Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет13/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

 

29 


 

Қазақстанда қадағаланбайтын экономиканы өлшеу

 

 

Қалымбетов А.С. –

 Ұлттық Банктің 

Зерттеулер және стратегиялық талдау 

департаменті  Экономикалық  зерттеулерді  басқармасы  департаментінің  жетекші 

маман-талдаушысы 

 

 Қадағаланбайтын  экономика  феноменіне  қызығушылық  аз  емес.  Бұл  термин  

түрлі себептермен тұрақты статистикалық зерттеуге кірмейтін қызмет түрлерін 

сипаттау  үшін  пайдаланылады.  Оның  себептерінің  бірі  қызметтің  формальды  емес 

сипатта  болуына  байланысты,  сондықтан  формальды  емес  экономиканы  зерттеуге 

келмейді,  ол  бәлкім    өндірушінің  заңды  қызметті  жасырғысы  келетінінен  немесе 

қызмет заңсыз болуынан болар.  

 Мақала  Қазақстанның  үй  шаруашылығында  қадағаланбайтын  экономиканы 

өлшеу мәселелерін талқылау қамтылған.  Кейбір елдерде қадағаланбайтын экономика 

жалпы экономиканың едәуір бөлігін қамтуы мүмкін, оны жекелей тану қиынға соқса да 

қадағаланбайтын  экономиканың  нәтижелерінен  тұратын  жалпы  өндірісті  бағалауды 

анықтаған өте маңызды.  

  Қадағаланбайтын экономиканы өлшеуге (бұдан әрі  – ҚЭ) кейбір жарияланымдар, 

оның  ішінде  «Қадағаланбайтын  экономиканы  өлшеу»  нұсқауы  (бұдан  әрі    –  Нұсқау)  [1]. 

Нұсқаудан  белгілі  болып  отырғандай,  экономикалық  қызметті  «жан-жақты  қамту» 

өлшемін  қамтамасыз  етуге  негізгі  көңіл  бөлінген.  Дегенмен,    шоттардың  толық 

қамтылуына  ықпал ететін факторлар ҚЭ анықтамасы арқылы түсіндірген ыңғайлы.  

Сонымен,  ҚЭ  мынадай  топтарға  бөлінеді:  көлеңкелі,  заңсыз,  формальды  және 

меншікті  тұтынуы  үшін  үй  шаруашылықтары  қолданылатындар.  Сондай-ақ  ҚЭ    жинау 

бағдарламасында негізгі деректердің  жеткіліксіздігі салдарынан ескерілмеуі мүмкін. Осы 

топтар ҚЭ проблемалы салаларына жатады. Нұсқаудың анықтамасы бойынша  деректері 

жоқ  қызмет  түрлері  бір  немесе  бірнеше  проблемалы  салаларға  тиесілі  болуынан, 

жиналып келіп олар қадағаланбайтын экономиканы құрайды. 

 Проблемалы  салалардың осы талдауда сипатталу тәртібі олардың салыстырмалы 

маңыздылығына  сәйкес  келмейді.  Атап  айтқанда,  көлеңкелі  экономикаға  кәсіпорындар 

салықты төлеуден жалтару үшін кірістің бір бөлігін немесе түгелдей көрсеткісі келмейтін, 

еңбек нормасын, көшу туралы тәртібі бұзатын кез келген қызмет түрі жатады. Сондай-ақ 

көлеңкелі  экономикаға    жұмыссыздық  бойынша  жәрдемақыны  алдау  арқылы  алу  үшін 

өздерін жұмыссыз деп қабылдайтын  өз бетiнше жұмыспен айналысушылар жатады.  

  Заңсыз экономика заңмен тыйым салынған қызмет, мысалы есірткіні өндіру және 

тарату  немесе  мысалы  лицензиясыз    заңдық  кеңес  беру  сияқты  ресми  рұқсатсыз  жүзеге 

асырылатын қызмет түрлері. Бұл ретте осындай өндірістің нәтижесінде шығарылған  және 

нақты  сұраныс  бар  тауарлар  және  қызметтер  (басқаша  айтқанда,  өзара  келісушілік  бар) 

экономикалық  қызмет  өлшемінде  қамтылуы  тиіс.  СНС-93  сәйкес  қызметтің  заңсыздығы 

емес, өндіріс саласының шегінен алып тастау үшін критерийі,  өзара келісушілік болмауы 

болып табылады [2]. Ұрлықты шығару және қосымша құнға ешқандай әсер етпейтін бөлу 

операциясының мысалы ретінде келтіруге болады. 

Одан  басқа  проблемалы  салалар    қиылыспайды  демеген  жөн.  Атап  айтқанда, 

көлеңкелі  және  заңсыз  экономиканың  арасындағы  айырмашылық  білінбейді.  Мәселен,  

егер қандай да бір өндіріс қауіпсіздіктің белгілі бір нормаларын, санитарлық нормаларды 

және  басқа  стандарттарды  бұзса,  онда  ол  заңсыз  деп  анықталуы  мүмкін.  Осылайша, 

салық төлеуден жалтару  өздігінен қылмыс болып табылады. 

  Формальды  емес  экономиканың  халықаралық  анықтамасы  1993  жылы  Еңбек 

нарығы статистикасының 15- Халықаралық Конференцияның шешімімен  (бұдан әрі  – 15-




 

30 


 

ЕСХК)  формальды  емес  сектордың  айналысуы  статистикасына  қатысты  [3]:  «Формальды 

емес  сектор  тауар  өндіру  мен  қызмет  көрсетумен  айналысатындар  үшін  айналысуды 

қамтамасыз ету және табыстың негізгі мақсатымен оларды өндіру мен қызмет көрсетумен 

айналысатындардың  жиынтық  бірлігі  ретінде  сипатталуы  мүмкін.  Әдетте  бұл  бірліктер 

еңбекке бөлуі әлсіз білінген немесе бөлінген төмен ұйымдастыру кезінде қызметті жүзеге 

асырады және капитал өндіріс факторы және аздаған мөлшерде. Еңбек қатынастары, егер 

олар  бар  болса,  көптеген  жағдайда  байланыстарда  немесе  жеке  немесе  серіктестік 

қарым-қатынастарда  тұрақсыз  айналысуға  негізделеді,  формальды  кепілдіктермен 

шарттық қатынастарға қарағанда».  

Формальды 

емес 


экономиканың 

және 


заңсыз 

өндірістерден 

қалайша 

ерекшеленеді?  Формальды  емес  сектордағы  қызметтің  көптеген  түрлері  әбден  заңды. 

Формальды  емес  экономика  мен  көлеңкелі  сектордың  арасындағы  ерекшелік  мынада. 

Формальды  емес  сектордың  кейбір  кәсіпорындары  заңды  тіркеуге  тұрғысы  келмейді 

немесе  лицензиясыз  жұмыс  істегісі  келеді  (көлеңкеде  қалғысы  келеді),  сөйтіп,  өндірістің 

шығасыларын азайтқысы келеді. 

15-ЕСХК  шешімі  бойынша  корпорацияланбаған  үй  шаруашылықтары  иелерінің 

меншікті пайдалануы үшін ғана жүзеге асыратын тауарларды өндіруі мен қызмет көрсетуі, 

өсімдік және мал шаруашылығынан тұрады немесе меншікті пайдалануға арналған басқа 

өнімді  шығарудан  тұрады.  Бұл  санатқа  меншікті  үйлерді  салу  және  меншікті  пайдалану 

үшін негізгі капиталдың басқа да жинақтары, тұрғаны үшін пәтерақы алу мен үйдегі өзге 

де қызметтер. 

Деректерді  жинау  бағдарламасындағы  кемшіліктердің  салдарынан  ескерілмеген 

өндіріс  экономикалық  көлеңкелі  өндіріспен  салыстырғанда  статистикалық  жүйедегі 

кемшіліктерден ескерілмеген болып саналатын экономикалық қызмет түрлерін қамтиды. 

Сөйтіп, кейде оны статистикалық көлеңкелі өндіріс деп атайды. 

 ҚЭ қарапайым қосумен өлшенуі үшін мүмкіндігінше топтар қиыспауы және толық 

болуы тиіс. Жоғарыда атап айтылғандай, ҚЭ проблемалы салалары өзара қиылыспайтын 

болып  табылмайды,  сондықтан  әр  елде  әр  елде  оларды  кейбір  белгілері  (түрлері) 

бойынша тануға көмектесетін талдау негізі бар

1

.  


Қазақстандық талдау негізіне сәйкес ҚЭ негізгі проблемалы салалары мына түрлер 

бойынша топталады (сурет 1). 



1-сурет 

 

Дереккөзі:  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Статистика  комитеті, 



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  

                                                           

1

  ОЭСР  және  басқаларды,  2002  аналитикалық  негіздердің  түрлерінің  спектрі  туралы  толық  ұсынымды  алу 



үшін қараңыз.  

Қадағаланбайтын 

экономика 

Көлеңкелі 

Статистикалық 

себептермен 

Экономикалық 

себептермен 

Формальды емес 

 

Заңсыз 




жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау