3. Тең әсерлі меншікті күштердің есептерін орындау және олардың диаграммаларын құру
Нақты бір уақытта поезға әсер ететін меншікті теңдік күші белгілі болған жағдайда ғана поезд қозғалысының теңдеуін шешуге болады. Поездың, телімдегі әр түрлі жолдың пішінімен, қозғалыс процесі локомотив жұмысының үш режимімен сипатталады: тартым F, бос жүру (екпіндеу) Wх, тежеу ВТ. Тартым режимінде тең әсерлі күш (Fк - W) өлшемімен анықталады (тартым күшінің мәндері 2-қосымшадан алынады). Бос жүрудегі қозғалыс жиналған кинетикалық энергия арқылы іске асады, және тең әсерлі күш – WX өлшемімен анықталады. Тежегішті қолданған кезде тежеу күші іске кіріседі, сонда тең әсерлі күш – (WХ + ВТ) тең.
Әр түрлі қозғалыс режимінде поезға әсер ететін меншікті тең әсерлі күштің өзгеріс графигі үдету және баяулату меншікті күштердің диаграммасы деп аталады.
Меншікті тең әсерлі күштердің диаграммасын құру үшін алдын ала тік горизонтальды теліммен поезд жүргізудің үш режиміне кесте жасалады:
а) тартым режиміне
б) бос жүру режиміне
в) тежеу режиміне: қызметтік тежеу
г) шұғыл тежеу
Тең әсерлі күштердің диаграммасын құру кезінде ыңғайлы болу үшін есептерді 1) тартым; 2) локомотивтің бос жүру және тежеу режимдері үшін бөлек жүргізеді .
Поезд қозғалысына келтірілетін негізгі меншікті кедергі, Н/кН.
(3.1)
Тартым режимі. Тартым режимінде поезға тартым күші Fк мен қозғалысқа келтірілетін кедергі күші W әсер етеді.
Поезға әсер ететін меншікті тең әсерлі күштерді локомотивтің тартым сипаттамасымен және жылжымалы құрамның қозғалыс кедергілердің есептік формуласымен анықтайды (2- кесте). Есеп тиісті формулалармен (вариантқа сәйкес) шығарылып, 4- кестеге толтырылады.
1 графа. Жылдамдық вариант бойынша берілген локомотивтің тартым сипаттамасынан алынады. Жылдамдық диапазоны 0-ден 50 км/сағ дейін 5 км/сағ интервалды алу керек және 50 км/сағаттан құрылымдық жылдамдыққа дейін 10 км/сағ интервалды алу керек. 0-10 км/сағ жылдамдық диапазонында күштер 10 км/сағ сәйкес алынады.
2 графа. 1 графадағы жылдамдықтарға сәйкес тартым күші толтырылады (тартым сипаттамасынан). Тепловоздардың жұмыс режимінің ауысу жылдамдықтарға тартым күшінің мәнін ньютонда ортаарифметикалық деп алынады.
3-5 графалар. ТЕЕ-де келтірілген формулалармен анықталатын жылжымалы құрамның негізгі меншікті кедергілері (2 кесте).
6 графа. Құрам қозғалысының негізгі меншікті кедергісі w//0.
7-9 графалар. Локомотив, құрам және поезд қозғалысының толық негізгі кедергісі W/0 =w/0Рg, W//0 = w//0Qg және W0 = W/0 + W//0.
10 графа. Поездың тең әсерлі күші.
11 графа. Поездың меншікті тең әсерлі күші fy = (Fk – W0) / (Q + P)
12 графа. Осы графаның берілгендерін fy күштін g = 9,81 м/с2 бөлгенде табасыз.
4– кесте.
Тартым режимінде тең әсерлі күштердің диаграммасын құру мәндері
ν,
км/сағ
|
Fк,
Н
|
ω/0,
Н/кН
|
ω//о4,
Н/кН
|
ω//о8,
Н/кН
|
ωо//,
Н/кН
|
W/0,
Н
|
W//0,
Н
|
W0,
Н
|
FK-W0,
H
|
fy,
H/т
|
fy/g, Н/кН
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
Достарыңызбен бөлісу: |