21
1-бөлім. Экономикалық конъюнктураның өзгеруі - РС-П3.1 нысаны;
2-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін салалық салыстыру - РС-П3.2
нысаны;
3-бөлім. Сатылған өнімнің рентабельділігін және кәсіпорынның меншікті
капиталын факторлық талдау - РС-Пф нысаны.
4-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін жалпы бағалау (рейтинг) - РС-Пр
нысаны.
ТТАТ-тың кәсіпорындар үшін пайдалылығы дәрежесін бағалау үшін осы
бөлімдердің қысқаша сипаттамасын берейік.
1-бөлім. «Саладағы экономикалық конъюнктураның өзгеруі - РС-П3.1 нысаны» сала
кәсіпорындарына пікіртерім жүргізу негізінде алынған бірқатар тоқсандар үшін саладағы
экономикалық ахуалдың өзгерістерін және олардың сала деңгейіне жинақтауы
(шоғырлану) бағалауын көрсетеді.
Осындай салалық бағалар кәсіпорындардың менеджерлері үшін қызықты
болатыны айқын, себебі олар дайын өнімге сұраныс пен бағаның, шикізат пен
материалдар бағасының өзгеруі, қаржылық орнықтылық, сала кәсіпорындарының
кредиттік және инвестициялық белсенділігі және басқалары сияқты индикаторлардың
орташа салалық деңгейінің қалыптасып отырған үрдістерін тұрақты түрде қадағалауға
мүмкіндік алады. Дәл осы индикаторлар кәсіпорындардың қалауымен қызметтің нақты
түрлері бойынша кәсіпорындарды, мысалы, кондитер өнімдерін шығаратын кәсіпорындар
бөлігінде топтастыру бойынша есептеле алады.
Қоса беріліп отырған ТТАТ-та К кәсіпорны үшін (тау кен өндіру өнеркәсібінде)
сұранысты (1.1-шағын бөлім) және бағаларды (1.2 және 1.3-шағын бөлімдер) өзгерту
бойынша салалық бағалар диффузиялық индексті (бұдан әрі – ДИ) көрсетеді, оның серпіні
графикте көрсетілген. 2014 жылғы 1-тоқсанда өнімге сұраныстың өзгеруінің диффузиялық
индексі 50 деңгейінен төмен түсті, яғни сұраныстың төмендеуі орын алды, алайда 2014
жылғы 3-тоқсанда диффузиялық индекс өсу сатысына өтті. Ескерту: ДИ 50 деңгейінен
неғұрлым жоғары (төмен) болса, сұраныстың өсу (құлдырау) қарқындары соғұрлым
жоғары (төмен), 50 деңгейі өзгерістің болмауын білдіреді.
2014 жылғы 3-тоқсанда саланың дайын өніміне бағалар бойынша ДИ баға өсуінің
баяулауын көрсетеді. Шикізат пен материалдар бағалары бойынша ДИ 50-ден едәуір
жоғары, бұл бағаның жоғары өсу қарқыны туралы куәландырады, 2014 жылғы 3-тоқсанда
өсудің баяулауына (ДИ = 69,6) қарамастан баға салыстырмалы түрде алғанда жоғары
болып отыр. 2014 жылғы 4-тоқсанда кәсіпорындардың күтуі шикізат пен материалдарға
бағаның баяу өсу үрдісінің жалғасуымен байланысты.
Сала бойынша баға көрсеткіштерінің үрдістерін осындай бағалау кәсіпорындардың
ағымдағы және перспективалық жоспарларын негіздеу үшін маңызды екені күмәнсіз.
Бұдан әрі 1-бөлімді озық индикаторлармен және олардың негізінде құрылған,
саланың экономикалық белсенділігінің циклдық өзгеруін (саланың бизнес-циклын)
көрсететін жалпы композиттік индикатормен толықтыру болжанады. Мұндай деректер
кәсіпорынға саланың бизнес-циклының сатыларына қарай активтерді (бірінші кезекте
қорлармен және шығындармен, дебиторлық берешекпен) және пассивтерді барабар
басқару бойынша шешімдерді уақтылы қабылдау үшін дұрыс бағдар береді.
2-бөлім. «Кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткіштерін салалық салыстыру - РС-
П3.2 нысаны» көрнекі кесте түрінде кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткіштерін
салыстыруға, біріншіден, орташа салалық деңгеймен және екіншіден, квартильдер
бойынша бөлінген басқа кәсіпорындардың деңгейлеріне қатысты салыстыруға мүмкіндік
береді. Бұл нысанның кәсіпорындар мониторингі саласында шетелдік мамандар тобы
еңбегінің нәтижесі болып табылатынын атап өткен жөн, мұны кәсіпорындардың басқа
22
елдерде өткізілетін пікіртерімдерге тұрақты түрде қатысуын ынталандыру проблемасын
шешу маңыздылығы мен қиындығы растап отыр [3].
Кәсіпорындардың мониторинг жүйесіндегі негізгі қаржылық көрсеткіштері (НҚК)
кәсіпорындардан алынған кәсіпорын балансы негізінде есептеледі. Бұл ретте, пікіртерім
жүргізген сәтте (тоқсанның бірінші айы) кәсіпорында есептік тоқсандық деректердің
болмауына байланысты, кәсіпорынның Ұлттық Банкке жіберілетін балансында кәсіпорын
баланс көрсеткіштерінің күтілетін мәндерін көрсетеді.
Нақты кәсіпорын үшін қаржылық көрсеткіштердің құрамы кәсіпорынның
қалауымен, яғни кәсіпорын үшін орташа салалық деңгеймен және квартильдік бөлу
түрінде ұсынылған басқа кәсіпорындардағы деңгеймен қандай көрсеткіштер бойынша
салыстыру қаншалықты маңызды болуына байланысты өзгеруі мүмкін.
Егер, мысалы, кәсіпорынның сату рентабельділігінің деңгейі бірінші квартиль
шегінде болса, бұл кәсіпорынның пайдасы сала кәсіпорындарының көпшілігімен
салыстырғанда төмен екенін, яғни кәсіпорынның бәсекелес позициясы әлсіз екендігін
білдіреді. Кәсіпорынға көрсеткішті 2-ші квартильге дейін сәйкес келетін және одан жоғары
деңгейге дейін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет.
Қосымшада (РС-П3.2 нысанын қараңыз) К кәсіпорны 2014 жылғы 3-тоқсанда жабу
коэффициентін 0,96-ға дейін жақсартты (екінші квартиль шектері 0,72-1,1), алайда
көрсеткіш орташа салалық деңгейден (1,31) төмен болып қалуда. Айналым қаражатының
айналымдылығы коэффициенті орташа салалық деңгейден жоғары (0,51) және үшінші
квартиль шегінде (0,44-0,77), яғни сала кәсіпорындарының жартысына қарағанда жоғары.
Осындай жағдай сату рентабельділігі және меншікті капитал рентабельділігі
көрсеткіштерімен қалыптасып отыр, олардың деңгейі 3-ші квартильде сала
кәсіпорындарының жартысынан жоғары болып отыр, яғни кәсіпорынның бәсекелес
ұстанымы жеткілікті түрде жоғары.
Осылайша, РС-П3.1 нысаны К кәсіпорнына өзінің НҚК бойынша бәсекелес
позициясын қадағалауға және талдауға және қажет болған кезде оны жақсарту жөнінде
мақсатты түрде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
3-бөлім. «Сатылған өнімнің рентабельділігін және кәсіпорынның меншікті
капиталын факторлық талдау - РС-Пф нысаны» кәсіпорынның сату рентабельділігінің және
меншікті капиталының рентабельділігінің сандық бағалауды және үлесін талдауды
қамтиды. Осы мақсаттарда әдебиетте Дюпон формуласы ретінде белгілі талдаудың екі
және үш факторлық талдау үлгісі пайдаланылды [4]. Екі факторлы үлгі кәсіпорынның сату
рентабельділігіне негізгі факторлардың – сату көлемі өзгеруінің, өнімге бағаның және
өнімді сатудың өзіндік құқының өзгеруінің әсерін сандық бағалау үшін пайдаланылады.
Үш факторлы үлгі меншікті капиталдың рентабельділігіне үш негізгі фактор – сату
рентабельділігінің, активтердің айналымдылығының (ресурс берудің) және қаржылық
тәуелсіздік коэффициентінің әсерінің сандық бағалауы үшін пайдаланылады.
РС-Пф нысаны бойынша қосымшада К кәсіпорны бойынша Дюпон үлгісі бойынша
эксперименталдық есептердің нәтижелері келтірілді: 2014 жылғы 3-тоқсанда К
кәсіпорнының сату рентабельділігі 1,7%-ға сату көлемінің төмендеуінен теріс әсері және
өнімді сатудың өзіндік құнының төмендеуінің оң әсері нәтижесінде төмендеді. Меншікті
капитал рентабельділігінің төмендеуі факторлардың жиынтық әсерінің есебінен орын
алды: теріс – активтердің айналымдылығы және сату рентабельділігі және оң – қаржылық
тәуелсіздік коэффициенті.
4-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін жалпы бағалау (рейтинг) - РС-Пр
нысаны» кәсіпорынның интеграцияланған көрсеткішінің (рейтингінің) бағасын көрсетеді,
ол негізгі қаржылық көрсеткіштердің орташа алынған мәні ретінде есептеледі.