Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет18/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

 

40 


 

Кәсіпорындар мониторингінің нәтижелерін Қазақстанның қаржы секторы үшін 

практикада қолдану 

 

Серікбаева  А.Т.  –  Ұлттық  Банктің  Зерттеулер  және  стратегиялық  талдау 

департаменті кәсіпорындар мониторингі басқармасының бас маман-экономисі 

 

Бұған  дейін  Ұлттық  Банктің  кәсіпорындар  мониторингінің  нәтижелерін 

пайдалануы  оның  ақша-кредит  саясатына  ықпал  етуі  тұрғысынан  қарастырылды. 

Қазіргі  уақытта  қаржы  реттеушісі  ретінде  Ұлттық  Банк  үшін  қадағалау 

функцияларын  күшейту,  еліміздің  қаржы  секторының  тұрақтылығы  және  одан  әрі 

дамыту  мәселелері  де  маңызды  әрі  өзекті  болып  табылады.  Мұндай  жағдайда 

кәсіпорындар мониторингі нәтижелерінің пайдалылығы кеңейтілуі мүмкін, сондықтан 

да  бұл  мақалада  мониторинг  нәтижелерін  Қазақстанның  қаржы  секторы  үшін 

практикада қолдану мүмкіндігін қарастыру ұсынылып отыр.  

Қазақстан  Республикасының  қаржы  секторын  дамытудың  2030  жылға  дейін 

тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) негізгі міндеттерінің бірі теңдестірілген 

экономикалық  ортаға  қолдау  көрсету  және  экономикадағы  кредит  тәуекелдерін 

экономиканың  нақты  секторының  ашықтығын  арттыру  арқылы  төмендету,  сондай-ақ 

қаржы секторының өсу ресурстарын кеңейту, оның ішінде экономиканың қажеттіліктеріне 

жауап  беретін  қаржы  өнімдерінің  есебінен  кеңейту  болып  табылады[1].  Сонымен  қатар 

Тұжырымдаманың  міндеттерін  іске  асыру  жөніндегі  іс-шаралар  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық  Банкінің  2014-2018  жылдарға  арналған  стратегиялық  жоспарында

1

  қаржы 



жүйесінің, оның ішінде банк, сақтандыру секторының, бағалы қағаздар нарығының және 

жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге  жәрдемдесу  сияқты 

стратегиялық бағыттар бойынша көзделген.     

Қаржы  реттеушісі  ретінде  Ұлттық  Банк  Қазақстан  қаржы  секторының  қаржылық 

тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындайды: Базель II 

стандартының  екінші  құрауышын,  банктің  кредит  тәуекелдерін  басқару  модельдерін 

(Internal  Ratings-Based  Approach)  енгізу,  эмитенттердің  қаржылық  жай-күйінің  және 

олардың төлем қабілетінің мониторингін жүргізу, сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерін 

басқару.  

Қаржы  секторының  алдында  тұрған  міндеттерді  іске  асыру  қатарына  бірмезгілде 

банктердің қарыз алушылар ретіндегі клиенттері, мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, 

атап айтқанда инфрақұрылымдық облигациялардың эмитенттері және сақтандыру (қайта 

сақтандыру)  ұйымдарының  сақтанушылар  ретіндегі  клиенттері  болып  табылатын 

экономиканың  нақты  секторының  кәсіпорындары  кіретін  қаржы  нарығы  субъектілерінің 

де,  қаржылық  қызметтерді  тұтынушылардың  да  қызметін  жан-жақты  зерделеуді  талап 

етеді.  


Тұжырымдаманы  іске  асыру  мақсатында  Ұлттық  Банк  қадағалау  функцияларын, 

оның  ішінде  кредит  тәуекелдерінің  алдын  алу және  оларды  барынша  азайту  үшін  қарыз 

алушыларды  бағалау  әдістерін  күшейту  жөнінде  үлкен  жұмыс  жүргізуде.  Сондықтан  да 

Ұлттық  Банк  өз  еркімен  жүргізетін  экономиканың  нақты  секторы  кәсіпорындарының 

мониторингін  кредит  тәуекелдерін  бағалау  жөніндегі  қосымша  ақпарат  ретінде 

                                                           

1

 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2015 жылдарға арналған стартегиялық жоспары Қазақстан 



Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы  №01-38.37 бұйрығымен 

бекітілген.  




 

41 


 

қарастыруға  болады,  себебі  кәсіпорындардан  пікіртерім  жолымен  алынған  ақпарат  бір 

ғана  қарыз  алушыны  сипаттамай,  осы  қарыз  алушы  жататын  саланың  қалай  дамып 

жатқандығын да көрсетеді.  

Ұлттық  Банктің  2014  жылғы  4-тоқсанның  қорытындысы  бойынша  пікіртерімдеріне 

2738  кәсіпорын  қатысқан,  олар  ел  экономикасының  негізгі  салаларынан,  оның  ішінде 

30%-ы  өнеркәсіптік  кәсіпорындар,  25%-ы  сауда  кәсіпорындары

2

.  Экономиканың  нақты 



секторы  кәсіпорындарының  мониторингін  дамытудың  2013-2017  жылдарға    арналған 

тұжырымдамасының

3

  мақсаты  ағымдағы  жай-күйдің  және  экономиканың  нақты 



секторының дамуындағы қысқамерзімді кезеңде күтілетін өзгерістердің жедел бағаларын 

қалыптастыру  және  Ұлттық  Банктің  қызметін  ақпараттық-талдамалық  қамтамасыз  етуде 

кәсіпорындар  мониторингінің  нәтижелерін,  оның  ішінде  кредит  тәуекелдерін  және 

қаржылық  тұрақтылықты  бағалаумен  байланысты  міндеттерді  шешу  бөлігінде 

практикалық пайдалану деңгейін арттыру болып табылады.      

Ашықтық  деңгейінің  төмендігі,  қаржылық  жай-күйдің  әлсіздігі,  сондай-ақ 

кәсіпорындарды  корпоративтік  басқарудың  дамымауы  қаржы  ұйымдары  үшін  әлеуетті 

кредит  тәуекелдерінің  деңгейін  ұлғайтуға  әкеп  соғады.  Сондықтан  да  көптеген  елдердің 

орталық  банктері  экономикада  туындайтын  теңгерімсіздіктерді,  оның  ішінде  банк 

жүйесіндегі, ең алдымен, экономиканың нақты секторындағы құрылымдық өзгерістердің 

ықпалынан туындайтын жүйелік тәуекелдерді бағалау жүйесін құруда.   

Мәселен, Испания Банкі 8000 кәсіпорын бойынша сауалнамалар, кредиттік тіркеуші 

деректерінің,  Бағалы  қағаздар  жөніндегі  комиссиядан  алынатын  ақпарат  (баланстар, 

маңызды  оқиғалар  туралы  мәліметтер,  сапалы  ақпарат)  негізінде  кредиттерді  бағалау 

үшін  ақпарат  қалыптастырады.  Испания  Банкінде  пайдаланылатын  ішкі  рейтинг 

шкаласының 5 деңгейі бар. Кәсіпорын бойынша есепте кәсіпорын сипаттамасы, кәсіпорын 

жататын  сектордың  талдауы,  экономикалық  және  қаржылық  талдау  (коэффициенттер 

негізіндегі) бар[5]. 

Бельгия  Банкі  Орталық  кредиттік  бюромен  және  Орталық  баланстық  ақпарат  

бюросымен  бірлесіп  жекелеген  кәсіпорындардың,  экономиканың  салалары  мен 

секторларының талдауын жүргізді [5]. 

Австрия  Банкі  орталық  банкке  келіп  түсетін  кәсіпорындардың  баланстық 

есептерінің,  оның  ішінде  қадағалау  (қашықтықтан  қадағалау  және  сол  жерге  барып 

инспекциялау)  функцияларын  жүргізу  барысында  келіп  түсетін  баланстардың  негізінде 

кезеңдер, аймақтар, секторлар бойынша дерекқорларды, оның ішінде банкроттық туралы 

ақпарат жүргізеді. Дерекқор құрылымында өнеркәсіптік (44%) және сауда кәсіпорындары          

(24%) басым [5].  

Түркия 


Банкі 

экономиканың 

жетекші 

салаларының 

жүйе 

құрайтын 



кәсіпорындарының  мониторингін  жүргізеді.  Өңірлік  және  микроэкономикалық  талдау 

кәсіпорындардың қаржылық баланстарына жүргізілген зерттеуге негізделеді. Бұл әлеуетті 

несие  алушылардың  орталық  банктің  коммерциялық  банктердің  өтімділігін  реттеу  және 

қаржылық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  бойынша  функционалдық  қызметі  үшін  оған 

практикалық мүдде білдіруімен байланысты. Банктерге экономиканың жетекші салалары 

кәсіпорындарының  қаржылық  жай-күйі  туралы  ақпаратты  тұрақты  түрде  бере  отырып, 

Түркия Банкі осы арқылы оларға кредит саласындағы қызметі үшін белгілі бір бағдарлар 

береді,  кредиттердің  қайтарымдылық  дәрежесін  жете  бағаламау  нәтижесінде  жүйелік 

тәуекелдердің туындау қаупін азайтуға ықпал етеді[8]. 

                                                           

2

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 



3

Қазақстан  Республикасы  Директорлар  кеңесінің  2013  жылғы  24  сәуірдегі  №  130  қаулысымен  бекітілген 

Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға  арналған 

тұжырымдамасы 




жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау