамдық төмендейді, ал тік еңіспен жүргенде жылдамдық артады. Осы жылдамдықтың өзгеруін ескеру мақсатында уақытқа түзету енгізеді: еңісте уақытты өсіреді, ал өрде азайтады. Түрлі поездардың шұғыл тежеудегі уақытын tп анықтау үшін келесі формулалар ұсынылады:



- ұзындығы 200 осьтен және автоматты тежеуде одан аз жүк құрамы немесе жалғыз жүретін жүк локомотивтері үшін:
; (4.3)

- ұзындығы 200 осьтен астам 300 оське дейін автоматты тежеудегі жүк құрамы үшін



; (4.4)
- ұзындығы 300 осьтен астам автоматты тежеудегі жүк құрамы үшін
; (4.5)
мұндағы: іс – тураланған пішін элементінің еңісі, %о

к.р. – тежеу қалыпы үйкелісінің есептеме коэффициенті;

vр – шұғыл тежеу үшін қабылданған поездың есептемелі тежеу коэффициенті;
Қолмен тежеу кезінде tп = 60 с. тең деп қабылдайды.
Есеп 4.3, 4.4 және 4.5 формулаларының бірі бойынша ең үлкен еңіске, іс=0 мәніне және еңістің бір орта мәні үшін де есептеледі және үйкеліс коэффициенті к.р құрылымдық жағынан жақын жылдамдық үшін анықталады, ал есептемелі тежеу коэффициенті υр есептемелі тежеуді басу үшін (шұғыл тежеуде) анықталады.

Автоматты тоқтатқыш (автостоп) іске қосылған кезде жоғарыда келтірілген формуланың бірімен есептелген автоматты тежегіштерді дайындау уақытын 14 секундқа өсіреді.



Поезды тежеу процесі тежеу жолының ұзындығымен sт, тежеудің бастапқы vо және соңғы vк жылдамдығымен, жол еңісімен і және поездың тежеу құралдарымен (есептеме тежеу коэффициентімен анықталатын) анықталады.

Осы бес параметрлердің бірін белгілі төрт параметр бойынша поезд қозғалысы теңдеуін шешудің аналитикалық немесе графиктік әдісімен анықтайды. Тежеу есебін екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа поездың тежеу құралдары белгілі есептер жатады, ал қалған үш шаманың бірін анықтау қажет: тежеу жолын, тежеудің бастапқы және соңғы жылдамдықтарын.

Екінші топқа тежеу жолы, тежеудің бастапқы және соңғы жылдамдықтары белгілі мәндерімен поездың тежеу құралдарын анықтайтын есептер жатады.



Поезд қозғалысының теңдеуін
жүктеу 9,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау