ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
30
ЗАҢНАМАҒА ТҮСІНІКТЕМЕ. МЕТОДОЛОГИЯ
және нарықтың қатысушылары қаржылық институт-
тар мен нарықтардың қатыстыру дәрежесін өлшеу
үшін деректердің жеткілікті болмауынан тәуекелдерді
және олардың ғаламдық және ұлттық қаржылық
жүйелеріне әсерін лайықты түрде бағалай алмады.
Сондықтан,
ХВҚ
Қаржылық
тұрақтылық
комитетімен және G-20 елдерінің экономикасы-
на назар аударылатын басқа да органдармен
ынтымақтастық орнатуы деректердің мәселелерін
келесідей анықтап берді:
- ішкі қаржы секторындағы тәуекелдер;
- еларалық өзара қаржылық байланыс;
- ішкі экономикалардың әртүрлі шоктарға
сезімталдылығы және
- ресми статистикалық деректермен байланысты.
Осыған байланысты, 2012 жылы ХВҚ деректерді
таратудың жаңа стандартын Деректерді таратудың
арнайы стандарты қосу (одан әрі - ДТАС Қосу), оның
мақсаты әсіресе ДТАС жазылғандарға деректерді
таратудың стандартын күшейту болып табылады.
ДТАС Қосу деректерді таратудың үшінші деңгейлі
стандарты болатын болады. ДТАС Қосу халықаралық
қаржы жүйесінде және осы жүйе арықылы
қарқындылық
беретін елдерге экономикалық және қаржылық
деректерді басып шығару бойынша нұсқаулық болып
қызмет ететін болады.
ДТАС Қосу стандартына қосылу ДТАС сияқты
ерікті түрде жүзеге асырылатын болады. Жүйелі түрде
қаржылық секторлары бар елдер стандартқа қол
қоюға ынталандырылатын болады, мысалы қаржы
секторын бағалау бағдарламасына қатысатын ел-
дер (FSAP) айтуға болады. ДТАС Қосу стандартын
сақтауға бақылау ДТАС ұқсас келеді. Қолданушылар
деректерді таратудың Ұлттық бетін және деректерді
таратудың Күнтізбесін ДТАС қолданатын болады.
Алайда деректердің Ұлттық бетінде деректердің кате-
гориясын жариялау үшін белгілі жылдар мөлшері үшін
статистикалық деректерді көрсетуге тура келеді (мыса-
лы, соңғы 5 жылдағы деректер). ДТАС Қосу деректерінің
категориясы ДТАС сияқты, деректерді таратудың
мерзімділігі және уақыттылығы бар болатын болады.
Бұл ретте, жаңа стандартта деректердің барлық кате-
гориялары міндетті категория ретінде жіктелетін және
ешқандай категория «ұсынуға рекомендациялатын»
болып жіктелмейтін болады. Деректерді таратудың
икемділігі сонымен қатар ДТАС Қосуда болмайды. Өз
кезегінде, ХВҚ ДТАС Қосуға көшудің тиісті өтпелі кезеңін
қарастыруды ұсынады.
Сонымен,
халықаралық
мойындалған
жаңа
статистикалық методологияларды ендіру олар-
мен өтпелі кезеңнен өткеннен кейін еларалық және
сектораралық
сыртқыэкономикалық
шоттар
статистикасы бойынша, сонымен қатар жалпы
макроэкономикалық статистика саласында деректерді
салыстыруды анағұрлым жақсартуға жағдай туғызады.
Қазақстан
Республикасы
Ұлттық
Банкінің
халықаралық
ұйымдармен
статистикалық
деректерді
жинау
саласында
халықаралық
деңгейде
ынтымақтастығы,
сыртқы
сектор
статистикасынының сапасын жақсарту бойынша
тұрақты және жүйелі түрде жүргізудің сонымен қатар
статистикалық деректердің қамтуын кеңейту және
оларды өңдеу тәсілінің маңыздылығын көрсетеді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУМАҒЫНДА
СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРЛЕРІНІҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Құбашева Н.А. – Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Үйлестіру департаменті Экономика
басқармасының бас маман – экономисі
Көптеген елдерде жеке есепке алу жүйесін
құрайтын негіз, мысалға айтар болсақ,әр адамға
дүниеге келгенін тіркеу кезінде берілетін жеке
сәйкестендіру нөмірі болып табылады. Түрлі елдер-
де жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру
жүйесінің ерекшеліктері бар. Жеке сәйкестендіру
нөмірінде жеке адам туралы және нақты тұлға
белгілері берілген уақыттан бері өзгермейтін
кодталған түрде мәліметтер болады (негізінен, туған
күні, жынысы, бір күнде туылған адамдарды ажыра-
татын сан және бақылау саны). Сәйкестендіру нөмірі
азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттарда
көрсетіледі. Ол түрлі ақпараттық жүйелерден жеке
адам туралы деректерді интеграциялауға және
азаматтар туралы деректердің қайталанбауын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сәйкестендіру
нөмірі сондай-ақ түрлі критерийлер негізінде заңды
тұлғаларға да беріледі.
Сәйкестендіру нөмірі салық салу, әлеуметтік
сақтандыру, білім беру және басқа салаларда пайдала-
нылады. Сәйкестендіру нөмірі сондай-ақ «электрон-
ды үкімет» негізінде азаматтарға интеграцияланған
қызметтер көрсетуді де болжап отыр.
Қазақстанда 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап
сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу жүзеге
асырылды, бұл жеке және заңды тұлғалар туралы
мәліметтерді тіркеудің бірыңғай жүйесін енгізудің және
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау
жөнінде заң шығармашылық және ұйымдастыру іс-
шараларын іске асырудың нәтижесі болып табылады.
Сәйкестендіру нөмірлерін енгізу мемлекеттік
органдардың ақпараттық дерекқорларына өзекті си-
пат беруге және олардағы ақпараттың қайталануын
болғызбауға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың
мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын
олардың жүгінуі кезінде рәсімдерді жеделдету және
оңайлату арқылы жетілдіруге мүмкіндік жасайтын бо-
лады.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН – жеке тұлға,
соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін
жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін) немесе бизнес-
сәйкестендіру нөмірі (БСН – заңды тұлға және қызметін
бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара
кәсіпкер үшін) белгілі тұлға жөнінде мәліметтер
таңбаланған цифрлық символдардың жүйелілігі түрінде
білдіріледі және мемлекеттік органдардың ақпараттық
деректер базасында осы тұлғаны сәйкестендіру үшін
бірегей нөмір болып табылады.
ЖСН құжаттары туу туралы куәлік, Қазақстан
Республикасы азаматының паспорты және жеке
куәлігі, Қазақстан Республикасының дипломатиялық
қызметтік паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республи-
касында тұруына ықтияр хат, азаматтығы жоқ адамның
куәлігі, жеке басты куәландыратын құжаттары