2.4 Қабылдап-жөнелту жолдарының ұзындығы бойынша құрам массасын тексеру
Ең тік өрден өту және поездың орнынан қозғалуы тексерісінен өткен, жол пішінінің ең ауыр бойлық элементі бойынша есептелген құрам массасы қабылдап-жөнелту жолдары шегінде сыюын тексеру қажет. Ол үшін поездың ұзындығын анықтау қажет:
(2.9)
Мұндағы: lл –локомотив ұзындығы, м;
lс – құрам ұзындығы, м;
10 – поезды белгілеудің нақты еместігінен жіберілетін мән.
Құрамның ұзыдығын анықтау үшін вагондар санын анықтау керек. Құрамның жалпы массасында берілген вагондар тобының массалық үлесі белгілі болса, онда бір типтес вагондардың санын анықтауға болады
, (2.10)
Мұндағы: –поезд құрамының жалпы массасындағы і- тобындағы бір типтес вагондардың массалық үлесі;
qi – і-тобындағы бір типтес вагондардың орташа вагон массасы (брутто).
ni мәнін бүтін санға жуықтап және ТЕЕ-нен (ПТР) қарастырып отырған вагонның ұзындығын таңдаймыз, да құрамның ұзындығын анықтаймыз.
Егер, осы формуламен табылған поезд ұзындығы қабылдап-жөнелту жолдарының ұзындығынан асып кесте, онда құрам массасын азайту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |