Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет17/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

 

38 


 

Негізгі зерттелетін елдер  

БРИКС

2

 



Англия және 

Оффшорлар 

Сауалнама алынғандар саны  

4 856 


3 000 

 

Алматы  қаласының  жетекші  қаржы  орталығы  ретінде  кіру  міндетін    Мемлекет 



басшысы  2010  жылғы  29  қаңтардағы  «Жаңа  онжылдық  жаңа  экономикалық  өрлеу  - 

Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 



 

халыққа Жолдауында қойған болатын [1].  

Алматы  қаласы  2012  жылы  «Перспективті  қаржы  орталықтарының  тізімі»  аралық 

рейтингіне (GFCI 11.5) кіргізілгеніне қарамастан, рейтингке «кіру» бойынша жұмыс кезінде 

GFCI-дің  ережесі  бойынша  Алматы  сауалнама    тізімінен  алынып  тасталды,  сол  себепті 

тізімде қалу үшін шетелдік инвесторлардың кем дегенде 200 бағалауын не болмаса ресми 

рейтингке  кіру  үшін  кем  дегенде  300  баға  жинау  қажет  болды.      GFCI-дің  ортақ  балын 

есептеу  үшін  қажет  болған  Алматы  қаласының  кейбір  ресми  статистикалық  деректерінің 

болмауы да жағдайды одан сайын қиындатты.  

GFCI’14-те Алматы сауалнамаға жуықта  енгізілген, алайда инвесторлар тарапынан 

бағалануы жеткіліксіз қала ретінде аталып өтеді.  

2013  жылғы  қараша  айынан  бастап  Ұлттық  Банктің  шетелдік  әріптестері  бойынша 

деректер  жинау  жұмысы  басталды,  олар  рейтингтің  критерийлері  бойынша  кәсіби 

инвесторлар  болып  табылатын  орталық  және  коммерциялық  шетелдік  банктердің 

өкілдері,  брокерлер,  дилерлер,  инвестициялық  және  сақтандыру  ұйымдары  және 

басқалар.  Олардың  әрбіреуімен  түсініктеме  жұмыстары  жүргізілді,  оның  шеңберінде 

Қазақстан    Республикасының  қаржы  орталығының  ағымдағы  ахуалы  және  Алматы 

қаласының    өңірлік  қаржы  орталығын  (бұдан  әрі  –  АӨҚО)    дамыту  перспективалары 

туралы  ақпарат  ұсынылды.  Нәтижесінде  350  жуық  хат  жолданды,  оның  ішінде 

респонденттердің тек 10%-ы ғана Алматы қаласына ерекше табыстар тілеген, яғни қалаға 

барынша жоғары баға бере алады.  

GFCI’15-тің  қорытындысына  сәйкес    (2014  жылғы  15  наурыз)  рейтингке  кіру 

бойынша  7  жыл  көлемінде  атқарылған  жұмыс  ішінде  алғашқы  рет  Алматы  қаласы 

рейтингке  енгізілді  және  83  ХҚО-ның  тізімінде  58-позицияны  иеленді  және  азиялық 

қаржы  орталықтарының  арасында  13-ші  орынға  шықты.    Бұл  ретте  Алматы  on-line 

сауалнаманың    респонденттерінің  208  дауысын  жинап,  олар  629-ға  тең  болған  

бағалаудың  қорытынды  балына  кірді.  Мысалы,    Алматы  қаласы    Манила,  Джакарта, 

Мумбаи, Москва, Дублин сияқты қаржы орталықтарынан басып озды.   

Бұл  орайда  рейтингке  кіру  бойынша  ХҚО-ға  қойылатын  талаптардың  жылдан 

жылға  күшейтіліп  келетінін  атап  өту  қажет.    2014  жылғы  сәуірден  бастап  Ұлттық  Банктің 

шетелдік  инвесторлармен  жұмысы  жалғасатын  болады,  осы  жолы  олардың  саны  600 

артып  отыр,  оның  ішінде  32%-ы  Таяу  Шығыс  елдері  мен  кейбір  Оңтүстік  Шығыс  Азия 

елдерінің исламдық қаржыландыру өкілдері болған.   

2014  жылғы  23  қыркүйекте    Алматы  GFCI’16-дағы  өз  позициясын  айтарлықтай 

жақсартып,  83  ХҚО-ның  арасында                      43  орынды  иеленіп,  15  позицияға  көтерілді.  

Шығыс  Еуропа-Орталық  Азия  өңірінде  Алматы  Стамбулдан  кейін  екінші  орынды  алып 

отыр. Алматыдан кейін Прага, Варшава, Санкт-Петербург, Будапешт, Москва, Таллин және 

Афины келеді. Алматы қаласы on-line сауалнама респонденттерінің 240 дауысын жинаған, 

ол  653  тең  болған  бағалау  қорытындысының  балына  кірді.    GFCI  16-  шығарылымында 

                                                           

2

 БРИКС (ағылш. BRICS) –жылдам даму үстіндегі бес елден тұратын топ: Бразилия (Сан-Пауло), Ресей 



(Москва), Индия (Мумбаи), Қытай (Шанхай), Оңтүстік Африка Республикасы (Йоханнесбург) 


 

39 


 

географиялық  өңірлер  бойынша  респонденттердің  бағалауының  саны  (пайызбен) 

көрсетілген.  Мәселен,  Батыс  Еуропа,  Оффшор  және  Азия/Океанияның  респонденттері 

Алматы  қаласының  қаржы  орталығына  аса  қолайлы  еместігін,  ал  Солтүстік  және  Латын 

Америкасынан,  Таяу  Шығыс  және  Африкадан  сауалнамаға  қатысушылар  Алматыға  өз 

қалауларын білдірген.  

Заманауи  жаһандану  жағдайында  инвестициялық  ресурстар  мен  қаржылық 

егемендікті  сақтау    үшін  өткір  бәсекелестік  байқалып  отыр,  балама  қаржы 

орталықтарының  (халықаралық/өңірлік  деңгейлердегі,  оншорлық/оффшорлық  типтегі) 

саны  жылдам  өсіп  келеді,  олар  елге  капиталдың  айтарлықтай  ағынына  ықпал  етіп, 

инвестициялық  ахуалды  жақсартып,  салық  түсімдерін  арттырады  және  жұмыспен 

қамтуды  қамтамасыз  етеді.  Осы  орайда  бәсекеге  қабілетті  қаржы  орталығын  құру  елдің 

тұрақты  экономикалық  дамуын,  макроэкономикалық  тұрақтылық  пен  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  етудің  бірден  бір  маңызды  факторы  болып  табылады,  себебі  олардың 

жоғары  деңгейде  дамуы  елге  әлемдік  нарықтардан  шетелдік  капитал  мен  озық 

технологияларды тарту бойынша мүмкіндіктерді  барынша пайдалануға жағдай жасайды.   

Алматы  қаласының  GFCI  рейтингінде  қаржы  орталығы  ретіндегі  позициясын  

күшейту  мақсатында  қаржы  орталығын  бағалау  кезінде  бәсекеге  қабілеттіліктің  Z/Yen 

компаниясы  қарастырып  отырған  маңызды  салаларының  барлығын  барынша  жақсарту, 

статистикалық  деректерді  толықтыру    қажет.  Аталған  шаралар    барлық  мүдделі 

тараптардың  -  мемлекеттік  реттеушінің,  мемлекеттік  органдардың  және  рыноктың 

қатысуын  талап  етеді.  Сондай-ақ,  шетелде  қала  имиджін  үнемі  қалыптастыру,  қаржы 

саласына  жоғары  білікті  кәсіби  мамандарды  тарту,  алдыңғы  қатардағы  ХҚО-лар 

мысалында ағылшын тіліндегі заңнамалық базаны жақсарту, жеңілдету және қол жетімді 

ету  қажет.  Ол  үшін  ірі  қаржы  орталықтарын,  дамыған  елдерден  эмитенттер  мен 

инвесторларды тарту қажет.  



Жоғарыда аталғандарды қорыта келе, Алматы қаласын  GFCI рейтингінде одан 

әрі  жылжыту  Қазақстанның  инвестицялық  тартымдылығына,  отандық  қаржы 

рыногының  дамуына  және  жаңа  Жібек  Жолының  қаржы  орталығы  мен  ТМД  және 

Орталық Азиядағы ислам қаржы хабы ретіндегі халықаралық қауымдастықтағы елдің 

имиджін арттыруға оң әсерін тигізуі мүмкін. 

   

Әдебиеттер тізімі: 

1. 


http://www.longfinance.net/programmes/financial-centre-futures/fcf-gfci.html; 

2. 


http://www.sh.xinhuanet.com/shstatics/images2013/IFCD2013_En.pdf




жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау