Экономикалық мамандықтар бойын


-дәріс: Материалдық емес активтер есебі



жүктеу 4,06 Mb.
бет15/29
Дата27.02.2018
өлшемі4,06 Mb.
#10846
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

6-дәріс: Материалдық емес активтер есебі.

Материалдық емес активтер – кәсіпорынның өзіндік құны бар активтер тобы. Ұзақ мерзімді қолдану барысында кәсіпорынға табыс әкеледі, бірақ физикалық-материалдық мазмұнды формасы жоқ активтер. Материалдық емес активтердың қасиеттері:

1. олар шаруашылық айналымында ұзақ мерзім пайдаланады (1 жылдан жоғары).

2. олардың кәсіпорынға табыс әкелу қасиеті.

3. оларды сату немесе жою қабілеті.

Материалдық емес активтердің құрамы әртүрлі болады. Сондықтан материалдық емес активтерді әртүрлі белгілер бойынша төмендегідей жіктеуге немесе топтастыруға болады :



  1. пайдалану мерзіміне қарай.

  2. түріне қарай.

  3. шапшаң жойылу немесе сатылуына қарай.

  4. қажеттілігіне қарай

Шаруашылық процесін пайдалану бағытына қарай материалдық емес активтер үш топқа бөлінеді:

  1. интеллектуалдық меншік

  2. мүліктік құқық

  3. басқалай материалдық емес активтер

Интеллектуалдық меншік деген ұғым 60 жыл пайда болған заңдық түсініктеме. Ол авторлық, тапқырлық немесе фирмалық белгісіне құқық, өнеркәсіптік үгісіне құқық. Ол сонымен қатар ғылымдағы, әдебиеттегі, кино тобында интеллектуалдық қызмет көрсетеді. Қарапайым сөзбен айтқанда интеллектуалдық меншік адамның ойлап тапқан немесе шығарған шығарма құқын айтады.

Мүліктік құқыққа жерді пайдалануға берген басқа да берілген құқықтар жатады.

Басқалай материалдық емес активтерге мыналар жатады:

  1. лицензиялық келісімдер

  2. патент

  3. ұйымдастырушылық шығындар (кәсіпорын пайда болғанда)

  4. гудвилл (фирманың бағасы, сату бағасы мен сатып алу бағасының айырмашылығы)

  5. ноу-хау (жаңа технология)

  6. тауар белгісі

  7. электронды машиналарды пайдалану үшін жобалау покеті

Бухгалтерлік есепте және есеп беруде материалдық емес активтердің құны алғашқы және қалдық құндарымен есептелінеді. Олардың тозу амортизациясы бөлек есептелінеді.

Материалдық емес активтердің алғашқы құны бухгалтерлік есепте төмендегідей болып анықталынады:



  1. жарғылық қорға жарна ретінде өткізілгенде екі жақтың келісім бағасы ретінде бағаланады;

  2. материалдық емес активтердің басқа кәсіпорын ұйым жеке адамдардан сатып алғанда нақты кеткен шығындармен оның іске пайдалануға кеткен шығыннан тұрады;

  3. басқа кәсіпорын немесе жеке тұлғалардан тегін алғанда материалдық емес активтердің құны эксперттік әдіспен анықталынады.

1.2. Материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебі.

Қазіргі уақытта материалдық емес активтердің есебі жөнінде жаңадан қабылданған нұсқауларға және ережелерге сәйкес жүргізіледі. Былайша айтқанда материалдық емес активтердің құны амортизация мөлшері пайдалануға берілген немесе шыққан мерзімі әрбір материалдық емес активтердің өзіне тән қасиетіне сәйкес олар түскенде немесе шыққанда жасалатын құжатта толық сипаттама беріледі. Ең бір мән беретін жай ол материалдық емес активтердің құқы өзгерген жағдайда (заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға ауысқан кезде) осы құжаттарға мән беріледі. Материалдық емес активтердің түсуі немесе шығуына (материалдық емес активтерді қабылдау немесе беру актісі) толтырылады.

Материалдық емес активтердің түсуі мен оның қозғалысының синтетикалық есебін жүргізу үшін шот жоспарда № 10 бөлім шоттары қарастырылған. (101-106) Бұл шот активтік шоттар. Дебитінде материалдық емес активтердің бары енмесе түскені есептелінеді. Кредитінде олардың шыққаны көрсетіледі. Аналитикалық есебі инвентарлық карточкаларда әрбір материалдық емес активтердің түрі бойынша жүргізіледі.

Материалдық емес активтердің негізгі түсу жолдар төмендегідей:



  1. заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алу арқылы

  2. жарғылық қорға жарна ретінде түскенде

  3. заңды немесе жеке тұлғалардан тегін түскенде

  4. материалдық емес активтер өз күшімізбен немесе шартта отыру арқылы жасау мүмкін

Материалдық емес активтердің түсуіне төмендегідей проводкалар беріледі:

  1. жарғылық қорға жарна ретінде:

Дт 2730 Кт 5410

  1. сатып алғанда:

Дт 2730 Кт 1010

  1. заңды және жеке тұлғалардан тегін алғанда:

Дт 2730

  1. өзіміз жасағанда:

Дт 2730 Кт 8110,8210,8310

Материалдық емес активтерді сатып алғанда кәсіпорын белглеген құн бойынша қосымша құн салығын төлейді.

Қосымша құн салығын төлеу материалдық емес активтердің әрі қарай пайдалануына байланысты болады. Материалдық емес активтердің шығуының негізгі себепетері:


  1. пайдалануға жарамсыз болуына байланысты

  2. сатуға байланысты

  3. басқа кәсіпорындарға тегін берілуі

  4. жарғылық қорға жарна ретінде берілуі

Берілетін проводкалар:

  1. Пайдалануына жарамсыз болуына байланысты:

Дт 2740 Кт 2730

  1. Сатуға байланысты:

Дт 1210 Кт 6010

  1. Сатылған материалдық емес активтердің қалдық құнына немесе шығуына байланысты кеткен шығындарға:

Дт 7410 Кт 2730

  1. Алынған қорытынды табысқа:

Дт 6010 Кт 5510

Зиянға:


Дт 5510 Кт 7410

Егер материалдық емес активтерді тегін басқа біреуге бергенде олардың сатылу айналымына қосымша құн салығы салынады. Ол үшін берліген материалдық емес активтерге салынған кезде қосымша құн салығы салынды ма немесе салынбады ма соны ескереді. Егер де материалдық емес активтер тегін берілген болса қосымша құн салығын берген кәсіпорын төлейді. Фирманың бағасы немесе гудвилл 105-ші шотта есептелінеді. Мысалы аукционннан кәсіпорын сатып алды. Сатып алу құны 20 000 000 теңге, ал нақты баланс құны 16 000 000 теңге. Сонда фирма бағасы 4 000 000 теңге жағымды гудвилл болады.

Фирманың құнына берілетін проводка:

Дт 2710 Кт 1010

Фирманың бағасына амортизацитя ай сайын есептелгенде:

Дт 8410 Кт 2720

Фирманың бағасы түгел жойылғаннан кейін:

Дт 2720 Кт 2730

Мысалы. Түгендеу нәтижесінде артық шыққан материалдык емес активтер табыс деп танылды және табысқа кірістеледі: 2730 «Материалдық емес активтер» шот дебеті

6280 «Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай табыс» шот кредиті

Мысалы. Тугендеу қорытындысы бойынша кем шыкқан кұндылық анықталъып, ол материалдық жауапты тұлғаның мойнына қойылды:

а) кем шыққан кұндылықтың баланстық құньша:

1280 «Бүлінген құндылық шығыны, кем шығу» шот дебеті

2730 «Материалдық емес активтер» шот кредиті 10 000 теңге;

ә) кем шыққан құндылық материалдық-жауапты тұлғаның мойнына қойылды:

1250 «Материалдык зиянды етеу бойынша есеп айырысу» шот дебеті

1280 «Бүлінген құндылық шығыны, кем шығу» шот кредиті 10 000 теңге

Материалдық жауапты тұлға болмаған жағдайда кем шыққан құндылық кезең шығынына жатқызылады

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті

1280 «Бүлінген кұндылық шығыннан жетіспеушілік» шот кредитІ.

7- дәріс : Міндеттемелер есебі

1. Еңбек және оған ақы төлеудің құжатталуы


Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді. Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.

Басшылар қатарына – президент, ректор, директор, меңгеруші, тағы басқалар жатады.

Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.

Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер, тағы басқалары жатады.

Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындардағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың “тізімдегі саны ” деп аталады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны – кәсіпорындар мен ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі:


    • кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттары пайдаланады:

    • жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т – 1;

    • басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т – 5;

    • демалыс берілуі жайлы бұйрық үлгілі Т – 6;

    • жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық үлгілі Т – 8;

Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.

Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай – ақ ескертулері, және тағы басқа да деректер жазылады.

Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және үлгілі түрі Т – 2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты – жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы және жылы, мекен – жайы, тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.

Кәсіпорындағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік нөмір беріледі. Бұл нөмір – еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгңлң бір кезеңдегі яғни, уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы күнтізбенің әрбір күніндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе 1-нен 29-на дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды сандық күндізбенің күніне бөлу арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай – ақ басқа да жұмыс істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің, әрқасысына демалыс немесе мейрам күндерінің сондай – ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі тізімдегі санына теңеліп алынады.

Толық ай жұмыс істемеген ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, жаңадан іске қосылған ұйымдарда, сондай – ақ маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда) жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоса есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу арқылы алынады.

Ескерту:


Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша орташа еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін “орташа еңбекақы” және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір санаттарына жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:

    • жүкті (екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай – ақ бала асырап алған әйелдер

    • заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар)

    • оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған, немесе сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер, сондай – ақ жоғары және арнаулы оқу орындарына түсуге емтихан тапсыру үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер

    • әкімшіліктің ұйғарымы бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар.

Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай үйлесімді (пропорционалды) түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам/күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс істеген сағатына, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істеген сағатын, күнін, айлық күнтізбелік күнге бөлу арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің саны табылады.

Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамына (қатарына) үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшы – қызметкерлер де кіреді. Олардың саны ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақы қорының сомасын сол ұйымда негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің есепті айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықталады.

Жұмыс істелген уақыт көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген өнімнің өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген мөлшерін орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын жасауға қолданады. Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары бойынша табельде алфавит бойынша реттік нөмірі санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған.

Табельдерде кәсіпорынның әр құрымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалңанына байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысқа шығуы, іссапарда болуы, жұмысқа себепсіз кешігуі, тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгіленген белгімен көрсетіледі.Ол үшін әріптік, мысалы:


    • іс – сапарындағы жұмысшы – қызметкерлер үшін – і

    • демалыстағы жұмысшы – қызметкерлер үшін – д

    • жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін – с тағы да басқа белгілер қолданылады.

Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы есептеуге және жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу үшін пайдаланады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған деректер жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс істелген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтау үшін де қажет болып табылады.


    1. Еңбек ақы төлеудің түрлері мен жүйелері

Жалақы- бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбек ақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болатын уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбек ақыға мына төмендегі аталғандар жатады:



  1. Мерзімді және кесімді еңбек ақы

  2. Сыйлықтар мен сый ақылар

  3. Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбек ақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:

  1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер;

  2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер;

  3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер;

  4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер;

  5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер;

  6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны;

  7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері;

  8. әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.

Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).

Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының (айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай-мерзімділік және сыйақылы-мерзімділік болып бөлінеді.

Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.

Кесімді еңбек ақы деп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады.Еңбек ақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбек ақы, олардың өндірген өнімнің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғнибелгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белніленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімнің санымен немесе көлемімен анықталады.

Кесімді еңбек ақының мынадай жүйелері бар: тікелей кесімді, кесімді сыйлықты, үдемелі кесімді, аккордтық, жанама кесімді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немес бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбек ақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сый ақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбек ақысына қосымша сый ақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сый ақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбек ақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сый ақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да – күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.

Кесімді еңбек ақының аккордтық жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбек ақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбек ақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбек ақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбек ақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбек ақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбек ақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жүмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбек ақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшылдарға төленеді.


Мерзімді еңбек ақыны есептеу.

Мерзімді еңбек ақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты арқарғаны үшін төленетін төлем, тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбек ақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбек ақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік (календарьлық) ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбек ақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбек ақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбек ақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер еспеті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбек ақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбек ақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.


жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау