Экономикалық мамандықтар бойын


Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырысу



жүктеу 4,06 Mb.
бет17/29
Дата27.02.2018
өлшемі4,06 Mb.
#10846
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

2. Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырысу,

бюджетпен, қызметксрлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқадай кредит берушілермен бастапқы құжаттардың негізінде түгенделеді, мұнда қалдықтардың нақтылығы белгіленіп, бұл шотқа жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінәліні анықтайды. Барлық дебиторлармен және кредиторлармен кәсіпорын қағаздық шоттан үзінді көшірме алмасуы керек және оларға түгендеу комиссиясын ұсыну керек.

Баланстан берешектің есептеп шығаруын тексеріп, 3 жылдың ішінде өндіріп алу мүмкіндігін бақылауды жүзеге асыру аса қажет.

Егер айырысуларды түгендеу дебиторлық және кредиторлық берешектер сомасын негіздсу және қысқарту, айыппүл төлеуге, тұрақсыздық төлеміне (айыбы) және күмәнді қарыз бойынша резерв пайда болуына жол бермеу үшін төлем тәртібінің сақталуын қадағалау, бекітідген келісімшарт бойынша өзара есеп айырысу, төлем мерзімін нақтылау максатында жүргізіледі.

есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу - Қазақсган Респубтосасы заңында белгіленген іссапар және өкілдік щығындардың орнын толтыру нормасына, субъектінің кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес апаруашылық, өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді. Ақшалай қаражатты беру және шағын кәсіпорындардағы 24 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есеп беруі» Стандартына сәйкес тексеріледі;

кредиттерді алу және өтеу бойынша банкпен есеп айырысу — тексеру барысында ағымдық, корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады. Ақшалай кредит сомасының есептелу мерзіміне және процент төлеміне (кредиттік келісімішартпен анықталады) сәйкес тексеріледі;

Заемды белгілі орны бар банктер коммерциялық келісімшарт негізінде несиелік қабілеттілігі жоғары кәсіпорындарға береді.

Банк заемы – банк белгілі мерзімге сыйақысын төлеу арқылы клиентке соманы бөледі немесе беретін келісімшарт болып табылады.

Банктік емес мекемелердің заемдары – бір жақ – «заем беруші» - екінші жаққа – «заем алушыға» - ақша немесе материалдық қорларды қайтарып беру шарты бойынша бір периодқа қарызға беру туралы келісімшарт.

Банк заемдарының түрлері:



  • қысқа мерзімді- 1 жылға дейінгі,бірақ 2 жылдан кем емес;

  • орта мерзімді- 1 жылдан 3жылға дейінгі;

  • ұзақ мерзімді-3 жылдан жоғары.

Орта және ұзақ мерзімді заемдар кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуына қолданылады.

Несиелендіру түрлері:



  • аванстық - өнім дайындаушы кәсіпорындарға бөлінеді;

  • бланкілік(сенімхат) –қаржылық тұрақты субъектілерге,сенімді төлеушілерге сенімді түрде беріледі;

  • консорциалық несие- үлкен мақсатты жобаларды несиелеу үшін заем алушы екі немесе одан көп банктерде қарастырылады;

  • ипотекалық- мүлікті кепілдікке алып берілетін ұзақ мерзімді ссудалар;

  • овердрафт- банк клиенттерінің шоттарынан қорларды шығару арқылы жүзеге асырылатын қысқа мерзімді несиелендіру формасы;

  • кредиттік сызық – минималды төлемдер шегінде несиелер немесе «заем алушы» алдындағы банктердің құнды түрде құжатталған міндеттемесі;

  • тұтынушы мақсаттарына арналған несие: несиеге алынған тауарларға; жеке құрылыстарға; жеке басқа да жеке қажеттіліктерге несиелер;

  • Стэнд – бай – халықаралық валюталық қор елдерінен берілген несиелер.

Банк заемы есебі 60 «Заемдар» шотында қарастырады.
Ақшаның уақытша құны.пайыздың негізгі концепциясы. Жай және күрделі пайыздар. Бір жолғы төлемдердің алдағы және келтірілген құны, Аннуитеттер. Аннуитеттердің бір жолғы және келтірілген құны.
ұжаттау – бухгалтерлік есеп әдістерінің маңызды элементтерінің бірі және шаруашылық операцияларын құжаттарда жаппай және үздіксіз тіркеу тәсілі болып табылады.

Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияларының орындалғадығын растаушы немесе оларды орындауға берілген бұйрықтарды белгілеуші бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бастапқы құжаттар және жиынтық бухгалтерлік жазулар қа бұйрықтарды белгілеуші бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бастапқы құжаттар және жиынтық бухгалтерлік жазулар қағазға басылады немесе электрондық тасмалдаушыларда сақталады.



Түгелдеу – кәсіпорынның мүкі мен міндеттемелерінің нақты барының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексеру тәсілі. Түгелдеу кәсіпорында орындалған барлық шаруашылық операцияларының құжаттармен рәсімделінгендігін және бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетілгендігін тексеруге, сонымен бірге қажетті анықтаулар мен түзетулер енгізуге мүмкіндікбереді. Оның көмегімен кәсіпорын мүлкінің сақталуын анықтауға, мүліктің сақталу және пайдалану орындарындағы жетіспеушілігін айқындауға, егер құндылықтардың жетіспеушілігі, бүлінуі, қирауы, және ұрлануы сияқты фактілер орын алған болса оларды ашуға (табуға) болады.

8 дәріс: Табыстар мен шығыстарды тану
Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің № 3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл- стандарт бағалау әдісі. Есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді. № 3 БЕС 2003 жылы 17 қаңтарында өз күшін жоғалтты.

№ 5- кестеде ,,KEGOC’’ ААҚ-ның 2003 жылғы жартыжылдық кіріс пен шығыс жайлы есебі көрсетілген.



Кіріс пен шығыс туралы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:

  • негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан) алынған табыс;

  • сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны;

  • жалпы кіріс;

  • кезең шығындары. Оған енетіндер: жалпы және әкімшілік шығындары, проценттерді төлеу шығындары, сату жөніндегі шығындар;

  • негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

  • салық салуға дейіңгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

  • табыс салығы;

  • салық салудан кейіңгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

  • төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;

  • таза кіріс немесе зиян;

Кіріс және шығыс жайлы есеп

Көрсеткіштер атауы

Коды

Алдыңғы мерзім

Есепті мерзім

Дайын өнімді сатудан түскен кіріс (жұмыс тауарларды)

010

6095570

7634633

Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны (жұмыс, қызмет, тауарларды)

020

4897941

4625339

Жалпы кіріс

030

1197629

3009294

Барлық мерзім шығыны, оның ішінде:

040

1039991

906295

Сатуға байланысты шығындар

041

22331

13782

жалпы және административтік шығындар

042

1017660

892512

Сыйақы шығындары

043

0

1

Негізгі қызметтен түскен кіріс (зиян)

050

157638

2103000

Негізгі емес қызметтен түскен кіріс (зиян)

060

133727

408444

Негізгі емес қызметтен түскен кіріс (зиян)

070

291365

2511444

Корпоративті табыс салығы шығыны

080

0

706965

Салық салығынан кейін негізгі қызметтен түскен кіріс

090

291365

1804479

Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (зиян)

100

0

0

Таза кіріс (зиян)

110

291365

1804479

Осы баптардың барлығының соммасының өзгерісі түсіндірме жазба ашылып көрсетілуі тиіс.

Стандарт т-тенше жа5дай деп аталып жүргендерге түсінік береді.Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция. Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды. Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен соммасын түсіндірме жазуларда бөлек ашылып көрсету керек.

Стандарт сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді.

Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын: филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады.

Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс: тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні , операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың есебі), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезендегі кәсіпорынның әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе зиян.

Стандарт бағалауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады. Есептік бағалаудағы өзгерістің нәтижесі таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады:

- есепті кезеңге, егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе;

- өзгеріс болған есепті кезенге және келесі есепті кезеңге, егер өзгеріс оларға да әсер етсе.

Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс.Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастырылады. Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған, маңыздылығы соншалық, тіпті бұрынғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері. Бұрынғы жылдардың қаржылық есептемесін жасау кезінде жіберілген қателікке жасалған түзетудің соммасы есепті кезеннің кірісіне немесе зиянына екі әдіспен қосылады:


  • бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосынөзгерту жолымен;

  • есепті кезеннің таза кірісіне немесе зиянға енгізу жолымен, бұл орайда түсіндірме жазуларда мыналарды ашу керек:

елеулі қателіктің сипаты, есепті кезең және әрбір бұрыңғы кезең үшін түзету сомалары, қайта есептелген салыстырмалы деректер немесе себептер, есеп саясатындағы өзгерістер.

Қателіктің бұрыңғы жылдардың кірісіне немесе зиянына қалай әсер еткенін көрсету үшін қосымша ақпарат кесте түрінде тапсырылуы мүмкін.


9- дәріс : Меншікті капитал есебі


  1. Жарғылық капиалының есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып табылады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттік қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулермен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалану кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Алған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егер де серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғам мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі акционерлік қоғам үшін – бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акйияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:


  • дивиденттер алуын;

  • қоғамды басқаруына қатысуын;

  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010-ші «Жай акциялар», 5020-ші «Айрықшалығы бар акциялар», 503-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» шоттары енетін 50-ші «Жарғылық капиталы» деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.

50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 50-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.

5010-ші «Жай акциялар», 5020-ші «Айрықшалығы бар акциялар» шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші «Төленбеген капитал» шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе, онда ол: 1010.1030 дебеті бойынша және 5110 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.

Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2700, 2410, 1310,1320 және 510 шоты кредиттеледі.

Жоғарыда атап өткенімдей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей түрған сомасы 332 «Есептелген пайыз» шотының дебеті бойынша және 7240 «Акция бойынша дивиденттер мен пайыз түріндегі табыс» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5101 шоты дебеттелген және 5030 шоты кредиттелген – қызыл жазылады.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі де, 4412700, 2410, 1310,1320 шоттары кредиттеледі.

Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5010, 5020 шоттары дебеттеледі де, 5210 – «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттеледі.





  1. Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.



Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қасқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5101 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «меншік капиталы» ретінде сналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды, т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен белгіленген) жарғылық қор сомасына 511-ші «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары – 501-ші «Жай акциялар», 502-ші «Артықшылықты акциялар» (акционерлік қоғамдарда) және 503-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 511-ші «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқырту жөнінде шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзңнңғ барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделілігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 521-ші шоты арналған, ол 501 және 502 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

521 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайта сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 521 шоты дебеттеледі де және 431, 432, 441, 451, 452, 423 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатын алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:



  1. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: 521 шоты дебеттеледі және 2700, 2410, 1310,1320 шоттары кредиттеледі.

  2. Сатып алынған акцияның құны номиналдық құннан төмен болған жағдайда :

  • сатып алу құнына:

5210 шоты дебеттеледі де 2700, 2410, 1310,1320 шоттары кредиттеледі;

- сома айырмасына, яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған жағдайда:

5210 шоты дебеттеледі де және 5610 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты кредиттеледі (яғни ақша қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда оларға қосымша қаражаттарды қосады).

3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық құннан жоғары болған жағдайда:

- сатып алу құнына:

5210 шоты дебеттеледі де, 2700, 2410, 1310,1320 шоттары кредиттеледі;

- сома айырмасына, яғни акцияның құны номиналдық құнынан артық бағаға сатып алынған жағдайда:

561 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты дебеттеледі де, 5210 шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар айналыстан шығарып алыну үшін акционерлерден қайтып сатып алынса, онда олар мынандай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 5010, 5020 шоттары дебеттеліп 5210 шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың номиналдық құны 5210 шоттың кредитінен «Бағалы қағаздарды сатудан алған шығыстары бойынша» шотының дебетіне жатқызылады.

Акциялардың сатылатын құнына, олардың номиналдық құнының мөлшеріне «Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша » шоты кредиттеледі де, 1280 «Басқа да» шоты дебеттеледі. Егер де акцияның құны номиналды құнынан жоғары болса алынған айырма сомасына 1280 шоты дебеттеледі де, 5301 «Қосымша төленген капитал» шоты кредиттеледі.

Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді.

Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:


  • қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;

  • қоғамның шығарылған (төленген) жарлық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылған (төленген) жарлық капиталының минималды деңгейінен кем болса;

  • қоғам акцияны қайта сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;

  • акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының көлемі қоғамның жарлық капиталына шығарылған (төленген) капиталдан кем болса.

Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған акциясының 25%-нен немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нен аспауы қажет.

Қоғамның акциясын сатып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында шешіледі, осындай шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестріне енгізеді.



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау